Ылым тарихы мен философиясы


 ТАРАУ.  ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет21/24
Дата02.03.2017
өлшемі1,74 Mb.
#5148
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

13 ТАРАУ.  ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ  
                      ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ 
 
 
          Педагогика 
мен 
білім 
беру 
пәндерінің 
философиялық 
проблемаларының негізгілері төмендегідей: білім беру философиясының 
түсінігі мен статусы, онтологиясы, негізгі идеялары, аксиологиясы. Білім 
беру  логикасы,    әдістемесі,  этикасы.  Білім  беру  –  жүйе,  процесс, 
құндылық ретінде. Ұлттық білім беру және мәдениет. Білім беру саясаты 
және білім беру перспективалар. «Мәңгі философия» дәстүріндегі білім 
беру  идеялары.  Конфуцийшылдық  және  білім  беру  мәселері.  Адамның 
оянуы  мен  жетілуі  туралы    буддизм,  даосизм,  суфизмнің  рухани 
практикалары. Білім берудің антикалық идеялары. Адамға білім беру мен 
тәрбиелеудің  шығыс  перипатетизмі.  Жаңа  Заман  философиясындағы 
адамға білім беру мен ағарту идеялары. Неміс классикалық философиясы 
мен  неміс  романтизміндегі  білім  беру  идеялары.  Неокантшылдық: 
мәдениеттегі  білім  беру  орны  туралы  қазақ    ағартушылары  және 
Қазақстандағы ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. І-жартысындағы қоғамдық-саяси 
қайраткерлер,  жазушылар,  ақындар.  Дәстүрлі  білім  берудің  кризисі. 
Қоғамдық  сананың,  философиялық  және  педагогикалық  білімнің 
трансформациясы. 
 
«Жақсы сөз – жарым ырыс», «Жылы-жылы сөйлесе – жылан інінен 
шығады,  суық-суық  сөйлесе  –  мұсылман  діннен  таяды»  деген  аталы 
сөздерін  ұмытпаған  абзал.  Сондықтан  да  қысымға  негізделген 
әрекеттерді  педагогикалық  қызметтен аластату  керек, өйткені олардың 
игі  нәтижеге  апаруы  неғайбыл  нәрсе.  Неғұрлым  қатты  қысым  жасасақ, 
соғұрлым  қарсылық  та  күшейе  түспек.  Сондықтан  да  білім  беру  ісінде 
мейлінше жұмсақ болу шарт. 
 
Көне  қытай  данышпаны  Лао-цзы  былай  деген  екен:  «Шөп  өсіп 
тұрғанда жұмсақ болады да, өлгеннен кейін қатып қалады, адам денесі де 
тірі  кезінде  жұмсақ  та,  өлгеннен  кейін  қатты  болады.  Демек,  өмір 
дегеніміз-  жұмсақтық,  ал  өлім  –  қаттылық.  Ең  жұмсақ  нәрсе  –  су,  ол 
қандай да болмасын кейіп қабылдап, кез келген қалыпқа енеді. Сонымен 
бірге ең қуатты да су: тасығанда оның тегеурініне шыдайтын бір де бір 
тосқауыл  жоқ  та  болар.  Демек,  жұмсақтық  –  күш.  Демек,  су  сияқты 
жұмсақ болып, әр адамның бабын таба білу керек». 
 
Білім  беру  -  әлеуметтік  институт  ретінде.  Білім  беру  мен 
мәдениет.  Білім  берудің  деңгейлері  тұлға  әлеуметтануының  кезеңдері 
ретінде. Білім беру концепциясының құрылуының жалпы негіздері. Бала 
бейнесі  және  педагогикалық  теория.  Білім  беру  концепцияларының 
психофизикалық 
негіздері: 
интеллект, 
қабілет, 
жыныс 
айырмашылықтары т.б. білім беру теориясы мен практикасы. 

 
 
206 
13.1 Білім беру 
процесінің негізгі 
міндеттемелері 
 
Мәдениет тарихындағы білімдік канондарының өзгеруі. Жанұя мен білім 
беру.  Білімді  ер  адам  және  білімді  әйел.  Үзілмес  білім  берудің  қазіргі 
концепциясы. 
 Жоғарғы  білім  және  идеология.  Европа  мәдениетіндегі  университеттің 
миссиясы. Институттар, университеттер және академиялар – кеше, бүгін, 
ертең. 
Білім  беру  процесінің  ішкі  шындығы. 
Білім беру процесіндегі құндылықтар мен 
идеологиялар.  Тұлғаның  әлеуметтенуі 
процесінде 
білім 
берудің 
орны, 
білімділіктің канондарын, педогогикалық 
концепцияларды  қамтитын  білім  беру  технологиялары.  Білім  беру  – 
қызмет айырбасы ретінде. Білім – беру коммуникативті процесс ретінде. 
Білім  беру  –  субмәдениеттердің  өзара  ену  процесі  ретінде.  Білім  беру 
процесінің  кеңістік  –  уақыттық  параметрлері.  Білім  берудегі  уақыттың 
маңызы. Білім беру процесінде қарым-қатынас жүйелері. 
 
Білім саласындағы негізгі мәселелер келесідей болады: 
1.
 
Мазмұн 
2.
 
Әдістеме 
3.
 
Нәтиже 
    Әрбір педагогикалық жүйе мен әр ұстаз осы сұрақтарға өз 
философиясы ауқымында жауап беруге ұмтылады. 
   Дәстүрлі оқыту білімді бірінші кезекте ақпаратпен байланыстырады. 
Бұл  түсінік  білім  игеру  процесінің  басты  проблемаларының  біріне 
айналып кеткен. Қазіргі заман – ақпарат заманы, ол жан-жақтан әртүрлі 
формада  (кітап,  газет-журнал,  теледидар,  радио,  қарым-қатынас, 
Интернет,  жарнама,  т.б.)  орасан  зор  көлемде  ағыл-тегіл  келіп  түсуде. 
Алайда  адам  өзінің  шектеулі  миымен  барлық  ақпаратты  есте  сақтап, 
игере  алмайды,  оған  уақыты,  тіпті  өмірі  жетпейді.  Мәселен  миллионға 
дейін  санаудың  өзі  ғана  278  сағаттай  уақытты  керек  етеді,  ал  бұл 
дегеніңіз 11 жарым күн! 
    Сонымен, «білім – ақпарат»  формуласы бүгінгі күні ескірген, білім 
ақпарат емес деп ұйғаруға әбден болады. Білім беруде басты мақсат- «не 
нәрсеге оқыту», яғни мазмұн емес, «қалай оқыту», яғни әдістеме қажет. 
    Білім деген тек дағды білік қана емес, сонымен бірге адами қасиет 
екендігін  ізгілікке  зәру  ХХ  ғасыр  кеш  түсінді.  Біз  –  адамбыз  және  де 
күніміз  тек  қана  адамдармен  болмақ,  демек  білімнің  басты  мазмұны  – 
адамгершілік  қасиеттерге  баулу  болып  табылатын  шығар?  Кезінде 
Абайдың  да  басты  өмірлік  қағидасы  «Адам  бол!»  емес  пе  еді?  Адами 
қасиет болмаса, қалғанның бәрі де бос, даурықпа сөз. 
   Немістің  классикалық  философы  Иммануил  Канттың  өмірлік 
қағидасы  келесідей  болған:  «Адам  әрқашан  да  мақсат  болып,  ешқашан 

 
 
207 
13.2 Білім беру 
саласындағы саясат 
 
құрал  болмауы  керек».  Бұл  сөздер  бойынша  дүниеде  барлығы  да  адам 
үшін, оның игілігі үшін жасалуы шарт, алайда адамның қолымен немесе 
адамның арқасында белгілі бір мақсатқа жетуге тырысу – адамгершілікке 
жатпайды.  Біз  бар  ұмтылысымызды  қоғам  игілігіне  бағыштауымыз 
керек. 
  «Егер оқытуды біреудің басынан басқаның басына білім тасымалдау 
деп  түсінсек,  онда  адамды  ешнәрсеге  де  үйретуге  болмайды»,  деп 
тұжырымдаған    Платон.    Адам  бойындағы  барлық  білімді  өзі  есіне 
түріруі  керек.  Платонның  бұл  пайымдауын  екі  жақты  –  мифологиялық 
және  рационалды  түрде  түсініге  болады.  Мифологиялық  тұрғыдан, 
Платонға жүгінетін болсақ, адам жаны өмірге келерге дейін құдайлардың 
арасында  тұрып,  сол  жерде  білім  алады.  Құдайлардан  сол  жанды  алып 
осы  өмірге  келгенде,  адамның  бұрынырақ  игерген  білімді  тек  есіне 
түсіруі ғана керек. 
  Философия  тарихында  неміс  философ-рационалисі,  әрі  математигі 
В.Лейбниц  пен  ағылшын  философ-эмпиригі  Д.Локк  арасындағы 
пікірталас болғандығы аян. Рене Декарт секілді Лейбниц те идеялар туа 
бітеді  деп  есептеген,  ең  маңызды  және  басты  білім  адамға  туғаннан 
берілген  деп  пайымдаған.  Әрине,  мәселе  адамның  физика  немесе 
математика  заңдарын  туа  білуінде  емес,  егер  адамды  дұрыс  тәрбиелеп, 
дамытса,  ең  басты  ақиқаттарды  оның  өзі-ақ  ашатындығында.  Адам 
болмысында туа біткен білім әу бастан бар. Осы білімді өн бойынан алу, 
оны «еске түсіру»- өте күрделі әрі көптің қолынан келе бемейтін шаруа.  
   Мұның бәрі оқудың, күнделікті білімдерді игерудін, бұрынғылардың 
бізге  дейінгі  білгенін  білу  керек  еместігін  меңземейді.Үлкен  сана 
деңгейіне  асқақтау  үшін,  Кіші  сананы  күнделікті  және  жан-жақты 
дамыту  қажет,  белгісіздікке  ұмтылу  үшін  өзіңе  таяныш-тірек 
қалыптастыру керек. 
Қазіргі  мәдени  және  саяси  шынайылық. 
Мемлекеттің білім беру саясаты. Білім беру 
қадағалау  және  сүзгі  тәсілі  ретінде.  Білім 
беру  –  болашаққа  капитал  алу  және  статус 
үшін  күрес  ретінде.  Білім  беру  саласындағы  стандарттау.  Қоғамның 
әлеуметтік-мәдени  өзгеру  контекстнде  білім  беру  жүйесін  реформалау. 
ҚР-да білім беруді реформалаудың нормативті негізі: «Білім беру» (1999 
ж.); «2015 жылға дейін Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту 
концепциясы»  (2003  ж.);  «Білім  беру  саласындағы  мемлекеттік  саясат 
концепциясы»  (1995  ж.).  ҚР-ғы  білім  беру  бағдарламалары  және 
шарттары.  Азаматтық  білім  беру  идеясы.  Діл  және  білім  беру.  Ұлттық 
білім  беру:  ұғым  және  мәселелері  (проблемалары).  ҚР-да  білім  берудің 
ұлттық моделін қалыптастыру. Отандық білім беруді әлемдік евразиялық 
білім 
беру 
кеңістігіне 
интеграциялау. 
Жаһандану 
және 

 
 
208 
интернационализация  жағдайындағы  ұлттық  білім  беру.  Әлем 
мәдениетін  қалыптастырудағы  білім  берудің  рөлі.    Білім  игерудің 
нәтижесін бұрынғыдай тек білім, білік, дағды аумағында ғана құрастыру 
қазіргі  күні  аздық  етеді,  өйткені  олар  үйренушінің  тек  біліктілігін  ғана 
айқындайды.  Сол  себепті  де  Болонья  процесінде  біліктілік 
(квалификация) термині құзырлылықпен (компетенция) алмастырылған, 
құзырлылық  білім  игеру  процесінің  басты  нәтижесі  ретінде  танылады. 
Бұл процесс бойыша студент білімді өздігімен игеруі керек. 
   Құзырлылық  дегеніміз  маманның  белгілі  бір  кәсіби  сала 
аумағындағы  білімі,  білігі,  дағдыларының  жиынтығы.  Бұл  ұғым  тек 
танымдық  және  әрекеттік-технологиялық  түсініктерді  білдірмей, 
сонымен бірге мотивациялық, әлеуметтік және тұлғалық ерекшеліктерді 
меңзейді  және  экономикалық,  моральдік-этикалық,  кәсіби  ауқымда 
қарастырады. 
    Болонья  процесінің  аумағында  2004  жылы  құрылған  TUNING 
(«Еуропада  білім  құрылымдарын  сәйкестендіруге  бағыттау»)  жобасы 
«құзырлылық» ұғымына келесі өлшемдерді жатқызады: 
 
«білім және түсінік»; 
 
«қалайша әрекет жасау керектігін білу» білімі; 
 
«қалайша өмір сүру керек» білімі (Болонский процесс,2007, 18). 
 Бүгінгі  таңда  кәсіби  білімнің  құндылығы  жеке  тұлғаның  әлеуетті 
мүмкіндіктерін  ашу  және  оны  пайдалану,  жылдам  өзгеруші  қоғамдағы 
шығармашылық әлеуетін, ұтқырлығын жүзеге асыру; жастардың білімге 
қажеттіктерін  қанағатттандыру;  жоғары  сатыдағы  қоғамдық  қызметке 
тұруға,  мәртебелі,  беделді  және  жоғары    деңгейдегі  еңбек  ақыға    қол  
жеткізіп, мүмкіндік беретін диплом алу. 
Әлеуметтену әрдайым белгілі бір кеңістікте өтеді. Жеке тұлға өзінің 
әлеуметтеніп  қалыптасуы  барысында  өзге  индивидтермен,  топтармен, 
әлеуметтік қауымдастықтармен, институттармен өзара қарым -қатынасқа 
түседі. Ал жеке тұлғаның әлеуметтік кеңістігіне әлеуметтік  қатынастар 
жиынтығы, индивидтің түрлі жүйелердегі байланыстары мен әлеуметтік 
рөлдері  кіреді.  Жеке  тұлғаның  әлеуметтену  кезеңдерін  анықтауда 
бірнеше тұрғылар қалыптасқан. Дегенмен ол  тұрғылардың қай- қайсысы 
болмасын  оны  адамның  жас  кезеңдерімен  байланыста  қарастырады 
(балалық, жасөспірімдік, жастық, кемелдену). 
Қазіргі  заманда  білім  адамды  бұрынғыдай  табиғатты  өзіне 
бағындырып,  дүниені  игеру  немесе  өзгерту  үшін  қажетті  ұғымдармен 
«қаруландырмай», 
керісінше 
оның 
болмыс 
пен 
жаратылыс 
заңдылықтарын біліп, дүниеге бейімделіп, «кірпіш» секілді «қалануына» 
әкелуі керек. Білім адамға ақыл беріп, әлемді көріп, түсінуге, оған өзінің 
жан дүниесін ашуға, сол арқылы ақиқатты ізденуге жетелеуі қажет. 
 

 
 
209 
14.1
Тілдің 
қоғамдық-әлеуметтік  
мәні мен қызметі 
 
14 ТАРАУ.    ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ  
                        ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ 
 
Негізгі мәселесі мен басты бағыттары төмендегідей болады. Тіл 
философиясы  филологиялық    білімнің  саласы  ретінде.  Тілдің 
Хайдеггерлік  онтологиясы:  алдын-ала  түсіну.  Ф.де  Соссюрдің  белгі 
жөніндегі ілімі. Х.Г.Гадамердің герменевтикалық ортасы. Ж.Деррида 
концециясындағы хат және сөз. Вербальды және вербальды емес тіл. 
Қазіргі  философиялық  проза  проблемасы.  Философиялық  проза 
жанрлары. Философиялық тарихи роман.  
Тілдің  тарихи  генезисі  және  таным.  Тілдің  шығуы  жайлы 
теориялар.  Тіл  және  әрекет.  Сөз  және  хат.  Сана  және  тіл.  Тіл  және 
мәдениет:  символикалық  функция.  Тіл  және  өнер:  поэтикалық 
функция.  Тіл  және  қарым-қатынас:  коммуникативтік  функция. 
Түсінік  проблемасы:  тілдің  герменевтикалық  функциясы.  Мән  және 
мәнсіздік.  Шындықтың  семантикалық  теориясы.  Тілдік  қолданудың 
тәсілдері. Сөз сөйлеу теориялары.  
Тілдің  феноменологиялық  және  герменевтикалық  теориялары. 
Феноменологиядағы  мағына  проблемасы.  Тіл  және  әлем  көрінісі. 
Болмыс  және  тіл.  Тіл  және  тарихи  дәстүр.  Түсінік  және  қайта 
әсернеушілік.  Герменевтика  және  деконструкция.  Тіл  және  уақыт 
формалары.  
Семиотикалық зерттеулердің құралдары және ерекшеліктері. 
Қарым-қатынас  және  коммуникация  сөйлесудің  түрлері, 
функциялары. Массалық мәдениет. Массалық түсінік: құрылуы және 
ерекшеліктері.  Социогуманитарлық  білім  жүйесіндегі  пәнаралық 
ерекшеліктер.  
 
Тілдің  пайда  болуы  туралы  әртүрлі 
теориялар  бар,  олар  тілдің  қалай 
шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше 
дәлелдейді.  Тіл  білімінде  оларды  екіге 
бөліп қарайды. 
1.  Биологиялық  теориялар  тілдің  пайда  болу  себебін  адам 
организмі мен психикасының ерекшеліктерінен іздейді. 
а)  Еліктеу  теориялары,  оның  ішінде  кең  таралған  «дыбысқа 
еліктеу  қағидасы»  бойынша  алғашқы  адамдар  қоршаған  ортадағы 
дыбыстарға,  көрініс,  бейнелерге  еліктеп,  оларды  белгілеу  үшін 
әртүрлі дыбыстар шығарудан бастайды (Х. Штейнталь). 
б)  «Одағай  теориясы»  бойынша  адамдардың  өздеріндегі  көңіл-
күй әсері бойынша еріксіз, оқыс дауыстар шығаруы қазірге тілге негіз 
болады. 

 
 
210 
в)  Ымдау  теориясы  бойынша  алғашқы  кезде  тілде  «сөздермен» 
бірге  мимикалар  мен  жестілер  көп  болған.  Жалпы  тілдің  қажеттігі 
адамдардың 
рухани 
әрекетімен, 
әрекет 
құралы 
болуымен  
байланыстырылады.  Бұл  көзқарастардың  қалыптасуына  Г.  В.  Ф. 
Гегель мен В. Фон Гумбольдттің пікірлерінің ықпалы зор болды.  
1. Қоғамдық теориялар бойынша тілдің пайда болуы әлеуметтік 
себептерден ізделеді. 
а)  «Қоғамдық  келісім  теориясы»  бойынша  адамдар  белгілі  бір 
заттарды белгілеу үшін оларды бірдей атауға келіседі. 
б) Еңбек теориясы бойынша тіл адамдардың бірлесіп еңбек етуі 
кезіндегі  байланыс  жасау  қажеттігінен  пайда  болған.  Оның  ішінде 
«еңбек  айқайы  теориясы»  (Л.  Нуаре,  К.  Бюхер)  мен  Ф.  Энгельстің 
еңбек теориясы таралаған. Соңғы теория бойынша тіл, еңбек пен бірге 
«адамды адам еткен» факторларға енеді. 
Қоғамдық  теориялардың  дұрыстығы  –  тілдің  қоғамдық 
қажеттіліктен  пайда  болғаны  шындық  және  ол  қоғамдық  құбылыс 
ретінде қоғамда пайда болып, онымен бірге дамиды. 
Тілдің  алғашқы  негіздерін  адамның  пайда  болуы  процесімен 
байланыстыра  қараған  дұрыс  екеніне  көз  жеткізуге  болады.  Ендеше 
тілдің  қалыптасуы  да  адамның  қалыптасуы  тәрізді  миллиондаған 
жылдарға  созылған  процесс.  Және  оның  қалыптасуы  адамның  түр 
ретінде  қалыптасуымен  бірге  жүріп,  бұл  жолда  жетекшілік  қызмет 
атқарғаны да рас. Тілдің пайда болып қалыптасу процесі глоттогенез 
деп.  аталады. 
Адам  эволюциясының  қазіргі  деректері  бойынша  даму  жолы 
төмендегідей.  Қазіргі  адамдар  (гомо  сапиенс  сапиенс)  бұдан 150-200 
жыл  бұрын  қазіргі  Шығыс  Африка  территориясында  (Кения, 
Танзания) пайда болған. Олар Еуразия құрылығына алғаш рет  бұдан 
70-80  мың  жыл  бұрын  аяқ  басқан,  бұл  аймақта  кең  таралған  адам 
тәріздес  «ағайындары»  (негізінен  неандертальдықтар)  олармен 
бәсекеге  төтеп  бере  алмай  жойыла  бастайды.  Ал  40-60  мың  жыл 
бұрын олар Оңтүстік Азия мен Еуропаға кеңінен таралып орналасқан. 
Одан  кейін,  бұдан  20-30  мың  жыл  бұрын  адамдардың  оңтүстікте 
Австралия  мен  аралдарға,  солтүстікте  Сібір  мен  Америкаға  қарай 
таралуы жалғасады. Яғни тілдің қазіргі түрдегідей қалыптасқан кезін 
бұдан  200  мың  жыл  бұрынғы  кезден  әрі  деп,  ал  қазіргі  тілдердің 
бәріне  негіз  болған  ең  көне  тілді  бұдан  50  мың  жыл  бұрын  өмір 
сүрген деп жорамалдауға болады.  
Бұл  болжамды  көне  тілдің  қазіргі  тілден  елеулі  айырмасы 
болмаған: 
яғни 
дыбыстардан 
сөздер 
құрастырып, 
оларды 
байланыстырып  сөйлемдер  құрап  сөйлеген.  Алғашқы  кезде 
адамдардың  саны  әлемде  аз  болғанымен  тілдердің  саны  өте  көп 

 
 
211 
болған  деп  есептеледі.  Кейін  тілдердің  азаюы  тайпалық  дәуірдің 
басталуына  байланысты.  Тайпа  мемлекеттіліктің  бастауы,  ондағы 
адамдар негізінен бір тілде сөйлесуге бағытталады. Бұл тілдердің бір 
бірін ығыстырып шығаруы және тоғысуы түрінде жүрген.  Ал қазіргі 
салыстырмалы-тарихи  зерттеулер  бойынша  барлық  тілдер  бұдан  15 
мың  жыл  бұрын  өмір  сүрген  5-6  ата  тілден  таратады.  Олардың 
ішіндегі  ең  ірісі  нострат  тілдері.  Оның  ұрпақтары  кейін  Еуропаға 
түгелдей,  Солтүстік  Африкаға  және  Азияның  көп  бөлігіне  (Оңтүстік 
Шығысынан басқа) таралады. 
Адамзат  тілінің  қазіргі  күйінен  алдындағы  тілдің  түрін 
«диффузды  тіл»  деп  атайды.  Бұл  тілдің  дыбыстық  ажыратылмайтын 
кезеңін  білдіреді.  Бұл  тілде  сөздер  мен  дыбыстардан  гөрі  мағына 
білдіруде  интонациялар  және  ымдаулар  маңызды  орын  алған.  Бізді 
қазір  үй  жануарлары  немесе  кішкене  сәбилер  (екі-үш  айға  дейінгі) 
қандай  да  бір  жолмен  (сол  диффузды  түрде,  яғни  дауыс  әуеніне, 
көзге,  қимылдарға  қарайды)  «түсінеді».  Жалпы  тілдің  ең  бастау 
көздерін  жануарлар  әлемі  мен  инстинктілерден  іздеу  үрдісі  қазір 
басты қағидаларға өзек болуда. 
Дүниені  танып  білуге  қойылатын  басты  бір  методологиялық 
талап-шындықтың  кез  келген  құбылысын  объективтік  тұрғыдан 
түсіндіру, яғни оның шын мәнін, табиғатын шындыққа дәл сәйкестік 
тұрғысынан бейнелендіру. Мұнсыз адамның білімі ақиқат болмас еді. 
Бұл  барлық  ғылым  атаулыға,  жаратылыстану  ғылымдарына  да, 
қоғамдық-әлеуметтік  ғылымдарға  да,  қойылатын  бірінші  талапты 
тілтану  ғылымына  қолдансақ,  тілдің  табиғаты,  мәні,  оның  шығу 
себептері  мен  қоғамдық  сипаты,  атқаратын  қызметі  қандай  деген 
сұрақтарды объективтік ақиқат тұрғысынан зерттеу қажеттігі келіп 
шығады. 
 Бірақ  бұл  мәселе  жайлы  сөз  қозғағанда,  ең  алдымен, 
мынадай екі проблеманы бір-бірінен ажыратып алу қажет: оның бірі 
—  бүкіл  адамзат  баласына  тән  жалпы  сөйлеу  құралы  болып 
табылатын  тілді  білдіретін  жалпы  ұғым,  ал  екіншісі  —  жеке 
халықтардың  сөйлеу  кұралы  болатын  жеке  (нақты)  тілді  білдіретін 
жекеше үғымдар. 
Бұл  екі  түрлі  ұғымды  бір-бірімен  шатастырмау  керек.  Өйткені 
бұлардың  арасындағы  логикалық  қатынас  жалпы  мен  жекеше 
категорияларының арасындағы қатынас тәрізді. 
Адамның  сөйлеу  қабілетін  білдіретін  жалпы  шығу  тарихы  өте 
көне  заманға  -  адамдардың  жануарлар  дүниесінен  бөлініп  шығу 
заманына  барып  тірелсе,  жеке-дара  нақты  тілдердің  шығуы  мен 
дамуы  жалпы  адамзат  тілінің  шығу,  қалыптасу  заманынан 
әлдеқайда  бертінгі  дәуірлерде  болған.  Сондықтан  нақты  жеке 

 
 
212 
тілдердің, мысалы, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің қалыптасу, даму 
кезеңдерін тарих, лингвистика ғылымдары тікелей зерттеп, айқындай 
алатын  болса,  ал  жалпы  адамзат  тілінің  шығуын,  адамдар  о  баста 
қалай сөйлеп үйренгенін айқындау үшін тек тарихи, лингвистикалық 
зерттеулердің  бір  өзі  тіптен  жеткіліксіз,  өйткені  тілдің  шығу 
проблемасы  жалпы  адамның  пайда  болуы  (антропогенез)  және 
адамзат  коғамының  пайда  болуы  (сопогелез)  сияқты  күрделі 
проблемалармен  іштей  тығыз  байланысты.  Сол  себепті  тілдің  о  баста 
шығу  проблемасы  тарих  пен  лингвистика  ғана  емес,  сондай-ақ 
философия  мен  психология,  археология  мен  этнография,  физиология 
мен  антропология  және  басқа  ғылымдар  бірлесе  зерттейтін,  аса 
күрделі проблема болып табылады. 
Жер  шарында  мыңдаған  жеке  тілдер  бар.  Олардың  бәрінің  бір-
бірінен  толып  жатқан  айырмашылықтарымен  қатар  өзара  ұқсас, 
бәріне ортақ жалпы қасиет белгілері де бар. Әрбір тіл белгілі бір жеке 
халықтың,  қауымдастықтың  игілігіне  қызмет  етеді  және  сонымен 
бірге  ол  –  қоғамдық-тарихи  құбылыс.  Ол  –  адамзаттың  мәдени 
дамуының  қажетті  шарты,  өзара  қарым-қатынас  орнатудың,  ой-
сананың  қалыптасуы  мен  дамуының  кұралы.  Бұлар  және  бұлар 
сияқты  басқа  да  мәселелер  жалпы  тілтанудың  зерттеу  объектісі 
болумен қатар философиялық  проблемалар болып табылады
Философия  тілді  ең  алдымен  қоғамдық-тарихи  прогрестің 
нәтижесінде  пайда  болған  табиғи-әлеуметтік  құбылыс  деп 
қарастырады, өйткені қоғамнан тыс сөйлеу тілі жоқ, болған емес және 
болмайды  да.  Екінші  жағынан  алғанда,  тіл  жоқ  жерде  қоғамдасу  да 
прогреске  жету  де  жоқ.  Тіл  мен  қоғам  айырғысыз  бірлікте.  Тіл  - 
адамдардың  бірлесе  қимылдан,  материалдық  игіліктер  өндірісінде 
белгілі бір табысқа жетуді, көздеген мақсатқа қол жеткізу үшін өзара 
пікір  алысып,  түсінісіп  әрекет  етуінің  құралы.  Демек,  тіл  мен 
өндірістің  айырғысыз  бірлігінде,  диалектикалық  қарым-қатынасында 
әрине  өндіріс  алғашқылық,  айқындаушы,  шешуші  фактор  болып 
табылады.  Дәлін  айтқанда,  адам  өзінің  тіршілік  жағдайларын 
жақсарту  үшін,  табиғат  жағдайларына  және  қоғамдық  қатынастарға 
саналы  түрде  әсер  ету  үшін  қарым-қатынас  жасау  және  ой-пікір 
алмасу құралын, яғни сөйлеу тілін қажет етеді, ал бұл қажеттілік тілді 
тудырды. 
Олай  болса,  материалдық  өндірісті  тудыратын  тіл  емес, 
керісінше,  өндіріс  қажеттері  бір  ұжымдағы  адамдардың  бәріне 
түсінікті  ортақ  тілдің  болуын  қажетті  түрде  талап  етті.  Адамзат 
тілінің  пайда  болу  теориясының  негізін  салған  К.Маркс  пен 
Ф.Энгельс  бұл  жөнінде  былай  деп  жазды:  "Тіл  де,  сана  сияқты, 
ертеден  келе  жатқан  нәрсе;  тіл,  дәл  айтқанда,  (іс  жүзінде)  алдымен 

 
 
213 
басқалар үшін және тек осының арқасында ғана мен өзім үшін де өмір 
сүретін шын практикалық сана болып табылады, сөйтіп, сана сияқты 
тіл  де  басқа  адамдармен  қатынас  жасау  қажеттігінен  және 
мұқтаждығьнан туады". 
Тілдің  шығуы  туралы  Маркстік  көзқарасқа  дейін  де  бір  қатар 
ой-пікірлер мен жорамал теориялар  болды және олар  қазірде де бар. 
Енді солардың кейбіреулерін қарастырып көрейік. 
Ежелгі  грек  философиясынан  бастау  алатын  “дыбысқа 
еліктеу”(немесе  аноматопоєтикалық)  деп  аталатын  теория  тілдің 
шығуын  табиғатта  болатын  түрліше  дыбыстарға  еліктеудің  нәтижесі 
деп түсіндіреді. 
Әсіресе  18-19  ғасырларда  кеңінен  өріс  алған  бұл  теорияны 
жақтаушылардың  бірі  неміс  философы  Г.Лейбниц  (1646-1716) 
алғашқы  адамдар  жануарлар  мен  табиғат  құбылыстарының 
дыбыстарын,  мысалы,  құстардың  сайрауын,  қасқырдың  ұлуын,  өзен 
суының  сылдырын  т.б.  есітіп,  соларға  еліктеуден  әртүрлі  дыбыстар 
шығарды дейді.  
Бірақ табиғатта дыбыс шығармайтын да заттар мен құбылыстар 
көп екені, олардың атау сөздері де мол екені белгілі. Бұл теория тілдің 
шығуының  себептерін  дыбысқа  еліктеуден  іздеп,  тілдің  әлеуметтік 
себептерін  ескерусіз  қалдырады,  өйткені  бұл  теория  тілді  қоғамдық 
күбылыс емес, табиғат құбылысы, "табиғаттың адамға тартқан сыйы" 
деғен логикалық қорытынды шығаруға жетелейді. 
Тілдің  шығуы  жайлы  тағы  бір  ғылыми  емес  теория  — 
"қоғамдық  шарт"  теориясы.  Бұл  теория  бойынша,  алғашқы  адамдар 
тілдегі  сөздерді  өзара  келісу  арқылы  таңдап  алған.  Тілді  келісім 
арқылы жасау үшін келісімнен бұрын бір тіл болуы керек қой, өйткені 
ондай  тілсіз  тіл  туралы  қалай  келісім  жүргізуге  болады?!  Бұл 
логикалық  қисынсыздық  "қоғамдық  шарт"  теориясының  шындыққа 
жанаспайтындығын  дәлелдеп  жатудың  қажеті  жоқ  екендігін  өзінен-
өзі көрсетіп тұр. 
XIXғасырда  еңбек  айқайы  ("Трудовые  выкрики")  деп  аталатын 
тұрпайы  материалистік  теория  пайда  болды.  Оның  өкілдері  Людвиг 
Нуаре,  Карл  Бюхнер,  т.б.  алғашқы  адамдардың  еңбек  ету  кезінде 
шығарған  рефлексті  айқайларының  негізінде  пайда  болды,  бұл 
айқайлар  ең  алдымен  етістік  сөздердің  шығуына  негіз  болды  деп 
пайымдады.  Бұл  теорияны  жақтаушылардың  қателігі  сол,  олар  тілді 
адамдардың  қарым-қатынас  кұралы  ретінде  түсінбей,  тек  еңбек 
процесін қостаушы көмекші кұрал деп түсінді.  
Олардың  тілдің  шығуының  себепшісі  болған  алғашқы  сөздер 
етістіктер  еді  деген  пікірінің  ешқандай  ғылыми  негізі  жоқ.  Тілді 
табиғи организм деп түсіндіретін натуралистік теория жөне басқа таза 

 
 
214 
биологиялық  ағым  немесе  тілдің  шығуы  мен  дамуын  кұдайдың 
құдіретті  күшінің  нәтижесі  деп  түсіндіретін  діни-идеалистік 
теориялар т.б. бұрында да бар еді, қазірде де жоқ емес. Бірақ олардың 
бәрі,  сыйып  келгенше,  ғылыми  емес  теориялар  екендігін  атап 
айтпасқа болмайды. 
Тіл философиясының ғылыми түсінігін кезіндегі археология мен 
этнографияның,  антропология  мен  социологияның  т.б.  зерттеулеріне 
сүйене отырып жасап берген К.Маркс пен Ф.Энгельс болды. Олардың 
ілімінше,  адам  тілінің  табиғи  қалыптасуына  бірден-бір  себеп  болған 
адам  тектес  маймылдардың  адамға  айналу  процесінің  барысынла 
туған қоғамдық қажеттілік - алғашқы адамдардың бірлескен тіршілік 
іс-әрекеттерін үйлестіру қажетті еді. Демек, адам тілінің шығуы адам 
коғамының  шығу,  қалыптасу  проблемасына  барып  тіреледі  екен, 
өйткені  біріншісі  екіншісінің,  яғни  антропогенез  бен  социогенез 
проблемасының, құрамдас бөлігі болып табылады.  
Сонымен, адамның санасы мен сөйлеу тілінің шығуы қоғамдық 
өндірістің  және  онымен  бірге  алғашқы  қоғамдық  қатынастар  мен 
қажеттіліктердің  ұзақ  уакыт  бойы  қалыптасып,  адам  тектес 
маймылдардың  үйірлерінің  алғашқы  әлеуметтік  адам  бірлестіктеріне 
айналуының  және  сондай-ақ  соған  сәйкес  дене  құрылысының 
өзгеруінің нәтижесі болып табылды. 
Сонымен  қатар,  ру-тайпалар  арасында  кұралдар  және  басқа 
бұйымдар алмасу іске аса бастады, ал бұл білімдер мен еңбек ету әдіс-
тәсілдері,  дәстүрлері  тілдік  қатынас  құралы  арқылы  басқа  тайпалар 
мен халықтардың мүшелерінің арасына тарап отырды. 
"Алғашқы тілдің табиғи материясы" да қазіргі заманғы тілдердің 
"материясынан"  көп  өзгеше  болған  -  оларда  дыбыстық  сөздермен 
бірге  "ымдау  тілі"  де  кеңінен  пайдаланылған  дейді  зерттеулердің 
нәтижелері.  Жоғарғы  тас  дәуірінде  (бұдан  шамамен  40  мың  жылдай 
бұрын)  неандертальдықтардың орнына жаңа адам (неоантроп немесе 
"Ното  зарегіш")  келеді.  Ол  енді  жеке  құрал  емес,  құрамдас  еңбек 
құрал (мысалы, сабы бар балта) жасай алатын болды, жартастарға көп 
түсті  сурет  салуды  білді.  Оның  бас  сүйегінің  көлемі  мен  құрылысы 
қазіргі адамдікінен айнымайды деуге болады. Бұл дәуірде енді нағыз 
қатынас  құралы,  қалыптасып  келе  жатқан  ой  ұғымдарын  қоғамдық 
жағынан  тұжырымдау  құралы  бола  алатын  дыбысты  тілдің 
қалыптасуы  аяқталды:  "Адамдардың  қажеттері  және  оларды 
қанағаттандыруға  көмектесетін  енбектің  түрлері  көбейіп,  әрі  қарай 
дамыған  сайын  адамдар  нәрселердің  тұтас  топтарына  жеке  атаулар 
бере  бастады".  Тілдік  белгілер  бір-бірінен  біртіндеп  ажырап,  жеке 
мазмұнға ие бола бастады: тұтаскан аралас сөз-сөйлемдерден аз-аздап 
жеке  сөздер  -  болашақ  есімдер  мен  етістіктердің  түп  тұлғалары 

 
 
215 
бөлініп  шыға  бастады,  ал  тіл  тұтас  алғанда  өзінің  қатынас  құралы 
және айналадағы дүниені танып білу құралы ретіндегі функцияларын 
(кызметтерін) шын мәнінде атқара бастады. 
Тіл  және  қоғам.  Тіл  –  қоғамдық  құбылыс.  Ол  қоғамның 
қажеттіліктерінен пайда болған және қоғамда пайдаланылатын құрал. 
Бұжан  тілдің  келесі  басты  қызметі  шығады.  Яғни  тіл  –  адамдар 
арасындағы  қарым-қатынас  құралы.  Бұл  кең  түсінік:  тіл  арқылы 
хабарды 
жеткізуге 
(информативтік 
және 
констациялаушы 
функциясы),  немесе  хабарды  алуға  (сұрау  функциясы)  болады. 
Сонымен  бірге  қозғау  салуға,  бұйыруға,  өтінуге  (аппелятивтік 
функциялары)  т.б.  болады.  Бұлардың  хабарлы,  сұраулы,  бұйрықты 
және  лепті  сөйлемдерге  сәйкес  келетінін  байқауға  болады.  Келесі 
мәселе  тілдің  қоғамдағы  жіктелістері.  Ол  тілдің  қоғамдық 
дифференциялары деп аталады. Оның негізгілері: 
1.  Әлеуметтік  дифференция  әдеттегі  кәсіби  сөздерді, 
терминдерді, жаргондарды береді. Яғни тілде адамдардың әлеуметтік 
топтарына,  мамандығына,  шаруашылық  кәсібіне  байланысты 
жіктелулер бар. Терминдер, арнайы сөздер белгілі  бір сала бойынша 
қолданылады.  Оларды  әдетте  ғылыми  терминдер,  өнер  терминдері 
және  спорттық  терминдер  деп  бөледі.  Кәсіби  сөздер,  профессио-
нализмдер  әлеуметтік  диалект  деген  татаумен  де  белгілі.  Олар 
адамдардың,  өлкенің  шаруашылық  кәсібіне  байланысты,  соған  тән 
сөздер.  Мысалы  балық,  егін,  бақша  өнімдері,  мал  шаруашылығы, 
құсбегілік, 
аңшылық 
немесе 
өндірістік 
аймақтардың 
сол 
шаруашылыққа  байланысты  ғана  қолданылатын  сөздері  жатады.  Ал 
жаргондар  адамдардың  әлеуметтік  топтарына  байланысты  қолданы-
латын  сөздер,  бұл  мағынасында  әскерилердің  жаргоны,  студенттік 
жаргон,  қылмыскерлердің  жаргоны,  компьютерлік  жаргон  деген 
ыңғаймен  қолданыла  береді,  бұл  ауызекі  тілде  молынан  ұшырасады, 
әдеби тілге енбейді. Жасөспірімдердің тіліндегі сөйлеу ерекшеліктері 
сленг  деп  аталады.  Бұлар  тілдік  «модаға,  сәнге»  байланысты  өзгеріп 
отырады.  Лингвистикада  бұлардың  бәрін  жинақтап,  әлеуметтік 
дифференция бойынша сөздердің түрлерін социолект деп атайды. 
Бұл атаулар әдеби тілге енбейтіні болмаса, жағымсыз мағынада 
қолданылмайды.  Шындығында,  қазіргі  әдеби  тілде  бір  кездегі 
жаргондар сөздің ауыспалы мағынасы немесе, лексико-семантикалық 
варианты, тұрақты сөз тіркесі түрінде молынан ұшырасады. 
2. 
Территориялық 
дифференция 
тілдегі 
диалектілерді, 
говорларды  тілдіңварианттарын  береді.  Мысалы  ағылшын  тілінің 
диалектілерімен  қатар,  америкалық,  австралиялық,  британиялық, 
жаңа  зеландиялық,  оңтүстік  африкалық,  канадалық  депаталатын 
нұсқалары  бар.  Ал  диалектілер  –  жергілікті  аймақтардың 

 
 
216 
тілдікерекшеліктері.  Ол  фонетикалық  (сөздің  айтылуындағы 
дыбыстық  айырмалар)  лексикалық  (сол  аймақта  ғана  қолданылатын 
сөздер)  және  грамматикалық  (аймақтарбойынша  сөз  тұлғаларының 
айырмасы) диалектілер болып бөлінеді. Говорлар,сөйленістер – деген 
аймақтың  ішіндегі  сөйлеу  ерешелігі  бар  шағын  аудандар.  Картаға 
түсіргенде  диалект  аймақтарының  шекарасын  изогластар  бөліп 
тұрады.  Бұл  диалектология  ғылымының  зерттеу  объектісі.  Кейде 
диалект  мен  тілдердің  айырмасын  белгілеу  қиын  болады:  бір  тілдің 
екі диалектісі бір-бірін түсінбеуі де мүмкін, керісінше екі басқа тілде 
сөйлеушілер  толық  түсініседі.  Бұл  жағдайларда  халықтың  тілі  деген 
түсінікке ғана қарайды.  
Тіл  өзінің  бағытталуы  бойынша  монологті,  диалогті,  полилогті 
түрлерде жарық көреді. Монологті тіл кейінгі  деп есептеледі. Себебі 
тіл, қарым-қатынас қажеттілігінен пайда болған. 
Тіл  және  қоғам  мәселелеріне  тілдің  мәртебелері,  қолданылу 
аясы,  мемлекеттік  және  ресми  тіл,  халықаралық  қатынас  тілі 
статустары,  тілді  дамыту  мәселелері  де  жатады.  Қазір  әлемде 
шамамен  6000-ға  жуық  тірі  тіл  бар  деп  есептеледі.  Олардың  70 
пайызының  жазба  тілі  жоқ  және  жойылып  кетудің  алдында  тұр. 
«Әлемдік  тілдер»  деген  атауды  негізінен  БҰҰ-ның  ресми  жұмыс 
тілдеріне  қолданылады.  Олар  қытай,  ағылшын,  испан,  француз  және 
орыс  тілдері.  Тілдің  таралуын,  көлемділігін  сол  тілде  сөйлейтін 
адамдардың  санымен  есептейді:  10  млннан  аса  адам  сөйлейтін  тіл 
лингвистикалық өлшеммен ірі тіл болып саналады. Жер бетінде ондай 
тілдердің  саны  100-ге  жуық.  Қазіргі  ана  тілі,  қос  тілділік 
(билингвизм), көп тілділік (полиглотизм) мәселелері де осыған енеді. 
Тіл  халықтың  және  ұлттың,  ұлттық  мемлекеттіліктің  басты 
белгілерінің  бірі  болып  табылады.  Сондықтан,  мемлекеттер  әрқашан 
тіл саясатын басты назарда ұстайды. 
Тілдің  пайда  болуы,  дамуы,  әдеби  тілдің  қалыптасуы,  стильдік 
тармақталуы  туралы  мәселелер  де  тіл  және  қоғам  түсінігіне 
орайласады.  Бұл  бағыттағы  барлық  мәселелермен  тіл  білімінің 
қомақты  саласы  болып  табылатын  социолингвистика  ғылымы 
айналысады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет