Национальной академии наук республики казахстан



Pdf көрінісі
бет19/58
Дата03.03.2017
өлшемі5,06 Mb.
#5909
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58

ӘДЕБИЕТ 
 
[1] Радостовец В.В., Шмидт  О.И. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета.  Алматы:  «Центраудит-
Казахстан», 2000.-496с 
[2]  Радостовец  В.К.,  Омаров  А.Ш.,  Тасмаганбетов  Т.А.,  Абленов  Д.О.,  Тайгашинова  Г.Т.    Алматы:  Экономика, 
1997, -180с 
[3]  Додобаев  Ю.Т.,  Касенов  К.Р.,  Есполов  А.Т.,  Темиргалиева  Г.К.  Анализ  хозяйственной  деятельности  АПК
Учебное пособие. Алматы: Экономика, 2007. 
[4] 
Крейнина 
М.Н. 
Финансовое 
состояние 
предприятия. 
Методы 
оценки.- 
М.: ИКЦ «Дело и Сервис», 1997.- 224 с. 
[5]  Рыбин  В.И.,  Пессель  М.А.,  Джамилинская  Э.В.  и  др.  Анализ  хозяйственной  деятельности  предприятий  и 
объединений. Учебник. - 2-е изд., перераб. и доп./ - М.: Финансы и статистика, 1984.-351 с. 
[6]  Баканов  М.Н.,  Шеремет  А.Д.  Теория  экономического  анализа  –  2-е  изд.,перераб.-  М.:  Финансы  и  статистика, 
1994.- 284 с. 
[7] Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник - 4-е изд., перераб. и доп. – М.: Финансы 
и статистика, 2001.- 423 с. 
[8]  Балабанов  Е.Т.  Финансовый  анализ  и  планирование  хозяйствующего  субъекта-  2-е  изд.
,
  доп.-  М.:  Финансы  и 
статистика, 2000.- 208 с. 
[9] Апчерч А. Управленческий учет: принципы и практика. Перевод с английского / под редакцией Я. В. Соколова , 
И. А. Смирновой. – М.: Финансы и статистика, 2002. - 952 с. 
[10] Назарова В.Л., Жапбарханова М.С., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. Алматы: Экономика, 2007. -298б. 
[11] Соколов Я. В. и др. Бухгалтерский учет в зарубежных странах М.: ТК Велби, изд-во «Проспект, 2005. - 664с. 
 
REFERENCES 
 
[1] Radostovets V.V. Schmidt OI Theory and industry specific accounting. Centeraudit-Kazakhstan, 2000, Р-496 (in Russ.).  
[2] Radostovets V.K., Tasmaganbetov T.A., Ablenov D.O., Taygashinova G.T . Economics, 1997, Р-180 (in Russ.). 
[3]  Dodobaev  Y.T.,  Kassenov  K.R.,  Espolov  A.T.,  Temirgaliev  G.K.  Analysis  of  economic  activity  of  the  agricultural 
sector. Economics, 2007(in Russ.). 
[4] Kreynin M.N. The financial condition of the company. Methods otsenki. Business and Servicе, 1997. Р-224(in Russ.). 
[5]  Rybin V., Pessel  M.A.,  Dzhamilinskaya  E.V.  Analysis  of  economic  activities  of  enterprises  and  associations.  Finance 
and Statistics, 1984, Р-351(in Russ.). 
[6] Bakanov M.N., Sheremet A.D. Theory of Economic Analysis. Finance and Statistics, 1994, Р-284 (in Russ.). 
[7] Bakanov M.I., Sheremet A.D. The theory of economic analysis. Finance and Statistics, 2001, Р-423 (in Russ.). 
[8] Balabanov E.T. Financial analysis and planning of economic subekta. Finance and Statistics, 2000, Р-208 (in Russ.). 
[9] Upchurch A.  Management Accounting: Principles and Practice. Finance and Statistics, 2002, Р-952  (in Russ.). 
[10] Nazarov V.L., Zhapbarhanova M.S., Fursov D.A., Fursova S.D. Мanagement Accounting. Economics, 2007, Р-298 (in 
Russ.). 
[11] Sokolov Y.  Accounting in foreign countries. Prospect, 2005, Р-664(in Russ.). 
 
Пути совершенствования учета запасов 
А.Т.Кокенова
1
, А.Р.Қалымбетова
2
, А.А.Сапарова
2
 
 
aiganymk@mail.ruAigul72@mail.ruSaynura_1977@mail.ru 
1
Международный гуманитарно-технический университет, Шымкент 
2
Международный казахско-турецкий университет имениХ.А.Ясави, Туркестан 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
122  
2
Международный казахско-турецкий университет имениХ.А.Ясави, Туркестан 
 
Ключевые слова: запасы, производственные запасы, учетная политика, центры ответственности, затраты. 
Аннотация.  В  данной  статье  рассматриваются  пути  совершенствования  учета  запасов    в  сельскохозяйственных 
организациях. Цели реформирования системы бухгалтерского учета в Казахстане – создание условий для своевременного 
и  эффективного  выполнения  своих  функций  системой  бухгалтерского  учета  в  конкретной  экономической  среде.  Для 
этого  необходимо  обеспечение  соответствия  системы  казахстанского  бухгалтерского  учета  общепринятым  мировым 
стандартам ведения бухгалтерского учета. На каждом предприятии несмотря на выбранные методы учета затрат, важно 
формирование  информации  о  материально-производственных  запасах.  Необходимо  определение  эффективных 
материальных  расходов  по  центрам  ответственности.  В  сельскохозяйственных  организациях    в  процессе  производства 
продукции растениеводства и животноводства важными статьями расходов являются материальные расходы.   
 
Поступила 15.04.2015 г. 
 
N E W S 
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 
SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES 
ISSN 2224-5294 
Volume 3, Number 301 (2015) 
 
Importance of improving listening skills in ESL 
 
1
E.U.Artykova, 
2
Zh.T.Toleukhan, 
1
B.N.Akshalova 
1
al-Farabi KazakhNational University 
2
T.Ryckulov New Economic University 
 
Key words: Listening skills, listening and viewing, logical thinking. 
Abstract:  This  article  refers  to  the  auding.Listening  -  is  both  a  goal  and  a  means  of  learning.  Education  is 
semantic listening its comprehension implies a learning exercise  for the establishment of common  listening   skills, 
speech  exercises  and  further  training  activities  with  audio  texts,  i.e  listening  training  is  aimed  at  developing  and 
improving  mechanisms  for  listening.  Listening  as  an  active  intellectual  activity  -  a  complex  process  of  perception 
and  understanding  of  sounding  speech.  And  the  elements  of  visual  perception  (gestures,  facial  expressions)  and 
intonation, smashing it on the syntagma, help us to understand it. 
The traditional method of learning a foreign language is seen as a kind of training to audition of speech activity 
that requires no special didactic approach and limits the perception of sounds and intonation elements. In practice, it 
turns out that all of the skills generated four kinds of speech activity listening skills in students, as a rule, the least 
developed. The ability to hear and understand the construction ability to speak a foreign language. Therefore, one of 
the main goals of the content of current programs in a foreign language is to develop the students' ability to perceive 
it by ear foreign language, which is listening. Ideally, they should be able to perceive it by ear speakers and react to 
it, based on the requirements of the current speech situation. 
 
Ағылшын тілі практикалық сабағында  аудирование  тәсілін қолдану арқылы сабақтың 
маңыздылығын арттыру 
 
1
Е.О.Артықова,  Ж.Т.Төлеухан,   
1
Б.Н. Ақшалова 
1Әл-Фараби  атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан 
2Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеті Лингвистикалық орталық Алматы, Қазақстан 
 
Тірек сөздер: тыңдау әдісі, логикалық ойлау әдістері, көру және тыңдау әдістері 
Аннотация.Ағылшын тілі практикалық сабағында  тыңдау әдісін қолдану аталмыш тілді тез меңгерудің 
бірден  бір  тиімді  әдістерінің  бірі.  Бұл  мақалада  практикалық  сабақ  барысында  ағылшын    тілі  пәнінің 
оқытушысына  тыңдау    әдісін  дұрыс  қолдану,  оның  пайдасы  мен  кері  әсерлерін  және  де  тыңдау  әдісін  
қолданудың қызықты да  қолайлы жолдарын қарастырмақпыз. 
 
Кіріспе.  Алдымен,  кез  келген  шет  тілін  үйрену  кезінде    тыңдау  әдісін  қолдану  -  тіл  үйренудің  
ажырамас бір бөлігі екеніне тоқталамыз.  
Одан кейінгі кезекте, оқытушының сабақта тыңдау  әдісін қолдану  барысында кезігетін бірқатар 
мәселелерді  талқылаймыз.  Қорытыңдыда  біз  тыңдаудың    тиімділігін,  студент  қызығушылығын  қалай 
арттыру керек деген мәселелерге тоқталамыз.  

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015  
 
 
123 
Аталмыш  әдіс  тіл  үйрету  кезеңдерінде  табиғи  тілдік  ортаны  қалыптастырады.  Студенттерді  оқытуда  сабақ 
берудің барлық сатысында қолдануға болатын түрі - аудио құралдар, радио мен теледидардың хабарлары, сабақта 
мынадай мақсатта қолданылады: біріншіден, қажетті ақпаратты күшті әсерлілікпен жеткізеді; екіншіден, студенттің 
бақылаушылығы мен талдау дағдыларын жетілдіреді, үшіншіден, өз пікірін, ойын тұжырымдап айтуға үйретеді. 
Таспа арқылы тыңдалатын мәтін студенттің тілін дамытады. Тіл үйренудегі тыңдау сөйлеумен тығыз байланысты. 
Таспадан  тыңдалған  мәтін  бойынша  сұрақ  қою  ең  тиімді  жол,  өйткені  студент  сұраққа  дұрыс  жауап  беру  үшін 
мәтінді ынтамен тыңдайды, мәнін түсінуге тырысады.Тыңдау  сөздерді жаттауға, грамматика мен синтаксисті 
үйренуге көмектеседі. 
Мәтінді бірнеше рет тыңдау  студентке сөйлемді толық тыңдап грамматика  мен  сөйлем жүйесін 
автоматты  түрде  жаттап  алуына  мүмкіндік  береді.  Яғни,  бұл  жаңа  сөздер  мен    сөз  тіркестерін  есте 
сақтаудың оңай жолы. 
 Мәтінде көп мағыналы сөздерді қолдану. 
Кез келген тіл синонимдер мен ононимдерге бай. Тыңдау  және мәтін қайталау  барысында студент 
жаңа сөздермен  фразалардың қолданылуымен танысады.  
Яғни, студент сөздерді жеке-жеке жаттамайды, толық сөйлем жолдарымен жаттайды.   
Тыңдау  әдісі  тез есте сақталады және қайталап қолданылып отырады. 
Әдіс тілді машықтандырады, еркін сөйлеуге көмектеседі. 
Студенттерге  алғашында  тыңдап  түсіну  қиын  болады,  себебі  сөйлемдер  жылдам  айтылатындықтан  оны 
айыру,  сөзді  немесе  сөйлемді  бірден  есте  сақтау,  мағынасын  қабылдауы  мүмкін  емес.  Тыңдап  түсіну  жүріп 
жатканда студенттер мәтінді ұқыпты және зердесін қатты бөле отырып тыңдауы тиіс. Бар ойларын естіп жатқан 
мәтінді біртіндеп түсінуге және оның мағынасын дұрыс түсіне білуі керек. Ал оқытушы бұл тыңдалымның жеңіл 
және қызықты болуына көмектесуі тиіс. Студенттердің тыңдау қабілетін дамытқанда оқытушы үш түрлі жағдайды 
есепке  алуы  тиіс:  1)  тыңдалымға  берілетін  лингвистік  мәтін;  2)  мәтіннің  мазмұны;  3)  мәтіннің  тақырыпқа 
байланысты берілу талабы. 
Тыңдап  түсіну  кезінде  тез  түсінуге  үш  түрлі  қиындық  кедергі  келтіреді:  фонетикалық;  лексикалық  және 
грамматикалық. 
1) Фонетикалық киындықтың пайда болуы ағылшын тілі мен қазақ тілінің дыбыстары әртүрлі болғандықтан 
сөзді  дүрыс  түсінбеу.  Бүл  жағдайда  оқытушы  студенттердің  ағылшын  тіліндегі  дыбыстар  мен  интонацияларды 
тыңдап, айыра білу қабілеттерін дамыта беруі керек. 
2) 
Лексикалық 
киындықтың 
пайда 
болуы 
ол 
да 
фонетикаға 
тығыз 
байланысты 
болады; себебі студенттер сөздерді қате естуі мүмкін. Сол себебті тыңдауды оқытушы мәтінді бірнеше рет тыңдату 
керек. 
3) 
Грамматикалық 
қиындық 
ол 
ағылшын 
тілінің 
аналитикалық 
құрылымында. 
Себебі ағылшын тілінде инфинитив және есімшелер кең ауқымда қолданады. 
Сонымен бірге омонимдер де көп кездеседі. Тыңдап түсінуді табысты оқытып-үйрету үшін оның кейбір әсер 
етуші факторларын табу керек. Мәтінді тыңдағанда түсінудің негізгі механизміне есту қабілеті, ішінен қайталау, тез 
және ұзақ есте сақтау, түсіну, қабылдау ерекшелігі жатады. 
Көптеген  зерттеушілердің-ойынша  монологтік  текстер  диалогтік  текстерге  қарағанда  жеңіл  қабылданады. 
Тыңдап түсінудің бастапқы кезеңін үйреткенде монологтік текстерге ерекше қөңіл бөлінеді. 
Мәтінді тыңдағанда түсінудің негізгі механизміне есту қабілеті, ішінен қайталау, тез және ұзақ есте сақтау, 
түсіну, қабылдау ерекшелігі жатады. 
Зерттеушілердің ойынша мәтінді тыңдамай тұрып-ак адамның түсіну және тыңдау органдары іске қосылады 
екен.  Сондықтан  тындаушының  ой  қабілеті  сөздің  басынан-ақ  немесе  бір  сөзден  кейін-ақ  оның  соңы  немен 
аяқталатынын сезеді. Бірақ сезу бүл түсіну емес. Актуальді қабылдау деңгейіне байланысты адамның миындағы 
ойлау жүйесі іске қосылады. Ойлау жүйесі әртүрлі фразаларды және жеке фрагменттерді толықтай қабылдамай 
кейбір сәттерді жібере отырып, мағынасы бар белгілерді есте қалдырып, жаңадан еститіндеріне орын қалдырады. 
Кейінгі кезде білім беру саласында ғаламтор ақпараттарындағы тыңдау әдісі оқу үрдісінде қолдану 
күнделікті  әдетке  айналуы  тиіс.  Мысалы:   ағылшын  тілін  үйретуде.  Себебі  тыңдалған  материалдар 
үйренушілердің  ойын  қозғап  қана  қоймай,  оларға  эмоциялық,  сезімдік  деңгейде  әсер  етіп,  көрініс 
түрінде  есінде  қалады,  басқа  халық  өкілінің  сөйлеу  мәнері,  қимыл-  қозғалыс  ерекшеліктері,  әдеп- 
дағдылары жайында түсінік берумен бірге тыңдағандарын еске сақтауға бейімдейді. Бейнематериалды 
тексті тыңдап  көргеннен кейін берілген тапсырмалар тақырыпқа байланысты әртүрлі болып келеді: 
Кесте толтыру; 
Тыңдап, көрілген оқиғалардағы әрекеттердің болған ретін қалпына келтіру; 
Кейіпкерлердің айтқанын жазып алу; 
Жаңа тақырыпқа байланысты сөздердің айтылуын есте сақтап, қайталау; 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
124  
Тесті тыңдап болған соң, не туралы тыңдағаннын мазмұндама немесе пікір жазу; 
Кей  кезде  тапсырманы  орындау  үшін  тексті  екі  не  үш  рет  тыңдауға  тура  келеді.  Уақыт  өте  келе 
білімгерлер тексті қатты зейін қойып тыңдауға, байқампаз болуға үйренеді. Тапсырманы орындау үшін 
айтылып жатқан мәтіннің мағынасына 100 пайыз түсіну міндетті емес екенін ұғады. 
Сөйлеуге  тыңдап  түсінусіз  үйрену  мүмкін  емес.Шетел  тілін  меңгеруде  тыңдап  түсіну  қабілетін 
дамытудың алар орны ерекше. 
Ауызша  сөзді  түсіну  адамның  естіген  сөздердің  мағынасына  талдау  жасап,  аяқталған  ойды 
білдіруіне, ойша жинақтау қабілетіне байланысты болады 
Тыңдап түсінудің негізгі топтарына мыналар жатады: 
А)  тыңдап  түсіну  дағдылары   (мәтіннің  грамматикалық  және  морфологиялық  формаларын  тани 
білу); 
Ә) сөздерді және сөз тіркестерін түсіне білу қабілеті; 
Б) дыбыстарды, дауыс интонациясын ажырата білу; 
Тыңдау процесі есту қабілеті  механизмімен тығыз байланысты. Есту, тыңдау қабілетін техникалық 
құралдар көмегімен жаттығулар  жасау  арқылы  дамытуға  болады.  Логикалық  түсіну  механизмі  талдау 
процесінде күрделі болып саналады. 
Аударма сөзді түсіну үшін бір материалды бірнеше рет тыңдаудың қажеті жоқ. Сөзді толық түсіну 
бірден (толық) және толықтай бір рет айтқанда қабылданады. Қазіргі кезде шетел тілін меңгеруде (есту, 
тыңдау,  оқу  арқылы)  оқу  фильмдерін  көру,  үнтаспалар  тыңдау  және  т.б.  мүмкіншіліктері  өте  көп. 
Шетел  мамандарының  сөйлеуімен   жазылған  үнтаспалар,  видео-фильмдер  көптеп  саналады.  Тыңдау 
қабілетін  ұнтаспа  көмегімен  дамыту  үшін  арнайы  видео  жаттығулар  мен  аудио  мәтіндер  қажет.  Осы 
орайда мәтінді тыңдау, оқып отырудың мәні зор. 
Тыңдауға  үйренуді  сөйлеушімен  бетпе-бет  отырып  тыңдаудан  бастаған  жөн.  Аудиториялық 
сабақтарда  оқытушының  сөйлеуі,  видеофильмді  көрсете  отырып,  оқытушының  оқуы  студент  үшін 
үлкен өнеге, үлгі болады. 
Шетел  тілін  тыңдап  түсінудің  өзіме  тән  ұғындыруға  тырысып,  тілдік  материалдарды  көп  беру 
қабылдауды  қиындатады,  сонымен  бірге  дағдыны  қалыптастыруға  кері  әсер  етеді.  Осының  әсерінен 
тыңдаушы тез тыңдап түсініп, жауап дайындау үшін ойланып отырады. 
Текст тым ұзақ, бірсарынды болса, студент тез жалығып, қызығушылығын жоғалтуы мүмкін. 
Тыңдау  әдісі білімді игертіп қана қоймай, оны бақылауда, бекітуде, қайталауда, қорытындылауда 
кеңінен  қолданады.  Берілген  әдіс  ақпаратты  көрнекілікте  қабылдауға  негізделген.  Оқыту  процесінде 
әдісті  пайдалану,  студентке  толық  оқытылатын  құбылыстардың  көрнекілік  ролін  көрсету, 
сұраныстарын қанағаттандыру. Сонымен қатар кері байланыс жұмысын ұйымдастыру. 
Тыңдау  әдісін  ұйымдастыруға  қатаң  талаптар  қояды,  олар  нақтылығымен,  мақсаттығымен 
ерекшелінеді.  Оқытушы  оқытылатын  мәселе  төңірегінде  студенттерді  қызықтыра,  кірістіре  алудағы 
біліктілігін,  олардың  іс-  әрекетін  бағыттай  отырып,  жалпы  қорытындылар  жасап,  өзіндік  жұмыс 
процесінде жеке дара көмек көрсету керек. 
 
ӘДЕБИЕТ 
 
[1]
 
Алибекова А.С Ағылшын тілін оқыту методикасы. –Алматы, Қазақстан 
[2]
 
Леонтьев А.А. Қазіргі кезеңдегі ағылшын тілін оқытудың кейбір жалпы мәселелері.- Алматы, Қазақстан. 1992. 
[3]
 
Т.В.Рогова, Т.Е.Сахарова «Методика обучения иностранного языка в средней школе» Москва: Россия, 1998. 162 бет 
 
REFERENCES 
 
[1]
 
Alibekova A.C Teaching method of  English- Almaty  
[2]
 
Leonov A.A Modern methods of teaching English Almaty -1992 
[3]
 
Rogova T.B, Saharova T.E Methods of teaching foreign language at high schools. Moscow, Russia, 1998. 162p 
 
Значимость аудирования при обучении английского языка 
Е.О.Артықова,  Ж.Т.Төлеухан,   ф.ғ.д.Б.Н. Ақшалова 
 
Казахский Национальный университет имени ал-Фараби, Алматы, Казахстан 
Новый Экономический Университет имени Т.Рыскулова, Алматы, Казахстан 
 
Ключевые слова: Аудирования, обучение навыкам, видеоаудирование, логические мышление. 
Аннотация:  В  статье  рассматриваются  некоторые  инновационные  методы  в  преподавании    английского языка,  а 
именно: Великие люди, метод аудирования - прослушивания текстов, и др.  
 
                                              
Поступила 05.03.2015 г. 
 
 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015  
 
 
125 
N E W S 
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 
SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES 
ISSN 2224-5294 
Volume 3, Number 301 (2015) 
 
UDC 81` 362:811  
 
The application of interactive methods in the organization  
of independent work of students in the classroom  of a foreign language 
 
Z.Zh. Bekmambetova, Zh.M. Akynova 
bzanipa@mail.ru 
Kazakh national technical university named after K.I. Satpayev, Almaty, Republic of Kazakhstan 
 
Key  words:  interactive  methods,  process  of  training,  students'  independent  work,  professional  activity, 
collective creative work.  
Аbstract.  At  present    in  higher  educational  institutions  great  attention  is  paid  the  improvement  of  students' 
independent  work.  In  the  organization  of    students'  independent  work  widely  used  various  interactive  methods  - 
business games, discussions, debates etc. We give a brief description of the types of interactive students' independent 
work.  For  the  formation  of  speech  activity  of  students  in  a  foreign  language  is  very  important  to  conduct  business 
games.  With  the  help  of  business  games  students  adapts  for  their  future  profession,  develop  norms  of  speech 
etiquette, enrich vocabulary, form of thinking. When conducting business games after the introduction, each student 
begins    a  specific  activities.  As  well  as  the  correct  organization  of  students'  independent  work  promotes  the 
development  of  speech  skills.  Organization  of  independent  work  -  is  a  joint  work  between  teacher  and  student 
towards the successful and timely performance tasks.   
 
УДК 81` 362:811  
 
Шетел тілі сабағында студенттердің өзіндік жұмыстарын  
ұйымдастыруда интерактивті әдістерді қолдану
 
 
З.Ж. Бекмамбетова, Ж.М. Акынова 
bzanipa@mail.ru 
Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы 
 
Қазіргі  кезеңде  жоғары  оқу  орындарындағы  оқыту  процесі  студенттердің  дербестігін  күшейту, 
шетел  тілі білімдерін өздігінен толықтыру  мәселесіне  баса көңіл аударып  отыр.  Дербестіліктің  дамуы 
олардың  алған  білімін  іс-жүзінде  еркін  қолдана  біліуінен  байқалады.  Ал,  дербестілікке  қол  жеткізу 
студенттердің  өзіндік  жұмыстарын  шетел  тілі  сабақтарында  тиімді  ұйымдастырумен  тікелей 
байланысты. Қазіргі таңда студент жастардың бойына білім беруде тек құрғақ дәріспен немесе семинар 
сабақтары мен дәріс беру мүмкін емес.  Жоғары оқу орындарында студенттер бойына білім нәрін беру 
мақсатында  оқудың  интерактивті  әдісін  қолдану  тиімді  болып  отыр.  Оқытудың  интерактивті  әдісін 
қолдану кезінде біз өмірлік жағдайларды жүйелі түрде қарастыра отырып, рөлдік ойындарға ене отыра 
бірлескен  түрде  шешім  қабылдаймыз.  Өзара  әрекет  кезінде  студент  іс-әрекет  субъектісі  болып 
табылады, ол студент өзінің өмірлік СӨЖ-ді ұйымдастыруда мынандай талаптар ескеріледі [1]: 
- тақырып мазмұны бағдарламаға қойылатын талаптарға сай келуі; 
- студенттердің ойлау қабілетін дамытуға сай болуы; 
- мазмұны жағынан әр түрлі мәселелерді қамтуы; 
- СӨЖ сабағының талаптарына сай болуы; 
- тапсырмалар жүйелі болуы; 
- СӨЖ сабағының түрлі формада ұйымдастырылуы және тағы басқа мәселерді қамтуы керек. 
Өздік  жұмыс  дегеніміз  –  студенттің  оқытушының  қатысуынсыз  және  сабақтан  тыс  уақытта  оқу 
жоспарында (силлабуста) белгіленген тапсырмаларды орындап, атқарған жұмысы туралы жазбаша есеп 
немесе ақпарат беруі. 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
126  
Өздік  жұмыста  студенттер  алған  теориялық  білімдерін  талдап,  қорытынды  мен  тұжырымдар 
жасап, оларды практикада қолдануға үйренеді. 
Өздік  жұмыс  студенттің  өз  біліміне  деген  жауапкершілігін  арттырып,  өз  білімінің  мазмұндық 
траекториясын  анықтауға  және  қолданатын  әдіс-тәсілдерді  талдауға  баулиды.  Бүгінгі  күні  мұндай 
біліктерді меңгеру білім алу процесінің басты мақсатына айналып отыр. 
Оқытушы  өздік  жұмысқа  тікелей  қатыспай,  оны ұйымдастырып,  сұрақтар  мен  тапсырмалар  беру 
арқылы студент еңбегінің тиімділігіне сырттай ықпал жасайды. 
Өздік  жұмыстарды  ұйымдастырғанда  репродуктивтік  (қайталау  мен  есте  сақтауға  негізделген) 
тапсырмалардан  мүмкіндігінше  бас  тарту  керек.  Ондай  жұмыстардың  қатарына  шығармашылықтың 
тобы жоқ келесі әрекеттер жатады:  
• ұсынылған әдебиетті конспектілеу; 
• анықтамаларды (түсініктерді, мәтіндерді) көшіру, жаттау; 
• әртүрлі ақпарат деректерінен көшірген рефераттарды дайындау. 
Бұл  жерде  әсіресе  рефераттарға  тоқтап  кеткен  абзал,  өйткені  біз  осы  атаудың  бастапқы  мәнін 
ұмытып,  оны  «бірнеше  ақпарат  көзінен  көшірілген  жазбаша  жұмыс»  деп  түсінеміз.  Сол  себепті  де 
студент  берілген  тақырып  (проблема,  мәселе)  бойынша  екі-үш  кітаптан  өзі  жасаған  қисынды 
құрылымға сәйкестендіріп бірнеше абзац немесе бетті өзгертпестен көшіріп, еш сілтемесіз бүтін жұмыс 
түрінде оқытушының тексерісіне ұсынады. 
Алайда «реферат» дегеніміз 1) «әдеби және басқа деректерге жасалған шолудан тұратын белгілі бір 
тақырып бойынша жасалған баяндама»; 2) «ғылыми жұмыстың кітаптың, т.б. мазмұнын баяндау» [2]. 
Реферат  сонымен  тек  қана  ойсыз  көшіру  емес,  реферат  таңдалған  тақырып  бойынша  ақпарат 
көздеріне  талдау  мен  сараптау  жасау,  оларға  баға  беру.  Рефераттан  студенттің  «МЕН»  тұжырымы 
көрінуі керек. Ол үшін студент етістіктің бірінші «МЕН» жағын ұстанып, ақпарат көздеріндегі пікірлер 
мен  үйғарымдарды  жақтап,  не  оларға  қарсы  шығып,  оларға  үнемі  сілтеме  жасап  отыруы  керек. 
Рефератта сілтеме тек төл сөз түрінде емес (яғни, цитата түрінде бұлжытпай алынған формада), төлеу 
сөз  формасында  болуы  керек.  Мәселен,  «мына  шығармада  (немесе  мына  автор)  былай  дейді,  ал  анау 
шығармада олай дейді» деген сыңайда. 
Қазіргі  кезде  жоғары  оқу  орындарында  студенттердің  өзіндік  жұмыстарын  жетілдіруде  белсенді 
әдістерді  пайдалануға  ерекше көңіл бөлетіндігіне мән  беріп  отыр.  Студенттердің  өзіндік жұмыстарын 
ұйымдастыруда  көптеген  интерактивті  әдістер  –  іскерлік  ойындар,  дебат,  дисскуссия  т.б.  кеңінен 
қолданылады.  
Интерактивті  СӨЖ  түрлеріне  қысқаша  сипаттама  берейік.  Студенттердің  көркем,  шетел  тілінде 
шебер  сөйлеуге  дағдыландыруда  іскерлік  ойын  аса маңызды.  Іскерлік  ойын  арқылы  студент  болашақ 
мамандағына  бейімделіп,  дұрыс  сөйлеу  нормаларын  меңгеріп,  тіл  байлығы  молайып,  ой  қорытуы 
қалыптасады.  Іскерлік  ойынды  жүргізгенде,  алдымен  кіріспе  сөзден  соң  студенттер  нақты  іс-әрекетке 
жұмылдырылады,  яғни  әрқайсысы  өздеріне  тиісті  жұмыстарды  орындайды.  Яғни,  іскерлік  ойындар 
студенттер арасындағы ынтымақтастықты қалыптастырады, қандай жағдайда да бір-біріне жәрдемдесу 
секілді  қасиеттерге  тәрбиелейді.  Іскерлік  ойындар  маманның  болашақ  мамандығының  пәндік  және 
әлеуметтік  мазмұнын жаңғыртудың  формасы,  осы  әрекетті  бүтіндей  сипаттайтын қатынастар  жүйесін 
үлгілеу болып табылады. Ол – болашақ кәсіптің практикасының жағдайы (шарттар үлгісі, кәсіби әрекет, 
өндіріс  диалектикасы)  мен  әлеуметтік  жағын  имитациялайтын  ұжымдық  оқу  әрекетінің  формасы. 
Таңбалық  құралдар  көмегімен  (тіл,  сөйлеу,  графиктер,  кестелер,  құжаттар)  іскер  ойында  шынайы 
өмірдегіге ұқсас кәсіби жағдай тудырылады, мұнда тек қысқа мерзімді қамтитын жалпылама сипаттағы 
жиі кездесетін жағдай ғана қарастырылады. Мысалы, емтихан сессиясы бір ойын сабағында жүргізілсе, 
ал мекеменің дамуын перспективалық жоспарлау бір сабақ көлемінен бір күнге дейін созылуы мүмкін. 
Ойынға  қатысушы  оқу  және  кәсіби  элементтері  бар  әрекеттерді  жасайды.  Білім  мен  білік  болашақ 
кәсібінің  контекстінде  меңгеріледі.  Кәсіби  біліммен  қатар  арнаулы  құзіреттілікті  және  шетел  тілінде 
сөйлеу,  ойлау  қабілеті  –  өзара  қарым-қатынас  жасау  мен  адамдарды  басқару  дағдысын,  басқара  және 
бағына білуді  игереді.  Ойын  барысында  кәсіби  әрекеттердің  нормасы  мен  әлеуметтік  қатынастардың, 
яғни нақты өндірістік жағдайлардағы ұжымның қатынастарының нормалары меңгеріледі. 
«Ми штурмы» – СӨЖ-дің ұжымдық шығармашылық әрекеттерді белсендірудің тиімді әдісі. Оның 
идеясы – бір топқа болжам айтқызып, екіншісіне оған сыни баға бергізу, сол арқылы шығармашылық 
ойлауға, сыннан қорықпауға үйрету. 
Жүргізу  ережесі:  жетекші  басқаруымен  шешуі  тиіс  мәселе  қойылады.  Бірінші  кезеңде  «Идея 
генераторлары»  тобы  берілген  уақытта  (20-40  минут)  мүмкіндігінше  көп  кез  келген  болжамдарды 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015  
 
 
127 
айтады.  Идеялар  (әрқайсысына  2  минуттан)  үздіксіз  айтылып,  бірін-бірі  жалғастырып,  дамытып, 
толықтырып  отыруы  тиіс,  дәлелдеудің  қажеті  жоқ.  Идеяларға  бұл  кезеңде  ешқандай  сын  айтуға, 
келемеждеуге  болмайды.  Келесі  кезеңде  екінші  сарапшылар  тобы  ұсынылған  идеяларға  пікір  айтады, 
қатаң  сараптау  жүргізіп,  болжамдардың  ішінен  дұрысы  тексеріліп  алынады.  «Штурм»  барысында 
шешілмеген  мәселе  сол  ұжымға  мағынасы  өзгермей,  айтылуы  өзгертіліп  беріледі.  Идея  айтуды 
белсендіру үшін қолданылатын тәсілдер: инверсия (керісінше істеу), аналогия (басқа шешімдерге ұқсас 
етіп жасау), эмпатия (өзіңді осы есепке қатысым бар, бір бөлігімін деп санау арқылы сезіміңді анықтау), 
фантазия  (фантастикалық  бір  нәрсе  жасау).  Жасалынған  болжамдар  10  балдық  жүйеде  бағаланып, 
барлық сарапшылардың берген бағасының орташа мәні есептелінеді . 
Жазбаша «Ми штурмында» мәселенің, тақырыптың шешіміне болжам жасау жазбаша жүргізіледі, 
одан  әрі  ұйымдастырылуы  ауызша  «Ми  штурмына»  ұқсас.  Қатысушылардың  бір-біріне  ықпалы 
болмайды. 
Жекелей  «Ми  штурмында»  болжамды  айтушы  (оған  10-15  минут  беріледі)  және  бағалаушы  бір 
ғана адам болады, өзі айтқан болжамды 2-3 күн өткен соң бағалайды. 
Кері  «Ми  штурмы»  айтылған  болжамдардың  қарама-қайшылығын,  кемшіліктерін  неғұрлым  көп 
сынауға негізделген. 
Кейс-стади  –дискдағы,  кассетадағы  немесе  стендтегі  нақты  өмірдегі  факт,  дәйек,  дәлелдемелерді 
қолданып  оқытудың  интерактивті  әдісі,  оның  барысында  білім  алушылардың  тобына  студенттің 
болашақ мамандығына қатысты нақты өмірдегі кәсіби мәселені шешу ұсынылады, олар оны ары қарай 
талқылап, алынған нәтижелерді талдап, шешім шығарады. Бұл жағдаяттық оқыту әдісін түрлі шетелдік 
жарияланымдарда жағдаяттарды (ситуация) зерттеу әдісі (case studies), істер тарихы (case stories) немесе 
кейс  әдістері  (case  methods),  ал  отандық  жұмыстарда  нақты  жағдаяттық  әдіс,  іскер  жағдаяттар  әдісі, 
кейс-әдіс  деп  те  атайды.  Кейс-стади  нақты  ғылымдар  бойынша  білім  алу  ғана  емес,  танымдық 
сұрақтарға  бірнеше  жауабы  болуы  мүмкін  пәндерде  қолданылады,  нәтижесінде  студенттер  тек  білім 
ғана емес, кәсіби дағдыны да алады.  
Кейс-стади кезеңдері:  
• оқытушы кейсті ұсынады;  
• топтың әр мүшесі сипатталған жағдайды зерттеп, проблеманы анықтайды;  
• шағын топтар оны шешудің нақты жолдарын (жеке шешімдердің нұсқаларын) ұсынады; 
• талқылау мен пікірталастың нәтижесінде әр шағын топ бір шешімге келеді.  
Оқытушы  қатысуымен  өтетін  талқылауда  топтар  проблема  бойынша  өз  шешімін  дәлелдеуге 
тырысады.  Ортақ  бір  шешімнің  болуы  міндетті  емес.  Мысалы:  «мекеме  кейсінде»  мекеменің 
сипаттамасы  беріліп,  студентке  мекеме  жағдайына  талдау  жасау  ұсынылады,  ол  үшін  бірнеше  сұрақ 
қойылуы мүмкін. Талдау үшін студент өзінің теориялық білімін қолданады. 
Жоба әдісі – студенттің бірнеше пәннен алған білімдерін қолдана білуіне негізделіп, көбіне топпен 
орындалатын,  пәнаралық  сипатта  болады.  Жобаны  студенттер  өздері  орындайды,  оқытушы  тек  кеңес 
беріп,  бағыттап  отырады.  Дәстүрлі  оқыту  жүйесіндегі  курстық  жоба  студенттің  жекелей  орындауына 
негізделген. 
Біліктілікті  және  дағдылардың  дамуына  студенттердің  өзіндік  жұмысын  дұрыс  ұйымдастыру 
септігін  тигізеді.  Өзіндік  жұмысын  ұйымдастыру  –  бұл  тапсырманы  уақытында  және  жетістікпен 
орындау үшін қажет шарттарды құруға бағытталған оқытушы мен студенттердің бірлескен жұмысы. 
Өзіндік жұмысын ұйымдастыру формалары әр түрлі болуы мүмкін, алайда, өзіндік жұмыстың кез-
келген  формасы  оқытудың  компетентті-бағытталған  шешіміне  толық  көлемде  сәйкес  келуі  тиіс. 
Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру кезінде интерактивті оқытудың әдістерінің бірі ретінде – 
студенттерде  анализдеу  және  өзіндік  даму  процесін  бағалай  білуді  қалыптастыруды,  зерттейтін  пән 
бойынша теориялық және практикалық ақпаратты өз бетінше ізденуге қабілетін дамытуды, мәселелерді 
және  оларды  тиімді  шешуді  анықтай  білуді  дамытуға  мүмкіндік  беретін  –  жобалар  әдісі  болып 
табылады. Сондай-ақ, осы әдісті пайдалану студентке шетел тілінде алынған білімді болашақ кәсібінде 
практикалық  іс  жүзінде  қолдану  мақсатында  кризистік  анализдей  білу  қабілетін  дамытуда,  жұмыс 
істеудің  пән  аралық  дағдыларын  дамытуда,  топта  жұмыс  істеу  арқылы  коммуникативті  дағдыларды 
игеруде көмек болады. 
СӨЖ-ты  орындау  үшін  студенттерге  жоба  әдісі  арқылы  кез-келген  тақырыптың  ұсыныла 
бермейтінін атап кету керек. Жобалар әдісіне қойылатын негізгі талаптарды тізейік : 
• іс жүзінде құндылығы болуы керек; 
• студенттердің өз бетінше зерттеулерді жүргізуін шамалау; 
• жұмыс істеу кезінде де, аяқталу кезінде де бірдей деңгейде болжамсыз болуы керек; 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
128  
• жұмыс бағытында және оны орындау жылдамдығында төзімді болуы керек; 
• өзекті мәселерді шешу мүмкіндігін ұйғара білу; 
• студенттің қабілетіне орай оқуына мүмкіндік беру; 
• кең ауқымдағы мәселені шешу кезінде студент қабілетінің ашылуына көмектесу; 
• студенттер арасында өзара іс-әрекетіне болысу. 
Жобалар  әдісіне  пайдалану  тек  қана  ақпаратты  белсенді  түрде жинау  идеясын  жүзеге  асыру  ғана 
емес, сондай-ақ, жұмыс процесінде ақпаратпен зерттеу икемділігін дамытуға мүмкіндік береді. Жобалар 
әдісінің  нәтижелері  студенттерде  тақырыпты  зерттеуде  өздігінен  бағытты  анықтай  білу,  мәліметтер 
ағынын  анализдей  білу,  кілттік  сөздерді  бөліп  алу,  өз  бетінше  қорытынды  жасай  білу  сияқты 
қасиеттерінің  даму  деңгейін  бағалай  алады.  Жобалар  әдісі  студенттерді  оқытушылармен  бірдей 
деңгейде зерттелетін тақырыпты талдауды, мәселелік сұрақтарды талдау кезінде әртүрлі көзқараста өз 
пікірін айта білуін қамтамасыз етеді. 
Болашақтағы пәндерді зерттеуде жобалар әдісі – зерттелінетін курстар арасында өткен материалды 
қолдана  білудің  нұсқасы  бола  алады.  Әрине,  оқытушы  үшін  жоба  студенттің  арнайы  білім  мен 
дағдыларды интегралдай білуін, белгілі бір икемділігімен прогресске жетуін көрнекті түрде көрсетеді, 
ал  студент  үшін  –  жеке  басынан  өткен  тәжірибесін  түсіне  білу  процесіне  мысал  болады,  өзінің  қол 
жеткізген жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді. Осыдан басқа, жобалар әдісі оқу 
үрдісін  ұйымдастырудың  басқа  инновациялық  педагогикалық  технологияларымен  бірге  студенттердің 
жоғары  деңгейдегі  компетенциясын  (іс-әрекеттің  белгілі  бір  аймағында  тиімді  шешім  қабылдауға 
мүмкіндік  беретін  білімді  ұйымдастырудың  типі)  қамтамасыз  етуге  қабілетті.  Сондықтан,  біздің 
ойлауымызша,  жобалар  әдісі  интерактивті  оқыту  әдісі  ретінде  студенттердің  өзіндік  жұмысын 
ұйымдастыру және жүзеге асыру кезінде оқу үрдісінде кеңінен ұсынылуы тиіс. 
Егер  СӨЖ  оқытушы  тарапынан  қадағаланбай  және  дұрыс  бағаланбаса,  онда  студенттің  оның 
орындалуына  аса  назар  аудармайтынын  және  жеткілікті  уақыт  бөлмейтінін  атап  өту  керек.  СӨЖ-ді 
объективті  тексеру  оқытушының  уақыт  бөлгенін  талап  етеді.  Мысалы,  жоба  нәтижелері  бойынша 
дайындалған  баяндамалар,  рефераттар  және  презентациялар  студенттердің  қатысуымен  пресс-
конференция түрінде өткізілген сабақта тыңдалынып, талданып және бағалануы мүмкін . 
Жобалау кезеңдері: [3] 
• жобаны дайындау (тақырыбы мен мақсатын айқындау);  
• жоспарлау (ақпарат көздері мен ақпартты алу тәсілдерін, , жобаның міндеттерін анықтау);  
•  ақпаратты  іздеу,  зерттеу,  қойылған  міндеттерді  шешу;  алынған  нәтижелерді  талдау,  шешім 
шығару;  
• нәтижелер бойынша есеп беру (ауызша, жазбаша); 
• жоба жұмысының бағалануы. 
Жоба  жұмыс  студенттің  қызығушылығы,  жеке  ерекшелігі,  талабы  мен  алға  қойған  мақсатына 
байланысты болады. Студенттер бір жобаның аясында ізденушілік те, шығармашылық та, ақпараттық 
та  жұмыстар  жүргізеді.  Жоба  жұмысын  орындау  барысында  олар  шығармашылықпен  ойлауға,  өз 
әрекетін  жоспарлауға,  жоба  бойынша  алдына  қойған  міндеттерді  шешуге,  алдын  ала  болжам  жасай 
білуге  және  жұмыс  істеу  мәдениетіне  үйренеді.  СӨЖ  сабақтарында  материалды  сараптау,  арнайы 
пәндерден  алған  білімдерін  пайдалану,  материалды  сұрыптап,  таңдай  отырып,  ақпаратты  қорыту, 
шеуші  сөздермен  тірек  сөйлемдерін  өлшеу,  логикалық  реттілікпен  баяндау  т.б.  дағдыларын 
қалыптастыруға жетелейді. 
Телекоммуникациялық  жобаны  –  (авторы  американдық  философ  және  педагог  John  Dewey  [4] 
(1859-1952))  телекоммуникацияның  техникалық  мүмкіндіктерін  жоба  әрекетімен  біріктірудің  әдісі, 
нақты  өмір  проблемасын  шешуде  студенттің  өзін-өзі  ұйымдастыру  және  өзіндік  оқуы  арқылы 
оқытушыдан  тәуелсіз  болуыны  негізделген.  Оқытушының  қызметі  координатор  және  консультант 
түрінде  болады.  Компьютерлік  желі  көмегімен  басқа  оқу  орындарының  білім  алушыларымен  бірлесе 
отырып  оқу  мақсатына  бағытталған  жобамен  жұмыс  істеудің  педагогикалық  тиімділігі  жоғары 
екендігін (мысалы, АҚШ тәжірибесі) өмір көрсетіп отыр. 
Е.С.Полат  телекоммуникациялық  оқу  жобасын  компьютерлік  телекоммуникацияға  негізделіп 
ұйымдастырылған,  ортақ  проблемасы  мен  мақсаты  бар,  бірлесе  отырып  нәтижеге  жетуге  бағытталған,  осы 
проблеманы  шешудің  келісілген  әдістері  мен  тәсілдері  бар,  оқушы-серіктестердің  бірлескен  оқу-танымдық, 
зерттеу,  шығармашылық  немесе  ойын  әрекеті  деп  анықтайды  [5].  Телекоммуникациялық  жобаны  жүргізу 
оқытушы  мен  студенттердің  арнаулы  және  жеткілікті  түрде  дайындығы  болуын,  жоба  құрылымын  нақты 
анықтауды, аралық және қорытынды нәтижені ескере отырып ұйымдастыруды талап етеді. 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015  
 
 
129 
Эссе  –  тақырыптың  еркін  дәлелдемесімен  сипатталатын  сын,  публицистиканың  жанры,  оқу 
орнында жазбаша шығармашылық жұмыс формасы түрінде, оқу курсы немесе оның модулі аяқталғанда 
студенттердің алған білімін тексеру мақсатында қолданылады. 
Дәлелденген эссе (аргументтелген) – студенттерді өз ой-пікірін дәлелдей білуге үйрететін жазбаша 
жұмыс  түрі.  Эссе  жазар  алдында  студент  көп  материалды  оқып,  түсініп,  дәйек  келтіретін  ақпаратты 
іріктей  білуі  керек.  Студент  зерттеу  тақырыбының негізгі  проблемаларын  анықтап,  шешудің  идеясын 
ұсынады, оны дәлелдеп, сәйкес ақпарат көздерін көрсетеді. Эссе студенттің ойлау қабілетінің дамуына, 
яғни айтар ойын құрастырып, айқын жеткізуге, жүйелей білуге, материалды құрылымдай білуге, дәйек 
ретінде келтірілетін фактілерді таңдай және бағалай білуге, логикалық бірізділікті сақтауға ықпал етеді. 
Жазбаша түрдегі пікірталастық эссенің құрамы міндетті түрде 4 бөлімнен: 
–  кіріспе  пікір  (пікір,  цитата,  сұрақ,  факт  және  т.б.,  яғни  оқырманды  ары  қарай  оқуға 
жетелейтіндер); 
–  тезистік  пікір  (эссені  басқаратын,  негізгі  ойды  көрсететін  пікір,  әдетте  кіріспе  бөлімнің  соңғы 
сөйлемі болады); 
–  презентация  (негізгі  пікірдің  дәлелдемелері  келтіріледі,  болжалды  қарама-қарсы  пікірлер 
ескеріліп, соған да жауап беріледі, оның әлсіз тұстары көрсетіліп дәлелденеді); 
–  қорытындыдан  (дәлелдердің  синтезі,  тезис  пікірдің  қайта  айтылуы  және  қорытынды  пікір) 
тұрады. 
Пікірталас,  дебат,  тренинг,  дөңгелек  үстел,  сөзсайыстар  сияқты  өздік  жұмыс  түрлері  –  бұл  өз 
бетімен  ойланып  және  шешім  қабылдай  алатындықтарын  көрсету  үшін  студенттердің  топтық  немесе 
ұжымдық  түрде  проблемалық  сипаттағы  сұрақтарды  пікірталас  немесе  ойын  жағдаяттарында 
талқылауы.  
Пікірталас – топпен бірге жұмыс істеуде шешім қабылдаудың қарқындылығын арттыру тәсілі; студенттің 
ұжыммен  бірге  әрекетін  белсендіру  арқылы  оқу  үрдісінің  тиімділігі  мен  қарқындылығын  арттыру  әдісі; 
проблеманың шешімін топпен бірге іздеп, талқылап, шешу жолдары дәлелді түрде ұсыну үрдісі. 
Тренинг – адамдардың топ ішінде өзара қатынас жасау, араласу, өзін-өзі тани білуі мен дағдысын 
қалыптастыратын  топтық  әдістердің  жиынтығы.  Тренингтің  негізгі  құралдары  рөлдік  ойындар  мен 
пікірталастар  болады,  көбінесе  адамдармен  аса  жиі  қарым-қатынасы  бар  мамандықтардың  болашақ 
мамандарына  (мұғалім,  дәрігер,  қызмет  көрсету  саласы,  банк  маманы  және  т.б.)  сол  саланың  кәсіби 
коммуникативтік  дағдыларын  қалыптастыру  және  дамыту,  соған  студенттерді  даярлау  үшін 
қолданылады. 
Дебат – студент тілін дамытудың бір жолы. Студент дебат барысында түрлі тақырыпта сөйлеуге, 
пікір  таластыруға,  өз  ойын  дәлелдеуге,  басқаның  пікірінің  қате  екенін  дәлелдеуге  жаттығу  арқылы 
шебер сөйлеуге жаттығады, дағдыланады. Дебатта студенттердің сөйлеу мәдинетін арттырып, олардың 
топ  алдында  өзін-өзі  талдай  білуге,  басқаны  тыңдай  білуге,  өз  көзқарасын  дәлелдей  білуге,  сауатты 
сөйлей  білуге  үйрететін  тапсырмалар  беріледі. Дебат  кезінде студент  ойлана отырып, шебер  сөйлеуге 
деген мүдделігін арттырады.  
Дебат арқылы бірнеше шешім бар, күрделі, қайшылықтардан тұратын мәселеледі шешуге үйренуге 
болады.  
Демек,  дебат  студентті  өз  ойын  басқаға  дұрыс  жеткізе  білуге,  дәлелдей  білуге,  пікір  таластыра 
бәлуге бағыттайды. Дебат кезінде студенттер әр аргументке дәлелді пікір айтып, тақырыпқа қатысты өз 
ойларын  жеткізе  білулері  тиіс.  Осы  айтылғандарды  тұжырымдай  келе,  тақырып  болған  мәселені 
студент  ойлау  арқылы  жинақтап,  қабылдайды,  қорытады;  тақырыпқа  сай  жинаған  деректерін  өзі 
айтатынын дәлелге қатысты жүйелейді; ойын қорыта отырып, белгілі бір шешімге келеді; студент пікір 
айтуға  тиісті  мәселеге,  сұраққа  өз  ойын  ауызша  немесе  жазбаша  түрде  білдіреді,  дәлелдейді,  бұл  өз 
кезегінде олардың шебер сөйлеуін қамтамасыз етеді. 
Студенттердің  шығармашылық  тұрғыда  ізденіп,  ойлау  қабілеттері  жетілуіне  ықпал  ететін  әдістің 
бірі-дискуссия.  Дискуссия  кезінде  студенттер  ойланып  сөйлеуге  дағдыланып,  сөздік  қорын 
толықтыруға  да  мүмкіндік  алады.  Дискуссияның  басты  ерекшелігі  –  онда  біріңғай  пікірге  келмеген 
күрделі мәселе талданады және өзінің құрлымы жағынан да басқаша болады. Дискуссия студент тілін 
дамытуға игі әсері бар өйткені талқылау, пікір айту кезінде студент сөзге араласып, өз ойын дәлелдей 
білуі  тиіс.  Мысалы:  баяндама  жазу  студентті  сыни  қабылдау,  қорыту  және  іскерлік  этиканың 
ережелерін сақтау т.б. әрекеттерді орындауға төселдірді. 
Студенттердің  өз  бетінше  жұмыс  істеу  деңгейін  көтеруге  және  ғылыми  әдебиеттерді  картотека 
жасап,  тиімді  пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Бұл  тапсырмалар  студентердің  ізденушілігін,  танымдық 
қызығушылығын, шығармашылық қабілетін, кәсіби ізденушілігін дамытатыны айғақ.  

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
130  
Өзіндік  жұмыс  студенттердің  пәнді  жүйелі  түрде  меңгеру,  игерілген  білім,  білік,  дағдыларды 
бекіту, дәріс және тәжірибелік сабақтарына жан-жақты дайындалуын қамтамасыз етеді. 
Өзіндік жұмыстың маңыздылығы мен оның қажеттігі туралы ғалымдардың пікірлеріне тоқталатын 
болсақ: 
А.Дистервег: «өзбетінше әрекет ету – өздігінен білім алуға жетелейтін таным еркіндігі», - деген [6]. 
К.Д.Ушинский:  «өз  бетінше  жұмыс  –  оқытуда  жетістікке  жеткізудің  бірден-бір  жолы.  Себебі  өз 
бетінше жұмыс білім алушыға «мұғалімнің көмегінсіз» жаңаны табуға, білуге ұмтылуға негіз болады»,- 
деп көрсеткен [7]. 
Ы.Алтынсарин:  «Маңыздысы-оқушының  өз  бетінше  ойлана  білуі…  Оқыту  методтары-балалардың 
жүре келе мектепке, сабаққа, кейіннен ғылымға, өз бетімен білім алуға құмарландыратын жол», - дейді [8] . 
Ғалым  Асхат  Әлімов:  «өзіндік  жұмыс  студенттің  оқытушының  қатысуынсыз  және  аудиториядан 
тыс  уақытта  оқу  жоспарында  (силлабуста)  белгіленген  тапсырмаларды  орындап,  атқарған  жұмысы 
туралы жазбаша есеп немесе ақпарат беруі», - деп көрсеткен [9]. 
Демек, студенттің өзіндік жұмысы – оқытушының қажетті нұсқаулары бойынша орындалатын, оқу 
жұмысының бір түрі. 
Студенттердің  өз  бетінше  жұмысы  тек  қана  оқытудың  педагогикалық  әдістері  мен  құралдары 
ретінде ғана емес, зерттеудің нысаны ретінде де танылады. 
Өзіндік  жұмыста  студенттер  алған  теориялық  білімдерін  талдап,  қорытынды  мен  тұжырымдар 
жасап,  оларды  тәжірибеде  қолдануға  үйренеді.  Жалпы  алғанда  өзіндік  жұмыс  студенттің  өз  біліміне 
деген  жауапкершілігін  арттырып,  өз  білімінің  мазмұндық  траекториясын  анықтауға  және  қолданатын 
әдіс-тәсілдерді  таңдауға  баулиды.  Бүгінгі  күні  мұндай  біліктерді  меңгеру  білім  алу  үрдісінің  басты 
мақсатына айналып отыр.  
Интерактивті  оқыту  әдістері  студентердің  өз  өмір  тәжірибесіне,  біліміне  сүйенуіне  негізделген. 
Сондықтан  да  олар  сабақта  ынтымақтастық  педагогикасының  жүзеге  асуына,  бірлесіп  әрекет  етуге, 
сабақта жайлы да жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік жасайды.  
Қорыта  келгенде  оқу  үдерісінде  өз  бетінше  жұмыс  деп  –  белгілі  уақыт  ішінде  алға  қойған 
дидактикалық  мақсатты  орындауға  бағытталған  білімді  іздеу,  оны  ұғыну,  бекіту,  білік  және  дағдыны 
қалыптастыру және дамыту, білімді жүйелеу және талдап қорытуды айтамыз. 
Интерактивті  әдіс  бойынша  сабақ  барысында  студенттер  көп  сөйлеп,  оқытушылар  аз  сөйлеуге 
тиісті  болады,  бірақ  бұдан  оқытушының  рөлі  бәсеңдейді  деп  санауға  болмайды.  Оқытудың  басқа 
әдістеріне қарағанда, интерактивтік әдіс оқытушының жоғары белсенділік танытуын талап ететін әдіс. 
Сабақ  кезінде  оқытушының  көбінесе  тыңдаушы  рөлін  атқаруы  оның  процестен  шет  қалуы  болып 
саналмайды.  Сабақтың  жоспары  студенттер  өзара  талқылау  барысында  нені  ұғынуы  керектігін 
көрсетеді,  яғни,  оқытушы  студенттердің  іс-әрекетін  алға  қойған  мақсатқа  жетуге  бағыттайтын 
басқарушының міндетін атқарады. 
Интерактивті  әдісті  қолданатын  оқытушылар,  оқыту  өзара  әрекеттестік  барысында  анағұрлым 
табысты  өтетіндігіне  көз  жеткізіп  отырмыз.  Олар,  пікірталас  барысында  студенттердің  жылдам  оқып, 
есте сақтауының арта түскендігін байқаған. Оның негізгі себептері: 
•  студенттер  ақпарат  алумен  қатар,  өздерінің  белгілі  бір  мәселені  шешу  жолы,  тіптен  шешімнің 
дұрыстығын немесе қолда бар нұсқалардың ішіндегі озығы екендігін қисынды түсіндіруі керек; 
•  олар  ойларының  тереңдігіне  талпынады,  өйткені  қисынсыз  құрылған  тұжырымдар  да  тудыруы 
мүмкін; 
•  мәселені  шешу  барысында  студенттер  өздерінің  немесе  басқалардың  тәжірибесіне  сүйенеді. 
Мұндай жалпы білім қоры әр студенттің білімінен көп болатындығы ақиқат; 
• студенттер де үйренеді, ол студенттерден жаңа білімдер алуы мүмкін. 
Интерактивті әдістер әмбебап болып табыла ма? 
Жоқ,  интерактивті  әдістер  ешқандай  жағдайда  да  сабақ  өткізудің  лекциялық  нысанын  алмастыра 
алмайды,  бірақ  лекциялық  материалдарды  жақсылап  меңгеруге  бейімдейді,  ең  маңыздысы  сол, 
пікірлерді, қатынастарды, мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады. 
Оқудың интерактивті әдістерін пайдаланудың жағымды сәттері немен тұжырымдалады? 
Интерактивті әдістерін пайдалану кезінде оқытушының рөлі күрт өзгереді, ол тек қана процестерді 
реттеп  отырады  және  оны  жалпы  ұйымдастырумен  айналысады,  қажетті  тапсырмаларды  алдын  ала 
дайындайды  және  сұрақтарды  немесе  топтарда  талқылауға  арналған  тақырыптарды  қалыптастырады, 
кеңестер береді, белгіленген жоспардың орындалу тәртібі мен уақытына бақылау жасайды. 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015  
 
 
131 
Қатысушылар  әлеуметтік  тәжірибеге  –  өзінің  немесе  басқа  адамдардың  тәжірибесіне  жүгінеді, 
сондықтан  оларға  бір-бірімен  коммуникацияға  түсуге,  берілген  тапсырмаларды  бірігіп  шешуге, 
кикілжіңдерді  болдырмауға,  жақындасудың  ортақ  нүктелерін  табуға,  ымырашылдыққа  баруға  тура 
келеді. 
Психологтар  оқу  қарым-қатынасы  жағдайында  дәл  қабылдаудың  жоғарылайтынын  қадағалаған, 
жаднама  жұмыстарының  нәтижелері  артады,  жеке  тұлғаның  –  назар  аудару  тұрақтылығы,  оны  тарата 
білу  сияқты  интеллектуалдық  және  эмоционалдық  өзіндік  ерекшелігі  дамиды;  қабылдау  кезінде 
қырағылығы; әріптесінің іс-әрекетін оның дәлелдері мен мақсаттарын талдау қабілеті артады. 
Ең маңызды шарттар – интерактив бойынша тренингтік оқытушылардың жеке қатысу тәжірибесі. 
Оны ойынға жеке өзі қатысу «ми штурмы» немесе сөзсайыс жолымен ғана үйренуге болады. 
Интерактивті әдіс міндеттердің көп түрлілігі және өзара әрекеттесу өмірлік тәжірибесі негізгі білім 
беру көзі болып табылады.  
Интерактивті әдістерді қолдану студенттердің бір-бірімен қатынас жасауына итермелейді. Адамдар 
бір-бірімен  қарым-қатынас  жасағанда  олар  ортақ  іс-әрекет  жасауға  қажеттілік  туындайды,  сонымен 
қатар  өзара  ақпарат  алмасу,  басқа  адамдарды  түсіну  туындайды.  Интерактивті  әдістер өзара  әрекетке, 
студенттердің  белсенділігіне,  топтық  тәжірилбеге  негізделіп  жасалынады.  Қорыта  айтқанда, 
интерактивті әдістер арқылы студент дайын білімді пайдалануға емес, оларды тәжірибе негізінде өзінің 
алуына  үйретеді, ал  бұл диалектикалық және шығармашылық  ойлауының  дамуына  әкеліп  соқтырады. 
Сонымен  қатар,  интерактивті  тәсілдердің  ерекшеліктерін  ескере  отырып  құрастырылған 
тапсырмаларды  орындау  студенттерге  оқытылып  отырған  тілдің  практикалық  тұрғыдан  қолдану 
нәтижесін, жемісін көруге мүмкіндік береді және осы жағдай олардың шетел тілін оқып үйренуге деген 
қызығушылығы арттырады. Сонымен қатар, оқушылар әрекетін белсендіру, оқу материалдарын, оқыту 
тәсілдері мен әдістерін жетілдіру сияқты негізгі педагогикалық мәселелерді іске асырады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет