ƏДЕБИЕТ
[1] Н.Ə.Назарбаев: Ұлт Жоспары — «100 нақты қадам»[Электрондық ресурс] http://bnews.kz/
[2] Лазовицкий И. Б. KPI (Key Performance Indicator): разработка и применение показателей бизнес-процесса.
Показатели эффективности [Электронный ресурс] / И. Б. Лазовицкий // Бизнес-студио. 2013. – Режим доступа:
http://
www.businessstudio.ru/procedures/business/kpi/
, 10.03.2016ж
[3] Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ресми сайты, kaznu.kz/ru, 1.03.2016ж
[4] С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ресми сайты, kaznmu.kz, 03.03.2016ж
[5] Теңестірілген көрсеткіштер жүйесі, [Электрондық ресурс]http://kpi-monitor.kz/solutions/staff-motivation,
20.03.2016 ж.
REFERENCES
[1] N.Ə.Nazarbaev: Ult Zhospary - "100 nakty kadam" [electronic resource] http://bnews.kz/
[2] Lazovitsky IB KPI (Key Performance Indicator): The development and application of indicators of the business process.
Performance Indicators [electronic resource] / IB Lazovitsky // Business Studio. 2013. - Access: http: //www.businessstudio.ru/
procedures/business/kpi/, 10.03.2016zh
[3] The official website of the Kazakh National University named after Al-Farabi, kaznu.kz/ru, 1.03.2016
[4] The official website of the Kazakh National medicine University named after S.Zh.Asfendiyarov, kaznmu.kz, 03.03.2016
[5] Teңestіrіlgen kөrsetkіshter zhүyesі [electronic resource] http://kpi-monitor.kz/solutions/staff-motivation, 20.03.2016
С.М. Жанбырбаева, А.Б.Зурбаева
Университет Нархоз г. Алматы, Казахстан
ПРОБЛЕМЫ ВНЕДРЕНИЯ И РЕАЛИЗАЦИИ СИСТЕМЫ KPI
В ВЫСШИХ УЧЕБНЫХ ЗАВЕДЕНИЯХ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
Аннотация. В статье рассматриваются проблемы внедрения и использования системы KPI в высших
учебных организациях РК. В работе использованы методы научной абстракции, синтеза, экономического
анализа, системный подход, методы анализа информации.
В статье изучен опыт внедрения и использования системы KPI в высших учебных заведениях г.Алматы.
Для реализации данной цели и определения уровня удовлетворенности системой оценки персонала прове-
дены интервью и анкетирование сотрудников КазНМУ им. С.Ж. Асфендиярова и КазНУ им.аль-Фараби. В
связи с тем, что система оценки КазНМУ проводится в течение более трех лет, проведен сравнительный ана-
лиз между университетами КазНМУ им. С.Ж. Асфендиярова и Университетом «Нархоз». В результате были
определены проблемы и недостатки в системе оценки персонала.
Также в статье предоставлены пути решения проблем при внедрении и реализации системы KPI в
университете Нархоз: оптимизация и унификация показателей KPI для ППС и автоматизация учета и оценки.
Ключевые слова: система KPI, высшее учебное заведение, управление персоналом, оценка персонала.
Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан
134
N E W S
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES
ISSN 2224-5294
Volume 6, Number 310 (2016), 134 – 140
Zh.K. Zhorabayeva
Narxoz University
*Е-mail: zhuldyz_70@mail.ru
PROSPECTS OF INTRODUCTION OF COMPULSORY
MEDICAL INSURANCE IN KAZAKHSTAN
Abstract. The main purpose of development of insurance is creating an efficient, well-functioning national
insurance market, which could become a real instrument for the protection of the interests of the state, citizens and
economic entities.
The article discusses the current issues of introduction of compulsory medical insurance in our country. In
foreign countries, every citizen has health insurance, and in Kazakhstan medical insurance is not developed. Now,
insurance is the main tool of management of the economy through market methods to provide socio-economic
stability of the society.
Generally, compulsory health insurance gives the possibility to increase the responsibility for the result of the
actions of health workers and institutions, and increase economic interest and resource provision of health care.
Entrepreneurs will be interested in the health insurance of their employees. That is, each citizen will understand that
he is only responsible for their own health, and for this the citizen should do certain investments.
It is also necessary that the resources allocated and accrued for health insurance should be strictly under control.
In addition, it should be accessible to the public and within the framework of compulsory health insurance, people
should receive medical assistance.
Keywords: health insurance, compulsory health insurance (CHI), voluntary health insurance (VHI).
ƏОЖ 332.1(574):001.895
Ж.К. Жорабаева
Нархоз Университеті
ҚАЗАҚСТАНДА МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ
САҚТАНДЫРУДЫ ЕНГІЗУДІҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Аннотация. Жалпы сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мемлекеттің, азаматтардың жəне ша-
руашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты
жұмыс істейтін ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыру болып табылады.
Мақалада қазіргі таңда еліміздегі міндетті медициналық сақтандыруды енгізу мəселесінің жағдайы туралы сөз
қозғалған. Шет елдерде кез-келген азаматта медициналық сақтандыру полисі болса, Қазақстанда медицина-
лық сақтандыру дамымаған. Қазіргі таңда сақтандыру қоғамның əлеуметтік-экономикалық тұрақ-тылығын
қамтамасыз ету мақсатында нарықтық əдістермен экономиканы басқарудың негізгі құралы болып табылады.
Жалпы міндетті медициналық сақтандыру, денсаулық сақтауды ресурстық қамтамасыз етуді арттыруға,
экономикалық қызығушылықты жəне медициналық ұйымдар мен медициналық қызметкерлердің өз қызме-
тінің соңғы нəтижесіне жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік береді. Нарықта қызметін жүзеге асырып жат-
қан кəсіпкерлер жұмыскерлерінің денсаулығын сақтауға мүдделі болады. Яғни əр азамат өз денсаулығына өзі
жауапты екенін түсініп, ол үшін белгілі бір салымдар жасап тұруы тиіс.
Сонымен қатар медициналық сақтандыруға бөлінетін, жиналған қаржының қатаң бақылауда болуы мін-
детті. Сонымен қатар халыққа қол жетімді болып, міндетті медициналық сақтандырудың аясында медицина-
лық көмекті ала алатындай болғаны жөн.
Түйін сөздер: медициналық сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру (ММС), ерікті медициналық
сақтандыру ( ЕМС).
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 6. 2016
135
Кіріспе. Нарықтық экономика шарттарында сақтандыру қаржылық тұрақтандырушы рөлін
атқарады. Өйткені ол қоғамда немесе табиғатта болып жатқан ол қылықтардың орнын толтырушы
болып келеді. Сақтандырушы сақтанған адамға қысылған уақытында қол ұшын беріп, көмек
көрсетеді. Сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы байланысты сақтандырушылық қатынас деп
атаймыз.
Сақтандыру – жалпы қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейне-
лейтін көне категория. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік жəне əлеуметтік-экономика-
лық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен
адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың
жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен əл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып
алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының натуралдық – заттай қосалқы қор-
ларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары
болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары əдетте резерв жəне сақтық қорлары түрінде қалыптасады
1.
Қазақстандағы нарықтық қатынастардың қазіргі жағдайында бүкіл халық денсаулығының
құрамдас бөлігі ретінде əрбір адамның денсаулығы оның тіршілігінің толыққанды бағасын ғана
емес, сонымен қатар оның мүмкіндіктерінің əлеуетін анықтайтын факторға айналып отыр. Халық
денсаулығы жағдайының деңгейі өз кезегінде, елдің əлеуметтік-экономикалық, мəдени жəне индустрия-
лық даму шамасын анықтайды. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, уақтылығын,
сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететін əлеуметтік бағдарланған жүйені біл-
діретін денсаулық сақтау саласы халық əл-ауқатының орнықты жəне тұрақты өсуі тұрғысынан
алғанда Республикадағы негізгі басымдықтардың бірі болып табылады
3.
Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мемлекеттің, азаматтардың жəне
шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын
толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық нарығын қалыптастыру.
Қазіргі таңда сақтандыру қоғамның əлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету
мақсатында нарықтық əдістермен экономиканы басқарудың негізгі құралы болып табылады.
Сақтандыру секторы 33 сақтандыру ұйымымен көрінеді, оның ішінде 7 – өмірді сақтандыру
бойынша.
8
Сақтандыру механизмдерінің ерекшелігі тек қана кəсіпорындар мен азаматтардың мүлкін
сақтау ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің макроэкономикалық мəселелерін шешу секілді
қызметтерді атқару болып табылады. Сондықтан, нарықтық шаруашылығы дамыған мемлекеттерде
сақтандыру əлеуметтік-экономикалық мəселелерді шешудегі экономиканың стратегиялық секторы
болып отыр.
Медициналық сақтандыру – бұл жұмыс берушілердің, азаматтардың жəне бюджет қаржыла-
рының сақтандырылған тұлғалардың ауру-сырқау кезіндегі, медициналық мекемелердің шығында-
рының орнын толтыру үшін сақтандыру жарналары есебінен жұмсалатын денсаулық сақтауды
қаржыландыру барысында туындайтын қатынастар.
6 Медициналық сақтандыру əлеуметтік
мəселеге басым көңіл бөлінген экономикаға бет бұрған елдердің сақтық қорғау жүйесінің толықтай
міндетті бөлігінің бірі.
Денсаулық сақтаудың кез келген қоғамның өмір сүру əрекетіндегі маңызы ерекше, себебі, көп
жағдайда елдің халықаралық алаңдағы бəсекеге қабілеттілігін анықтайтын адамдық əлеуетінің
дамуы оның жағдайына байланысты.
1 кесте – Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының құрылымы
Сақтандыру секторының құрылымы 2015
01.08.2016
Сақтандыру ұйымдарының саны 34
33
Оның ішінде өмірді сақтандыру бойынша 7
7
Сақтандыру брокерлерінің саны 15
15
Актуарийлердің саны 62
60
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-тың қатысушысы
болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының саны
30 22
ҚР бейрезиденті сақтандыру ұйымдары өкілдерінің саны 3
3
Ескерту: ҚРҰБ-ның қаржылық мəліметтері негізінде жасалған
Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан
136
Зерттеу нəтижесі – Мндетті медициналық сақтандыру – бұл халықтың арнайы қорға жиналған
қаражат есебінен тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз ететін жүйе. Оған сəйкес сақтан-
дыру жарналарын жұмыс істейтін азаматтардың жұмыс беруші мекемелері төлеп отырады, ал
жұмыссыздар мен еңбекке жарамсыз адамдар үшін жарна мемлекеттен аударылады. Сондай-ақ,
жұмыс істейтін азаматтар өз жалақыларынан мақсатты салымдар аударып отырады. Бұл жүйе
халықтың барлық топтары үшін медициналық жəне дəрі-дəрмектік көмектің тең көлемі мен
сапасын қамтамасыз етеді. Яғни, медициналық қызмет жас пен кəріге, бай мен кедейге бірдей
көлемде, тең дəрежеде көрсетіледі.
Яғни, міндетті медициналық сақтандыруды енгізудің негізгі мақсаты – азаматтар мен жұмыс
берушілердің денсаулыққа деген ортақ жауапкершілігін арттыру болып табылады. Қазіргі таңда
бұл жауапкершілік тек мемлекеттке ғана жүктеліп отыр. Əрбір тұлға өз денсаулығын күтіп,
салауатты өмір салтын ұстануы, ал жұмыс беруші əрбір жетекші өз қызметкерінің денсаулығын
ақтауға мүдделі болуы керек. Себебі, қызметкер-кез келген кəсіпорын үшін табыс көзі екені бізге
белгілі. Осындай ортақ жауапкершілік тетіктері сақтандыру медицинасы кезінде барынша нақты
жұмыс істейтін болады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы денсаулық сақтауды қаржыландырудың 6% -дан кем
болмауын, орташа есеппен алғанда ЖІӨ-нің 8-10% болуын ұсынады. ССРО кезінде денсаулық
сақтау шығындары ЖІӨ-нің 6% құрады, қазір бізде денсаулық сақтауды қаржыландыру, шамамен
ЖІӨ-нің 4% болады. Даму қарқыны күшті елдерде денсаулық сақтауға бөлінетін қаржыландыру
үлесі ЖІӨ-нің 15% дейін жетеді. Алайда даму қарқыны күшті елдердің өзінде де бар қаражаттың
мөлшері де денсаулық сақтауға жетпей жатады. Сондықтан да əлемде қандай да бір əмбебап,
денсаулық сақтау жүйесінің озық үлгісі бар деп айту қиын
2.
Қазақстан 90-шы жылдардың басында міндетті медициналық сақтандыру жүйесін жасауға
қадам басып көрді. Бірақ ол кезең аса қолайлы уақыт болған жоқ, жұмыссыздық қатты белең алды,
зейнетақы мен жалақы кешігіп беріліп, көптеген кəсіпорындар жабылып жатты. Жас мемлекет
үшін тұрғындардың əлеуметтік осал тобы үшін қажетті төлемдерді жасау ол кездері көтере
алмайтын ауыр жүк болды. Осындай факторлардың бəрі де міндетті сақтандыру туралы жақсы
идеяны жүзеге асыруға жол бермеді.
Қазақстандағы Сақтандыру нарығында ерікті медициналық сақтандыруға деген сұраныс тө-
мен. Бар жоғы 2%-ды құрайды екен. Сақтандыру нарығындағы мамандардың ойынша бұл көр-
сеткіш 1-2 жылда өзгере қоймас. Ерікті медициналық сақтандыру міндетті медициналық сақтан-
дыру жүйесіне толықтыру болып табылады. Ол сақтық төлемақыларды, яғни медициналық қызмет
көрсетуге жұмсалатын өтемді, жүзеге асыруды қарастыратын жеке басты сақтандыру түрлерінің
жиынтығы болып келеді. Сақтық полисінің құны қызметтердің ассортиментіне, емдеуге жататын
сырқаттардың түріне, сақтандырылған ауруға қызмет көрсетілетін емдеу мекемелеріне байланысты
болады. Ерікті медициналық сақтандырудың негізгі құндылығы қазіргі құрал-жабдықпен жарақ-
талған жəне жоғары сыныптық мамандары бар клиникаларда сапалы медициналық жəрдем алу
мүмкіндігі болып табылады.
2 кесте – Сақтандыру салалары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының түсімі
Сақтандыру салалары
бойынша сақтандыру
сыйлықақыларының түсімі
01.08.2015 01.08.2016
Өзгер.,
%-бен
млн. теңге
жиынтығында %-бен
млн. теңге
жиынтығында %-
бен
Сақтандыру салалары
бойынша барлығы
173 957
100,0
224 078
100,0
28,8
Өмірді сақтандыру
28 385
16,3
27 966
12,5
- 1,5
Жалпы сақтандыру
145 573
83,7
196 112
87,5
34,7
Ескерту: ҚРҰБ-ның қаржылық мəліметтері негізінде жасалған
"Өмірді сақтандыру" саласы бойынша 2016 жылдың басынан жиналған сақтандыру сыйлықа-
қыларының көлемі 27 966 млн. теңге, бұл өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда
1,5%-ға аз. Жиынтық сақтандыру сыйлықақыларындағы «өмірді сақтандыру» саласы бойынша
жиналған сақтандыру сыйлықақыларының үлесі есепті күні 12,5%, 2015 жылғы 1 тамызда 16,3%
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 6. 2016
137
болды. "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша 2016 жылдың басынан да жиналған сақтандыру
сыйлықақыларының көлемі 196 112 млн. теңге, бұл өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыс-
тырғанда 34,7%-ға көп
8.
Шетел медициналық сактандыру жүйелері өзара қаржыландыру қағидасымен (жұмыс беруші-
лердің, жұмысшылардың жəне мемлекеттің, негізінен, төменгі əкімшілік бөлігінің қатысуымен),
нысандары мен əдістерінің əртүрлілігімен ерекшеленеді. Денсаулық сақтау саласында өзіндік
ерекшеліктері бар мемлекеттер қатарына Израиль, Жапонияны жатқызуға болады.
Израиль денсаулық сақтау жүйесі–бұл өз тəжірибесінде медицинаның соңғы технологиясын
пайдаланатын білікті дəрігерлер, ең соңғы құралдармен жабдықталған заманауи клиникалар. Адам
басына тиісті медициналық қызметкерлер саны əлем бойынша ең үлкен көрсеткіште. Статистикаға
сүйенсек, Израильдегі өмір сүру ұзақтығының орташа деңгейі ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
Əйелдерде 79,4 жас болса, ер адамдарда 75,5 жас. Балалар өлімі əлем бойынша ең төменгі көр-
сеткішті көрсетеді. Из-раиль денсаулық сақтау саласы мемлекеттік жəне əлеуметтік медицинаның
үйлесімдігі арқасында дамыды. Ауруханалық кассалар арқылы халық өзінің міндетті медициналық
көмек пен қамтамасыз етілетініне сенімді. Сақтандыру салымы халықтан денсаулық сақтау сала-
сына төленетін салық түрінде алынады. Израильде денсаулықты сақтандыру туралы мемлекеттік
заң жұмыс істейді. Бұл заң бойынша денсаулығын сақтандыру əрбір азамат үшін міндетті іс,
мемлекеттік медициналық сақтандыру жүйесі мемлекет тұрғындардың барлығына медициналық
көмек алуына кепілдік береді. Израильде медициналық қызмет ұсынатын негізгі 4 ауруханалық
касса жұмыс істейді. Əр адам кас-саны өз қалауымен таңдауға құқылы. Емделуші емдеу процесіне
өзі қатысады, яғни емдеу жəне диагностика кезеңдердің барлығынан алдын ала хабардар.
Медициналық сақтандыру жүйесінде «денсаулық қоржыны» бар.
2
Медициналық сақтандырудың шығыстық феномені–Жапония. Жапонияда табиғатқа жақындық
жəне жоғары технологиялар үйлесімдік тапқан. Салыстырмалы қысқа мерзімде Жапония əлем
бойынша ең үздік денсаулық көрсеткіштеріне қол жеткізді. Жапонияда медициналық қызмет көр-
сету 2 жүйемен жүзеге асады. Ұлттық сақтандыру жүйесі территориялық принциппен жұмыс істеп,
сақтандырылған кəсіпкерлерге жəне олардың отбасына, мүгедек жəне жағдайы жоқ азаматтарға
медициналық көмекке кепілдік береді. Сақтандыру салымының көлемі көп емес, отбасының табы-
сына байланысты. Медициналық сақтандырудағы салымның жартысын мемлекет төлейді. Сақтан-
дыруды жергілікті билік органдары қадағалайды. Жалдамалы жұмысшыларды сақтандыру–кəсіби
принциппен ұйымдастырылған. Үкімет кіші жəне ірі өнеркəсіп орындарының жұмысшыларының
жəне теңізшілердің сақтандыруын өз мойнына алады. Мемлекеттік қызмет-керлер жəне жеке
фирмалар жұмысшылары кəсіби принциппен сақтандыру ұйымдарында сақтан-дырылады.
Медициналық сақтандырудың мəні барлық адамдарды медициналық сақтандырумен қамта-
масыз етуде болып табылады. Оны енгізудің қажеттілігі неде? Демек адамның өз денсаулығына
деген жауапкершілігін арттыру үшін, міндетті төлемдердің есебінен қосымша қаржы алу мүмкін-
дігі үшін жəне де осы төлемдер жұмыс істеушілердің жəне кəсіпорындар төлемінің есебінен жүргі-
зіледі. Бүгінгі таңда барлық азаматтар бюджеттік қаржының есебінен тегін медициналық көмектің
кепілді мөлшерін алады. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде жұмыскердің денсаулығын
сақтау үдерісіне шарты мен еңбекті қорғауды жақсарту жолы арқылы жұмыс беруішінің өзін де
кіргізудің маңызы зор. Мемлекет медициналық сақтандырудағы бюджеттік ақшаны тек
тұрғындардың əлеуметтік осал тобы үшін ғана жұмсайды – балалар, зейнеткерлер, жұмыссыздар
жəне тағы басқалар. Жиналған қаражаттар Медициналық сақтандыру қорына құйылатын болады.
Медициналық сақтандыру қорының қызметі – тек барлық қаржыны шоғырландыру емес,
сондай-ақ, медициналық қызметтің сапасын бақылау да. Біздегі бар медициналық қызмет көрсету
жүйесі жаман емес. Өкінішке орай, біріншіден, ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған
6-8% -ға жеткен жоқ; екіншіден, денсаулық сақтаудың өзінде шешілмеген мəселелер көп; саланы
модернизациялау, елдің алдына қойған мақсаттарына сəйкес оны жаңа деңгейге көтеру мəселесі
өзекті болып тұр.
Сонымен қатар мамандардың айтуынша, міндетті медициналық сақтандыру жүйесі медицина
саласындағы қызмет көрсету мəдениетін көтереді. Сондай-ақ, денсаулық сақтау жүйесінде орын
алып отырған мəселелерді тиімді шешіп, кемшіліктерді жоюға жол ашады. Жəне де жаңа жүйеде
үш қатысушы болады. Олар: мемлекет, емделуші жəне жұмыс беруші. Бұл жүйе тұрғындардың
Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан
138
қажеттілігіне де жауап береді. Сондай-ақ, жұмысшылардың денсаулығын қорғау саласында жұмыс
берушінің саясатын да айқындап береді.
Сонымен қатар міндетті медициналық сақтандыру, денсаулық сақтауды ресурстық қамтамасыз
етуді арттыруға, экономикалық қызығушылықты жəне медициналық ұйымдар мен медициналық
қызметкерлердің өз қызметінің соңғы нəтижесіне жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік береді.
Кəсіпкерлер жұмыскерлерінің денсаулығын сақтауға мүдделі болады. Яғни əр азамат өз
денсаулығына өзі жауапты екенін түсініп, ол үшін белгілі бір салымдар жасап тұруы тиіс.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы Міндетті əлеуметтік сақтандыруды енгізуді түсін-
діру бойынша көптеген аймақтарда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күн тəртібіне қойыл-
ған Қазақстан Республикасындағы Міндетті əлеуметтік сақтандыруды енгізу сұрақтары мəселелері
бойынша баяндама жасап, түсіндірме жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Міндетті əлеуметтік-
медициналық сақтандыру енгізу Елбасының «Ұлт жоспары 100 нақты қадам» атты мақаласынан
бастау алған болатын. «Міндетті əлеуметтік-медициналық сақтандыруды енгізу» деген 80-қадамда:
«Мемлекет, жұмыс беруші жəне азаматтың ынтымақтасқан жауапкершілігі қағидаты негізінде ден-
саулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейту. Бастапқы медициналық-санитарлық
көмекті (БМСК) басымдықпен қаржыландыру. Бастапқы көмек аурулардың алдын алу жəне ерте
бастан күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудың орталық буынына айналады» делінген болатын.
Медициналық сақтандыру бізге дейін əлем елдерінің тəжірибесінде болды. Бізде де 1996-1998
жылдары медициналық сақтандыру жүйесі қолданылды. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, екінші
рет осы жүйе енгізілгелі отыр еді. Елімізде жаңа жүйені жүзеге асыру мақсатында қор құрылмақ.
Əлеуметтік-медициналық сақтандыру қорындағы жиналған қаражат азаматтардың тегін
медициналық көмек алуы үшін жұмсалады, жаңа жүйенің басты ерекшелігі де осында. Бұрын
мемлекет есебінен жүргізілген тегін медициналық қызмет түрі енді сақтандыру жүйесі арқылы
орындалады. Науқастарға көрсетілетін медициналық көмек сақтандыру қорына жиналған қаржы
арқылы жүзеге асырылады. МƏМС жүйесінде мемлекет кепілдік берген тегін медициналық
көмекке жедел жəрдем жəне санитарлық авиация, əлеуметтік мəні бар аурулар кезіндегі көмек,
шұғыл жағдайдағы медициналық көмек, профилактикалық екпелер қызметі жатады. Құрылған
медициналық сақтандыру қоры арқылы амбулаторлық-емханалық көмек, стационарлық көмек,
стационарлық көмекті алмастыратын көмек, қалпына келтіру емдік шаралары, медициналық
реабилитация, паллиативтік көмек, мейірбикелік қарау, жоғары технологиялық көмек жүзеге
асырылады.
Міндетті медициналық сақтандыру: кім, қанша жəне қашан?
Кім?
Кім үшін?
Қанша?
Енгізу кезеңдері
Мемлекет
Ерекше санаттағы
азаматтар үшін
Елдегі орташа жалақыдан
7 %
2017 жылы 4%; 2018
жылдан бастап 5%-ға; 2023
жылдан 6%-ға; 2024
жылдан 7%-ға сатылай
өсетін болады.
Жұмыс берушілер
Жалдамалы жұмысшылар
Жалақы қорынан 5 %
2017 жылы 2%-ды; 2018
жылы 3%-ды; 2019 жылы
4%-ды; 2020 жылы 5%-ды
құрайтын болады.
Жұмысшылар
Өзі үшін
Табыстан 2 %
2019 жылдан бастап 1%,
2020 жылдан 2%-дық
мөлшерде төлейтін болады.
Өзін-өзі жұмыспен
қамтығандар
Өзі үшін
Табыстан 7 %
2017 жылы 2%, 2018 жылы
3%, 2019 жылы 5%, 2020
жылдан бастап 7% болады.
Жалпы міндетті əлеуметтік-медициналық сақтандыруға төленетін ай сайынғы жарна жағдайы
жақсылардың жағдайы төмендерге, сау адамның науқасқа төлегені боп саналады. Бұл жүйе 200
мың теңге еңбекақы алатын адам мен 20 мың теңге еңбекақы алатын адамның тең дəрежеде тегін
медициналық қызмет алуы үшін қажет. Яғни, МƏМС енгізу əмбебаптық, əлеуметтік əділдіктің
болуына мүмкіндік береді. Медициналық сақтандырылған адам ЖСН-і бірыңғай электрондық
дерекқорға енгізілуі арқылы басқа облыстан, басқа ауданнан да ем алуға құқылы.
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 6. 2016
139
Нəтижелерді талқылау - Жұмыс берушілер міндетті əлеуметтік-медициналық сақтандыру қо-
рына жұмысшылардың орташа айлық жалақысының 2017 жылы 2 пайызын, 2018 жылы 3 пайызын,
2019 жылы 4 пайызын, 2020 жылы 5 пайызын аударады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін
міндетті жарна көлемі 2017 жылы 2 пайыз, 2018 жылы 3 пайыз, 2019 жылы 5 пайыз, 2020 жылы 7
пайызды құрайды.
Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандырудан балалар, көп балалы аналар, ҰОС қатысу-
шылары мен мүгедектері, мүгедектер, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар, интернат ұйымда-
рында білім алып жəне тəрбиеленіп жатқан адамдар, күндізгі оқу бөліміндегі студенттер, бала
тууына жəне бала асырап алуына байланысты демалыста жүргендер, жұмыс істемейтін жүкті
əйелдер, 3 жасқа дейінгі бала тəрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар, зейнеткерлер, əскери
қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органның қызметкерлері, сот үкімі бойынша жазасын өтеп
жүргендер, уақытша ұстау изоляторындағы жəне тергеу изоляторындағы адамдар босатылады.
Олар үшін жарналарды мемлекет төлейді.
Медициналық сақтандыру - халықтың арнайы қорға жиналған қаражат есебінен тегін медици-
налық көмек алуын қамтамасыз ететін жүйе болып табылады. Оған сəйкес, сақтандыру жарнала-
рын жұмыс істейтін азаматтардың жұмыс беруші мекемелері төлеп отырады, ал жұмыссыздар мен
еңбекке жарамсыз адамдар үшін жарна мемлекеттен аударылады.
Сондай-ақ, еңбеккер азаматтар өз жалақыларынан мақсатты салымдар аударып отырады. Бұл
жүйе халықтың барлық топтары үшін медициналық жəне дəрі-дəрмектік көмектің тең көлемі мен
сапасын қамтамасыз етеді.
Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жұмыс берушілердің, жеке
кəсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кəсіби
медиаторлардың, жеке тұлғалардың қорға төлейтін аударымдары мен жарналарын 2017 жылғы 1
қаңтардан 2017 жылғы 1 шілдеге ауыстыру жоспарланып отыр. Сонымен бірге, аталған заң жобасы
орта білім беру ұйымдарындағы оқушыларға тəулік бойы бақылау жасалмайтын медициналық
қызметтердің функцияларын денсаулық сақтау ұйымдарына беру бойынша «Білім туралы» ҚР
Заңына да өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастыруда. 2015 жылғы 18 қарашада ҚР
Президенті Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты
қадамының» 80 қадамын жүзеге асыру шаралары аясында жасалған «Міндетті əлеуметтік
медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңына қол қойды. Аталған құжат үздік халықаралық тəжі-
рибені ескере отырып, Қазақстанда мемлекет, жұмыс беруші жəне əрбір адамның ынтымақты
жауапкершілігінің негізінде медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді қарастырмақ. Мектеп жа-
сындағы балалардың денсаулығын нығайту мен қорғау, оқушылардың сапалы жəне қолжетімді
медициналық көмек қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ҚР Президентінің 2016 жылғы 15
қаңтарда бекіткен ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында денсаулық сақтау жүйесіндегі мектеп медицинасын əрі
қарай дамыту қарастырылған.
5
Мемлекет азаматтарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен (əрі қарай -
ТМККК) əрі қарай қамсыздандыруын жалғастырады. Олардың қатарына əлеуметтік мəні бар
аурулар, шұғыл жағдайлар, жедел медициналық көмек, санитарлық авиация мен вакциналау кіреді.
Азаматтардың денсаулығын қорғаудың жалпыға бірдей құқығын қамтамасыз ету мақсатында
сақтандырылмаған азаматтарға 2020 жылға дейін ТМККК аясында амбулаторлық дəрілермен
қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілетін болады.
Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру аясында сақтандырылған азаматтарға жоғары
технологиялық медициналық қызметтер, стационарды алмастыратын технологиялар, ұзақ мерзімді
мейіргерлік күтім, амбулаторлық дəрілермен қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек
көрсетілетін болады.
Сонымен қатар, егер азаматтар ерікті сақтандыруға қатысатын болса, МƏМС жүйесінде қарас-
тырылмаған медициналық көмек ала алады. Ол жеке сақтандыру компанияларымен бекітілген
келісім шарт негізіне жүзеге асырылады. Сарапшылардың болжамы бойынша Міндетті əлеуметтік
медициналық сақтандыруды енгізгеннен соң еліміздегі медициналық көмек көрсетудің деңгейі
айтарлықтай өсетіні, сондай-ақ дəрігерлердің жалақысын арттыру мүмкіндігі пайда болады.
Ауруханалар жоғары санатты жабдықтар мен қымбат дəрі-дəрмектер ала алатын болады. Міндетті
əлеуметтік медициналық сақтандыру адамға тексеруден өтуіне, қажет болған жағдайда өз
қаржысын жұмсамай ем алуына мүмкіндік береді.
Қорытынды – Міндетті медициналық сақтандыруға бөлінетін, жиналған қаржының қатаң
Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан
140
бақылауда болуы қажет. Науқастардың сұранысына орай қолжетімді болып, азаматтарымыз қай
жерде жүрсе де міндетті медициналық сақтандырудың аясында медициналық көмекті ала
алатындай болғаны жөн. Жалпы бірінші кезекте қарапайым халықтың жағдайы ескерілуі керек.
Денсаулық адам өміріндегі ең зор байлық. Бірақ адамдар оған сырқат бойын алып, мазалай
бастаған кезде ғана назар аударады. Жалпы алғанда, міндетті медициналық сақтандырудың дамуы
қазіргі таңдағы денсаулық сақтау жүйесіндегі кемшіліктерді азайтып, жүйесіз жүрген істерді
біршама жүйелеуге жол ашады.
Достарыңызбен бөлісу: |