Ылым тарихы мен философиясы


Анығында,  құқықтың  нағыздылығы  -



Pdf көрінісі
бет19/24
Дата02.03.2017
өлшемі1,74 Mb.
#5148
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

Анығында,  құқықтың  нағыздылығы  -  мән  түріндегі  оның  тек 
ақиқаттығы  ғана  емес,  сонымен  бірге  оның  жалпыміндеттік  құқықтық 
құбылыс түріндегі шындығы болып табылады.  
        Либертарлық  онтология  бойынша,  құқық  болмысы  –  құқықтық 
заңның,  яғни  құқықтың  объективтік  мәнін  (формалды  теңдік 
принципінің қасиеттері мен талаптары) көрсететін, білдіретін позитивті-
құқықтық  құбылыстың  реалды,  шынайы,  болымды  болмысы.  Құқық 
болмысы,  оның  өмір  сүріуі  мен  әрекеті  құқықтық  мән  мен  құқықтық 
құбылыстың  қажетті  байланысын  ұйғарады,  ал  олардың  өзара 
байланысты бірлігі дегеніміз қоғамдық қатынастардың ерекше формасы 
айрықша реттегіші түріндегі құқық болып табылады. 
      Либертарлық 
онтология 
біржақтылық, 
сыңаржақтылық 
көзқарастарға 
қарсы 
бағытталған; 
атап 
айтқанда, 
құқықты 
жалпыміндеттілік құбылыс түрінде, өзімен-өзі болып өмір сүретін, өзінің 
сыртқы  көрінісін  білдірмейтін  әлдебір  идеалды  мән  ретінде  түсінетін 
юснатуралистерге  қарсы,  және  сонымен  бірге  құқықтық-объективтік 
құқықтық  мәні  жоқ  әлдебір  жалпыміндеттік  құбылыс  ретінде  түсінетін 
легистерге де қарсы бағытталған.  
      Құқық болмысы, формасы түріндегі құқықтық заңда құқықтық мән 
(формалды  теңдік)  жалпыміндеттік  құбылыс  түрінде  (яғни  заң  мәні, 
позитивтік  құқық  түрінде)  көрініс  табады  (және  өмір  сүреді),  ал 
жалпыміндеттік  құбылыс  (заң)  берілген  құқықтық  мәннің  көріну 
формасы  болып  және  тек  сонда  ғана  құқықтық  құбылыс  түрінде 
(құқықтық заң түрінде) білінеді, өмір сүреді және әрекет етеді. 

 
 
187 
      Либертарлық  онтология  бойынша,  формалды  теңдік  (яғни 
құқықтық  мән)  –  жалпыміндеттік  позитивті  –  құқықтық  құүбылыстың 
(заңның ) мәні, ал жалпыміндеттік позитивті – құқықтық құбылыс (заң) – 
осы  объективтік  құқықтық  мәннің  (формалды  теңдік)  көрінуінің  және 
нақтылауының  мемлекеттік  формасы.  Құқық  болмысы  өзінде,  іштей 
өзара  байланысты  және  бірін–бірі  ұйғаратын  құқық  қасиеттері  мен 
сипаттарының  бүкіл  жиынтығын,  құқықтық  мән  мен  құқықтық 
құбылыстың  қажетті  бірлігі  түріндегі  құқықты,  адамдардың  қоғамдық 
өміріндегі  теңдіктің,  еркіндіктің  және  әділеттіктің  жалпыміндеттілік 
формасы түріндегі құқықты сақтайды.  
     Либертарлы-юридикалық  онтология    көзқарасы  тұрғысынан 
алғанда  жалпыміндеттелген  мемлекеттк  заң  (яғни  құқықтық  заң) 
формасындағы теңдік, еркіндік және әділеттіктің тарихи жетілген сатысы 
мен  өлшемінің  шынайы-практикалық  нығайуының  түбегейлі  маңызы 
бар, өйткені онсыз құқықтық болымыс та, құқықтық құбылыс та болмақ 
емес. 
        Құқық  тіршілігінің  осы  барлық  формалары  -  өмірдің  өзіндік 
деректері,  фактілері  тікелей  әлеуметтік  фактілер  емес,  керісінше 
формалды  теңдік  принципінің  мәні  мен  мағыналарын  нақтылау 
түрғысындағы теңсапалық формалдықтар.  
       Осы  құқық  болмысы  формаларының  айырмашылығы,  демек, 
мәнділік  сипатта  емес,  функционалды  сипатта  болады.  Бірыңғай 
формалды теңдік принципінің мағынасы, мәселен, құқықтық нормада - 
құқық  субъектісінің  тәртібінің  ережелері  түрінде  (құқық  субъекттері 
тәртібінің  анықталған  моделінің  міндеттеу  формасында),  құқықтық 
қатынаста - құқық субъекттерінің бір-бірімен формалды тең, еркін және 
тәуелсіз  арақатынастары  түрінде,  құқықсанада  -  берілген  құқықтық 
қауымдастық  мүшелерінің  құқық  принципінің  мәні  мен  талаптарын 
зерделеу  формасында,  құқықсубъектілілігнде  -  қауышудың  құқықтық 
тип  субъектілерінің  бір-бірімен  формалды  тең,  еркін  және  тәуелсіз 
индивидтерін  мойындау  формасында,  құқықтық  процедураларда  - 
теңдік  және  әдеттік  санатында  құқық  жөніндегі  таласты  шешудегі 
барлық субъекттердің құқық пен міндеттері иемдену және жүзеге асыру 
формасында және т.т. көрінеді, айқындалады. 
       Сөйтіп,  құқық  тек  бір  формада  (құқықтық  форма)  немесе  үш 
формада  (құқықтық  нормада,  құқықтық  қатынаста,    құқықсанада)  емес, 
барлық осы құқықтық формаларда өмір сүреді, бірақ осы құқықтық өмір 
сүру  формаларының  әрқайсы  құқық  болымысының  жалпы  қөрінісінде 
өзінің  ерекше  қызметін,  функциясын  атқарады  және  өзінің  ерекше 
орынын алады. 
        Құқықтық  феномен  тұрғысындағы  құқық  нормасының  ерекше 
орыны  мен  мағынасы  құқықтың  жүйелі  элементі    (нормалар  жүйесі 

 
 
188 
1.1
      10.4    Құқықтың  
аксиологиялық бағыттары 
 
ретіндегі  құқықты  тұтастай  доктриналық  анықтау)  ретіндегі  құқықтық 
норманы  юридикалық-доктриналық  түсіндірумен  және  сонымен 
байланысты  норманың  құрлымдық  бөліктерінің    (гипотезалар, 
диспозициялар және санкциялар) сәйкестік мазмұнын анықтау түріндегі 
заң мәтінінің (позитивтік құқықтың) қағидаларымен шартталған. 
     Құқықтың  либертарлы-юридикалық  қағидасы  құқықтық  норманы 
(құқықтық  заң  нормасы)  негізге  ала  отырып  және  оның  легистік 
бейқұқықтық  нормамен  (бейқұқықтық  заң  нормасы)  алмасуын  жоққа 
шығара  отырып,  құқықтың  өзіндік  нормативтігін  заңи  түсінудіодан  әрі 
дамытады.  Сонымен  бірге  либертарлық-юридикалық  онтология 
көзқарасы бойынша мәселе құқықты денормативтендіру емес, керісінше, 
құқықтық  құбылыс  ретіндегі,  құқықтың  өмір  сүруі  мен  әрекетінің 
формасы  ретіндегі  заң  нормасын  юридизациялау  (юридикаландыру) 
болып  табылады.  Құқықтық  заң  нормасы  формалды  теңдіктің  тек  бір 
формасының  көрінісі  мен  жүзеге  асуы  ретінде  өзге  қажетті  құқықтық 
формалармен қатынаста болып, құқық болымысының жалпы кеңістігінде 
өзіне тиісті орынын алу керек. 
Құқық  пен  заңды  барабарлықта 
қарастыратын, 
құқықтың 
объективтік  мәні  мен  құқықты 
зомбылықтан ажырату критерийін терістейтін легизм шеңберінде заңды 
өзіндік  құқықтық  бағалау  мен  оның  құқықтық  құндылығы  туралы 
кешенді ой айту тіпті мүмкін емес. Құқықтың объективтік, заңшығарушы 
және  заңға  тәуелсіз  қасиеттері  мен  сипаттарын  теріс-тейтін  легизм, 
аксиологиялық  тұрғыда  алғанда,  шын  мәнінде  өзіндік  құқықтық 
құндылықтарды  жоққа  шығарып,  тек  заңның  (позитивтік  құқық) 
құндылығын  ғана  мойындайды.  Сонда  легистердің  (позитивистер  мен 
неопозитивистердің)  заңның  (позитивтік  құқықтың)  «құндылығын» 
мойындауы  шын  мәнінде  құқықтың  өзіндік  құқықтық  құндылығынан 
айырылуы болып табылады. 
Легистік заңның (позитивті құқықтың) «құндылығы» - бұл оның 
ресми жалпыміндеттілігі, биліктік императивтігі, ол оның әйтеуір бір 
объективтік  (биліктік  бұйрықтық  емес)  құқықтық  негізге  сүйенген 
жалпымаңыздылығы  емес.  Мұны  неопозитивист  Кельзеннің  радикалды 
көзқарасынан айқын байқауға болады, оның ойынша құқық тек бұйрық 
түрінде,  норма  түрінде  ғана  құндылыққа  ие.  Осы  мағынада  (бұйрық 
ретінде,  норма  ретінде)  ол  құқықты  міндеттену  формасы  сипаттайды. 
«Шындығында  –  дейді  ол,  құқық  тек  норма  болғандығынан  ғана 
құндылығын сақтайды ». 
    Анығында, мұндағы  Кельзеннің нормасы – теңдік нормасы да емес, 
еркіндік  формасы  да  емес,  әділеттік  нормасы  да  емес,  бұл  –  таза 
міндеттену  –  бұйрығы.  Ол  өзінде  құқықтың  формалды  –  құқықтық 

 
 
189 
сипатынан  ештеңені  де  сақтамайды.  Кельзендік  норма  «және  сонымен 
бірге  құқық  формасы»  -  кез  келген  өз  қалауынша  алынған  позитивті  – 
құқықтық  мағынаға  императивті  –  бұйрықтық  статус  пен  сипат  беру 
үшін жеткілкті болатын міндеттіліктің «таза» формасы.  
    Табиғи құқықтық аксиология түсінігі бойынша табиғи құқық өзінде 
«нағыз» құқықтың объективтік қасиеттері мен құндылықтарын сақтайды 
және сондықтан позитивтік құқық пен оған сәйкес құқықорнықтыратын 
билікті  (заңшығарушыны,  тұтастай  мемлекетті),  құндылықты  бағалау 
(шындығында  -  негативті)  үшін  міндетті  үлгі,  мақсат  және  критерий 
ретінде қалыптасады. Сонда табиғи құқық өз табиғатында, болмысында 
әдептілік  (діни,  моралдық  және  т.б.)  құбылыс  түрінде  танылып,  соған 
сәйкес абсолюттік құндылыққа әуел бастан ие болады. 
    Сөйтіп,  табиғи  құқық  ұғымына  құқықтың  әртүрлі,  әрқилы 
объективтік қасиеттерімен бірге (адамдардың теңдік принципі, олардың 
еркіндігі  және  т.т.)  әртүрлі  моральдік  (діни,  әдептілік  )  сипаттамаларда 
кіреді.  Осындай  құқық  пен  моральдің  (дін  және  т.б.)  араласуының 
нәтижесінде  табиғи  құқық  әртүрлі  әлеуметтік  нормалардың  симбиозы 
ретінде,  позитивтік  құқық  пен  позитивтік  заңшығарушы  (мемлекеттік 
билік)  туралы  құндылықты  пікір  айтатын  (әдетте,  теріс  пікір)  әлдебір 
әдепті-құқықтық  (немесе  моральді  –  құқықтық,  діни-құқықтық  )  кешен 
түрінде  көрініс  табады.  Осы  тұрғыда  алғанда  позитивтік  құқық  пен 
мемлекет  өзіндік  құқықтық  критерийі  (табиғи  құқыққа  сәйкес 
объективтік  құқықтық  қасиеттері)  жағынан  бағаланбай  (құндылық 
тұрғыда),  шын  мәнінде  этикалық  позициядан,  осы  берілген  қағида 
өкілдерінің  құқықты  әдептілік  (моральдік,  діни  және  т.б.)  өлшемі  мен 
мазмұны жағынан бағалауы болып табылады. Сөйтіп, табиғи құқықтың 
осындай  әдепті-құқықтық  қасиеттері  мен  мазмұндық  сипаттарының 
жиынтығы  жалпыланған  түрде  табиғи  құқықтың  әмбебаптық  және 
абсолюттік  әділеттігіне  позитивтік  құқық  пен  мемлекеттік  қызыметтің 
сәйкес келуі қажеттілігін талап етеді. 
     Сонда  әділеттік  формалды–заңи  мағынада  емес,  әділеттік  немесе 
аралас әдепті-құқықтық құбылыс түрінде, әрбір табиғиқұқықтық қағида 
үшін  ерекше  ұғым  түрінде,  демек,  шектелген  және  шынайы  әдептілік 
(немесе  аралас  әдепті-құқықтық)  мазмұнда  қалады.  Сондықтан 
әділеттіктің  әртүрлі  табиғиқұқықтық  қағидалары  -  олардың  әдептілік 
(немесе  аралас  әдепті-құқықтық),  әмбебаптық  және  абсолюттік 
құндылыққа  жету  талабы,  ұмтылысына  қарамай  -  шын  мәнінде 
салыстырмалы  құндылыққа  ие,  сондықтан  жалпы  әдептілік  туралы 
релятивистік  ойлау  шеңберінде,  құқықтың  тек  әдептілік  құндылығын 
білдіру шеңберінде қалып қояды. 
     Көрсетілген  кемшіліктер  тек  дәстүрлі  юснатурализм  қағидаларына 
ғана  тән  емес,  сонымен  бірге  табиғи  құқық  идеялары  мен 

 
 
190 
ойтопшылауларын  негізге  алатын  бұрынғы  және  қазіргі  заманғы 
философиялық ілімдердің құқықтүсінуіне де тән. 
      Сонымен  бірге  табиғиқұқықтық  көзқарас  өкілдерінің  шүбәсіз 
жетістіктеріне  –  құқық  құндылығы  мәселелерін  қою  зерттеуді,  барлық 
адамдардың  еркіндігі  мен  теңдігі  идеясын,  табиғиқұқықтық  әділеттікті, 
адамның туа біте және жатсынбау құқығын, билікті құқықтық шектеуді, 
құқықтық мемлекетті және т.б. жатқызуға болады. 
    Либертарлық  аксиология  тұрғысынан  қарастырғандағы  құқықтық 
құндылығы  –  құқықтық  теңдік,  еркіндік  және  әділеттік  түріндегі 
түбегейлі  адами  құндылықтарының  әмбебаптық,  қажетті  және 
жалпыміндетті көрінісінің формасы болып табылатындығында. 
     Сонда,  нақты  қатынастардың  формасы,  құқықтық  формасы  (және 
сонымен  бірге  осы  құқықтық  форманың  формалды  компоненттері  – 
теңдік,  еркіндік,  әділеттік)  ретіндегі  құқықты,  құқықтық  формамен 
жанамаланатын және реттелетін нақты қатынастардың өзімен, қоғамдық 
қатынастардың нақты мазмұнымен шатастыруға болмайды. Осы түсінік 
бойынша  теңдік,  еркіндік    және  әділеттік  –  бұл  болымдағы,  фактілік 
формалдықтар  емес,құқықтық  формалдықтар,бұл  құқық  пен  құқықтық 
форманың  формалды  -  мазмұндық  (материалды-мазмұндық  емес, 
эмпириялық емес) компоненттері, қасиеттері және сипаттары.  
   Аксиологиялық  тұрғыдағы  құқықтың  осындай  юридикалық-
формаланған  қағидасы  –  мәселенің  мәні-  моральдік,  әдептілік,  діни 
және басқа да бейқұқықтық құндылықтарда емес, атап айтқанда, дәл осы 
құқықтық  құндылықтарда  екенін  тиянақтайды.  Ал  құқықтық 
құндылықтар- құқық пен құқықтық форманың абстрактты әмбебаптығы 
болуына  орай  –  өзінің  айқындамасында  әмбебаптық  және 
жалпымаңыздылық (осы мағынада салыстырмалы емес,абсолютті) сипат 
алады. Сөйтіп, өзінің аксиологиялық бітіміндегі құқық, табиғиқұқықтық 
көзқарасқа  тән  моральдік  (немесе  аралас  моральдік-құқықтық) 
құндылықтардың  формаланбаған  жай  бейнесі  ретінде  ғана  емес, 
керісінше, атап айтқанда, құқықтық құндылықтардың қатаң айқындалған 
формасы  ретінде,  барлық  өзге  (моральдік,  діни  және  т.б.)  міндеттену 
формалары  мен  құндылық  формаларынан  өзгеше,  құқықтық 
міндеттенудің ерекше формасы ретінде көрініс табады. 
     Міндеттенудің  құқықтық  формасының  құндылықтық  мағынасын 
осылай  түсіну  –  тек  табиғиқұқықтық  қарастырудан  ғана  емес,  сонымен 
бірге  осы  мәселені  позитивистік  тұрғыда  қарастырудан  да  түбегейлі 
өзгешелікте болады. 
     Міндеттенудің  құқықтық  формасының  моменттері  тарапындағы 
адам  болмысының  негізгі  құндылықтарын  (теңдік,  еркіндік,әділеттік) 
құқықтық  (формалды-құқықтық)  түсіндірудің  осы  берілген  қағидасы 
құқықтың  құндылық  статусын  (құндылық  түріндегі  құқық  ауқымы 

 
 
191 
құрамы,  пәрмені,  әлеуеті,  құндылықтар  жүйесіндегі  және  міндеттену 
формаларындағы  құндылық  міндеттеу  түріндегі  құқық  ерекшклігі  және 
т.б.)  айқындайды  және  тиянақтайды.  Құқықтық  құндылықтардың  осы 
бітімі,  позициясымен  мәнділік  ауқымындағы  құқықты  байланыстыру 
және  оған  релевантты  (міндеттеу  түріндегі,  мақсат  түріндегі,  құқықтық 
мағына  мен  маңыздың  қайнар  көзі,  талап  ету  негізгі  түріндегі  құқық) 
барлық феномендердің құқықтық мағынасын айқындау керек. 
     Құқықтық 
міндеттену 
тұрғысынан 
құндылықтықты 
айқындайтын  мәнділіктің  осы  ауқымын  –  юридикалық  аксиология 
шеңберінде (оның пәндік, салалық және міндеттерінің ерекшелігін ескере 
келе)  –  өзінің  барлық  нақты  көріністері  мен  өлшемдеріндегі,  өзінің 
барлық  шынайы  тіршілігіндегі  және  сонымен  бірге  барлық  құқық 
субъекттерінің юридикалық маңызды тәртіпті сақтайтын заң (позитивтік 
құқық) мен мемлекет құрайды. 
     Демек,  легистік  аксиологияда  сөз,  құқық  тұрғысынан  алғанда,  бар 
заңның (позитивтік құқық) құқықтық мағынасы мен маңызын, мемлекет, 
құқық  субъекттерінің  тәртібі,  олардың  құқықтық  сапасы  туралы  және 
оның  құндылықтық  міндеттік  түріндегі  құқықтық  мақсаттарына, 
талаптарына,  императивтеріне  сәйкестігін  (немесе  сәйкессіздігі) 
бағалауы  жөнінде  болады.  Сонда,  құқық-заң  (позитивтік  құқық), 
мемлекет,  адамдар  тәртібі,  бітімі  үшін  мақсат  болу  ретінде  көрініс 
табады.  Бұл  дегеніміз,  заң  (позитивтік  құқық),  мемлекет,  адамдардың 
легистік  маңызды  іс-әрекеттері,  бітімі-құқық  талаптарының  орындалуы 
мен  жүзеге  асуына  бағытталуы  қажет  екенін  білдіреді,  өйткені  құқық 
талаптарының мақсаты, мәні, маңызы осында жатыр. 
     Заң  (позитивтік  құқық),  мемлекет,  құқық  субъекттерінің  тәртібі, 
бітімі, тек құқықтық құбылыс болғандығымен ғана құндылыққа ие. 
     Заңға  (позитивтік  құқық),  мемлекетке,  құқық  субъекттерінің 
тәртібіне  қатысты  міндеттілік  тұрғыдағы  құқық  мақсатын  мына 
құндылық  –  құқықтық  императив  түрінде  тұжырымдауға  болады:  заң 
(позитивтік  құқық),  мемлекет,  құқық  субъекттерінің  тәртібі  құқықтық 
болуы керек. 
     Осы  аксиологиялық  тұрғыдағы  міндеттілік  пен  мәнділіктің 
арақатынасы  позитивтік  құқықтың,  мемлекет  пен  адамдар  тәртібінің 
практикалық  қалыптасуындағы  және  нақты  әрекеттегі  формаларын 
тұрақты  жетілдіріп  тұру  қажеттігі  идеясын  көрсетеді,  сөйтіп,  тарихи 
дамудағы  шындықтың  құбылыстары  ретінде  оның  жетістіктері  мен 
кемшіліктерімен  біте  қайнасып,  әрдайым  идеалдық  күйден  алшақ 
тұрады.  Сонымен  бірге  тарихи  даму  процесінде  әрекеттегі  заңдарға, 
мемлекетке,  құқық  субъекттері  тәртібіне  сәйкес  келетін  барлық 
құқықтық  кешендерінің  (мақсаттар-құндылықтар-талаптар),  құқықтық 
міндеттену мәнінің өзі де жаңғырады, жетіледі және нақтыланады.  

 
 
192 
10.5 Құқықтың 
гносеологиялық 
формалары 
 
Легистік 
(юридикалық-позитивтік) 
гносеология  негізінде  ресми  биліктің 
бұйрықтарын,  мәжбүрлік  –  міндеттейтін 
шешімдерін  құқық  ретінде  мойындау 
(және ұғыну) принципі жатыр. Анығында, 
осындай  позитивистік-прагматикалық  бағыттағы  легистік  гносеология 
көбінесе мына жәйттерге жүгінеді:  
 
Ресми  билік  бұйрықтарының    (мәжбүрлік  –  міндеттейтін 
шешімдерінің)  түрлерін    (формаларын),  яғни  әрекеттегі  құқықтың 
(позитивтік  құқықтың,  заңның)  формалды  шығу  тетіктерін,  көздерін 
анықтау, топтастыру және жүйе - жасамдау; 
 
Заң  шығарушының  пікірін  (позициясын),  яғни  ресми  акт 
мәтінінде  көрсетілген  билікті  қолдау  бұйрықтарының  нормативті-
реттегіш  мазмұнын  анықтау.  Легистік  гнеосеологияға  сүйенсек,  құқық 
туралы  ақиқат  заң  шығарушының  (сувереннің,  мемлекеттің)  ерігін, 
позициясын,  пікірін  білдіретін  заңда  берілген.  Сондықтан  құқық 
жөніндегі ақиқи білім, ресми – биліктің пікір болса да, пікір сипатында 
қалады.  Осындай құқық түсінудің  логикасы бойынша, құқық  жасаушы, 
құқық деген не және ол бей құқықтан қалай ажыратылатынын білу тек 
билік ғана шешетін болып шықты. Ал оны танып – білу, ең болмағанда 
заңда (әрекеттегі құқықты) берілген биліктік – бұйрықтық пікірді  дұрыс 
түсіндіріп, көрсете алумен шектеледі.  
 Бірақ  құқық  догмасын  зерделеу  арқылы  құқық  теориясын 
позитивистік  шектеу,  шын  мәнінде  құқықты  ғылыми  зерттеуді  кәсіби-
техникалық 
сипаттаумен 
ауыстыруға, 
құқықтануды 
заңтануға 
алмастыруға әкеледі.  
Заңның  (әрекеттегі  құқықтың)  позитивистік  гнеселогиясы  заңның 
мәнін тануға емес, әрекеттегі құқық туралы жаңа білім (өз болмысында 
берілген  заңда  жоқ)  алуға  емес,  керісінше,  заңды  адекватты 
(юридикалық-догматикалық  мағынада)  сипаттауға  бағытталған.  Осы 
құқық  түсіну  бойынша,  құқық  туралы  барлық  білім,  алдын  ала 
позитивтік  құқықтың  өзінде,  оның  мәтінінде  ресми  берілген,  сөйтіп 
құқық туралы позитивистік ілімнің негізгі мәселесі – заң мәтінін дұрыс 
ұғынып,  түсіну  және  осы  мәтінде  кездесетін,  орын  алған  ресми  – 
құқықтық  білімді,  заңшығарушының  пікірі  мен  позициясын  тиісті 
қарастырып 
мазмұндау 
болып 
табылады. 
Сонда 
құқық 
гносеологиясының  мәселенамасы  (проблематиканы)  көбінесе  ресми  акт 
мәтінін дұрыс лигвистикалық талдау туралы мәселеге саяды.  
Гносеологиялық  тұрғыда  алғанда  табиғи  құқықтық  көзқарас 
құқықтың  объективтік  табиғатын  ұғынудың,  оның  ақиқатына  жетудің 
теориялық  (философиялық-құқықтық,  ғылыми)  зерделеудің  тарихи  ең 
алғашқы  әрекеті,  түрі  болып  табылады.  Танымның  осы  әдісі  құқықты 

 
 
193 
теориялық  түсініктеу  мен  зерттеу  ауқымындағы  ойлаудың  алғы  шарты 
мен бастапқы танымдық арқауы ретінде табиғи және позитивтік құқықты 
ажыратуға әкеледі.  
Құқықтық  ойлау  тарихында  табиғи  және  позитивтік  құқықты 
ажырату  нақты  берілген  позитивтік  құқық  туралы  теориялық 
рефлексияның  гносеологиялық  формасы  және  осындай  рефлексияның 
нәтижелерін  тұжырымдау  болып  табылады.  Өйткені  заңды  (позитивті 
құқықты)  кешенді  теориялық  тұрғыда  тану,  оның  ресми  болмысы  мен 
эмпириялық  мазмұнына  тоқтамай,  заңның  объективтік  негіздері  мен 
сапаларын,  құқықтық  мағынасы  мен  маңызын,  құқықтық  табиғаты  мен 
мәнін іздеу, танымдағы нысанның (заңнан) абстракциялану және сөйтіп 
оны теориялық ұғыну мен зерттеудің салдары мен нәтижесі ретінде оның 
парасаттық-мағыналық  моделін  (табиғи  құқық  формасында,  құқық 
идеясы және т.б.) ойтопшылау. 
«Табиғи  құқық»  деген  жалпы  атау  мен  бірыңғай  терминнің 
астарында  табиғиқұқықтың  әрқилы  (өзінің  мазмұны,  мәні  және  ұғымы 
бойынша) варианты мен әрұдайылық мағынасы жатыр.  
Табиғи  құқық  туралы  (өзгермелі  позитивтік  құқықтан  өзгеше) 
көзқарастардың  жалпы  теориялық-танымдық  негізі  –  «табиғилықтың» 
«жасандылықтан» шартсыз басымдылығын мойындайтын және олардың 
қарама-қарсылықты  бағалануын  өзінде  қамтитын  құқық  саласындағы 
«табиғилықты жасандылыққа» қарсы қоятын принцип болып табылады. 
Бұл – құқықтың әмбебаптық (универсалдық) принципі.  
Осы  принцип  шеңберінде  «жасандылық»  алдын  ала  позитивтік 
құқықта  берілген  ,  сондықтан  «табиғилық»  (табиғи  құқық)  одан  бұрын 
берілген  (құдай,  парасат,  заттар  табиғаты,  адам  табиғаты  және  т.б.) 
позитивтіктен  алдыңғы  (позитивтікке  дейін,  позитивтіктен  жоғары) 
құқық  ретінде  түсіндіріледі.  Сонда  «табиғи»  дүниебітімнің  кеңістік  пен 
уақыттағы алдын ала берілуі (шартсыз беделді, адамның жоғарғы тұрған 
истанция) 
бірмезгілде 
онтологиялық, 
гносеологиялық 
және 
аксиологиялық  маңызжға  ие:  «табиғи»  (табиғи  құқық)  бастапқы,  сөзсіз 
дұрыс,  ақиқи  және әдепті,  әйтеуір бір сонымен,  жақсы, ал  «жасанды»  - 
екінші,  туынды,  нашар,  бейдұрыс,  бейақиқи  және  ол  «табиғилықтан» 
ауытқыған (адамдарға тән қателік, зомбылық, өз қалауына сай және т.т.) 
себепті есептен шығарылуы керек, немесе ең болмағанда «табиғылыққа» 
сәйкес келтіріп, түзетілуі керек.  
Юснатурализмнің  әрқилы  қағидаларының гносеологиялық  мүддесі-
табиғи  құқықтың  тиісті  версияларының  (оның  позитивтік  құқықпен 
ажыратылуы  мен  қарсы  тұруындағы)  ақиқаттығы  мен  айқындалуын 
түбегейлеуге бағытталған.  
Осы тұрғыда қарастырғанда – құқықтың заң идеясының өзі, табиғи 
және  плзитивтік  құқықтың  өзара  байланыстық  аспектілері,  әрекеттегі 

 
 
194 
құқықты табиғи құқықтың ережелері мен талаптарына, сәйкестендірудің 
нақты  формалары  мен  бағыттары  және  т.б.  ескерілмей,  тасадан  тыс 
қалады. Табиғи және позитивтік құқық арасындағы өзгешеліктің салдары 
юснатуралистік  көзқарасқа  тән  құқықтық  дуализм,  яғни  табиғи 
құқықтың  да  және  позитивтік  құқықтың  да  қосамжарланып  өмір  сүруі 
мен бірмезгілде әрекет етуіне мүмкіндік жасау болып табылады.  
Осы  құқықтық  дуализм  табиғиқұықтық  көзқарас  шеңберінде  бола 
тұра,  сонымен  бірге  табиғи  құқықты  құқықтың  философиялық  идеясы, 
құқықтың  философиялық    ұғымы  ретінде  түсіндіретін  философиялық-
құқықтық  қағидаларда  өз  шешімін  таба  алмады.  Алайда,  осы 
философиялық  қағидаларда құқық танымы  және т.б.  идеялар құқықтық 
заң  ұғымы  деңгейіне  көтеріле  алмады  (құқықтың  объективтік  мәніне 
сәйкес келетін бірізділік юридикалық-формаландырылған қағидалар мен 
позитивтік құқық құрылымдары деңгейіне дейін).  
Либертарлық  гносеология  негізінде  құқықты  мән  ретінде  және 
құбылыс  ретінде  түсінудің  барлық  өзекті  танымдық-маңыздылық 
аспектілері  мен  варианттарын  теориялық  дамыған  формада  көрсететін 
құқық пен заңның ажыратылуы мен арақатынасының (сәйкестігі немесе 
сәйкессіздігі)  жалпы  теориясы  жатыр.  Осы  жағдай  либертарлық 
гносеология  шеңберінде,  өзге  қағидаларда  кездесетін  теориялық-
танымдық тұрғыда алынған барлық құндылықтарды оңтайлы өзгертілген 
түрде пайымдауға мүмкіндік береді.  
Мәні мен принципі формалды теңдік болып табылатын теориялық-
танымдық  тұрғыдағы  либерталдық  қағида  анықталған  құқық  ұғымы 
түрінде  –  заң  (позитивтік  құқық)  жөніндегі  білім  мен  ақиқатты 
теориялық  зерделеу  мен  топшылаудың  қажетті  гносеологиялық  моделі 
ретінде  көрініс  табады.  Сөйтіп,  осы  берілген  қағида  құқық  туралы  жай 
пікірден (нақты заң ретінде өзінің субъективтік биліктік бітімінде) ақиқи 
білімге танымдық өту процесін – құқық туралы ақиқатты ұғынуға, құқық 
ұғымына,  яғни  құқықтың  объективтік  (биліктің  ерігі  мен  қалауына 
тәуелсіз)  мәнділік  қасиеттері  мен  оның  жалпыміндеттік  көріну, 
нақтылану,  білдіру  формалары  туралы  теориялық  (ұғымдық)      білімге 
өтуді  көрсетеді.  Либертарлық  гносеология  бітімінде  құқық  пен  заңның 
байланысы  мәселесі,  заңның  мәнділік  қасиеті  мен  заңның  құқықтық 
сапасының критерийі ретіндегі құқықтың объективтік қасиеттерін түсіну 
мен  түсіндіру,    құқықтық  заң  (формальды  теңдік  принципіне 
сәйкестенген,  позитивті  құқық)  ұғымын  зерделеу  мәселесі  тұр.  Осы 
көзқарас  тұрғысында  алғанда  құқық  пен  заң  туралы  ізденістегі  ақиқат 
құқықтық заңның табиғаты, қасиеттері мен сипаттары туралы, әрекеттегі 
құқық ретіндегі оның орнығуының алғышарты мен қалыптасуы туралы 
объективтік ғылыми білім болып табылады.  

 
 
195 
Осындай  гносеологиялық  көзқарас  құқықтың  объективтік  мәні  мен 
заңды  тұжырымдаудың  (позитивтік  құқық  актілерін)  субъективтік 
(биліктік-еріктік) 
процесінің 
айырмашылығы 
мен 
қатынасын 
айқындауға,  құқықтық  реттудің  нақты  салалары  мен  қатынастарына 
қатысты  формалды  теңдіктің  құқықтық  принципін,  жалпы  міндеттік 
нормативтік  нақтылаудың  жасампаздық  процесі  ретінде  құқықтың 
позитивтенуін талдауға мүмкіндік береді. Сөйтіп, тек осы мағынада ғана 
заңшығарушылық  тұрғыдағы  заңнама  туралы,  жалпы  міндеттік  заңның 
нақты  нормаларындағы  құқықтық  бастамалар  мен  талаптардың 
шығармашылығы  (ғылым  ережелері  мен  қорытындыларын  ескеретін 
заңшығарушының  жасампаздық  әрекетінің  нәтижесінде)  туралы  айтуға 
болады.  
Заңды  (позитивтік  құқықтық)  құқықтық  құбылыс  ретінде  түсіну 
және  оның  мәндік  қасиеттерін  талдау,  сонымен  бірге  заңның  жалпы 
міндеттілігі  мәселесін  түсіндіруді,  оны  мемлекеттік  қорғаумен 
қамтамасыз  етуді,  құқық  бұзушыларға  мәжбүрлеу  шараларын  қолдану 
мүмкіндіктерін және т.т.  мәселелерді өзінде қамтиды. Заң   (позитивтік 
құқықтық) 
санкцияларының 
осындай 
ерекшелігі, 
юридикалық 
гносеология санатында заңшығарушының ерігімен (немесе қалауы) емес, 
керісінше, 
құқықтың 
объективтік 
табиғаты 
мен 
(оның 
жалпымаңыздылығымен  және  т.б.)  айқындалады.  Ал  бұл  дегеніміз, 
осындай санкция (мемлекеттік қорғаумен қамтамасыз етілген және т.б.) 
тек құқықтық заң жағдайында ғана жөні бар және юридикалық негізге ие 
болуды білдіреді.  
Сөйтіп,  либертарлық  гносеологияның  маңызды  бағыты  мен 
құрамдас  бөлігі  –  мемлекетті  құқықтық  түсіну,  формалды  теңдік 
принципінің әрекеті мен көрінуінің институционалды-биліктік формасы 
болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 

 
 
196 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет