Национальной академии наук республики казахстан



Pdf көрінісі
бет3/58
Дата03.03.2017
өлшемі5,06 Mb.
#5909
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58

 
 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
22  
ТАБЛИЦА 1 
 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015  
 
 
23 
 ғасырдың  екінші  жартысында  анық  байқалады.  Технологиялық  революцияның  төртінші  толқынының 
технологиялары,  бесінші  технологиялық  толқынның  әлемде  кең  таралу  кезеңіндеде  Қазақстанның 
өсуінің негізі болып қала берді.  
Технологиялық  қалып  болып  –  базистік  технологиялар  кешені  және  олармен  түйіндес 
техникалардың тұқымдары, конструкторлық материалдар, энергияны алу тәсілдері және транспорттық 
жүйе  түсіндіріледі.  Ол  кәсіби  кадрларды  дайындау  және  табиғи  ресурстарды  өндіруден  бастап 
өндірістік емес тұтынуға дейінгі өндірістік циклды қамтиды. Технологиялық қалыпқа жататын өндіріс, 
шамамен жұмысшы күшінің біліктілігіне, соңғы өнімнің және шікізат сапасының талаптарына сай бір 
техникалық деңгейге тең. Технологиялық қалыпты құраушы үрдістер, оның негізінде жатқан өндірісті 
ұйымдастыру  қағидалары,  техникалық  және  инжинерлік  шешімдермен  сипатталады.  Олардың 
кеңейтілуі энергия тасмалдаушы, сондай ақ,  конструкторлық материалдардың сәйкес түрлерін өндіру 
және  тұтынудың  өсуі  мен  анықталған  транспорттық  және  ақпараттық  инфрақұрылымның  дамуымен 
жалғасады және де өндірістік емес тұтынудың өзіндік түрін қалыптастыру мен белгілі бір біліктіліктегі 
еңбек ресурстарын қолдануға  сүйенеді.  
 Экономикалық  дамудың  ақырындау  және  жылдамдау  кезеңдерінің  кезектесуі  ұзақ  мерзімді 
әлеуметтік-экономикалық  динамиканың  маңызды  заңдылығы  болып  табылады.  Осы  кезеңде 
экономиканың технологиялық құрылымының қозғалысы орын алады, технико-экономикалық дамудың 
басымдақтары өзгереді.  
Жаңа  технологиялық  қалыптың  базистік  өндірісін  бірінші  болып  игеріп  бастаған  елдің  жетекші 
субъектілері  өндірістік  тәжірибе  жинайды,  сәйкес  басымдықтар  және  шет  елдік  нарықты  жаулайды, 
осының негізінде өздерінің технологиялық қалыптағы өмір сүру циклын ұзартады.  
Бұл  цикл  әлемдік  нарық  деңгейіндегі  берілген  қалыптағы  кеңейтілген  өндіріске  табысты 
инвестициялар тарту мүмкіндігінің сақталып тұрған уақытына дейін созылады.  
Халықаралық  сауда  және  капитал  ағымының  жағдайында,  өмір  сүру  циклының  соңғы  кезеңінде 
әртүрлі мемлекеттердегі технологиялық қалыптың таралу синхронизациясы орын алады және әрдайым 
көшбасшыларды 
өшіру 
мүмкін 
емес 
болып 
барады. 
Шаруашылық 
қызметті 
интернационализациялаудың  заманауи  жағдайында  технологиялық  қалыптың  болуы  және  араласуы 
жаһандық  сипатқа  ие  болып  барады  –    жаңа  өндірістік-техникалық  жүйелер  снаулы  жылдарда 
көшбасшы елдерден әлемдік нарыққа таралуда.  
Жаһандық  экономикалық  дағдарыс  қаржылық  аспектісімен  құрылымдық  компанентке  ие  болып 
отыр.  Ол  ағымдағы  технологиялық  қалыптың  орнын  жаңасы  басуымен  байланысты.  Қазіргі  таңда 
алтыншы  технологиялық  қалып  негізінде  жаңа  жаһандық  технологиялық  құрылымның  қалыптасуы 
орын алуда.  
Жаңа  қалыптың  базалық  технологияларын  жедел  игеру  артта  қалған  мемлекеттерге  дағдарыстан 
кейінгі  кезеңде  жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік  деңгейін  жақсартуға  ұмтылуға  мүмкіндік  береді.  Бұл 
мемлекеттер  ескірген  қалыптың  ауырлық  түсіретін  шығынды  қуаттарымен  аз  деңгейде  қамтылған, 
сондықтан бұларға озыңқы экономикалық өсудің қосымша мүмкіндіктері ашылады. Бұл Қазақстанғада 
қатысты. 
Қазақстанда экономиканың көпқалыптылығы қалыптасқан, бұл постсоветтік басқа елдерге де тән.  
Технологиялық  құрылымды  бағлауға  салалық  құрылымның  ерекшеліктері  әсер  етеді.  Жеке 
алғанда, Қазақстанда Ресейге қарағанда төртінші және бесінші технологиялық қалыптардың басымдығы 
көрсетілген азаматтық машина жасау және қорғаныс салалларының үлесі төмен және керінше үшінші 
және төмен қалыптарға жататын АӨК үлесі жоғары. Осыларды ескеріп Қазақстандағы технологиялық 
құрылым Ресейге қарағанда әлі толық жетілмеген деп қабылдауға болады. 
Бүгінде,  біздің  бағалауымыз  бойынша,  Қазақстан экономикасындағы  V  технологиялық қалыптың 
үлесі  1%,  IV  ТҚ  (технологиялық  қалып)–  шамамен  35%,  III  ТҚ  –  шамамен  65%.  Сонда  да  дамудың 
негізгі  бағыты  болып  төртінші  технологиялық  қалыпты  өсіру  болып  қала  береді.  Соңғы  жылдары 
бесінші  қалыптың  өнеркәсіптік  технологиялары  1%  құрағанда  да,  осы  қалыпқа  деген  өнеркәсіптегі 
инвестиция 60%-ға жетті (1 кесте).  
 
Кесте  2 – Өнеркісіп салалары бойынша негізгі капиталға инвестициялар   
  
2014  жылдың  каңтар-
қараша 
аралығындағы 
инвестициялар 
көлемі, 
млн. тенге 
Негізгі 
капиталға 
инвестициялардың 
жалпы 
көлеміндегі 
үлесі, % 
Өнеркәсіп,  барлығы 
3052578904 
100 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
24  
Төртінші қалып 
 
49,4 
Шикі мұнай өндірісі 
1115054475 
36,5 
Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру 
92140874 
3,0 
Металлургия өнеркәсібі 
278423396 
9,1 
Басқа  санаттарға  кіргізілмеген  машиналар  мен  жабдықтар 
жасау 
9304685 
0,3 
Ауылшаруашылығы 
және 
орманшаруашылығы 
техникаларының өндірісі 
2347574 
0,1 
Автокөлік құралдарын өндіру 
9482216 
0,3 
Теміржол  локомотивтерінің  және  қозғалмалы  құрамның 
өндірісі 
4384367 
0,1 
Бесінші қалып 
 
0,99 
Табиғи газ өндіру 
1027409 
0,01 
Компютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндірісі 
8976188 
0,3 
Электрондық жабдықтардың өндірісі 
8740876 
0,3 
Компютерлердің және қажет жабдықтардың өндірісі 
47442 
0,01 
Байланыс жабдықтарының өндірісі 
132223 
0,01 
Тұрмыстық электроника жабдықтарының өндірісі 
183 
0,01 
Өлшеуге,  тестілеуге  және  жаңартуға  арналған  құралдар  мен 
аспаптарды; қол сағаттарын және өзге сағат түрлерін өндіру 
49367 
0,01 
Медициналық  және  стоматологиялық  құралдар  мен  керек-
жарақтарды жасау 
150299 
0,01 
Электрлік жабдықтардың өндірісі 
6048283 
0,2 
Электро  қазғағыштар,  генераторлар,  трансформаторлар  және 
электр бөлетін және бақылайтын апараттар өндірісі 
2671727 
0,1 
Электр өткізгіштер мен электр өткізгіш құралдар жасау 
1374779 
0,01 
Электрожарықтандыру жабдықтарын жасау 
58626 
0,01 
Басқада электр жабдықтарының өндірісі 
393073 
0,01 
Ескертпе – www.stat.kz мәліметтері бойынша есептелген 
 
Эксперттік  бағалаулардың  шешіміне  сәйкес  Ресейдегі  бесінші  технологиялық  қалыптың  үлес 
салмағы  3%,  төртінші  қалып  -  48%  (шикізат  салаларында,  азаматтық  машина  жасауда  қолданылады), 
үшінші және қалдықтар (АӨК, үй шаруашылығы, қызмет көрсету) - 49%. 
Басқа бағалаулар бойынша, Ресейде үшінші қалып  55%, төртінші қалып 30% аспайды, ал бесінші 
қалып  5%.  АҚШ-та  бесінші  қалыптың  үлесі  60%,  төртіншіге  –  20%,  алтыншы  қалып  шамамен  5% 
құрайды.  
Қазақстан 
экономикасының 
технологиялық 
құрылымының 
дегродация 
және 
деиндустриализациясы  экономикадағы  құрылымдық  қозғалыстардың  кері  тенденцияларына 
байланысты.  Олар  2000  жылдар  шегіндегі  шикізат  факторлары  негізіндегі  экономикалық  көтерілудің 
кезінде басталған.  
Нәтижесінде экономикалық құрылымда мұнай өндіру, түсті металдар өндіру басым бола бастады, 
яғни,  төртінші  технологиялық  қалыпқа  жататын  салалар.  Олардың  өнеркәсіптік  өндіріс  көлеміндегі 
үлесі 60% жуық. Бұл уақытта, дамыған мемлекеттерде 1980 жылдардан бастап бесінші технологиялық 
қалып үстемдік алып экономикалық дамудың локомотиві болып отыр,  Қазақстанда онжылдықтар бойы 
бұл рөлді төртінші қалып орындап отыр. Қазақстан әлемдік экономикадан бір технологиялық қалыпқа 
қалып келеді деп айтуға болады (сурет 1). 
 
 
 
 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015  
 
 
25 
       1935             1960            1985                2010            2035
             2060 
III 
TУ 
IV 
TУ 
V TУ 
VI 
TУ 
III TУКаз 
IV  TУКаз 
V  Қаз.ТҚ 
Дамыған елдер 
Y –Технологиялық қалыптардың өсуінің сәйкестендірілген жалпы 
көрсеткіштері 
T - жылдар 


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ескертпе – авторлармен құрастырылған 
Сурет  1 – Қазақстанның технологиялық траекториясы 
 
Ұқсас  жылжулар  басқада  ТМД  елдерінің  экономикасында  орын  алған,  және  олар,  өндірістің 
деиндустриализациясына және төмен технологиялық басымдыққа, энергия сыйымды және экологиялық 
тиімді емес салалардың болуына әкеп соқты.  
Сонымен,  Украйнаның  шығарылған  өнерксіптік  өнімдері  көлемінің  58%  үшінші  технологиялық 
қалыпқа  жатады  (құрылыс  материалдары  өнеркәсібінің  технологиясы,  қара  металлургия,    кеме  салу, 
металл  өңдеу,  ағаш  өңдеу,  жеңіл,  целлюлоза-қағаз  өнеркәсібі),  38%  -  төртіншіге,  ең  жоғарғы  бесінші 
және  алтыншы  қалыптар  шамамен  4%.  Беларусияда  технологиялардың  79%  үшінші  немесе  төртінші 
технологиялық қалыпқа жатады және жоғарғыға 5,2%-ғана, ал 90-шы жылдары бесінші технологиялық 
қалыптың үлес салмағы 10% құрады.  
Соңғы  10-15  жылдағы осы  жерде үстемдік  алған басымдықтар,  үшінші технологиялық қалыптың 
өнеркәсіптік  өндірісінің  құрылымын  қалыптастырады.  Көптеген  өндірістердің  технологиялық  деңгейі 
шамамен  50  жылға  артта  қалып  келеді,  ал  бұл,  бәсекеге  қабілеттілік  тұрғысынан  алып  қарағанда  өте 
қауіпті тенденция болып табылады.  
Қазақстанның  жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік  деңгейін  төмендетіп  алғаны  кездейсоқтық  емес. 
2006-2007 жылдары Қазақстан 50 орында бола тұрып, 2011-2012 жылдары 72 орынға ие болады. Соның 
ішінде, Қазақстан «Технологиялық деңгей» көрсеткіші бойынша 82 ден 87 орынға, ал «инновациялар» 
көрсеткіші  бойынша 101  ден  116-ға  түсіп  қалды  (2 кесте).  Соңғы жылдары қайтадан  50  орынға  табан 
тіреді.  
Жаңа технологиялық қалыптардың көлемін кеңейтуге Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму 
(ҮИИД)  бағдарламасын  жүзеге  асыру  арқылы  қол  жеткізуге  болар  еді.  Бірақ,  бағдарламаға 
технологияларды  іске  асыру  бойынша  IV  технологиялық  қалыпты  өндіретін  жобалар  қосылған. 
Кеңестік  индустриализация  кезеңіндегідей,  басымдықтар  қайтадан  IV  технологиялық  қалыптың 
салаларына жататын металлургия, химия, мұнай өңдеу, энергетика сияқты капитал сыйымды жобаларға 
берілген.     
Алғашқы жарияланған жеті басымдықтың ішінде, расында, фармацевтика болған, кейіннен машина 
жасау, космос, туризм қосылды. Брақ «Самұрық-Қазына» басшылығының айтуы бойынша басты назар 
дәстүрлі  мамандандырылған  салаларға  беріледі.  Әртараптандыру  мұнай-газ  және  тау-кен  өндіру 
салаларының ішінде жергілікті сипатқа ие болуы керек.  

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
26  
Технологиялық  құрылымды  жетілдіру,  озық  технологиялық  қалыптардың  үлесін  арттыру  үшін, 
ҮИИД  бағдарламасына  екі  жылда  біррет  жүзеге  асыруды  көздейтін  өзгерістер  енгізу  барысында 
дамудың бірнеше түрлеріне (жылдамдықтарына)  бағдар алу қарастырылған.  
Бірінші  түрі  төртінші  технологиялық  қалыпты  таңдамалы  дамыту  міндетін  қажеттендіреді:  оның 
ядросы әлемдік экономика - авто - және трактор жасау, түсті металлургия, ұзақ қолданылатын тауарлар 
өндірісі, синтетикалық материалдар, органикалық химия, мұнай өңдеу және өндіру.  
 
Кесте  1 – Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілік деңгейі 
 
 Көрсеткіштер  
Ранг 
2006-
2007ж. 
Ранг 
2007-
2008ж. 
Ранг 
2008-
2009ж

Ранг 
2009-
2010ж. 
Ранг 
2010-
2011ж. 
Ранг 
2011-
2012ж. 
Ранг 
2012-
2013ж

Ранг 
2013-
2014ж. 
2006
ж. 
өзгер
істер 
Жаһандық 
бәсекеге 
қабілеттілік индексі 
50 
61 
66 
67 
72 
72 
51 
50 

I.  Экономикалық  өсу  және 
дамудың 
базалық 
факторлары 
57 
66 
74 
74 
69 
62 
47 
48 

1. Институттар сапасы 
73 
80 
81 
86 
91 
94 
66 
55 
18 
2. Инфрақұрылым 
67 
71 
76 
75 
81 
82 
67 
62 

3. 
Макроэкономикалық 
тұрақтылық 
14 
25 
74 
59 
25 
18 
16 
23 
-9 
4. Бастапқы білім беру және 
денсаулық сақтау 
83 
94 
81 
80 
85 
85 
92 
97 
-14 
II. 
Тиімділікті 
күшейткіштер 
49 
58 
64 
69 
71 
76 
56 
53 
-4 
5.  Кәсіби  даярлау  және 
жоғарғы білім беру 
51 
57 
59 
59 
65 
65 
58 
54 
-3 
6.  Қызмет  көрсету  және 
тауарлар 
нарығының 
тиімділігі 
54 
63 
80 
84 
86 
87 
71 
56 
-2 
7. 
Еңбек 
нарығының 
тиімділігі 
13 
15 
12 
18 
21 
21 
19 
15 
-2 
8. 
Қаржы 
нарығының 
дамығандығы 
60 
80 
97 
111 
117 
121 
115 
103 
-43 
9. 
Технологиялық 
дайындық деңгейі 
70 
77 
75 
69 
82 
87 
55 
57 
13 
10. Нарық көлемі 
57 
56 
55 
55 
55 
55 
55 
54 

III.  Бизнестің  дамуы  және 
инновация 
73 
84 
77 
78 
102 
114 
104 
87 
-14 
11. Бизнестік дамығандығы 
75 
85 
86 
88 
102 
109 
99 
94 
-19 
12. Инновациялар  
65 
75 
62 
64 
101 
116 
103 
84 
-19 
 
Ескертпе – дерек көзі [8,9,10,11,12,13,14,15] 
 
Екінші  түрін  бесінші  технологиялық  қалыпты  өндіруді  дамытудың  жоғары  таңдамалы 
қызығушылығы тұрғысында қолдану керек: оның ядросы – электронды өнеркәсіп, есептеу техникасы, 
бағдарламалық қамтамасыз ету, авиаөнеркәсіп, телекоммуникация, оптикалық талшықтар, робот жасау, 
газ өндіру және қолдану, ақпараттық қызметтер. Ал үшінші түрі болашақтағы алтыншы технологиялық 
қалыптың шығу бүршіктерінің алғы шарттарын қалыптастыруға мақсатты бағытталған, бұның ядросы 
биотехнология, космостық технологиялар, нанотехнологиялардан тұрады.  
Үш  түрдің  Республика  экономикасында  үзақ  уақыт  тұратындығын  күтуге  болады,  брақ 
мүмкіндігінше  өмір  сүру  циклының  бастапқы  кезеңдерінде  тұрған  технологияларға  басымдықтарды 
араластыруға  үмтылу  керек.  Сонымен  бірге  үшінші  технологиялық  қалыпты  қамтитын 
технологияларды  таратуға  (оның  ядросы  –  болат,  электр  энергетикасы,  ауыр  машина  жасау,  
неорганикалық  химия)  шектеулер  қою  керек,  себебі  олар  дамыған  елдермен  технологиялық 
алшақтықты ұлғайтады.   
Төртінші  технологиялық  қалыпты  таңдаулы  дамыту  стратегиясы  оған  кіретін  өндірістердің 
барлығын үдемелі дамыту дегенді білдірмейді. Басымдықтар ішкі және сыртқы нарықтарда болашағы 
бар  өндірістерге  берілуі  керек.  Мысалы  бұлар,  кейбір  түсті  металдар,  мұнай  өндіру  және  өңдеу.  Осы 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015  
 
 
27 
қалыппен  өсудің  шегіне  жетуіне  байланысты,  әлемдік  экономика  деңгейінде  импорттан  алынатын 
жетілген  технологияларға  мақсатты  бағдарланған  жөн.  Бұл  қалыпты  өте  дамытқанның  өзінде  ұлттық 
экономиканың  бәсекеге  қабілеттілігі  жалпы  жақсармайтындығын  түсінген  дұрыс.  Бұл  –  дамыған 
елдерден технология аясындағы артта қалуды сақтай отырып даму деген жол.     
Технологиялық  дамудың  деңгейін  көтеру,  ұлттық  экономиканың  технологиялық  өз  беттілігін  күшейту 
үшін  бесінші  технологиялық  қалыптағы  өндірістердің  жоғары  таңдамалы  дамуы  жағымдырақ  болып 
табылады.  Бұл жерде, басымдықтар кейбір жағдайларда шет елдік «ноу-хау»-ларды қолдана отырып қолдағы 
бар ғылыми-техникалық тетіктерді қолданысқа енгізуге (материализациялауға) берілу керек. Бұл бағыт өзіне 
келесілерді  қосады:  шалаөткізгіш  материалдары,  дайын  және  толықтырушы  электронды  жасалымдар, 
оптоэлектрониканы, байланыс құралдары, есептегіш техникалар, ақпараттық-өлшеуіш құралдары, тұрмыстық 
қажетті  құралдар,  ғылыми  құралдар,    лазерлік  техника,  ерекше  таза  заттар,  берілген  қасиеттері  бар 
материалдар, жоғары коэффицентті катализаторлар, биотехнологиялар. Осымен қатар бесінші технологиялық 
қалыптың  дамуы  шет  елдік  капиталды  тарту,  тарнсұллтық  кәсіпорындардың  келуі,  жинаушы  өндірісті 
ұйымдастыру аясындағы кәсіпкерлік бірлестіктер жолымен қамтамасыз етілуі керек.  
Дамудың  басты  жолы  –  алтыншы  технологиялық  қалыптың  озық  қозғаушы  өндірісінің  алғы 
щарттарын  қалыптастыру  болып  табылады.  Бұл  материалды-техникалық  алғы  шарттар  (заманауи 
коммуникацилар,  өңдеуші  өнеркәсіп,  инфрақұрылым,  қызмет  көрсету  саласы)  және  интелектуалды 
(білім  беру,  ғылымның  даму)  меншік.  Осы  жолда  ғылыми-техникңалық  көшбасшы  елдермен  арадағы 
алшақтаықты  қысқарту  бар.  Қолда  бар  білім  беру  және  ғылыми  әлеует  осы  бағыттағы  белгілі  бір 
жетістіктерге үміт етуге мүмкіндік береді. 
 
ӘДЕБИЕТ 
 
[1]
 
Тоффлер Э. Третья волна. М.:Издательство ACT, 1999– 784c. 
[2]
 
Кондратьев Н. Большие циклы конъюнктуры. М.: РАНИОН, 1928. 
[3]
 
Шумпетер  Й.  Теория  экономического  развития  (Исследование  предпринимательской  прибыли,  капитала, 
кредита, процента и цикла конъюнктуры)- М.: Прогресс, 1982.- 455с. 
[4]
 
Менш  Г. Технологический пат. Долговременные тенденции в капиталистическом производстве.  - М., 1985.  С. 
115-132. 
[5]
 
C.  Freeman  ‘Innovation,  Changes  of  Techno-Economic  Paradigm  and  Biological  Analogies  in  Economics’,  Revue 
Economique, vol. 42, no. 2, pp 211-232, 1991. Reprinted in The Economics of Hope, Pinter, London, 1992. 
[6]
 
Карлотта Перес  Технологические революции и финансовый капитал. Москва, 2011 – 232с. 
[7]
 
Глазьев С., Львов Д. Длинные волны:  НТП и социально-экономическое развитие.  - Новосибирск:  Наука, Сиб. 
отд., 1991.- 224 с. 
[8]
 
The Global Competitiveness Report 2006–2007// www.wef.org 
[9]
 
The Global Competitiveness Report 2007–2008// www.wef.org 
[10]
 
The Global Competitiveness Report 2008–2009// www.wef.org 
[11]
 
The Global Competitiveness Report 2009–2010// www.wef.org 
[12]
 
The Global Competitiveness Report 2010–2011// www.wef.org 
[13]
 
The Global Competitiveness Report 2011–2012//www.wef.org 
[14]
 
The Global Competitiveness Report 2012–2013//www.wef.org 
[15]
 
The Global Competitiveness Report 2013–2014//www.wef.org 
 
Экономика Казахстана в циклическом парадигме долгосрочного технико-экономического развития 
 
Днишев Ф.М.,
1
 Коргасбеков Д.Р.

Dastan1205@mail.ru
 
1
Главный научный сотрудник Института экономики КН МОН РК. 
2
Докторант PhD Университета Международного Бизнеса, город Алматы. 
 
Ключевые  слова:  технология,  инновационная  технология,  цикл  экономического  развития,  технологическая 
революция, парадигма циклического развития.  
Аннотация.  В  статье  рассматривается  циклическая  парадигма  развития  мировой  экономики,    этапы 
технологической  революций  и  характеристика  технологических  укладов.  Определена  технологическая  траектория 
Казахстана.  Сделан  анализ  инвестиции  на  технологические  уклады  по  сферам  промышленности.  Увеличение  пятого  и 
шестого технологического уклада в сферах промышленности показано как основной путь развития.  
 
Сведение об авторах:  
1
Днишев Фархат Мусаевич, Главный научный сотрудник Института экономики КН МОН РК.   
2
Коргасбеков Дастан Рахметоллаевич, Докторант PhD Университета Международного Бизнеса.  
Контакты: Dastan1205@mail.ru 
 
 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
28  
N E W S 
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 
SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES 
ISSN 2224-5294 
Volume 3, Number 301 (2015) 
 
UDC: 339.9 
 
Ways to improve the investment attractiveness of 
oil sector of Kazakhstan in terms of current global trends 
 
D.K. Sadvakassov 
 
sadvakasov@hotmail.com 
Kazakh-British Technical University, Almaty 
 
Key  words:  global  trends,  oil  sector,  Kazakhstan,  investment  attractiveness,  foreign  direct  investment,  oil 
production. 
Abstract.  In  the  article,  the  impact  of  current  global  trends  on  investment  attractiveness  of  oil  sector  is 
assessed; approaches to the evaluation of investment attractiveness using macro and micro level factors are given and 
analysis is conducted for the oil sector of Kazakhstan. As a result of the analysis, the author suggests conclusions and 
recommendations to improve investment attractiveness of the Kazakhstan's oil sector. 
 
УДК: 339.9 
 
Пути повышения инвестиционной привлекательности нефтедобывающего 
сектора Казахстана в условиях текущих глобальных тенденций 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет