Казахский национальный



Pdf көрінісі
бет24/43
Дата03.03.2017
өлшемі3,12 Mb.
#5534
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43

 
Былые вспомним времена … 
Во Младшем жузе племена  
Жили в здравии и в мире,  
И этим степь была сильна. 
Где вольные парят орлы, 
Там племена жагалбайлы, 
Море черное имели, 
Море белое имел, 
Угодья-пастбища имели. 
И в стародавние те дни 
Улан, Шамбиль звались они. 
Бай Базарбай привольно жил, 
Богато сказочно он был. 
Его богатства перечесть 
Ни у кого не хватит сил. 
И там всех слитков серебра,  
Хоть это только часть добра, 
Не увезли б семьсот верблюдов –  
Такая их была гора.   
В ауле прочее добро 
Потяжелей, чем серебро. 
Чай, сахар, мед, тюки товаров  
Не подняла б и тыща наров. 
А чтобы счесть его стада, 
Нужны здесь многие года. 
 
Кешегі өткен заманда, Дін, мұсылман аман-
да, - традиционный зачин казахских эпосов. За-
тем  переходящий  из  одного  эпоса  в  другую 
сюжет  описание  богатсва  хана,  бая,  также 
придерживается  традиционного повествавания: 
Байлығын оның сұрасаң, Өлшеу қылып айтуға, 
Есеп  жетпес  жайы  бар.  Байлығында  өлшеу 
жоқ.  Жеті  жүз  түйе  жүгі  екен...  В  данном 
отрывке  есть  еще  и  слова  реалии : Ділдәсі 
менен  жамбысы.  Узуальные  словосочетания  с 
этнокультурным  окрасом:  аяқты  мал,жаз 
жайлау и т.д.  
Когда речь идет об отражении в тексте осо-
бенностей  поведения,  обычаев,  привычек  на-
рода, говорящего на данном языке, которые не 
сводятся  к  употреблению  отдельного  слова,  а 
воздействуют  на  специфику  предметного  со-
держания  текста,  т.  е.  когда  лингвоэтническая 
специфика  заключена  в  ситуации,  Речь  идет 
обычно о представлениях народов, связанных с 
глобальными  особенностями  в  их  мировос-
приятии,  которые  воздействуют  на  систему  и 
иерархию основных ценностей. Так, возникают  
 
 
непреодолимые  сложности  при  переводе  сти-
хотворении Абая европейцами.  
Ночь  в  европейском  понимании – метафора 
смерти,  черный  цвет - символ  смерти,  ночь - 
это  сон,  бездеятельность,  холод.  В  восточной 
иерархии ценностей все наоборот. Летний день 
-  это  жара,  ослепительный  свет,  отсутствие 
воды,  убийственное  солнце,  смерть,  грязь  и 
пыль,  необходимость  трудиться.  Зато  ночь - 
прохлада,  покой,  чувственные  удовольствия, 
отсутствие  ненавистного  труда - на  Востоке 
ночь  ассоциируется  с  понятием  красоты.  По-
скольку  особенности  мировосприятия  связаны 
в  этом  случае  с  эстетическими  идеалами,  с 
представлением о прекрасном, а в поэтическом 
тексте  эстетическая  информация  входит  в 
инвариант содержания, она вполне может быть 
передана, но не будет воспринята. Ведь то, что 
прекрасно  для  европейца,  отвратительно  для 
восточного  человека.  Таким  образом,  тексты 
европейского  читателя  лишь  источником  ког-
нитивной  и  эмоциональной  информации,  но 
эстетическая будет блокирована.  
М. Н. Жумадилова 

145 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012 
 
 
При переводе осуществляется перенос куль-
турных  концептов  из  текста  оригинала  в  дру-
гую социокультурную и языковую среду. Свое-
образный  диалог  культур  возникает  в  рамках 
заданного  в  тексте  оригинала  коммуникацион-
ного  фона,  который  тоже  следует  перенести  в 
текст  перевода.  Исследователи  выявили,  что 
наличие  или  отсутствие  лакун  в  переводном 
тексте  является  “свидетельством  успешности 
или  неуспешности  его  натурализации  в  опре-
деленном  культурном  контексте”.  В  основе 
культурологической  лакунарности  лежит  раз-
личие – несоответствие  в  способе  организации 
либо  репрезентации  экстралингвистического 
знания  в  культуре  оригинала  и  культуре  пере-
вода. Культурологическая лакуна как фрагмент 
ценностного  опыта  культуры  представляет  со-
бой когнитивную модель культуры отправителя 
и  выступает  как  ее  культурологически  значи-
мый концепт. 
Переводчик  должен  постичь  когнитивную 
модель  культуры-отправителя  таким  образом, 
чтобы  переносимый  фрагмент  ценностного 
опыта,  представленный  в  оригинале,  перестал 
быть в его сознании лакуной, а стал частью его 
коммуникативной компетенции. При интерпре-
тации  текста  система  вербальных  значений 
соотносится  с  социо-  и  этнокультурной  ком-
петенцией  носителя  языка,  концептуальное 
наполнение  которой  и  является  одной  из 
определяющих  черт  менталитета,  так  как 
“концепт – это фрагмент этнокультурной среды 
в  ментальном  мире  человека”.  Значит,  куль-
турологический концепт можно определить как 
динамичный  когнитивный    процесс,  направ-
ленный на интерпретацию культурологической 
лакуны  текста  оригинала  и  ее  последующую 
презентацию в тексте перевода.  
Формирование  культурологического  кон-
цепта  предполагает  глубокий  анализ  всего  со-
общения,  художественного  мира  произведения 
и  стоящей  за  лакуной  экстралингвистической  
 
 
 
 
ситуации.  Только  лишь  соответствие  концеп- 
туальных  структур  в  контексте  перевода  слу- 
жит  условием  оптимальной  реализации  самого 
процесса  перевода.  Дефиниция  культурологи-
ческого  концепта  по  отношению  к  процессу 
перевода  должна  включать  интеллектуальную 
деятельность  переводчика  по  постижению 
фреймовой  пресуппозиции  носителей  языка, 
представленной  в  культурологической  лакуне. 
Переводной  текст  переносит  концепт  в  новую 
культурно-языковую  среду  и  в  зависимости  от 
его образных функций и ассоциативных связей, 
которые он порождает, сохраняет или заменяет 
его образный код.  
 
Литература:
 
 
1.  Ж.Т.  Балмагамбетова.  Проблема  передачи 
культурологических концептов в переводе. – 
КарГУ им. Е.А. Букетова. 
2. Т. А. Фесенко. Этноментальные константы и 
проблемы перевода. – Тамбов, ТГУ. 
3.  Алексеева  И.  С.  Введение  в  перевод 
введение. –  СПб, 2004. 
4.  Абай.  Мақсатым – тіл  ұстартып,  өнер 
шашпақ. – Алматы, 2010. 
5. Қыз Жібек лиро-эпостық поэмасы. – Алматы: 
Мектеп, 2003. 
* * * 
Мақалада  вербалды  формалар  сөйлеу  қызметі  кон-
текстінде, яғни тілде ұлттық бейнелерді қалыптастырудың 
ерекше құралдары ретінде қарастырылады. Концептуалды 
жүйенің    шынайы  болмысты  сезім  арқылы    тілде  қа-
лыптасуын білдіретін сипаты сөз болады.  Мақалада атал-
мыш  үдерістің  әрбір  тілдік  коллективтерге  тән  құбылыс 
екендігі және оның аудармада беру әдістері айтылған.  
* * * 
Verbal forms in a context of speech activity are considered 
in the given article, as specific means of fixing in language of 
the maintenance of mental images. The conceptual system is 
considered as sensual reflection of the real world in 
consciousness that is realized in formation of a plan of the 
speech message. In article this process is investigated as 
peculiar to representatives of any language collective and 
receptions of their transfer in translation. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Лингвоэтническая специфика перевода 

146 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 2(136). 2012
Аударма – халықтар достығының  дәнекері 
 
Г. А. Тастемирова 
 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ф.ғ.к., доцент, Алматы, Қазақстан 
 
Аннотация.  Автор  мақалада  ғаламдық  өзекті  мәселелер  қоғамдық  дамудың  қайшылықтарынан 
туындайтынын,  адамзаттың  өзін  қоршаған  әлемге  деген  ықпалы  ауқымының  күрт  өсуімен, 
сонымен  қатар  елдер  мен  аймақтардың  әлеуметтік-экономикалық,  ғылыми-техникалық  даму 
деңгейінің  әркелкілігімен,  еларалық  өмірдегі  аударма  ауқымының  тарылып,  халықаралық 
тілдердің  үстемдігі  артуымен  де  байланысты  болып  жататынын  жайлы  сөз  қозғайды.  Сонымен 
қатар  мұның  алғашқы    қадамы  аударма  арқылы  жүзеге  асып,  әлем  халықтар  арасындағы  әдеби 
байланыстар нығайып, байи түсетінін айтады. 
 
ХХ  ғасыр  басында  жазба  әдебиеттi  биiкке 
көтерген қазақ  ақын-жазушылары алдыңғы қа-
тарлы  елдердiң  тәжiрибесiне  көз  салып,  әдеби 
байланысқа  түсе  бастады.  Әсiресе  орыс  әде-
биетiнен үйрену кең етек жайғанын жоққа шы-
ғара алмаймыз. Ыбырай, Абай, Шәңгерей тәрiз-
дi алдыңғы толқынның тәржiмашылдық қырын 
дамытып,  төл  әдебиетiмiздiң  туын  жоғары  ұс-
таған  аудармашылар  дүние  жүзiлiк  әдебиеттiң 
асыл қазыналарын, тамаша туындыларын туған 
халқына жеткiзуге ұмтылды. Олар әлемдiк әде-
биет  пен  мәдениеттiң  озық  үлгiлерiн  қазақ  са-
харасына асқан шеберлiкпен таратты.  
Көркем  аудармалардың  құнды  не  құнсыз-
дығы  тек  жаңылыс  кеткен  кездейсоқ  қателер-
мен  белгіленбейді.  Аудармашының  бір  емес, 
ондаған  қате  жіберуі  мүмкін,  әйтсе  де  соның 
аудармасында  ең  бастысы – автордың  түпкі 
ойы стилі, бір өзіне ғана тән жазушылық дара-
лығы  дұрыс  берілсе,  оны  құнсыз  аударма  деп 
табуға  болмайды [1, 26-27 бб.] - деп  пікір  біл-
дірген  жазушы-ғалым Мұхтар Әуезовтің ойына 
толық қосылуға болады. 
Аударманың сара жолын салушы Абай, Ыбы-
райдан берi таратып айтсақ, Ахмет Байтұрсын-
ұлы,  Шәкәрiм  Құдайбердiұлы,  Мағжан  Жұма-
баев,  Спандияр  Көбеев,  Сәбит  Дөнентаев,  Бе-
кет  Өтетiлеуов  сынды  шебер  аудармашыларды 
атап айтуға болады. Алдыңғы толқын да, кейiн-
гiлерi  де  аударманың  еркiн  түрiн  кеңiнен  пай-
даланып, шебер дүниелер тудырғанына дау ай-
та  алмаймыз.  Ал  олардың,  түпнұсқаның  тiлiн, 
әдеби  ырғағын  жетiк  бiлмедi,  халқына,  жұр-
тына  емес,  өз  бас  пайдаларын  ғана  ойлап  ау-
дарды дегенге келiсу мүмкiн емес. Тiптi, басқа-
сын  қойғанда  ғұлама  Абайымыз,  данышпан 
Ахметiмiз  аудармаларын  мәдениетiнiң  тарлы-
ғынан,  түпнұсқаның,  яғни  орыс  тiлiн  жетiк 
бiлмеуiнен  еркiн  аударды  деп  айту  дұрыс  па? 
Оған  қандай  дәлел  тауып  айтамыз.  Жазба  әде-
биеттiң  басын  салған  Абай  да,  тiл  тазалығын, 
ой тазалығын жетiк меңгерген Ахмет те, Абай- 
 
дың  ақын  шәкiрттерi  де  өз  тiлiн,  өзге  тiлдi  де 
жетiк  меңгергенiнен  аудармаға  барып  отыр. 
Олар  өзiне  тиiмдi  болғандықтан  емес,  керiсiн-
ше халқына, ел-жұртына балтыры сыздап, бауыры 
езiлгендiктен,  қараңғы  қазақтың  көзiн  ашуға 
ұмтылыс  жасағандарынан  аударып  отыр.  Мә-
дени шеңберлерiнiң қаншалықты болғаны бiзге 
беймәлiм, бiрақ өзге елдiң мәдениетiн қазақша 
сөйлеткен,  қазақ  жұртына  танытқан  кемеңгер-
лердiң  туындысына  ойланбастан  бiрден  анық-
тама бере салу оңай болмаса керек едi.  
Әдебиет  өз  тілінде,  ұлт  көлемінде  өсумен 
қатар, басқа да өскелең ұлт әдебиетінің шығар-
маларын ұдайы қосып алып, байып отыратыны 
бәрімізге  мәлім.  Біздің  қазақ  әдебиетінде  де 
басқа  тілдерден  көптеген  кітаптар  аударылып 
жатқаны да, бұл жұмыстың кең көлем алуы  да 
заңды  құбылыс.  Бұл  мәдениетіміздің  өскенді-
гінің белгісі. Жазба әдебиет тіліміздің баюына, 
қалыптасуына көп қызмет ететіні белгілі. Кейінгі 
ұрпақ тілді ел аузынан үйренумен қатар, кітап-
тан,  газет-журналдардан,  радио,  теледидардан 
үйренеді.  Әдебиет  тілі  көпшілікке  ұстаздық 
етеді.  
Көркем  әдебиетті  аудару – шығармашылық 
жұмыс.  Ол  әдеби  тілдің  өсуіне,  ұстартылуына 
көмектеседі. Оның үстіне творчество адамы ау-
дара  отырып,  көп  нәрсені  үйренеді.  Мысалы,  
Абай аудармаға осы тұрғыдан қараған адам.  
Аудармашылық  өнер  қайсарлықты  талап 
етеді.  Тіл  үйренгеннен  кейін  екі  мәдениет  пен 
әдебиетті жақындастыру үшін, “меніңді” тыйып, 
бар  өнеріңді,  біліміңді,  шыдамыңды  екі  ха-
лықты  рухани  байланыстыру  ісіне  салу,  сөзді  
емес, қайғыны қайғы қылып, махабатты махаб-
бат  қылып  аудару  үшін,  жүрегің  еш  мәдениет, 
еш  әдебиет  бір-бірімен  араласпай  жаңа  сатыға 
көтерілмейді  деген  ұранмен  соғу  үшін  қайсар-
лық  қажет.  Ал  бұл - аудармашыға  берілетін    
ең құнды баға.   
Біз  аударманы  өнер  деп  қарап,  аудармашы-
ның  міндетін  автордың  міндетінен  кем  сана-
Г. А. Тастемирова

147 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012 
 
 
маймыз.  Автор  өмір  сырларын  қалай  шертті, 
аудармашы  соны  да  дәл  түсініп,  тілге  жеңіл, 
жүрекке  жылы  тиетіндей  етіп  оқырманға  жет-
кізе  алдыма - түйінді  мәселе  осында,  аударма 
шығарманы  оқып  отырғанда  өзіміздің  әдеби 
шығармамызды оқып отырғандай сезінгіміз ке-
леді.  
Аудармашының  алдында  қашанда  өзара  қа-
рама-қайшы,  бірақ  диалектикалық  бірліктегі 
үлкен  өзекті  мәселе  тұрады:  бір  жағынан  түп-
нұсқаның  “әрпін”,  рухын  сақтау  қажет,  екінші 
жағынан аударма жасалып отырған тілдің ерек-
шеліктерін, сол тілді оқуға тиіс жұртшылықтың             
талап-талғамын  да  ескеру  қажет.  Аудармашы 
таразының  екі  басын  тең  ұстауы  тиіс.  Ал  бір 
жаққа  ауытқып  кетсе  ше?  Мәселен,  ол  соңғы 
шартты  алдыңғысынан  жоғары  қойса  немесе 
тіпті,  соны  ғана  басшылыққа  алса,  не  боп 
шығар  еді?  Біздіңше,  аудармашы,  ең  алдымен, 
жазушының өзін сөйлетуді мақсат тұтуы шарт.  
Қазақ  оқырмандары  туысқан  халықтар  әде-
биетімен дүние жүзі мәдениетінің бай мұрасын 
өз  тілінде  еркін  оқып, сол халықтың  өмірі мен 
тұрмысын білумен бірге, жазушының стильдік, 
тілдік,  көркемдік  шеберлігімен  де  танысуды 
қалайды.  Мұның  өзі  аудармашыларға  зор  мін-
дет  жүктейді.  Ол  жазушының  өзіне  тән  ерек-
шеліктерін,  шығарманың  рухынұүлттық  түрін 
түгелдей  бере  білуге  міндетті.  Сонда  ғана  біз-
дің  көркем  аударма  саласындағы  жұмысымыз 
алға  басады.  Орыс  жазушыларының,  айталық, 
Н.В.  Гоголь    мен  Л.Н.  Толстой  шығармаларын 
оқығанда,  оқырман,  түпнұсқадан  қандай  эсте-
тикалық әсер алатын болса, қазақ оқырмандары 
да аудармадан сондай әсер алуы қажет. Осыған 
қарамастан,  көркем  аударма  саласындағы  жұ-
мысымызда  елеулі  кемшіліктер  бар.  Бізде  көр-
кем  аударма  кәсіби  деңгейге  көтеріле    алмай 
келеді.  
Сондықтан  да  өзге  халықтардың  адам  қия-
лына қанат байлайтын аңыз-ертегі, ерекше шы-
ғармаларын  тәржімалап,  туған  тілімізде,  өзде-
рінің  дүниетанымы,  философиясы,  рухани  сұ-
ранысы  мен  тұрмыс-тіршілігіне  сай  етіп  сөй-
летуді  абыройлы  іс  деп  танығанымыз  даусыз. 
Көрнекті қаламгер, аударманың хас шебері, бар 
ғұмырын  әдебиеттің  аса  ауыр  осы  саласына 
арнаған  Н.  Сыздықов  өзі  талантты  болу,  әрбір 
сөз-сөйлемге мейілінше мән беріп, қазақ тіліне 
жетік  үлгілеуді  басты  мақсаты  деп  тұтқан 
біртуар  тұлға  ылғи  қайталап  айтуды  жаны 
сүйетіндей: “Шын  аудармашы  да  сөз  дүлдүлі 
болмаққа керек, талант  болғанда – аудармашы-
лық  талант  керек,  біліктілік  (эрудиция),  көр-
кемдік талғам, сөзге шешендік, екі тілге бірдей 
жетіктік, еңбекқорлық, ізденімпаздық, зор жау-
апкершілік  қажет.  Алайда,  талант  бірінші 
орында”  деген  биік  талапқа  сай  тұжырым  әр-
қашан  әдебиеттегі  аудармашының  басты  кре-
досы  болып  қала  береді.  Түпнұсқаның  сөзін 
емес,  рухын  аударуды,  автордың  өзін,  оның 
жан-дүниесі,  көзқарасы,  ұстанымын,  өмір  сүр-
ген заманының қайталанбас ерекшеліктері, сол 
тұстағы  заманауи  кейіпкерлерін  шып-шырға-
сын шығармай аудару шарт.  
Қазіргі  кезде  аударманың  көбейгені  сонша-
лық  тек  орыс  тілінен  қазақ  тіліне  аударылған 
шығармалар  тізімін  атап  шығудың  өзі  оңайға 
түспейді.  Ол  осылай  ғылыми  пәнге  айналады. 
Қазақ  тіліндегі  аударма  сынына  үңілгенде, 
осыны  байқаймыз.  Аударма  тарихын  сөз  ет-
кенде оның әрбір ұлттық әдебиет пен мәдениет 
құрамдас бөлігі болғандықтан, ізін де, дәстүрін 
де, даму ережесінің қандай сатыда болғанын да 
солардан  іздеген  жөн.  Аударманың  тарихи 
тамыры  тереңде  жатыр.  Ол  ой  тұжырымының, 
сөз өнерінің қажетті қасиетін жинақтаған қазы-
на  іспеттес.  Аударма  өнерінің  дәрежесі  тума 
мәдениеттің  кемелденуіне  әсер  ете  отырып, 
аударманың өзі де сол мәдениеттің нақты нәти-
жесі, көрнекті жемісі ретінде өркендейді. 
Аударма әдебиет Қазақстандағы ұлттық мә-
дениеттің  рухани  бай  саласы  ретінде  дамыды. 
Республикадағы  талантты  аудармашылар  тобы 
өсіп  жетілді.  Қазақ  тобынан  шыққан  аударма 
кітаптарының  ішінде  Шекспирдің  “Отеллосы”, 
Пушкиннің  “Полтавасы”,  Гогольдің  “Реви-
зоры”  сияқты  қызық  еңбектер  аз  емес.  Қазақ 
оқушылары  туысқан  халықтар  әдебиеті  мен 
дүние жүзі мәдениетінің бай мұрасын өз тілін-
де  еркін  оқып,  сол  халықтың  өмірі  мен  тұр-
мысын  білумен  бірге,  жазушының  стильдік, 
тілдік, көркемдік шеберлігімен де танысуды қа-
лайды.  Мұның  өзі  аудармашыларға  зор  міндет 
жүктейді. Ол жазушының өзіне тән ерекшелік-
терін,  шығарманың  рухын,  ұлттық  түрін  тү-
гелдей  бере  білуге  міндетті.  Сонда  ғана  біздің 
көркем  аударма  саласындағы  жұмысымыз  алға 
басады.  
Біздің  ойымызша,  аударма  екі  түрлі  салаға 
бөлінеді, соның біріншісі – бір халықтан екінші 
халыққа  ауысқанда,  мезгіліне,  сол  елдің  ұғым-
дарына  сәйкес  аударылады.  Бір  халықта  ай-
тылатын  ой  өңделіп,  өз  елінің  ұғымына  бейім-
деліп,  түпнұсқаның  ұзын - ырғасы  беріледі. 
Ауыс-түйістің  алғашқы  сатысы  осылай  бас-
талады.  Бұл – аударманың  ауызекі  тарау  түрі. 
Екіншісі, бір елде айтылған пікір сол қалпында 
Aударма – халықтар достығының  дәнекері 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 2(136). 2012 

148 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 2(136). 2012
дәл  жетеді,  бұл  жазба  әдебиетте  орын  тепкен. 
Қазақ  аудармасының  ежелден  қалыптасқан  өз 
тарихы бар. Зерттеушілер қазақ аудармасының 
негізгі  даму  кезеңдерін  төмендегідей  топтап 
жүр: 
Бірінші кезең – V-XIV ғасырларды қамтиды.  
Екінші  кезең – қазақ  аудармасында  нәзира 
әдісін қолдану Шығыста әдебиет туындыларын 
аударудың негізгі каноны болған дәуірі.  
Үшінші  кезең – 1917 жылдан  бастап  қазақ 
аудармасының  Кеңес  Өкіметі  заманында  өр-
кендеп, ғылыми жолмен дамыған дәуірі.  
Кез  келген  ұлт  тіліндегі  туындыларды  орыс 
не  қазақ  тіліне  аудару - әрі  өте  маңызды,  әрі 
өте қиын міндеттердің бірі. Өзге тілден – қазақ 
тіліне  аудару  кезінде  аудармашылар  екі  тілді 
бірдей  жақсы  білетін  әдеби  сауатты  адамдар 
болуы керек.  
Бар  тетік  осы  әдеби  аудармашы  еңбегінің 
сапасына байланысты екені көпке мәлім. Мұн-
дай  аса  қиын,  таза  творчестволық  жұмыс  тек 
көркем сөз шеберлерінің қолынан ғана келетіні 
белгілі.  Неге  десеңіз,  тәржімаланып  отырған 
шығарманың барлық қалтарыстары мен құпия-
ларына,  ой  жүйесіне,  көркемдік  ерекшелік-
теріне,  сыр-сипатына  тек  суреткер  аудармашы 
ғана тереңірек бойлай алмақ.  
Аударма  тарихын  сөз  еткенде, қазақ халқы-
нан  шыққан  тұңғыш  аудармашы  Ыбырай 
Алтынсаринге  тоқталмай  кету  мүмкiн  емес. 
Ыбырай  Алтынсариннің  аудармашылық  қыз-
метi  туралы  профессор  Әнуар  Дербiсәлин  бы-
лай  дейдi: “Ыбырайдың  аудармалары  қазақ 
әдебиетiнде  аударма  өнерiнiң  де  өзiндiк  та-
рихы,  өсу  жолдарының  барлығын  қамтыды. 
Олар  бүгiнгi  өскелең  аудармамыздың  алғашқы 
баспалдағы болып саналады” [2, 230 б.].  
ХХ ғасырдың бас кезінде қазақтың төл әде-
биеті  мен  аударма  әдебиеті  біршама  дамыды. 
Көркем  аударма  өнерінің  негізін  салған  Абай 
Құнанбайұлы мен Ыбырай Алтынсарин болды. 
Абай  айналасындағы  ынталы шәкiрттерiн  шет-
ел  классиктерi  шығармалары,  шығыстық  қисса 
үлгiсiндегi  туындылармен  таныстырып  отыр-
ған. “Үш  мушкетер”, “Король  қатын  Марго”, 
“Валентин  Левий”, “Аза  жүрек”, “Шахнама”, 
“Бахташар”, “Ләйлi-Мәжнүн” және т.б.  шығар-
малар Абай  арқылы, оның шәкiрттерiнiң ауыз-
ша  айтуы  бойынша,  көп  елге  жайылып,  жер-
жерге  тарады.  Қазақ  даласындағы,  ел  арасын-
дағы  дарындылар  бұларды  жаттап  алып,  жыр-
мен бiрге айтып, жұрт құлағына сiңiрiп жатты. 
Кейбiр  талапты  шәкiрттер  Абай  айтқан  әңгi-
мелердiң оқиғасын негiзге алып, оны өздерiнше 
жырлаған.  
Ақылбай,  Мағауия,  Шәкәрiм,  Әсет,  Уәйiс 
сынды  ақын  шәкiрттер-Абайдың  аударма  мек-
тебiнiң көрнектi өкiлдерi. Бұлардың барлығы да 
ұстаздарының аудармашылық шыңдау мектебi-
нен өткен жандар. Абай қазақ халқының әдеби-
жағрапиялық  танымын  айтарлықтай  кеңiттi. 
Оның  Африка,  Үндi  елдерiнiң  тiршiлiктерi  ту-
ралы  айтқан  әңгiмелерiн  ел  адамдары  қызыға 
тыңдаған.  
Африка  жұртының  тұрмысынан  айтылған 
әңгiмелердiң  бiрi – “Медғат-Қасымды”  Мағауия 
өлең  етедi.  Сондай-ақ,  зәңгiлер  жайындағы  ке-
лесi  бiр  қызықты  әңгiменiң  оқиғасын  “Зұлыс” 
деген  атпен  Ақылбай  жырлаған.  Бұл  жөнiнде 
М.  Әуезов  былай  дейдi: “Неше  алуан  күштi, 
қызық  романдарды  сол  жайынан  айтатын  бол-
ған. Осындай Абай айтқан әңгiмелердiң   бiрi - 
“Медғат-Қасым”.  Бұл - Африкада  Нiл  дариясы 
бойындағы бiр Қасым деген құлдың плантатор 
байдан  кек  алуын  баян  ететiн  әңгiме.  Осыны 
Абайдың  мәслихаты  бойынша  қара  сөзден  әң-
гiмелi  өлең  етiп  шығарған  Абайдың  өз  баласы 
Мағауия  болады.  Зәңгiлер  жайында  Абай  айт-
қан  екiншi  қызық  әңгiме  “Зұлыс”  болғандық-
тан,  оны  Ақылбай  деген  баласы  өлең  қылып 
таратады” [3, 15 б.].  
Шәкiрттерi  тәржiмаларының  жекелеген  жол-
дарын, жалпы әңгiме кейпiн Абай түзеп, өңдеп, 
көркемдеп  отырған.  Ол  Еуропа,  орыс,  шығыс 
халықтарының  классикалық  үлгiдегi  шығарма-
ларының  оқиға  құрылысын,  әдеби  тәсiлдерiн, 
әңгiме  құру  желiсiн  өзi  меңгерiп,  байқап,  тал-
дай  келе,  шәкiрттерiнiң  бойына  сiңiредi.  Осы-
лайша  Абайдан  тармақталған  ұлттық  аударма-
шылық  iргелi  бiр  мектеп  қалыптасады.  Абай-
дың  тiкелей  өз  тапсырмасымен  аударма  жаса-
ған  шәкiрттерi  қара  сөзбен  айтылған  әңгiменi 
өлеңге  салған.  Абайдың  мақсаты  шәкiрттерi 
арқылы  қазақ  халқын  әлемдiк  әдебиеттiң  озық 
үлгiлерiмен таныстыру болды.  
Абай  ақын  шәкiрттерiн  орыс,  батыс  клас-
сиктерi  шығармаларымен  үнемi  таныстырып, 
солардың  кейбiреуiн  қазақшаға  тәржiмалау  тә-
жiрибесiнен өткiзiп отырған. Ел iшiндегi әншi-
ақындар  арқылы  өркениеттi  халықтар  мәде-
ниетi  жайлы  Абай  аузынан  шыққан  тағылым-
дар,  қазақ  даласының  түкпiр-түкпiрiне  жайыл-
ды.  Абайтанушы-ғалым,  профессор  Ж.  Ыс-
мағұлов  былай  дейдi: “Ақын  өзiнiң  жемiстi 
iзденiстерi арқылы дұниежүзiлiк көркем ойдың 
жетiстiктерiмен  танысты.  Және  соның  үздiк  
 
Г. А. Тастемирова

149 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012 
 
 
үлгiлерiн  туған  әдебиеттiң  топырағына  алып     
келдi.  Абай – қазақ  әдебиетiндегi  тұңғыш  ау-
дармашы.  Байронның,  Гетенiң,  Пушкин  мен 
Лермонтовтың  жекелеген  шығармаларын  ау-
дару  арқылы  ол  өз  халқының  рухани  қазына-
ларын  және  көркем  аударма  дәстүрiнiң  негiзiн 
салып бердi” [4, 18 б.]. 
ХХ  ғасыр  басында  жазба  әдебиеттi  биiкке 
көтерген қазақ ақын-жазушылары  алдыңғы  қа-
тарлы  елдердiң  тәжiрибесiне  көз  салып,  әдеби 
байланысқа  түсе  бастады.  Әсiресе  орыс  әде-
биетiнен үйрену кең етек жайғанын жоққа шы-
ғара  алмаймыз.  Оның  көрiнiсi  аударма  шығар-
малардың көптеп пайда бола бастауы болғанын 
басында  айтып  өткенбiз.  Ыбырай,  Абай,  Шәң-
герей тәрiздi алдыңғы толқынның тәржiмашыл-
дық  қырын  дамытып,  төл  әдебиетiмiздiң  туын 
жоғары  ұстаған  аудармашылар  дүние  жүзiлiк 
әдебиеттiң асыл қазыналарын, тамаша туынды-
ларын туған халқына жеткiзуге ұмтылды. Олар 
әлемдiк  әдебиет  пен  мәдениеттiң  озық  үлгi-
лерiн  қазақ  сахарасына  асқан  шеберлiкпен  та-
ратты.  
Аударма  біздің  ана  тіліміздің  сөздік  қорын 
байытып,  ұлттық  дүниетану  өрісімізді  ұлғай-
тады.  Аудармашы  жеке  сөздерге  балама  іздеу 
арқылы ана тілдің бүкіл қазынасын кеңінен са-
пырып,  ішіндегі  асыл  сөз  байлықтарын  шебер 
пайдалануға  тырысады.  Ескіріп  бара  жатқан 
сөздер  қайта  жаңғырып,  қазіргі  жанды  әдеби 
тіліміздің  қорына  жаңа  сөз  тіркестері,  көркем 
сөз  баламалары  қосылып  жатады.  Аударма 
қызметі  жаңа  сөздерді  тілімізге  енгізіп  қана 
қоймай,  күн  сайын  аударылып  жатқан  сансыз 
көп еңбектер олардың қолдану аясын кеңейтіп, 
қолдану  нәтижесінде  тұрақтандыруға  халық-
тың  ойы  мен  тіл  байлығын  өсіруге,  сол  сөздің 
ұғымдық  шегін  қалыптастыруға  себепші  бо-
лады.  Аударма  әдебиеті – халықтар  достығы-
ның  дәнекері.  Осы  пікірді  дәлелдей  алатын 
айғақты  тиянақты  ойды,  орыс  тіліне  араб  әде-
биетін  аудару  жөнінде  айтылған  мына  пікірді 
алайық: “Мың  жыл  деген  тек  бір  халықтың 
тіршілігі  үшін  ғана  емес,  бүкіл  адамзат  өмірі 
үшін  де  өте  көп  уақыт,  мың  жыл  бұрын  өтіп 
кеткен  ұлы  ата-бабасын,  олардың  келешек 
үрім-бұтаққа  қалай  өмір  сүрудің  жарқын 
үлгісін  көрсетіп,  болашаққа  жөн  сілтеп  ұмыт-
паған  халық – бақытты  халық.  Өзінің  алыс-
жақын  көрші  елдерінде  болған  ұлы  адамдарды 
біліп отырудан да бақыттылық” [5, 7-8 бб.].  
Қазіргі  адамзаттың  өмір  сүруі  мен  дамуы-
ның  ғаламдық  өзекті  мәселері  баршаға  аян. 
Ғаламдық өзекті мәселелер қоғамдық дамудың 
қайшылықтарынан  туындайды,  адамзаттың  өзін 
қоршаған  әлемге  деген  ықпалы  ауқымының 
күрт өсуімен, сонымен қатар елдер мен аймақ-
тардың әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-тех-
никалық  даму  деңгейінің  әркелкілігімен,  ел-
аралық өмірдегі аударма ауқымының тарылып, 
халықаралық  тілдердің  үстемдігі  артуымен  де 
байланысты. Мұның алғашқы  қадамы аударма 
арқылы жүзеге асады.  
Әдебиеттің бұл жанрының дамуына аударма  
саласы  өзіндік  қомақты  үлесін  қосты.  Қалам-
герлер  өркениетті  елдердің    мәдениетін  қазақ 
халықына  аударма  арқылы  сіңіруге  болатын-
дығын түсініп, осы жолда қажырлы еңбек етті.            
А.  Байтұрсынов,  М.  Дулатов,  Ж.  Аймауытов, 
М.  Жұмабаев,  С.  Сәдуақасов,  М.  Әуезов  тағы 
басқа  зиялылары  да  көркем  аударма  жасау 
ісімен жүйелі  түрде айналысып, өзгелерге үлгі 
көрсетті.  Қазақ  оқырманы  орыс  ақын-жазу-
шылары    Л.  Толстой,  И.  Тургенев,  А.С.  Пуш-
кин,  Ю.  Лерментов,  И.  Бунин,  М.  Горький; 
алыс  шетел  қаламгерлері  Д.  Лондон,  Г.  Мо-
пассан,  А.  Дюма,  О.  Бальзак,  Б.  Бру;  шығыс 
классиктері  Сағди,  Омар  Хаям,  Физули,  Шәм-
си, Науаи шығармаларымен ХХ ғасыр басынан 
таныс бола бастады.  
Көркем  аударма  тәржіма  жасалып  жатқан 
тілде  сөйлейтін  халықтың  мәдениетіндегі  ұлт-
тық  әдет-ғұрыптарды  сақтап  қалуға  көмекте-
седі.  Ол  өзінің  тілін  ұлттық  бояуын  құртатын 
немесе  соның  орнын  ауыстыратын  жат  фор-
малардың кірігуінен сақтайды [6, 97 б.]. Кейбір 
аудармашылар  түпнұсқаны  өңдеуге,  дәлірек 
айтсақ,  өз  бетімен  жаңаша  жазып  шығуға  ха-
қымыз бар деп ойлайды. Мұның бір ұшығы сол 
аудармашының  қауқарсыздығында  немесе  өз 
ісіне  жауапсыз  карайтындығында  жатыр.  Өйт-
кені  түпнұсқаның  ұлттық  сипатын,  өзіндік  мә-
нерін, көркемдік ерекшеліктерін сақтай отырып 
аударғаннан гөрі өз қалауыңмен тарта беру әл-
деқайда  оңай, “Осылай  ету  қажет”  деп  ақтал-
мақшы  болады  кейбір  аудармашылар.  Өйтпесе 
шет  ел  авторларының  туындыларын  қазақ 
оқырмандары  жете  түсінбейді. “Бұл - қазақша 
емес!”, “Бұл  қазіргі заман оқырманының құла-
ғына тосын естіледі!” – деп ақталады. Не керек, 
автордың  келіспеске  лажы  қалмайды.  Сөйтіп, 
аудармашы  түпнұсқаны  қалауынша  қаршалап, 
өзіндік жаңа бірдеңе жасап шығарады. Аударма 
шығармаларда  ұлттық-көркемдік  элементтер, 
тұрмыстық суреттеулер тәржіма барысында то-
лықтай сақталуы қажет. Ал егер толықтай сақ-
талмаса,  шығармада  суреттелген  халықтың 
Aударма – халықтар достығының дәнекері
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 2(136). 2012 

150 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 2(136). 2012
әдет-ғұрпы, мәдениеті, ұлттық нақыштары сол-
ғындайды. 
Қазақ  жазушыларының  орыс  тілінен  ауда-
рылған  романдары  мен  әңгімелері  жыл  сайын 
ондаған  баспа  табақ  көлемінде  он  мыңдаған 
данамен  шығып  жатыр.  Әрине,  бұл  өте  жақсы 
екеніне  күмән  жоқ.  Бірақ  кейбір  аудармалар-
дың  түпнұсқадан  ауытқып  кетуі  де  кезедеседі. 
Аударма  жауапкершілігі  деген  осы  жерден 
шығады. Түркия жазушылар одағы  синдикаты-
ның президенті, дүние жүзінде бейбітшілік сақ-
тау  қозғалысының  белгілі  белсендісі  Әзиз  Не-
синнің  күлкісі  қазақ  жеріне  келгеніне  де  біраз 
болды. Қазақ жазушыларының бірер буын өкіл-
дері  кезінде  Әзиз  әңгімелерін  аударып,  күн-
делікті  баспасөз  беттерінде  жариялады.  Айта 
кететін  бір  жайт,  оның  түпнұсқадан,  негізінен, 
түрік тілінен тікелей қазақша аударылмағанын-
да. Олай дейтініміз, алдымен орыс тіліне, сонан 
соң орыс тілінен қазақ аудармашыларынан біз-
ге жетуінде болып тұр. Бұдан байқайтынымыз, 
қазақ жерінде түрік тілін жақсы білетін көркем 
аудармашылардың  жеткіліксіздігі.  Қазақстан 
Түркия  елімен  экономикалық  қарым-қатынас 
орнатып  келе  жатқанда,  бұл  алда  оң  шешімін 
табар деп сенуге болады.   
Қорыта  айтқанда,  аударма - әдебиеттің  кең 
арналы,  мол  саласының  бірі.  Аударманың  сөз 
дамытудағы  мәні  де  айрықша  зор.  Өйткені  ау-
дарма  арқылы  бір  халықтың  таңдаулы  әдеби 
шығармаларынан  басқа  халықтың  өкілдері  су-
сындай алады. Қазір жер жүзі әдебиетінің көп-
теген  тамаша  туындылары  қазақ  жазушыла-
рының  туындылары,  керісінше  әлем  әдебиеті-
нің жауһарлары төл тілімізге аударылып келеді. 
Аударма  арқылы  әдеби  байланыстар  нығайып, 
байи түседі. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет