Тірек сөздер:мемлекет, құқықтық мемлекет, құқықтық мəдениет, құқықтық тəрбие, мемлекет, мемле-
кеттік орган, мемлекеттің қызметі
Д.А. Турсынкулова
кандидат юридических наук, доцент кафедры теории и истории государства и права, конституционного и
административного права юридического факультета КазНУ имени аль-Фараби
ОСОБЕННОСТИ ПРАВОСОЗНАНИЯ ЛИЧНОСТИ
Аннотация. В работе рассматриваются содержательные стороны правосознания личности. Также в
работе всесторонне исследуются особенности формирования правосознания.
В работе также особое внимание уделяется на сущность и значимость правосознания. Основные выводы
и положения автора могут быть использованы в повышении правосознания и правового воспитания казах-
станского общества.
Ключевые слова: государство, правовое государство, правовая культура, правовое воспитание, госу-
дарство, государственный орган, деятельность государства.
Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан
8
N E W S
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES
ISSN 2224-5294
Volume 6, Number 310 (2016), 8 – 11
U.A. Ahatov, E. Ongdashuly
1
Candidate of law, H.T. Professor of the Department of constitutional and administrative law of Faculty
of law, history and theory of state and law, Al-Farabi Kazakh National University;
Master of Laws, Lecturer
of the Department of constitutional and administrative law of Faculty of law,
history and theory of state and law, Al-Farabi Kazakh National University
FEATURES AND LEGAL CONSEQUENCES OF
THE NATIONAL-STATE DELIMINATION OF CENTRAL ASIA
A
nnotation
. The article analyzes the process of territorial delimination of the Central Asian Republics,
Turkestan Soviet Socialist Republic, Khorezm and Bukhara on the national character of 1924. If we consider the fact
that the current borders of the states of Central Asia, including the Republic of Kazakhstan, were established as a
result of the territorial delimination process, then the article is considered very important. In this article the authors
considers features of process of division of Сentral Asia Soviet Republic*s and a problem of reunion of the Kazakh
lands.
Keywords: control system, administrative territory, the republic, the executive committee, the law office,
process oof the territorial delimination.
ƏОЖ: 340.141.(574)
У.А. Ахатов
1
, Е. Оңдашұлы
2
,
1
Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мемлекет жəне құқық теориясы мен тарихы, конституциялық
жəне əкімшілік құқық кафедрасының профессор м.а., з.ғ.к.;
1
Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мемлекет жəне құқық теориясы мен тарихы, конституциялық
жəне əкімшілік құқық кафедрасының оқытушысы, құқық магистрі
ОРТА АЗИЯДАҒЫ ҰЛТТЫҚ-МЕМЛЕКЕТТІК МЕЖЕЛЕУДІҢ
ЖҮЗЕГЕ АСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖƏНЕ
ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛДАРЫ
Аннотация. Мақалада 1924 жылы орын алған Орта Азия республикаларын Түркістан Кеңестік Социалис-тік
Республикасы, Хорезм жəне Бұхара Халықтық Кеңестік республикаларын ұлттық сипатына сəйкес меже-леу
үдерісі талқыланады. Орта Азия мемлекеттерінің, оның ішінде Қазақстан республикасының қазіргі таң-дағы
мемлекеттік шекаралары негізінен сол кездегі межелеу үдерісінің нəтижесінде орын алғанын ескеретін
болсақ, аталған мақала өте маңызды əрі өзекті екені даусыз. Авторлар мақалада Орта Азиядағы Кеңестік
Республикалардың таратылуы жəне Қазақ жерлерінің қайта қосылу мəселесіне жан-жақты талдау жасаған.
Тірек сөздер: басқару жүйесі, əкімшілік аумақ, республика, атқару комитеті, заң шығару қызметі, меже-
леу үдерісі.
Қазіргі таңда Орта Азияны мекендеген тəуелсіз мемлекеттер үшін өткен ғасырдағы орын алған,
1924 жылғы ұлттық-мемлекеттік межелеу саясатын үлкен, маңызды əрі тарихи оқиға деп бағалауға
болады. Себебі, қазіргі таңдағы Орта Азияда орналасқан, бұрынғы Кеңестік республикалардың
мемлекеттік шекаралары, яғни территориясының қаңқасы сол саяси шара тұсында қалыптасқан
болатын. Сондықтан да, сол кездегі жүргізілген ұлттық-мемлекеттік межелеу шарасына тарихи
шолу жасап, оған құқықтық тұрғыдан баға беру өзекті мəселе.
Бəрімізге белгілі, бұрынғы Империялық Ресейге бағынышты Түркістан өлкесінің негізінде,
1918 жылдың 30 сəуірінде кеңестік жүйеге негізделген Түркістан Автономиялық Кеңестік Социа-
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 6. 2016
9
листік Республикасы құрылған болатын. Бұл орта азиядағы алғашқы Кеңестік үгідегі, əрі автоно-
миялы республика еді. Ал, осы аймақта орналасқан Бұхара жəне Хиуа хандықтары тек қана 1920
жылы құлатылып, оның орнына кеңестік үлгідегі Бұхара жəне Хорезм Халықтық Кеңестік респуб-
ликалары құрылған болатын. Аталған республикалардың көп ұзамай таратылып, ұлттық сипаттағы
республикаларға бөлінуінің сыры неде? Қандай себептер əсер етті? деген сұрақтар туындауы заңды.
Оның үстіне аталған тақырыпта кешенді, арнайы зерттеулер аз. Кеңестік кезеңде Б. Манелис,
Х.Т. Турсунов, И. Крыльцов, С. Раджабова, В. Напомнина, отандық ғалымдардың еңбектері негізі-
нен Қазақстан материалдарына қатысты зерттелген. Олардың қатарына С.З. Зиманов, С.С. Сартаев,
М.С. Сапаргалиев, А. Нүсіпбеков, Т.А. Ағдарбеков, ал қазіргі таңда тарихшыларымыз Т. Омарбе-
ков, Ғ. Маймақов, Б.О. Қойшыбаев, М.А. Малдыбекованың еңбектерін атап өтуге болады.
Сонымен, Орта Азиялық көп ұлтты республикаларды таратып, оның орнына ұлттық сипатына
сəйкес республикалардың құрылуының себептерін талдап көрелік. Біріншіден, ұлтаралық
мəселелерді тиімді шешу қажеттілігі. Аталған республикалардың барлығы да көп ұлтты сипатқа ие
болатын. Бір ұлт басымдылық сипатқа ие емес еді. Мəселен, өзбек ұлтының өкілдері үш республи-
када қоныстанған болатын. Кеңес үкіметі ертелі-кеш ұлтаралық дау-жанжалдардың болуынан сес-
кенді. Екіншіден, сол кездегі Түркістан республикасының басшыларының бірі, қазақ интеллиген-
циясының өкілі Т. Рысқұлов бастаған бір топ зиялылары «Түрік республикасын» құру қажеттігі
идеясын көтеруі. Бұл өз кезегінде Кеңестер басшылығын əбігерге салып қойды. Үшіншіден, эконо-
микалық мəселелерді шешу мақсаты. Əр ұлттық республиканың өз экономикалық басымдықтары
болу қажеттігімен түсіндіріледі. Төртіншіден, қазақ зиялыларының Түркістан АССР-нің құрамын-
дағы қазақ жерлерін Қазақ АССР-на қосу бағытындағы тынбас еңбектерінің нəтижесін де атап өту
қажет. Бесіншіден, Кеңестік басқару жүйесін тиімді жүзеге асыру мақсатында «бөліп алда, билей
бер» қағидасы бойынша əр ұлтты жеке басқару Орталық үшін өте тиімді болды жəне т.б. себеп-
терді атап өтуге болады.
Бұл тұста, аталған үш республиканың ұлттық құрамы мен олардың орналасуын анықтау ма-
ңызды болып табылады. Өзбек ғалымы Х.Т. Турсунов сол кездегі статистикалық есептерге сүйене
отырып келесідей мəліметтерді келтіреді: «Из общего числа узбеков, населяющих Среднюю Азию,
66,5 % жило в Туркестанской республике, 22,2 % - в Бухарской и 11,3 % - в Хорезмской рес-
публике. Узбеки к общему числу населения Туркестанской республики составляли 41,4 %, Бухар-
ской республики 50,1 % и Хорезмской республики 61,1 %. Из всех туркмен, населяющих Среднюю
Азию, 43,2 % жило в Туркестане, 27,0 % - в Бухаре и 29,8 % - в Хорезме; 47,7 % среднеазиатских
таджиков жило в Туркестане и 52,3 % - в Бухаре и .т.д.
Узбеки населяли в Туркестанской АССР Ферганскую и Самаркандскую области, Ташкентский
и Мырзачульский уезды Сыр-Дарьинской области. Отдельные группы узбеков проживали в
некоторых районах Чимкентского и Туркестанского уездов той же области; в Бухарской области
они жили в Байсунском, Гузарском, Каршинском, Керменинском, Нур-Атинском, Шахрисябском,
Ширабадском и Сары-Ассийском вилайетах (областях), в Хорезмской республике – в Ново-
Ургенчской и в районах города Хивы.
Туркмены сплоченной массой проживали в Туркменской области Туркестанской АССР, на юге
Бухарской республики (Чарджуйская область) и в южной и юго-западной частях (в Туркменской и
Ташаузской областях) Хорезмской республики.
Основная масса таджиков была сосредоточена в восточной части Бухарской республики (ны-
нешняя территория Таджикской ССР). Большинство населения составляли они в Ходжентском
уезде Самаркандской области. Таджики жили в некоторых районах Самаркандского уезда той же
области, а также в ряде районов Ферганской области Туркестанской АССР (Памир, Канибадам,
Исфара и др.) и центральной Бухары.
Киргизы занимали в туркестанской АССР территорию Каракольского (Прежевальского),
Пшпекского, Нарынского уездов Семиреченской области, части Аулие-Атинского уезда Сыр-Дарь-
инской области и некоторые районы Ферганской области (Ошский уезд, Джалал-Абадская волость
Андижанского уезда и др.).
Каракалпаки проживали компактной массой в Аму-Дарьинской области Туркестанской рес-
публики северо-восточных районах (Казахско-Каракалпакской области) Хорезмской республики.
Отдельные группы каракалпаков были расселены также в некоторых районах Ферганской области.
Значительное колличество казахов занимало северную, северо-западную и северо-восточную
части Туркестанской АССР: Алма-Атинский; Джаркентский, Лепсинский, Талды-Курганский
уезды Семиреченской области и Ак-Мечетский, Аулие-Атинский, Казалинский, Туркестанский и
Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан
10
Чимкентский уезды Сыр-Дарьинской области, казахи проживали также в некоторых районах
Ташкентского и Мырзачульского уездов» [1, 9-11 бб.].
Көріп отырғанымыздай, Орта Азиялық кеңестік республикалар шын мəнінде көп ұлтты жəне
аралас қоныстанғанын байқауға болады. Бұл əрине, Патшалық Ресей Империясының жаулап алу
саясатының нəтижесі. Сондықтан да, Кеңестік Ресей Орта Азия республикаларын тездетіп, белгілі
бір жүйеге келтіруге талпынды. Бұл, өз кезегінде жері бытыраңқыға айналған Қазақстан үшін өте
тиімді, əрі қажетті саяси шара болды.
Бұл тарихи, əрі саяси шараны өткізу мақсатында арнайы топтар мен жұмыс комиссиялары
құрылды. «Орта Азия мен Қазақстандағы ұлттық-мемлекеттік межелеу Мəскеудегі орталықтың,
соның ішінде РК(б)П Орталық Комитетінің тікелей басшылығымен, жоспарымен жəне жіті қадаға-
лауымен жүргізілді. 1924 жылғы 21 қаңтарда РК(б)П ОК-нің Ұйымдастыру бюросы (Оргбюро)
РК(б)П ОК-нің хатшысы əрі РК(б)П ОК-нің Орта Азия бюросының төрағасы Я.Э. Рудзитакқа
Ташкентте ТүрАССР-ның, Бұқар жəне Хорезм КСР-ларының жауапты қызметкерлерімен Орта
Азияны болашақта ұлттық принцике қарай мемлекеттік межелеудің мүмкіндігі жəне мақсаттылығы
туралы кеңес өткізу туралы тапсырма берілді. Осы тапсырмаға орай Орта азия мен Қазақстандағы
ұлттық-мемлекеттік межелеу жұмысын РК(б)П ОК-нің өкілетті органы Орта Азия бюросы басқа-
рып, соңына дейін жүргізді [2, 54 б.].
Межелеу нəтижесінде əр бір ұлттың көксеген мақсаты – əрине өз тарихи жерлерінен
айырылмау жəне мүмкіндігі болса, егер Орталық Мəскеу рұқсат берсе ала беру қағидасы орнықты.
Бұл бағытта Орта Азия бюросы жанында арнайы Аумақтық комисия құрылды. Ол органның басты
мақсаты республикаларды ұлттық орналасу сипаты бойынша бөлуге дайындау болды. Аумақтық
комиссия өз жұмысын жүргізу барысында көптеген пікірталастар мен қайшылықтарға кездесті.
«Ұлттардың дербес отау тігуіне байланысты пікір сайыстары РК(б)П ОК Орта Азия бюросы құрған
ортаазиялық республикалардың аумақтарын белгілеп-межелеу жөніндегі Территориялық комиссия
мен оның ұлттық дайындық комиссияларында мейлінше өрбіді. Бес айға созылған талқылау, жо-
балау, дауласу, пікірлесіп-ақылдасулардың шарықтау шегін 1924 ж. 17 тамызда болған Террито-
риялық комиссияның пленумы көрсетті. Осы пленумның стенографиялық есебі «жалын-даған
пікірталастарды, жаңадан құрылып жатқан ұлттық кеңестік социалистік республикалар мүдделерін
танытқан қызметкерлердің территориялық талаптарын барынша өткірлігімен біздің заманымызға
жеткізіп отыр»» [3, 31 б.].
Сөзсіз, əрбір ұлт көрпені өзінің жағына тартуды ойлады. Себебі, осындай сəтте өз еншілерін
түгендемесе болашақта ондай мүмкіншілік бола ма, болмай ма, олар əрине білмеді. Көптеген талас-
тартыстардан, көптеген жиналыстар мен Орталық Мəскеудің бақылауымен Орта Азиялық үш
республика өкілдері келесідей ортақ пікірге келеді: «1924 жылы қыркүйекте болып өткен Бұқара
халық республикасы Кеңесінің V құрылтайында Түркістан мен Хорезм Республикаларындағы
өзбектерді біріктіріп, Өзбек Кеңес Социалистік Республикасы мен Тəжік автономиялы ауданын
құру жайлы шешім қабылдады. Бұқара Республикасындағы Түркімен халқы Түркімен Кеңес
Республикасына біріктірілді. 29 қыркүйекте V Хорезм құрылтайында жоғарыда атап өткен Бұқара
Республикасының құрылтайында қабылданған шешімдері қолдап, ұлттық белгісі бойынша Хорезм
Республикасын бөлуге көшті. Сонымен қатар, Түркістан Республикасын да межелеуге кірісті. Бұл
мəселе 1924 жылы 15–16 қыркүйекте болып өткен Түркістанның III Төтенше сессиясында талқы-
ланды... Осы сессияның соңында мынадай қаулы қабылданды:
1. Өзбек халқының жұмысшылары мен диқандарының қалауына сəйкес өзбек халқына
Түркістан Автономиялық Кеңес Социалистік Республика (ТАКСР) құрамынан шығып, тəуелсіз
Өзбек Кеңес Социалистік Республика құрыуына құқық берілсін;
2. Түркімен халқының жұмысшылары мен диқандарының қалауына сəйкес түркімен халқына
ТАКСР құрамынан шығып, тəуелсіз Түркімен Кеңес Социалистік Республика құрылуына құқық берілсін;
3. Қырғыз (Қазақ) халқының жұмысшылары мен диқандарының қалауына сəйкес Қырғыз
(Қазақ) халқына ТАКСР құрамынан шығып, ТАКСР қазақ аудандарының Қырғыз (Қазақ) Кеңес
Социалистік Республикасына бірігуіне құқық берілсін;
4. Қара-қырғыз халқының жұмысшылары мен диқандарының қалауына сəйкес қара-қырғыз
халқына ТАКСР құрамынан шығып Қара-қырғыз Автономиялы облысын құруға құқық берілсін;
5. Тəжік халқының жұмысшы жəне диқандарының қалауына сəйкес тəжік халқына ТАКСР
құрамынан шығып, Тəжік автономиялы облысын құруға құқық берілсін делінген. Сонымен қатар
Өзбек Республикасының, Түркімен Республикасының, Қара-қырғыз Автономиялы Облысының,
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 6. 2016
11
Тəжік Автономиялы Облысының жəне Қазақ облысының съездері шақырылсын деп ұсыныс
жасалды» [4, 65-66 бб.].
Бұдан былайғы уақытта жаңадан құрылған республикалар өздерінің басқару жүйесі мен
құқықтық болмысын рəсімдеуге кірісіп кетті. Əрине ол Орталық Мəскеудің қатаң бақылауымен
жүзеге асырылып отырды. Бұл аса жауапты саяси науқанда қазақ елінің ұтқаны да ұтылғаны да аз
болған жоқ. Ұтқаны сол, байрығы қазақ елі мен жері қайтадан біртұтастыққа бірікті, ал ұтылғаны
осы саяси науқанда ежелден келе жатқан қазақтың көптеген жерлері жаңадан пайда болған
республикалар құрамына еніп кетті.
«1924 ж. қазанында Қазақстан территориясы мен Орта Азияның территориясының межеленуі
өткізілді. Тарихи қалыптасқан қазақтар мекендеген аумақтары енді КАССР құрамына кірді.
Бұрынғы Түркістан, Хорезм, Хиуа республикалардың 40 % территориясы 1,5 млн. адамдарымен
КАССР аумағына кірді. Қазақстан территориясы 2,8 млн. км. дейін кеңейді. Республиканың
мөлшері РСФСР-дан кейін екінші орын алды. Қазақстан шекарасы 2200 км. дейін өсті. Оңтүстік
тұрғындардың саны 4,8 млн-нан 6,5 млн-ға дейін көбейді. Қазақтардың саны – 59,9 %» [5, 1-2 бб.].
Сонымен қорыта келгенде, 1924 жылғы орын алған Орта Азия республикаларын ұлттық
сипаты бойынша межелеу Орталық Мəскеудің қатал бақылауымен жүзеге асқан аса жауапты саяси
шара болды. Оның негізінде қабылданған шешім жергілікті ұлт өкілдеріне тиімді болды. Ал қазақ
елі үшін талан-таражға түскен тарихи жерлеріміз бір шаңырақтың астына бірігуіне қол жеткізді.
ƏДЕБИЕТ
[1] Турсунов Х.Т. О национально-государственном размеживании Средней Азии // Материалы объединенной науч-
ной сессии по истории народов Средней Азии и Казахстана в эпоху социализма. – Ташкент: Изд. АН УзбССР. – 1957. –
С. 3-21.
[2] Маймақов Ғ. Қазақ жері тұтастығының қалыптасуы (Қазақстанның аумақтық тұтастығының қалыптасуы жəне
Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеу). Монография. – Алматы: «М.Х. Дулати қоғамдық қоры», 2005. – 208 бет.
[3] Қойшыбаев Б.О. Орталық Азия Кеңес республикаларының ұлттық-территориялық жіктелуі жəне Қазақ саяси
басшылығының ұлттық мемлекеттік түрін орнықтыру жолындағы ізденістері мен қызметі (1924-1926 жж.). Тарих
ғылымдарының кандидаты ғылыми дəрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Алматы, 2002. – 182 бет.
[4] Малдыбекова М.А. Түркістан Республикасының межеленуі жəне Қазақ АКСР-нің территориялық тұтастық мə-
селесі. Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дəрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Астана, 2002. – 146 б.
[5] Қазақстан тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде. http//www.testent.ru. – 2 бет.
REFERENCES
[1] Tursynov X.T. O natcional’no-gosudarstvennom razmejivanii Sredney Azii // Materialy ob’edinennoy nauchnoy sessii
po istorii narodov Sredney Azii i Kazakhstana v epohu sotciolizma. Tashkent: Izd. AH UzbSSR. 1957. С. 3-21.
[2] Maymakov G. Kazakh jeri tutastygynyn kalyntasuy (Kazakhstannyn aumaktyk tutastygynyn kalyptasuy jane Orta
Aziyadagy ulttyk-memlekettik mejeleu). Monografiya. Almaty: “M.X. Dulati kogamdyk kory”, 2005. 208 bet.
[3] Koyshybaev B.O. Ortalyk Aziya Kenes respublikalarynyn ulttyk-territoriyalyk jiktelui jane Kazakh sayasi
basshylygynyn ulttyk memlekettik turin ornyktyru jolyndagy izdenisteri men kyzmeti (1924-1926 jj.). Tarih gylymdarynyn
kandidaty gylymi darejesin alu ushin daiyndalgan dissertatcia. Almaty, 2002. 182 bet.
[4] Maldybekova M.A. Turkistan Respulikasynyn mejelenui jane Kazakh AKSR-nin territoriyalyk tutastyk maselesi. Tarih
gylymdarynyn kandidaty gylymi darejesin alu ushin daiyndalgan dissertatcia. Almaty, 2002. 146 bet.
[5] Kazakhstan totalitarlyk juyesinin kalyptasu kezeninde // http//www.testent.ru. 2 bet.
У.А. Ахатов, Е. Оңдашұлы
к.ю.н., и.о. профессора кафедры теории и истории государства и права, конституционного
и административного права КазНУ им. аль-Фараби;
Магистр права, преподаватель кафедры теории и истории государства и права, конституционного и
административного права КазНУ им. аль-Фараби
ОСОБЕННОСТИ И ПРАВОВЫЕ ПОСЛЕДСТВИЯ ОСУЩЕСТВЛЕНИЯ
НАЦИОНАЛЬНО-ГОСУДАРСТВЕННОГО РАЗМЕЖЕВАНИЯ В СРЕДНЕЙ АЗИИ
Аннотация. В статье проанализирован процесс размежевания территорий республик Средней Азии, Туркестанской
Советской Социалистической Республики, Хорезма и Бухары по национальному характеру 1924 года. Если учитывать
тот факт, что нынешние границы государств Средней Азии, среди них Республики Казахстан, установились в результате
вышесказанного процесса размежевания, то статья считается очень важной. В данной статье авторы рассматривают осо-
бенности процесса размеживания Средне Азиатских Советских Республик и проблемы воссоеденение казахских земель.
Ключевые слова: система управления, административная территория, республика, исполнительный комитет,
служба законодательства, процесс размежевания.
Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан
12
N E W S
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES
ISSN 2224-5294
Volume 6, Number 310 (2016), 12 – 16
A.S. Baikenzheyev, А.S. Ibrayeva
1
Candidate of law
,
first deputy head of the National Security Academy, Almaty, the Republic of Kazakhstan
;
2
Doctor of law
,
professor
,
Al-Farabi Kazakh National University
,
Almaty, the Republic of Kazakhstan
TO THE QUESTION ABOUT PERFECTION OF NATIONAL
LEGISLATION, REGULATIVE A FIGHT AGAINST TERRORISM IN РК
Аnnotation.
Problem questions touching scientific determination of terrorism open up in this article. It is
marked that to date exists plenty of determinations of terrorism. Single legal determination of terrorism is needed in
this connection. In the article it is suggested to understand terrorism as actions, act and method of achievement of
terrorist aims. Drawn conclusion that understanding of terrorism as ideologies of violence maybe in political
documents, or in the programs, but not in a law. A law must clearly and exactly reflect противоправные actions
exactly.
Keywords: terrorism, legislation, ideology of violence, counteraction to terrorism, political aims, противо-
правное action.
А.С. Байкенжеев
1
, А.С. Ибраева
2
1
Кандидат юридических наук, первый заместитель главы Академии национальной безопасности,
г. Алматы, Республика Казахстан;
2
Доктор юридических наук, профессор, КазГНУ им. Аль-Фараби, Алматы, Казахстан,
К ВОПРОСУ О СОВЕРШЕНСТВОВАНИИ
НАЦИОНАЛЬНОГО ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВА,
РЕГУЛИРУЮЩЕГО БОРЬБУ С ТЕРРОРИЗМОМ В РК
Аннотация. В данной статье раскрываются проблемные вопросы, касающиеся научного определения
терроризма. Отмечается, что на сегодняшний день существует большое количество определений терроризма.
В связи с этим необходимо единое правовое определение терроризма. В статье предлагается понимать
терроризм как действия, акт и метод достижения террористических целей. Сделан вывод о том, что
понимание терроризма как идеологии насилия возможно в политических документах, либо в программах, но
не в законе. Закон должен четко и точно отражать именно противоправные действия.
Достарыңызбен бөлісу: |