Аннотация: В настоящей работе дан анализ творчеству многогранного таланта, известного писателя и крупного
ученного, академика З. Кабдулова.
Поступила 27.03.2015 г.
N E W S
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES
ISSN 2224-5294
Volume 3, Number 301 (2015)
National and cultural peculiarities of emotional phraseological
units and and translation methods
A.Shaimanov
Bilal-arman@mail.ru
Kazakh National Pedagogical University named after Abai
Key words: Emotion, phraseological units, translation, emotiology, target language, translation language.
Abstract: This article discusses ways of translating phraseological units of domestic and foreign scholars. Also,
considered ways of translating of emotional phrases in Kazakh and English languages because of their their national
and cultural features.
УДК 811.512.122’25=11171’25
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі эмофразеологизмдердің
ұлттық-мәдени ерекшеліктері және оларды аударудың тәсілдері
А. Шайманов
Bilal-arman@mail.ru
Абай атындағы ҚазҰПУ
Тірек сөздер. Эмоция, фразеологиялық тіркес, аударма, эмотиология, түпнұсқа, аударма тілі.
Аннотация. Мақалада отандық және шетелдік ғалымдардың фразеологиялық бірліктерді аудару
тәсілдері сөз етілген. Сондай-ақ қазақ және ағылшын тілдеріндегі эмофразеологизмдердің ұлттық-мәдени
ерекшелітерін ескере отырып, оларды аударудың бірнеше жолдары қарастырылған.
ХХІ ғасырдағы лингвистика ғылымының жетекші тенденцияларының бірі – тілді
антропоцентрикалық феномен ретінде теориялық тұрғыдан ұғыну. Қазіргі таңда антропоцентрика
ғылымында адамның жеке қасиеттерін, психологиялық және эмоциялық көңіл-күйін зерттеудің
маңыздылығы күннен-күнге артып бара жатқаны баршамызға белгілі. Сондай-ақ, аталмыш
антропоцентрика ғылымында «адам мен тілді» және «тіл мен мәдениеті» ұштастыра,
антропоцентристика мен лингвистика салаларында қыруар ғылыми зерттеулер жүргізілуде.
Көптеген психолог зерттеушілердің еңбектерінде адам – «өзінің ішкі сезімі мен рухани әлемін
және ақыл есін тасымалдаушы» [1]. ретінде қарастырылады. Сонымен қатар лингвистика ғылымын
зерттеп жүрген ғалымдар өздерінің алдына бірқатар күрделі мәселелерді мақсат етіп қойды. Атап
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015
223
айтқанда адамның эмоциялық көңіл-күйі жан-жақты зерттеу және оның классификациясы жасау т.б.
Сөйтіп, лингвистикалық зерттеулерді антропоцентрикалық тұрғыдан зерттеу нәтижесінде ғылымның
эмотиология деп аталатын бір саласы пайда болды. мотиология термині кең мағынада, адам
өміріндегі эмоцияның рөлін зерттейтін ғылымның бір саласы. Ал, тар мағынасында лингвистиканың
эмоциясы ретінде түсіндіріледі. Демек, бұл жерде эмотиология психология мен тіл білімінің тоғысуы
негізінде адамның эмоциясы мен тіл арасындағы байланысты зерттейтін пән.
Алғаш рет бұл салаға қызығушылықтар ХХ ғасырдан бастап америкалық лингвист ғалым әрі
этнолог Эдуард Сапир (1884 –1939), ХХ ғасырдың жетекші лингвист ғалымдарының бірі швецариялық
Шарль Балли (1865– 1947) және француз лингвисті, тарихшы әрі қоғам қайраткері Мишель Бреаль
(1832 – 1915) есімді тілші зерттеушілердің еңбектерінде көрініс таба бастады.
Эмоцияны зерттейтін лингвистика саласы яғни эмотиология – тіл ғылымынан бөлініп шыққан
лингвистика ғылымының бір тармағы. Эмотиолог ғалымдардың негізгі зерттеу нысаны әлемнің
лингвоэмоцияналды бейнесін және оның тілдік концептуализациясын зерттеу. Осы сала бойынша В.И.
Шаховский: «Эмотивный компонент значения и методы его исследования Волгоград, 1983»,
«Категоризация эмоций в лексико-семантической системе языка Воронеж, 1987», «Эмоции в деловом
общении Волгоград, 1998», А.Н. Баранов: «Введение в прикладную лингвистику. Москва, 2001», А.
Вежбицкая: «Meaning and culture (2006)», «Emotions Across Languages and Cultures: Diversity and
universals (1999)», «Semantics, Culture and Cognition: Universal human concepts in culture-specific
configurations (1992)», «Понимание культур через посредство ключевых слов, Москва, 2001»,
«Познание. Москва, 1996», Л.Ю. Буянова: «Терминологическая деривация в языке науки:
когнитивность, семиотичность, функциональность», «Русский фразеологизм как ментально-
когнитивное средство языковой концептуализации сферы моральных качеств личности», С.В. Ионова:
«Эмотивная лингвоэкология в современном коммуникативном пространстве. 2014» және т.б. бірқатар
ғылыми зерттеулер жүргізген. Сонымен бірге эмотиология ғылымның бірқатар тармақтарымен
тоғысады. Атап айтқанда адамның психологиялық жағдайын зерттейтін лингвистика, аудармаматану,
психология, философия және ғылымның басқа да арналарымен шектеседі.
Қазіргі таңда эмотиолог зерттеуші ғалымдардың алдында тұрған ең маңызды әрі күрделі
мәселелердің бірі – эмотиология саласын басқа да ғылымның тармақтарымен салыстыра, салғастыра
зерттеу болып саналады. Сондай-ақ, 1990 жылдардан бастап эмоционалды лингвистика саласын
семантика,
лексикография,
фразеография,
лингвомәдениеттану,
лингвоконцептология,
лингвокогнитология және аударматану салаларымен байланыстыра зерттелуде.
Аударма мәселесі үлкен өнер. Аударманың сапасы әрқашан аудармашының білім деңгейіне
байланысты. Алдымен ол екі тілді де аса жетік меңгерген болуы керек. Дегенмен де, аудармашы екі
тілді жетік меңгеруі де аударманың сапасан жақсарта алмауы мүмкін. Бұл арада фразеологизмдерді
аудару барысында «фондық деректер», «фондық білім», «ұлттық фондық ақпараттар» үлкен рөл
атқарады. Осы орайда аударма теориясына қатысты А.Федоровтың айтуынша: «Совокупность
представлений о том, что состовляет реальный фон, на котором развивается картина жизни другой
страны, другого народа» [2].
Қазіргі таңда ағылшын тіліндегі фразеологизмдерді қазақ тіліне аудару мәселесі қазақ
аударматануындағы өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Бір халықтың рухы, жан-дүниесі екінші
бір халыққа аударма тілі арқылы жетеді. Бір халықтың екінші бір халықпен қарым-қатынас жасауы,
өзге халықтың мәдениеті, тұрмыс-тіршілігімен танысудың басты құралы аударма екені баршамызға
белгілі. Ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылып жүрген көркем аудармада өз кезегін күтіп тұрған
мәселелер көп. Солардың бірі – фразеологизмдерді аудару болып табылады.
Фразеологизмдер сөздер сияқты тіршіліктің барлық саласын қамти алмайды, дүниенің кез келген
ұғымын атау (номинатив) бола алмайды, ол тек өз өрісінде, өз жағдайында құбылыстар мен заттар,
адамның көңіл-күйін эмоцияналдық-экспрессивті бағалауда образда елестеумен, туынды номинация
жасаумен шектеледі [3].
С. Влахов пен С. Флорин фразеологизмдерді түпнұсқа тілден аударма тілге аударудың мынандай
жолдары бар екендігін көрсетеді:
1) Фразеологизмнің аударма тілде кездескен эквивалентін (баламасын) беру арқылы аудару;
2) Аударма тілдегі вариантын (аналогын) беру арқылы;
3) Аударма тілде түпнұсқа тілдегі фразеологиялық тіркестің баламасы да, өзге нұсқасы да
болмағандықтан, фразеологиялық емес тіл құралдарымен беру арқылы [4] аудару.
Тіл-тілдегі эмоцияны бейнелейтін фразеологиялық тіркестер де заман дамуына орай қолданыс
аясының кеңейе түсетініне ғылыми зерттеулер барысында көз жеткізуге болатынын айтып өту керек.
Известия Национальной академии наук Республики Казахстан
224
Мысалы, жауыр болды, (әбден мезі қылды, ығыры шықты) деген тұрақты тіркестің негізінде көп
мініліп арқасы жара болған аттың бейнесі елестейді. Алғашында атқа байланысты шыққанымен, қазіргі
кезде ол мағынасы ұмытылып, қайта жасалынып адамға байланысты айтылады.
Фразеологияның қалыптасу құбылысына адам ойында қорытылған құбылыстардың нақтылы
бейнесі негіз болған. Қазақ тіліндегі «арс ету» (беттен алу, қарсы келу) деген фразеологизмнің
негізінде иттің қарсылық білідіріп, айбат шегуі жатыр. Кейіннен бұл мағына да адамға қатысты
айтылатын болған. Ал, енді от ала келген кісідей деп, асығыс-үсігіс, мұрнына су жетпей жүрген кісіге
айтылады. Мұнда от арқалап келген кісінің бейнесі жатыр. Сондай-ақ, құрдай жорғалады, бармағын
тістеу, санын соғып қалу, мұрттай ұшу. Ағылшын тілінде: hide behind smb’s back (біреудің артына
тығылу), stamp one’s foot at smb (жер тебу), pull one’s hair out (шашын жұлу) т.б. деген
фразеологизмдердің жасалуының барлығында ойда қорытылған құбылыстардың нақтылы себеп
болғанын көруге болады. Осы орайда қазақ және ағылшын тілдеріндегі эмоцияны бейнелейтін
фразеологизмдердің фонетикалық, морфологиялық және семантикалық тұрғыдан кейбір
ерекшеліктерін айтып өтуді жөн көрдік. Бұл мәселемен көрнекті зерттеушілер К. Аммер, В. Порциг, Л.
Вайсгербер, Х. Виссеман, В. Жуков, Қ. Құсайынов, С. Өткелбаева т.б. отандық және шетелдік
зерттеуші-ғалымдар зерттеп жүр. Осы орайда қазақ және ағылшын тілдеріндегі эмофразеологизмдердің
фонетикалық ерекшеліктеріне қысқаша тоқталып өтейік. Мысалы: у да шу (у-шу) болды, ың жоқ, шың
жоқ, ләм-мим демеу. «Үндемеу, жұмған аузын ашпау» деген мағынаны білдіреді. Мысалы: Күнбала
көпке шейін ләм-мим демей, ат үстінде томсарумен келеді. (С. Омаров «Қызыл»). Бұл тіркесті түп
төркінін түркі немесе туыстас тілдерден іздеп әуреленудің қажеті жоқ. Себебі, бұлар араб тілінде қатар
келетін екі дыбыстық есімдер: олардың бірі – «л» – «ләм», екіншісі – «м» – «мим» болып келеді [5].
Ағылшын тіліндегі: to whistle for it (оған ысқыру). Бұл тіркес ерте кездегі теңізшілердің
«ысқырғанда дауыл туады» деген сеніммен туындап, қазіргі кезде «бірдеңені босқа іздеу, қалау» деген
мағынаны білдіреді.
To applaud to the Echo (Эхоға қол шапалақтау). Яғни, «біреуге салтанатты қол шапалақтау» деген
мағынадағы тіркес ертеде Роман аңызымен байланыстырылады. Эхо атты нимфаның (грек
мифологиясында табиғаттың әр түрлі күштерін жасаушы екінші дәрежелі құдай) Нарцисс деген қызға
ғашық болып, одан жауап ала алмай, қыздың даусы жеткен жерден кейін көңілі құлазып, қайғыдан
жүдеген кейпі негізінде түсіндіріледі.
Ал енді, эмофразеологизмдердің морфологиялық тұрғдан жасалынған ерекшеліктеріне тоқталып
өтелік. Мысалы: ағыл-тегіл жылау. «Ағыл-тегіл» қос сөзіндегі бізге құпия, жұмбақ болып тұрғаны,
екінші сөз – «тегіл». Ал, «ағыл» болса, «ағу» етістігінен «ыл» жұрнағы арқылы етіс тудырып тұрғанын
байқауға болады. Қос сөздер көп жағдайда мағынасы бір-біріне жақын сөздерден құралатынын
ескерсек, «тегіл» сөзінің бастапқы түбірі «төк» екендігін күмәнданбай-ақ айта аламыз. Алдымен осыған
«іл» қосымшасы қосарлану арқылы «ағыл-тегіл» болып, уақыт өте келе «ө» дыбысы «е» - ге өзгертіліп
айтылып, «ағыл-тегіл» қалпында қолдану дағдыға айналған. Бұл эмофразеологиялық тіркес «егілді, көз
жасын көл қылды» деген мағынаны береді.
Ағылшын тілінде: hard up – «қиын жағдайда қалу» мағынасындағы бұл тіркес теңізде тұрған күшті
дауылмен араласқан теңізшілердің іс-әрекеті негізінде қалыптасқан. Олар кеменің тетік тұтқасына ие
болып, дауыл соққан жақтан кеменің басын бұрып, аман қалуда бар күшін салуға мәжбүр болған.
Эмофразеологизмдердің семантикалық тұрғыдан жасалынған фразеологизмдер қостілде
баршылық. Мысалы, аузынан ақ ит кіріп, (қара) көк ит шығу фразеологизмін қарастырсақ, ол «көк
долы, ұялмай қысылмастан аузына келгенін айтып, балағаттау» мағынасын береді. Аталмыш
эмофразеологизмнің қалыптасуына «ит» семасының ақ және қара түсті болуы халық ұғымымен
ұштасып жатыр. «Ақ» түс адалдық пен пәктік т.б. ұғымын білдірсе, «қара» түс қазақтың ұғымында
арамдық пен жамандық мағынасын білдіреді. Бұл жөнінде М.М. Капыленко: «Қазақ тілінің мақал-
мәтелдері мен фразеологиялық тіркестерінде ит атауы жағымсыз мәнде». Мұны У. Тұрманжоловтың
(859), М. Аққозинаның (30), академик І. Кеңесбаевтың фразеологиялық сөздігінен (429) жинақталған
фразеологиялық тіркестерді көруге болады (5,45) [6].
Ағылшын тілінде: to play the giddy goat (ұшқалақ текедей ойнақшу). «Ақымақтану» мағынасын
беретін бұл тіркес текенің секіректеп ойнақшыған жеңіл мінезінің негізінде қалыптасқан.
To bandy words with - тіркесі ертедегі ағылшындардың ойыны негізінде қалыптасқан. Хоккей
ойынына ұқсас бұл ойындағы имек таяқпен допты әрі-бері ұрғыштап, соңынан қуу элементі кейіннен
болмашы нәрсеге «таласу, қарысып болмау» мағынасын беретін тіркес қалыптасқан.
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015
225
Қоғамдық факторларға, тілдің ішкі заңдарына байланысты белгілі бір сөз тіркесінің негізгі, номинативті
мағынасы мен туынды, коннотативті мағынасы ауысып өзгеріп отырады. Фразеологизмнің жасалу негізі
болып табылатын еркін сөз тіркестері мағыналық тұрғыдан жаңа тілдік бірліктердің туындауына арқау
болатын тілдік прототиптер рөлін атқарады. Халықтың өзі қоршаған ортаға ерекше мән беріп, заттар мен
құбылыстарды танып білуде басты белгілерін салыстыру, ұқсату сияқты қасиеттерін жинақтап, ортақ
белгілерінің негізінде жаңа ұғымға атау берген. Бір затқа не құбылысқа ат беру әр халықтың мәдениетіне,
тілінің ерекшелігіне, дүниетанымына байланысты қалыптасады. Мысалы: қаз:. күлкіден ішегі үзілу, қуанғаннан
басы көкке жету. Ағыл:.grin like a Cheshire, As pleased as a dog with two tails
Қазақ және ағылшын тілдері адамның көңіл-күйін білдіретін фразеологиялық бірліктердің
уәждемесін
лингвомәдени
тұрғыдан
талдай
отырып,
төмендегідей
ұқсастықтар
мен
айырмашылықтарын көрсетуге болады:
1) о баста еркін фразеологиялық бірліктер негізінде қалыптасқанмен, уақыт өте келе ықшамдалып,
бейнелілік қалпын сақтай отырып, аз сөзбен терең мәнді білдіретін тілдік бірлікке айналған;
2) екі тілде де фразеологиялық бірліктердің көпшілігі бір затқа, құбылысқа, оқиғаға байланысты
туындаған. Олардың кейбірі уақыт өте келе мағыналық тұрғыдан дамып, жаңа үстеме мағынаға ие
болса, енді бір тобы өзінің бастапқы мәнін сақтай отырып, ауыс мағынаға ие болған;
3) екі тілде де фразеологиялық бірліктер затты, құбылысты, іс-әрекетті бейнелей, салыстыра
суреттегенде астарлы мағынада қолданылады;
4) фразеологиялық бірліктердің компоненттері көбіне тұра мағынасынан алшақтап, жинақталып
келіп бір ұғымды білдіреді. Сондықтан, фразеологиялық мағынадан оның құрамындағы компоненттер
мағыналары түрлі дәрежеде көрініс табады;
5) екі тілдің де фразеологиялық бірліктерінің мағыналық даму үрдістері әр түрлі деңгейден,
сатыдан көрініс береді. Оған ұлттық менталитеттің ерекшелігі, қоршаған ортаны түрлі көзқараспен
қабылдауы дәлел бола алады
Екі тілдегі эмофразеологизмдердің ұлттық-мәдени сипаты мен аудару тәсілдерін зерттеу
барысында отандық және шетелдік ғалымдардың фразеологиялық бірліктерді аударудың бірнеше әдіс-
тәсілдерімен және аудару үрдісі кезінде сақталатын тәртіптермен танысып шықтық. Ғалымдар
тарапынан ұсынылған фразеологизмдерді аудару жолдарын негізге ала отытып, адамның эмоцияналды
көңіл-күйін білдіретін эмофразеологизмдердің аударылу жолдарына мысалдар келтірдік [8].
Суреттеме аударма (түсініктеме аударма) – деп негізгі тілдің фразеологизмінің мағынасын
аударылып жатқан тілге қарай сөзбен аудару тәсілін айтамыз. Суреттеме аударма аударылып жатқан
тілде эквиваленттер мен аналогтар болмаған жағдайда ғана қолданылады. Суреттеме аударма –
түсініктеме, алыстырма, сипаттама, түсіндірме сияқты фразеологизмнің мазмұнын мүкіндігінше анық
және қысқа пішінде беру амалдары болып табылады. Мысалы:
Калькалау тәсілі – фразеологиялық аударманы мүлде қолдануға
келмейтін жағдайда және фразеологизмнің мағыналық-стилистикалық және экспрессивті-
эмоцияналды мағынасын толық бере алмайтын кезде, оқырманға тұрақты сөз тіркесінің бейнелік негізін
жеткізу мақсатында пайдаланылады.
№
Ағылшын тілі
Қазақ тілі
1
аs һарру аs kings
Корольдей бақытты
2
аs lіmр аs а rug
Кілемшедей мылқау
3
аs а merry as a marriage-bell
Үйлену тойындағы қоңыраудай қуанышты
4
laugh like a little Audrey
Аудрю сияқты күлу
5
аnts іn оnе’s раnt
шалбар киген құмырсқадай (ыңғайсыз сезіну)
Толық баламамен аудару тәсілі.
№
Ағылшын тілі
Қазақ тілі
1 To show the white feather
орқу, үрейлену (ақ қауырсын көрсету деп қазақ
тілінде қолданылмайды)
2 grin like a Cheshire
Күлу, мәз болу (Чешайр мысық тәрізді күлу)
3 be like a dog with two tails
уанышты болу (екі құйрық ит сияқты болу)
4 as pleased as a dog with two tails
уану (екі құйрықты ит сияқты қуану)
5 dumb as a fish
Үн-түнсіз қалу (балықтай мылқау болу)
Известия Национальной академии наук Республики Казахстан
226
Толық баламалар деп біз қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдердің мағынасы,
коммуникаьтивтік құрамы, бейнелілігі, грамматикалық құрылысы және стилистикалық реңкі бірдей
сәйкес келген бірліктерді айтамыз.
Жартылай баламамен аудару тәсілі – қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық
тіркестердің мағынасы жағынан және стилистикалық түрлері сәйкес келетін, бірақ лексикалық
тұрғыдан біраз өзгерістері бар, сондықтан да бейне бір-бірінен сәл ауытқитын қазақ және ағылшын
тілдерінің фраззеологизмдерін айтамыз.
Лексикалық баламамен аудару тәсілі. Эквиваленттердің басқа түрін қолдана алмайтын кезде
лексикалық баламаларды қолданамыз.
ӘДЕБИЕТ
[1]
Маслова В.А. Лингвокультурология. М.: Academia, 2004.
[2]
Федоров А. Основы общей теорий перевода. – Москва, 1983
[3]
Жарықбаев. Қ. Психология. Алматы. «Білім», 1993).
[4]
Влахов С, Флорин С. Непереводимое в переводе. – Москва, 1988. С.193.
[5]
Нұрмағамбетов Ә. Қос сөздердің құпиясы. – Алматы: Жалын, 1991.–96б)
[6]
Копыленко М.М. Основы этнолингвистики.– Алматы: Евразия, 1995.–178 с. )
[7]
Ағабекова Б.Н. Ағылшын және қазақ тідеріндегі фразеологиялық теңулердің ұлттық-мәдени сипаты.).
REFERENCES
[1]
Maslova V.A. Cultural linguistics. Мoscow: Academia, 2004.
[2]
Fedorov А. Basis of the general theory of translation. Moscow,1983
[3]
Жарықбаев. Қ. Психология. Алматы. «Білім», 1993.
[4]
Vlaxov S, Florin S. Untranslatable in translation. Moscow, 1988.
[5]
Nurmagambetov. The secret of double words. Almaty: Jalin, 1991.
[6]
Kopilenko M.М. Basis of ethnolinguistics. Аlmaty: Eurasia, 1995.
[7]
Agabekova B.N. The national and cultural features of similes in Kazakh and English languages. Almaty, 2010.
Национально-культурные особенности эмофразеологизмов в казахском и английском языках и методы их перевода
Шайманов Арман
Bilal-arman@mail.ru
КазНПУ имени Абая
Ключевые слова: Эмоция, фразеологизм, перевод, эмотиология, оригинал, язык перевода.
Аннотация. В статье рассматриваются методы перевода фразеологических единиц отечественных и зарубежных
ученых, а также несколько способов перевода эмофразеологизмов в казахском и английском языках с учитыванием их
национально-культурные особенности.
№
Ағылшын тілі
Қазақ тілі
1
Have lost one’s tongue
Тілін жұту
2
Beat one’s head against a stone
Басын тасқа ұру
3
Take oneself in hand
Өзін-өзі ұстау (сабырлы болу)
4
Take oneself in hand
Өзін-өзі ұстау (сабырлы болу)
5
Afraid of one’s shadow
Көлеңкесінен қорқу
№
Ағылшын тілі
Қазақ тілі
1
Cry one’s eyes out
Көз жасын көл қылды,ағыл-тегіл жылау
2
Devour smb, smth one’s eyes
көзін алмай қарау
3
Eat one’s heart out
анын қоярға жер таппады
4
Fall in love
ғашық болу
5
Pipe one’s eye
Көз жасы көл болу
№
Қазақ тілі
1
Freak out
Ашулану
2
Get rattled
Ашулану
3
Get under one’s skin
Уайымдау
4
Go up in the air
Ызалану
5
Pale around the gills
орқыныштан бозару
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015
227
Достарыңызбен бөлісу: |