Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті Парламент депутаттары, Үкімет



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата03.03.2017
өлшемі9,52 Mb.
#5516
1   2   3   4   5   6

Мансур КАНТУРЕЕВ,

проректор ЖГУ им.И.Жансугурова,

доктор экономических наук.

салаға мемлекеттік шығындар нақты көрсеткіш 

бойынша 3 есеге жуық өсті. Әлеуметтік сала мен 

мемлекеттік  басқаруда  жұмыс  істейтіндердің 

саны  1,2  миллион  адамнан  асады.  Мемлекет 

жәрдемақы  мен  төлемдердің  үлкен  көлемін 

қамтамасыз  етуде.  Оларды  1,5  миллионнан 

астам азамат алады.

Экономикалық 

тәуекелдерге, 

жал-

пы,  ештеңеге  де  қарамастан,  біз  халықты 



әлеуметтік  қолдау  шараларын  жүзеге  асы-

руды  жалғастырамыз.  Мен  2016  жылдың  1 

қаңтарынан  бастап  денсаулық  сақтау  сала-

сы  қызметкерлерінің  еңбекақысы  орташа 

алғанда  –  28  пайызға  дейін,  білім  беру  са-

ласы  қызметкерлерінікі  –  29  пайызға  дейін, 

әлеуметтік  қорғаудағы  қызметкерлердікі  40 

пайызға дейін артатынын жариялаймын. Мұнда 

бюджет  қызметкерлерінің  түрлі  категорияла-

рына  қатысты  сараланған  тәсіл  қолданған 

ұтымды.  Алдағы  жылы  мүгедектігі  мен  асыра-

ушысынан  айырылуға  байланысты  әлеуметтік 

жәрдемақылардың 25 пайыздық өсімі, сондай-

ақ, стипендиялар қамтамасыз етілетін болады. 

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап біз инфля-

ция деңгейінің алдын ала отырып, ынтымақты 

зейнетақыны 

пайызға 



индекстейміз. 

2016  жылы  «Б»  корпусындағы  мемлекеттік 

қызметшілердің  еңбекақысы  30  пайызға  арт-

тырылатын болады. Бұл мақсаттарға қаржыны 

біз бюджеттік шығындарды оңтайландырғаннан 

кейін  үнемдейміз.  Осылайша  біз  еңбекақыны 

өсіру  үшін  қаржы  тауып,  өзіміздің  халық 

алдындағы  әлеуметтік  міндеттемелерімізді 

орындаймыз!

Мен  барлық  әлеуметтік  жағынан  әлсіз 

қорғалған  жіктерге  сөзімді  арнамақпын.  Біз 

мұқтаждарға  қашанда  көмек  қолын  созып 

келдік.  Сонымен  қатар,  әлеуметтік  әділеттілік 

бұрмаланбауы  тиіс.  Өйткені,  әрбір  әлеуметтік 

төлем  –  бұл  жай  бюджетке  ғана  емес,  әрбір 

жұмыс  істейтін  қазақстандыққа  қосымша 

салмақ.  Әлеуметтік  әділеттілік  идеясы  жұмыс 

істейтін қазақстандықтарға қатысты әлеуметтік 

әділетсіздікке айналмауы тиістігін нақты түсіну 

керек. Бұл – солардың ақшасы!

Бүгін  де  тек  Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамы 

ғана  сыртқы  сілкіністерге  орнықты,  тиімді 

экономиканың  нақты  негізі  болуға  қабілетті. 

Азаматтарға  әлеуметтік  қолдауды  кеңейту 

мақсатында  Үкіметке  2016  жылдың  бірінші 

тоқсанының  соңына  дейін  еңбекпен  қамтудың 

жаңа  Жол  картасын  жасауды  тапсырамын. 

Бағдарламаларды қаржыландыру көлемі 2009-

2010 жылдары жүзеге асырылған осыған ұқсас 

Жол картасымен салыстырғанда ұлғайтылатын 

болуы тиіс. Бұл жергілікті инфрақұрылымдарды 

дамыту мен елді мекендерді абаттандыру жоба-

лары есебінен еңбек рыногының тұрақтылығын 

қамтамасыз  ететін  болады.  Кадрларды  кең 

ауқымды  қысқа  мерзімді  қайта  даярлау 

мен  біліктілігін  арттыру  ұйымдастырылады. 

Кәсіпкерлікті  дамыту  үшін  микронесиелеу 

кеңеюде.


Бүгін  мен  жаңа  әлеуметтік  саясат  жасау 

міндетін  қоямын.  Мемлекеттің  әлеуметтік 

саладағы  рөлі  әлсіз  қорғалған  азаматтарды 

қолдаумен  және  адам  капиталына  инвести-

цияларды  қамтамасыз  етумен  шектелетін 

болуы  тиіс.  Атаулы  әлеуметтік  қолдау  тек 

мұқтаж адамдарға, олардың нақты табыстары 

мен  өмір  сүру  жағдайын  бағамдау  негізінде, 

көрсетілетін  болады.  Басқалар  ақшаны 

өздері,  өздерінің  еңбектерімен  табулары  тиіс. 

Азаматтарымыздың  жекелеген  топтарының 

ерекше  сұраныстарын  ескере  отырып,  өмір 

сүрудің  ең  төменгі  деңгейінің  құрылымдарын 

қайта  қарау  және  оның  түрлі  деңгейлерін 

белгілеу қажет. Үкіметке үш ай ішінде әлеуметтік 

қамсыздандыру  жүйесін  оңтайландыру  бойын-

ша ұсыныс енгізуді тапсырамын.

Еңбек  ете  алатындарға  мемлекеттік  қолдау 

тек  олардың  қайта  оқуға  немесе  еңбекпен 

қамту 


бағдарламаларына 

қатысулары 

негізінде  ұсынылатын  болуы  тиіс.  Үкіметке 

әлеуметтік көмектің мұндай түрлерін 2017 жыл-

дан  бастап  енгізуді  тапсырамын.  Әлеуметтік 

саясаттағы  мемлекеттің  басымдығы  адам  ка-

питалын  дамытуға  кең  ауқымды  инвестиция-

лар  болуы  тиіс.  Біз  бұған  дейін  қабылданған 

бағдарламаларға  сәйкес,  білім  беру  және 

денсаулық  сақтау  салаларын  жаңғыртуды 

жалғастыруымыз  керек.  Мен  2017  жылдан  ба-

стап  жаңа  жоба  –  «Баршаға  арналған  тегін 

кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы баста-

латынын  жариялаймын.  Үкіметке  оны  жасауға 

кірісуді тапсырамын.

Қазақстанның жас азаматтары!

Білімді,  еңбекқор,  бастамашыл,  белсенді 

болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс 

пен  сұраныс  бар  өңірге  батыл  барыңдар. 

Шеберліктің 

шыңына 


жете 

білсеңдер 

мамандықтың  бәрі  жақсы.  Қазір  техникалық 

мамандықтардың,  ғылым  мен  инновацияның 

күні  туған  заман.  Ерінбей  еңбек  еткен,  талмай 

ғылым  іздеген,  жалықпай  техника  меңгерген 

адам  озады.  Тұрмысы  жақсы,  абыройы  асқақ 

болады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі ре-

формалар мен атқарып жатқан қыруар істердің 

бәрі сендер үшін, болашақ үшін жасалуда.

* * *

Мен  жастарымызды  жұмысшы  мамандығын 



белсенді  меңгеруге  шақырамын.  Жұмысшы 

мамандықтарын меңгеру керек. Кезінде мен де 

жұмысшы киімін киюден бастадым, домна пеші 

от-жалынының жанында тұрдым. Үлгі алыңдар! 

Жылдар өтеді, бірақ, осы өмірлік тәжірибелерің, 

сендер қандай өмір жолын таңдап алсаңдар да, 

міндетті түрде кәделеріңе жарайды.

Тұтастай  алғанда,  Жолдауда  ілгерілетіп 

отырған шаралардың барлығы нақты сипатқа ие 

және, әдеттегісінше, сенімді қаржыландырумен 

қамтамасыз  етілген.  2014-2015  жылдары 

шағын  және  орта  бизнесті  дамытуға  1  трилли-

он  теңге  бөлініп  үлгерілген  болатын.  «Нұрлы 

Жол» бағдарламалары жобаларына – 2,7 трил-

лион  теңге.  2,7  триллион  теңге  Қазақстанға 

халықаралық  қаржы  ұйымдары  тарапынан 

бөлінді. Қытай Халық Республикасы 2,7 милли-

ард  доллар  көлемінде  несие  берілді.  Тұтастай 

алғанда,  осы  Жолдау  жобаларын  жүзеге 

асыруға  7,5  триллион  теңге  тартылмақ.  Осы 

қаржыларды  тиімді  пайдалану  –  Үкіметтің  ба-

сты міндеті және жауапкершілігі.

Қиындықтарды еңсеруде біз жалғыз емеспіз. 

Өзіміздің салмақты сыртқы саяси қызметімізбен 

біз бүкіл әлем бойынша көптеген достар таптық. 

Олар  бізді  қолдап  келеді.  Сіздер  менің  са-

парларыммен  әлемнің  жетекші  елдерінің 

көшбасшыларымен келіссөздерімнің куәгерлері 

болдыңыздар. ҚХР-мен 23 миллиард долларға 

шикізаттық емес сектордағы ынтымақтастық ту-

ралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл – 40-тан 

астам жаңа кәсіпорын салынады деген сөз. Лон-

дон мен Парижге сапарларым да, экономикалық 

ынтымақтастық  тұрғысынан  алғанда,  табы-

сты  болды.  Жасалған  келісімшарттардың 

жалпы  сомасы  11,5  миллиард  долларды 

құрайды.  Елімізге  Ресей  Президентінің  са-

пары  біздің  дәстүрлі  ізгі  көршілестік  қарым-

қатынастарымыздың 

тұрақтылығы 

мен 

беріктігін  және  экономикалық  интеграцияның 



дамып  келе  жатқанын  көрсетті.  Жапония 

премьер-министрінің  сапары  инвестициялық 

және 

технологиялық 



ынтымақтастықтың 

көкжиегін кеңейтетін болады. Бізге тұңғыш рет 

«Тойота»  концерні  келіп,  Қазақстанда  автомо-

бильдер шығарады.

Басты  нәтижелердің  бірі  бізге  халықаралық 

қаржы  институттарының  жоғары  сенімі  болып 

табылады.  Осындай  күрделі  кезеңде  біздің 

реформаларымызды  қолдай  отырып,  олар 

9  миллиард  доллар  көлеміндегі  қаржы  ре-

сурстарына  қол  жеткізуімізге  жол  ашты.  Біз 

Еуропалық  Одақпен  тереңдетілген  әріптестік 

пен  ынтымақтастық  туралы  келісімге  қол 

қойдық.  Біз  әлемдік  қоғамдастықпен  ядросыз 

әлем үшін, терроризм мен экстремизмге қарсы 

күресте біргеміз. Біз кез келген жанжалдардың 

бейбіт  жолмен  шешілгенін  қалаймыз  және  осы 

үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз.

Дүниежүзінде  біз  бастаған  реформалар  ту-

ралы,  Жүз  қадам  туралы  жақсы  біледі  және 

оларды  қолдайды.  Біз  достарымыздың  көңілін 

қалдырмауға  тиіспіз.  Бұл  реформалар,  мен 

аталған  Жолдауда  алға  қойған  олармен  өзара 

байланысты  міндеттерді  орындау  оңай  бол-

майды, мүмкін, тіпті, ауыр соғуы ықтимал. Бірақ, 

оларға  балама  жоқ.  Егер  біз  осының  бәрін 

жасамайтын  болсақ,  онда  әлемдік  дамудан 

үмітсіз кейіндеп қаламыз. Бірақ біз, әдеттегідей, 

белгілегендеріміздің бәрін жасаймыз.



Құрметті отандастар!

Жаңа 2016 жылдан Ұлт жоспары шеңберінде 

қабылданған жаңа заңдар жұмыс істей бастай-

ды.  Бүгін  мен  экономикамызды,  мемлекетіміз 

бен  қоғамымызды  нығайтуды  көздейтін  жаңа 

шаралар туралы хабарладым. Барлығымыздың 

мойнымызда  еліміздің  болашағы  үшін  ора-

сан  зор  жауапкершілік  жатыр.  Алдымызда 

қиын  жұмыстар  күтіп  тұр.  Қазақстан  халқына 

Жолдауымдағы барлық міндеттерді жүзеге асы-

руда мен «Нұр Отан» партиясына ерекше орын 

беремін. Жолдау барлық партия мүшесі үшін іс-

қимыл негізі және таяудағы жылдарға арналған 

бағдарлама  болуы  тиіс.  Кең  көлемді  түсіндіру 

жұмыстарын  жүргізіп,  адамдарды  жұмылдыру, 

қойылған  барлық  міндеттерді  орындауда 

біріктіру  керек.  Партиядан  сайланған  депу-

таттар  дағдарысқа  қарсы  және  құрылымдық 

қайта  жаңғыруларды  заңнамалық  тұрғыдан 

қамтамасыз  етулері  тиіс.  Мен  барлық  саяси 

партияларды,  қоғамдық  бірлестіктерді,  барлық 

азаматтарды  Отанымыздың  игілігі  жолындағы 

ортақ  іске  бір  жағадан  бас,  бір  жеңнен  қол 

шығара  отырып  жұмылып,  аталған  Жолдауды 

жүзеге асыруға белсене қатысуға шақырамын.

Келе  жатқан  күрделі  кезең  біз  үшін  еңсеру 

кезеңі болады. Біз жаңа жаһандық дағдарысты 

міндетті түрде жеңеміз. Бұл үшін бізде біртұтас 

ерік-жігер, халық бірлігінің берік дәстүрлері бар. 

Біз Қазақстанымызды дамудың жаңа шептеріне 

шығаратын боламыз!

Қымбатты қазақстандықтар!

Дағдарыстардың бәрі өткінші, өтеді де кетеді. 

Ел  тәуелсіздігі,  ұлт  мұраты,  ұрпақ  болашағы 

сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі. Мен айтып 

өткеннің барлығы жеңуге болатын, біз жеңе ала-

тын бөгеттер. Біз көлденең шыққан кедергілерге 

кідірмей,  дамыған  30  елдің  қатарына  қосылу 

мақсатына қадам басамыз.

Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік 

Ел  болу  үшін  бізде  бәрі  бар.  Тәуелсіздіктің 

туын  желбіретіп,  тұғырын  нығайтқан  біздің  та-

рих  алдында  жүзіміз  жарқын!  Біздің  тірегіміз 

–  тәуелсіздік,  тілегіміз  –  тұрақтылық,  білегіміз 

– бірлік!

Мен  халқыма  сенемін.  Көк  байрағымыздағы 

алтын  қырандай  еліміз  қанатын  кеңге  жай-

ып,  асқар  биіктерден  көрінсін!  Барды  бағалап, 

жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк 

байрағы әрдайым биікте желбіресін!

Алға, Қазақстан!



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ   

Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

(жалғасы. Басы 3-бетте)

Жетісу 

университеті



ҒАРЫШКЕР БІЛІМ ОРДАСЫНДА

бейсенбі,  10 желтоқсан,

2015 жыл

5

 Арманның асқарында

Асқар мен шыңдар аласұрады,

Жанғандай жердің жаңа шуағы.

Арманын жұрттың асқақтатқандай,

Ауылдың сабаз баласы тағы!

Бақытым тасты, қайғым түсті де,

Сарқылмас нұрым, саймын күштіге.

Қазақтың елін алып шыққандай,

Айдын ағамыз айдың үстіне!

Тәуелсіз тұғыры, төрі текті ізгі,

Өзгеге үлгі сөзін өткізді!

Қазақстанның азаттығына,

Бүкіл әлемнің көзін жеткізді.

Тұрса да зеңгір айбатын шегіп,

Босамай қосты бойға тың берік.

Аспанның өзі аласарғандай,

Қазақ ұлының қайратын көріп.

Шектесіп жатқан даңқы ғарышпен,

Көрінер биік xалқы арыспен.

Көкке самғай бер бөрікті жандар,

Жазылсын тариx алтын әріппен.



Мұхтар КҮМІСБЕК .

Ғарышқа  алғаш  қадам  басқан  бұрынғы 

алып  империя  -  Кеңес  Одағының  ұшқышы 

Юрий  Гагарин  болса,  бері  де  дүниежүзі 

бойынша 545 космонавт аспан әлеміне жол 

тартыпты.  Сол  алпысыншы  жылдардың 

басынан бері қыран қанаты талатын қазақ 

жерінде  космодром  салтанат  құрғанымен  

бірде-бір қазақ жігітінің ғарышқа ұшпағанына 

өкпеміз  қазандай  болып  жүргенде  алысты 

болжап,  ұзақты  көре  білетін  Елбасымыз 

Қазақстанның  тұңғыш ғарышкерін космосқа 

ұшырып, Ұлы Даланың даңқын дүниежүзіне 

тағы бір рет паш етті. Рас бұған дейін Тоқтар 

Әубәкіров  пен  Талғат  Мұсабеков  сынды 

қазақ  жігіттері  космонавтар  қатарында 

аталғанымен  олардың  елдігін  өзгелер 

иемденгенін  жасырып  қайтеміз.  Айдын  

Айымбетовты  мақтаныш  тұтатынымыздың 

тағы  бір  қыры,  ол  -  Жетісудың  тумасы, 

ЖМУ-дің түлегі.

Жоғары  білім  алған  алтын  ұясын  арлы 

азамат  ұмытпаған  екен,  арнайы  ат  басын 

бұра  келді.  Халық  қаһарманы,    ғарышкер 

Айдын Айымбетовты университет ректоры, 

з.ғ.д.,  профессор,  ҚР  ҰҒА  корреспондент-

мүшесі Әбдіманап Елікбайұлы Бектұрғанов  

ұстаздар  қауымымен  бірге  құшақ  жайып 

қарсы  алды.  Жырау  Серікбол  Шыныбаев 

домбырада төгілтіп жыр арнаса, білімгерлер  

гүл  шоқтарын  сыйлап  мәре-сәре  болды. 

Ғарышкер өзі оқыған   2-оқу ғимаратындағы 

аудиторияларды  аралап,  сонау  студенттік 

өмірін  көз  алдынан  өткізгендей  күй  кешті. 

Содан  кейін  білім  ордасындағы  Ғали  Ор-

манов  атындағы  кітапхананың  ғылыми-

ақпараттық  аудиториясымен  танысып, 

университет  тарихы  мен  қол  жеткізген 

жетістіктеріне сүйсінді. Ұсыныс-тілек журна-

лына қолтаңбасын қалдырды.

Бас  оқу  ғимаратында  білімгерлермен 

болған  жүздесу  әсерлі  өтті.  Ғарышкер 

әңгімесін 

Қазақстанның 

Президенті 

Н.Ә.Назарбаевқа    қазақ  ғарышын  әлемге 

танытудағы орасан зор еңбегі үшін алғыс ай-

тудан бастады. Ол өзінің Қазақстан азама-

ты ретінде космосқа алғаш ұшқан  ғарышкер 

атануы  тікелей  Елбасының  арқасында 

жүзеге 

асқанын 


мақтанышпен 

тілге 


алды.  «Нұрлы  жол»    инфрақұрылымдық 

бағдарламасы,  «Мәңгілік    Ел»  идея-

сы  бағытындағы  атқарылып  жатқан 

жұмыстарды  қолдайтынын  жеткізді.  Қысқа 

да  нұсқа,  әдептен  аспай  әдемі  сөйлеген 

Айдыннан  кейін  оның  студент  кезіндегі  

дипломдық жұмысының жетекшісі, физика-

математика  ғылымдарының  докторы,  про-

фессор Кәден Бопаев сөзге шығып  дарын-

ды шәкірті жайлы  жылы лебізін білдірді.

  –  Айдын  университетімізде  оқыған 

кезінде жас шамасы өзгелерден ересек бо-

латын.  Өйткені,  ол  бұдан  бұрын  Армавир 

жоғары  авиациалық  әскери  училищесін 

ұшқыш-инженер 

мамандығы 

бойынша 

бітірген  еді.  Талдықорған  қаласындағы  

авиабазада әскери қызметте жүрген кезінде 

бізге оқуға түсті. 

Айдын  физика  саласын  жетік  меңгерген 

инженер    болғандықтан  ұстаздарымен  көп 

ой  бөлісетін.  Ғарышқа    көтерілу  арманы 

барын  да  жасырмайтын.  Ол  осы  арманы-

на  жеткеніне  біз  өте  қуаныштымыз.  Айдын 

ғарышқа    ұшқанда  біздер  шынымен  қатты  

уайымдадық.  Баяғыдай  емес  қой,  қазіргі 

таңда ғарыш әлемі өте ластанған, қоқысқа 

толы  кезеңді    бастан  кешіруде.  Қазақтың 

бақыты шығар қауіп-қатерге соқтықпай Ай-

дын ұлымыз алдына қойған міндетін айқын 

атқарып,  атамекенге  аман  оралды,-  деп 

Кәден Балапанұлы орамды ой өрбітті. 

Өз  кезегінде  білімгерлер  де  Айдын 

Ақанұлына  сұрақты  жаудырып,  жанарла-

рында нұр ойнады. 



Дархан  Асылов, 2 курс  білімгері:  Ай-

дын  Ақанұлы,  ғарышта  Сіздің  жер  бетінің 

мониторингі  және  экологиялық  апаттарды 

зерттеу  бойынша  эксперименттер  жүзеге 

асырғаныңыздан  хабарымыз  бар.  Тіпті, 

жерді  түсіңізде  көргеніңізді  де  мәлімдеген 

болатынсыз.Шын  мәнінде  жерді  космостан 

зерттегенде қандай күй кештіңіз?.



Айдын  Аймбетов:  Мен    иллюминатор-

дан  жерге  қарап  ұзақ  ойға  шомып  кетсем 

керек.  Қасымдағылар  құлағыма  сыбыр-

лап  «Ай-ды-н,  біздерге  де  орын  ұсынсаң  

қайтеді?»  дегенде  барып  есімді  жидым. 

Жалпы,  Жер-Ана    нәзік    жанды  организм  

және өте қорғауға мұқтаж екеніне анық көзім 

жетті. Жер бетінің тыныштығын бейбітшілік  

пен  келісімнің  негізінде  ғана  сақтап  қала  

аламыз.    Кез  келген  ядролық,  атомдық, 

химиялық  жарылыстар,  орынсыз  қан-

төгістер,  экологиялық  апаттар  Жерге  аса 

қауіп төндіреді.

Айжан  Иманасова,  4-курс  білімгері: 

Ұшқыш 


болуды 

бала 


күніңізден 

армандадыңыз ба?



Айдын Аймбетов:  Иә, бір күні  әкеммен 

түнде  көк шалғында  демалып отырғанбыз. 

Кенет  аспанда  бір  жұлдыз  жарқырап  ағып 

бара  жатты.  Аспанға  ұшып  сол  жұлдызды 

ұстап  түсем  дедім  әкеме  қарап.  Ол  кісі 

күліп «арманыңа жет, ұлым» деп бетін сый-

пады.  Жалпы  мектепте  үздік    оқысам  да 

тәртібім  мәз  емес-тұғын.  Көбірек  физикаға 

құмартатынмын. Бір күні өзім ойлап тапқан 

жаңа қондырғым «тоқпен ұрып» жарақат та 

алғам, «педсоветке» де түскем. (залды күлкі 

кернеді).



Дана  Дәулетхан:  Жетісу  мемлекеттік 

университетінде  оқып  жүрген  студенттік 

кездеріңізді  есіңізге аласыз ба?

Айдын  Аймбетов:    Әрине,  бәрі  есімде. 

Мен әр  сессияға келгенімде өзімді өте сер-

гек  сезінетінмін.  Ұстаздарыммен  емін-еркін 

пікір  алысып,  ой  бөлісетінмін.  Сіздерге  ай-

тарым  білімге  құмар  жан  әрқашан  елінің 

болашағын  ойлайды.  Болашақта  ғарышта 

космос айлақтары салыну көзделуде. Мүмкін 

Сіздердің араларыңызда сол ғимараттарда 

жұмыс істейтін ұшқыш-инженерлер отырған 

шығар, кім біледі.(ду қол шапалақ).



Камшат  Мұхамеджан,  3  курс  білімгері:  

Айдын  аға,  Сіз  көп  кедергілердің  кесірінен 

ғарышқа  кеш  ұшқаныңызды  білеміз.  Сол 

қиын  кезеңде  басқа  шет  мемлекеттердің 

атынан ұшуға ұсыныс түскен жоқ па?

Айдын Аймбетов: Ондай  ұсыныстардың 

болғаны  рас.  Байлық-дәулет,  үй-жай,  көлік 

береміз  деп  берекемді  алғандар  да  бол-

ды.  Бірақ  мен  үшін  Қазақ  елі  -  Отаным 

бәрінен  қымбат,  бәрінен    биік  тұрды.  Мен 

Қазақстанның  атынан  ғарышқа  ұшуға 

қол  жеткізгеніме  өзімді  бақытты  санай-

мын.  Ол  үшін  мені  осындай  отансүйгіштік, 

патриотизм  рухында  тәрбиелеген  ел-

жұртыма,  халқыма,  туған  жеріме,  Ел-

басына  ризамын.  Сіздердің  де  аңсаған 

армандарыңызға жетіп, болашақтың тізгінін 

берік ұстайтындарыңызға тілектеспін.

Кездесуде  Халық  қаһарманы,  ғарышкер 

Айдын Айымбетовке  университет ректоры 

Ә.Е.Бектұрғанов ғылыми кеңестің шешіміне 

орай  ЖМУ-дің  «Құрметті  профессоры» 

атағын тапсырды. Шараның соңы концертке 

ұласты. Ұлағатты ұстаз Дүйсен Аңсабаевтың 

жетекшілігіндегі «Ілияс ізбасарлары» әдеби 

бірлестігінің жас қаламгерлері жүрек жарды 

жырларын  ғарышкер  ағаларына  арнаса, 

өнерпаз білімгерлер шаттықпен ән шырқап, 

бишілер  дөңгелене  биледі.  Ғарышкер  Ай-

дын  Айымбетовтың    Жетісу  мемлекеттік 

университетіне  арнайы  ат  басын  бұруы 

білім ордасының мұрағат қазынасына тағы 

бір тарихи оқиға ретінде қосылатыны анық.



Үсен ӨМІРЗАҚОВ.

Жетiсудыњ Айдыны - 

ќазаѓымныњ айбыны

Х

алық қаһарманы,  «Алтын жұлдыз» айрықша белгісінің, 

«Отан» орденінің иегері ғарышкер Айдын Айымбетовтың 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің 

түлегі екенін біреу білсе, біреу білмейді. Иә, ол расында да 2001-

2005 жылдары физика-математика факультетінде білім алған. 

Ұлағатты ұстаздар Каден Бопаев, Қанабек Намазбаев сын-

ды профессорлардың жетекшілігімен дипломдық жұмысын 

қорғаған.

Ғарышкер өзі оқыған 

аудиторияда 

ЖМУ-дың "Құрметті 

профессоры" А. Айымбетов

Дипломдық жетекшісі 

К. Бопаев

Құрметті қонақтарға арналған 

кітапқа қолтаңба қалдырған сәті

Ғарышкер ҚР чемпионы, 

халықаралық жарыстардың 

жеңімпазы, бокстан спорт 

шебері М. Қонысбаймен бірге

Балон декларациясы 

қағидаларымен танысу


Жетісу 

университеті



6

бейсенбі, 10 желтоқсан, 

2015 жыл

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ЕҢСЕСІ БИІК

Тәуелсіздік тұғыры 

мәңгілік мызғымасын

Тәуелсіздік  халқымызға  оңайлықпен 

келмегенін  білеміз.  Қазақ  хандығын 

құрып,  мемлекеттігін  жариялаған  сонау 

хандық  дәуірден  бері  елдің  біртұтастығы 

мен  тыныштығын  сақтауға  бар  өмірін 

сарп  еткен  хан-сұлтан,  би  мен  батырла-

рымызды  тарих  ешқашан  ұмытпайды. 

Сондай-ақ  Тәуелсіздік  -  1986  жылғы 

Желтоқсан  оқиғасында  алаңға  шыққан 

жастардың ерік-жігері, ең алдымен, барша 

қазақстандықтардың  арман-мұратының 

салтанат  құруы.  Патша  дәуірінде  де, 

Кеңес  Одағы  кезінде  де  тәуелсіздікке  де-

ген  ұмтылыс  халықтың  едеуір  бөлігінде 

қалыптасты.  Біз  бірнеше  жүз  жыл 

отаршылдықтан  кейін  ХХ  ғасырдың 

аяғында  қайта  жаңғырған  мемлекетпіз. 

Тәуелсіздік – бұл Алаш Арыстарының  азап 

пен  төзімнің,  сан  ғасырлар  бойы  еркіндік 

жолындағы    күресінің  өтеуі.  Олардың 

өлмес рухын ұлт мақтанышы ретінде күні 

бүгінге дейін жеткізді. Бұл қасиетті шежіре 

бүгінгі  буын  арқылы  келер  ұрпақтың  бой-

ына  жастайынан  сіңірілетін  баға  жет-

пес  игілік.  Осы  өнегені,  елжандылық, 

отансүйгіштік  дәстүрді  жастардың  бойы-

на  дарыту,  патриоттық  рухта  тәрбиелеу 

–  бүгінгі  таңда  әрбір  қазақстандықтың 

қасиетті борышы болып табылады. 

Тәуелсіздігімізді  жариялағаннан  бергі 

мезгіл  ішінде  көптеген  елеулі  табыстарға 

қол  жеткіздік.  Бұл  Президентіміздің 

жүргізіп  отырған  парасатты  көреген 

саясатының 

нәтижесі. 

Еліміздің 

тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғауда, көп 

ұлтты  Қазақстан  халқының  жарастығы 

мен  ынтымақтастығын  сақтауда,  эконо-

микамызды  жедел  қарқынмен  дамытуда, 

Қазақстанды  дамыған 30 елдің қатарына 

қосып, Мәңгілік елге айналдыру бағытында 

Елбасының  жүзеге  асырған  жұмыстары  

бағалауға лайық.  

Ширек ғасырға  жуық уақыт ішінде қазақ 

деген ұлтты, өз Туы, Ән ұраны, мемлекеттік 

рәміздеріне 

ие 

Қазақстанды 



БҰҰ 

құрамындағы  барлық  мемлекеттер  түгел 

таныды. Қазақтың шекарасы айқындалып, 

ол  Қытайдың,  Ресейдің,  Өзбекстанның 

Жоғарғы  заң  шығарушы  органдарында 

тиісті  ратификациядан  өтіп,  заңды  күшіне 

енді.    Әлемнің  150-ден  астам  елдерімен 

дипломатиялық қатынас орнатылды. Көркі 

көздің  жауын  алып,  Бәйтерегі  аспанмен 

таласқан  Астанамызда  шетелдік  дипло-

маттар, ғалымдар, саясаткерлер, кәсіпкер-

бизнесмендер,  дін  өкілдері  бас  қосып, 

әлемдік деңгейдегі көкейтесті мәселелерді 

біріге шешуі дәстүрге айналуда.

Саяси,  экономикалық,  мәдени  интегра-

ция  құруға  арналған  көптеген  бастама-

ларды көтеруде Қазақстан биік мінберден 

көрініп 


келеді. 

Мәселен, 

ТМД-ны, 

Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты, 

Бірыңғай  экономикалық  кеңістікті,  Ке-

ден  одағын,  Ұжымдық  қауіпсіздік  шар-

ты  ұйымын,  Шанхай  Ынтымақтастық 

ұйымын  т.б.  құрудағы  бастамалардың 

бәрінде 

Қазақстанның 

Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың есімі аталады. Сондай-

ақ,  Түркітілдес  мемлекеттер  одағының 

құрамында да біздің еліміздің беделі үлкен. 

Қазақстанның 

Еуропаның 

қауіпсіздігі 

және  ынтымақтастығы  ұйымына,  Ислам 

ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етуі, 

Дәстүрлі әлем діндерінің съездерін өткізуі, 

Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуы 

үлкен жетістік деп ойлаймын.

Қазір  бүкіл  дүниежүзін  жайлаған 

экономикалық  дағдарыс      халықтарды 

есінен тандырып отыр. Оның біздің еліміз 

үшін  де  көп  зардабы  бар  екенін  Елбасы 

әр  жылғы  халыққа  Жолдауында  баса  ай-

тып келеді. Айталық, әлемдік  дағдарыс  90 

жылдардың    соңында      экономикамызға 

үлкен  әсер  етіп  тұрған  бір  кезеңде  мем-

лекет 

басшысы 


«Қазақстан-2030» 

стратегиялық  бағдарламасын  жоспарлап 

елді  тығырықтан  шығарып  қана  қоймай, 

өркендей  түсуіне  жол  ашқан  болатын. 

Одан  кейінгі  жылдардағы  ,    «Қазақстан 

жолы    -2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір 

болашақ»,  «Нұрлы  жол  –  болашаққа  ба-

стар  жол»,  «Қазақстан  жаңа  жаһандық 

нақты  ахуалда:  өсім,  реформалар,  даму» 

атты атты  халыққа Жолдауында дамудың  

стратегиялық  жоспарын  құрып,  елімізде 

түбегейлі  инновациялық-  индустриялық 

бетбұрыс жасады. 

  Жыл  сайын    Тәуелсіз  Қазақ  елі    Ұлт 

Көшбасшысы    көрсеткен  сара  жолмен 

өркениетке  қарай  анық  қадам  басып, 

жаһандық  бәсекеге қабілетті ең дамыған 

елдермен  иық  тіресуге  ұмтылуда.  Жер 

бетін  экономикалық  құлдырау  қауіпі 

шайқалтып, 

халықарлық 

терроризм 

жазықсыз жандардың қанын төгіп, жұрттың 

бойында  үрей туғызып тұрған бір кезеңде 

біздің егемен елімізде халықты әлеуметтік 

тұрғыдан  қорғау  мәселесіне  үлкен    көңіл 

бөлініп  отырғаны  баршамызды  қуантады. 

Президентіміздің:  «Дағдарыстардың  бәрі 

өткінші,  өтеді  де  кетеді.  Ел  тәуелсіздігі, 

ұлт  мұраты,  ұрпақ  болашағы  сияқты  ұлы 

құндылықтар ғана мәңгі. Рухы биік, еңбегі 

ерен,  бірлігі  мығым  Мәңгілік  Ел  болу 

үшін  бізде  бәрі  бар.  Тәуелсіздіктің  туын 

желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих 

алдында  жүзіміз  жарқын!  Біздің  тірегіміз 

–  тәуелсіздік,  тілегіміз  –  тұрақтылық, 

білегіміз  –  бірлік!»-  деген  сөздерімен  ой-

ымды  қорыта  отырып,  Тәуелсіздік  тұғыры 

мәңгі мызғымауын тілеймін. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет