Бас редактор с. Ж. Пірəлиев



Pdf көрінісі
бет3/16
Дата03.03.2017
өлшемі6,2 Mb.
#5927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Ұл бала мен қыз бала. «Сыйластық»,«достық» құндылықтары туралы түсінік. Ұл бала 
мен қыз бала арасындағы сыйластық туралы түсінік. 
 
АДАМЗАТТЫҢ РУХАНИ ТАҒЫЛЫМЫ 
 
Адам деген – ардақты ат 

14 
 
Адам құндылығының маңызы. Адамгершілік қасиеттер туралы білімдерін кеңейту. Əр 
адамның ерекшелігін көрсететін табиғи дарыны, қабілеттері туралы түсінік беру. Өзін-өзі 
танудың  өмір,  қарым-қатынас,  ата-ана,  бауырмалдық  жəне  т.б.  негізгі  ұғымдарын 
меңгерту. 
Адам  мінезімен  танылады.  Адамның  мінез-құлқы  туралы  түсінік.  Жақсы  мінез 
мəнінің  ашылуы.  Ерік,  жігер  құндылықтары  мəнінің  ашылуы;  адам  ойын  нақты  жеткізе 
алуы,  босқа  сөйлемеуі,  шектен  шықпауы,  өмірде  өз  ұстамдарына  берік  болуы  туралы 
түсінік.  Дербес  жəне  жауапты  шешім  қабылдай  алуы  жəне  оны  негіздей  білуі.  Басқа 
адамдардың  ар-ұжданына  нұқсан  келтірмей,  өз  қағидаларына,  ұстанымдарына  берік 
болуы. 
Адамның жан сұлулығы. Адамның «жан сұлулығы» туралы түсінік. Адам жанының 
сұлулығын көрсететін жақсы қасиеттерін дамыту. Адамды тек сыртқы келбетіне, түріне 
ғана емес, оның адамгершілігі мен қамқорлығына, инабаттылығы мен ізеттілігіне қарап 
бағалай білуі. 
Мақтану – мақтаншақтық  емес.  Кішіпейілділік,  қарапайымдылық  сияқты  адами 
қасиеттер  туралы  түсінік.  Мақтану,  мақтау,  мақтаншақ  болмау  туралы  қасиеттер;  жағымды, 
жағымсыз қылықтарды ажырата білу іскерліктері. 
 
ЖАҚСЫЛЫҚПЕН ЖАНЫМ ДОС 
 
Қамқор болып өсемін 
Сүйіспеншілікті,  қайырымдылықты,  мейірімділікті  сезіне  білу,  айналасындағы 
адамдарға  деген  ықыласы  мен  көмегі,  адамдарды  жақсы  көру,  қайырымды,  мейірімді 
болу.  Қамқорлық  сезімдерін  дамыту,  адамға,  табиғатқа,  жан-жануарларға  қамқорлық 
жасай білу. 
Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет 
Құрмет,  ізет,  сыйластық  туралы  түсінік  беру.  Қарым-қатынас  жасау  іскерліктерін 
дамыту. Үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру. 
Ұжымдық қатынас 
Мектеп  ережесі.  Оқушылардың  тəртіп  сақтау  ережесі,  олардың  сабаққа  дейінгі, 
сабақтан кейінгі жəне үзіліс кезіндегі өзін-өзі ұстауы. Оқушының сыртқы көрінісі. Оқушы 
өмірінің табиғи ритмі. Күн тəртібін қалыптастыру негіздері. Қарым-қатынас əдебі. 
Келісім түбі – жарастық 
Келісім,  жарастық  туралы  түсінік  беру.  Достаса  білу  қасиеттерін  дамыту.  Өзара 
татулыққа, шыдамдылыққа, төзімділікке тəрбиелеу. 
Кешірімді бала – кішіпейіл бала 
«Кешірім»  ұғымының  адамгершілік  құндылық  ретіндегі  мəнін  ашу.  Кішіпейілділік, 
кешірімділікке бейім қабілеттерін дамыту. 
Жылы  жүрек – жақсы  тілек.  «Мейірімділік», «қайырымдылық»  құндылықтары 
туралы  түсінік.  Жақсы  тілек,  ізеттілік,  ізгілік  туралы  түсініктер,  қайырымды  қарым-
қатынас жасау іскерліктері. 
Ұқыпты бала- əдепті бала. Əдептілік, сыпайылық адами қасиеттер туралы түсініктер. 
Ұқыптылық, жинақылық туралы түсінік; 
Өнерлі  бала  сүйкімді. «Өнер»  ұғымының  құндылық  ретіндегі  мəнін  ашу.  Өнердің 
адам өміріндегі маңыздылығы. 
Ақыл  жастан,  асыл  тастан.  «Даналық»  құндылығы  туралы  түсінік.  Ақылдың  адам 
өміріндегі маңыздылығы. 
 
ЕҢБЕКПЕН ТАПҚАН НАН ТƏТТІ 
 
Еңбектің  наны  тəтті.  «Еңбек»  құндылығы  туралы  түсінік.  Еңбектің  адам  өміріндегі 
маңыздылығы. 

15 
 
Адам  еңбекпен  шыңдалады.  Шыдамдылық,  төзімділік,  табандылық  ұғымдары 
мəнінің ашылуы жəне өзара байланысы. 
Еңбек  түбі – береке.  Су  жүрген  жер  береке,  Ел  жүрген  жер  мереке  тіркестерінің 
мағынасын ашыңыз. 
 
МƏДЕНИ ӨМІР 
 
Күнделікті  өмір  жəне  мерекелер.  Мереке  уақыты  жəне  оның  мəні.  Жеке  бастық, 
отбасылық,  мемлекеттік  жəне  жалпыға  ортақ  мерекелер.  Шығармашылық  жеке 
мереке.Сыйлық  жəне  оның  маңызы.  Бала  өміріндегі  өнер.  Өнер  түрлері.  Бала 
тəрбиесіндегі өнердің маңызы. 
 
ЕРТЕГІДЕЙ ЕРТЕҢІМ  
 
Ерте, ерте, ертеде 
Ертегілер - халық  даналығының  ғажайып  туындысы.  Ертегілердегі  халық  қилы, 
арманы,  даналығы.  Ертегілер – балаларды  қиялдауға,  жақсылықтан  үйренуге, 
жамандықтан жиренуге үйрететін танымдық, тəрбиелік мəні күшті құрал. Ертегінің бала 
тəрбиесіндегі ролі. 
 
НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕГІ ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ 
 
(34 САҒ., АПТАСЫНА 1 САҒ.) 
 
КІРІСПЕ САБАҚ  
«Ұлттық  тəрбие»  пəні  туралы  түсінік  беру.  Сынып  бойынша  пəнді  оқытудың  мақсат, 
міндеттерімен таныстыру. 
 
ОҚУ БІЛІМ БҰЛАҒЫ 
 
Білімнің пайдасы 
Білімділік – озық  ойлы,  кең  өрісті,  мəдениетті  азамат  болу  кепілі.  Ұлы  Абайдың 
«Білімнің  пайдасы»  еңбегінің  мəн-мағынасы,  оның  қазіргі  өмірдегі  сипаты.  Білім – 
адамның  негізгі  қажеттілігі.  Еліміздің  көркеюі – білімді  азаматтардың  еңбегінің  жемісі. 
Президент Н. Назарбаевтың еліміздің білім дамыту мəселесіне байланысты айтылған ой-
тұжырымдарының маңызы. Қазақ халқының білімге қатысты мақал-мəтелдері: «Білімнің 
берері  мол», «Өнер  білім  бұлағы,  білім  өмір  шырағы», «Білекті  бірді  жығады,  білімді 
мыңды  жығады», «Білімдіден  шыққан  сөз,  талаптыға  болсын  кез», «Оқу  –білім  азығы, 
білім – ырыс  қазығы»  мақалының  мəн-мағынасы,  тəрбиелік  мəні.  Қазақтың  халық 
есептері.  Олардағы  балаларды  тапқырлыққа,  ұқыптылыққа,  талпынысқа,  алғырлыққа 
тəрбиелеу мүмкіндіктері. 
 
ТІЛІМ МЕНІҢ ТІРЕГІМ 
 
Тілдердің үш тұғырлығы 
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Қазақ тілінің өзге ұлт 
тілдерінен  негізгі  ерекшеліктері.  Қазақ  тілінің  даму  тарихы.  Орыс  тілі – халықаралық 
қатынас  құралы.  Шет  тілін  үйренудің  маңыздылығы.  Тілдерді  үйренудің  жаңа 
технологияларын таңдай білу. Көптілділік – əлемдік өнер мен терең білім игеру кепілі.  
Ана тілі – жүрек үніАнаның ұрпақ тəрбиесіндегі, өмірдегі, қоғамдағы орны туралы 
түсінік.  Əлемдегі  барлық  жақсылық  пен  игі  істердің  ана  махаббатынан  тарауы.  Ана 
тілінің құдіреті. 

16 
 
 
ҚАЗАҚСТАН – МЕНІҢ ОТАНЫМ  
 
Тəуелсіз Қазақстан - біздің Отанымыз. Кең байтақ қазақ жері. Қазақстандағы ұлттар 
достастығы. Толертенттық ұғымы. Тəуелсіз Қазақстанның келешегі жастар. 
Отанымды сүйемін. Отанды сүю, құрметтеу, мақтан тұту. Отанға қызмет ету ұғымына 
түсінік. Қазіргі заманғы Қазақстан туралы, басты ұлттық символдар. Қазақ мəдениетінің 
бірегей, құнды жəдігері – Алтын адам ескерткіші. Тəуелсіздік таңы ескерткіші. 
Астана - Қазақстанның бас қаласы

Астана
 кең даладағы жай қала ғана емес, саяси 
ерік-жігер  көрінісінің  нышаны.
 
«Қазақ  елі»  кешені  –  мемлекетіміздің  ұлттық 
мақтанышына айналған бірегей архитектуралық ғимарат. «Астана-Бəйтерек» монументі 
-  бұл  дүниеде  жоқ  аналогтардың  əмбебап  ғимараты.  Бейбітшілік  жəне  келісім 
пирамидасы – бұл толеранттық идеясы, Қазақстан халықтары бірлігіне ескерткіш, оның 
үйлесімдік пен гуманитарлық құндылықтарға ұмтылуы. Елордамыздың сəулет өнеріндегі 
сəулелі  жақұт  тасындай  «Хан  шатыры»  туралы  түсінік.
 
«Мəңгілік  Ел»  қақпасының 
қасбетінің безендірілуі ұлттық ерекшеліктер тұрғысында жасалуы. 
 
ДЕНІ САУДЫҢ ЖАНЫ САУ  
 
Денсаулық – зор байлық 
Білім  алушылардың  жеке  бас  гигиенасы.  Жас  ерекшеліктеріне  байланысты  қыз 
гигиенасы,  ұл  гигиенасы.  Дене  күтімі  мен  дене  шынықтыру – денсаулық  кепілі.  Ұйқы, 
оның  адам  денсаулығын  бекітудегі  ролі.  Демалысты  ұйымдастыра  білу  шеберлігі. 
Ұйықтайтын,  дем  алатын,  ас  ішетін  бөлме  тазалығы.  Ас – адамның  арқауы.  Қазақтың 
ұлттық  тамақ  түрлері,  оларды  пайдалану  реті  мен  оның  адам  денсаулығына  əсері.  Ас 
дайындау тəртібі. Ас мəзірі. Ас ішу əдебі. 
Салауаттылық - өмір негізі  
Денсаулық  –  өмір  өзегі.  Денсаулық,  Ұзақ  өмір.  Мəнді,  мазмұнды  өмір.  Денсаулықты 
нығайту.  Денсаулыққа  зиянды,  пайдалы  əрекеттер.  Салауатты  өмір  салты.  Адам  өміріне 
зиянды əрекеттерден аулақ болу: нашақорлық, ішімдік ішу, шылым шегу, СПИД жəне т.б 
 
ІЗДЕНГЕН ЖЕТЕР МҰРАТҚА 
 
Ізденушілік шеберлігі 
Қызығушылық аясының кеңдігі – жас ұрпақтың тəрбиелілігінің белгісі. «Іздеген жетер 
мұратқа»  мақалының  мəн-мағынасы,  тəрбиелік  мəні.  Ізденімпаздық  қасиетін  дамыту 
мүмкіндіктері:  сөзжұмбақ,  сөзтізбек    шешу,  сұрақ  жауап  ойындары,  бейнесөздер 
құрастыру, оны шешу. «Алғашқылар, біріншілер, тұңғыштар», «Бұл кім? Бұл не?», «Не?, 
Қашан?,  Қайда?»  сұрақ  жауап  ойындарының  мəні  мен  мағынасы,  оның  жас  ұрпақтың 
ізденімпаздығын,  шығармашылық  құзыреттілігін  қалыптастырудағы  ролі.  Мектеп 
кітапханасынан,  əдеби  құралдардан,  информациялық  ақпарат  құралдарынан  қажетті 
материалдар іздеу тəртібі. Ізденіс нəтижесін тиімді пайдалана білу қабілеттілігі.  
Білім алуға өздігінен іздену, өзін-өзі тəрбиелеу. 
 
ТАБИҒАТТЫ АЯЛАУ - ТƏРБИЕНІҢ ӨЗЕГІ 
 
Адам жəне табиғат  
Жер, су, ауа тазалығы – табиғат байлығының кепілі. Қоршаған орта табиғатын қорғау 
мақсатындағы ата-баба дəстүрлері. Жергілікті жердің табиғи ерекшеліктері, оны қорғауға 
қатысты əрекет түрлері. Қоршаған орта тазалығы. Көгалдандыру жұмыстарында ата-баба 
дəстүрлерін пайдалану. 

17 
 
Ғарыштағы  құпия.  Жанды  жəне  жансыз  табиғат.  Жер  құпиясы.  Адамның  рухани 
тəжірбиесіндегі  мəңгілік.  Адамның  табиғатқа  деген  қарым-қатынасы.  Өсімдіктер 
психологиясы. Бақ жəне оны күту. Жануарлар іс-əрекетіндегі құбылыстар. Ертегілердегі 
бейнелер. 
Жер  мен  судың  ластануының  денсаулыққа  əсері.  Табиғатта  серуендеу  тəртібі  /ауа 
райына лайық киіну, серуенге лайық тамақ, ыдыс аяқ дайындау, серуен соңында отырған 
орын тазалығын қамтамасыз ету. 
Жасыл ел бағдарламасын жүзеге асырудағы жас жеткіншектердің үлесі. 
Жергілікті  жерлердегі  табиғатты  қорғауға  бағытталған  ұйымдар  жəне  олардың 
жұмысы. 
Экологиялық  тəрбие.  Жер  тағдыры  мен  ел  тағдырын  ойлауда,  атадан  балаға  мұра 
болып  келе  жатқан  салт-дəстүрлерінің  тəрбиелік  мəні.  Жер,  су,  ғарыш  əлемінің  қадірін 
бағалай білу. 
 
МƏДЕНИЕТ – ТƏРБИЕНІҢ НЕГІЗІ 
 
Адам жəне мəдениет  
Мəдениет  деген  не  жəне  қандай  адамды  мəдениетті  деуге  болады?  Ішкі  жəне  сыртқы 
мəдениет. Заттық əлем. 
Бізді  қоршаған  заттардың  тарихы.  Адамдар  жəне  заттар.  Мəдениет – əлемдегі  адам 
болмысының  тəсілі.  Мəдениеттің  рухани  өлшемі:  өнер,  ғылым,  дін.  Қазақ  халқының 
ұлттық  символдық  мəдени  мұраларына  түсінік.  Қазақ  халқының    тарихында  маңызды 
орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап – домбыраға түсінік. Қазақ халқында 
қасиетті  болып  есептелетін  аспап – қобыз.  Қазақ  халқының  рухани  мəдени  мұраларына 
түсінік. 
 
ЕҢБЕК ТҮБІ ЗЕЙНЕТ 
 
Еңбек – ер атандырады 
Қазақтың  еңбек  тəрбиесі  туралы,  ұқыптылық,  үнемшілдік,  еңбекқорлық  қасиеттерін 
қалыптастыруға  мүмкіндік  жасайтын  мақал-мəтелдері,  олардың  тəрбиелік  мəні: «Еңбек 
түбі  зейнет», «Ел  үшін  еңбек  етсең,  халқың  сүймек», «Ер  дəулеті  еңбек», «Еңбек  етсең 
ерінбей,  тояды  қарның  тіленбей»  т.б.  Дəстүрлі  еңбек  түрлері,  олардың  қазіргі  сипаты, 
ондағы еңбек əрекетінің өзгерістері, қазіргі өмірге бейімділігі, тəрбиелік мəні. 
Еңбек жəне дене тəрбиесіндегі халықтық дəстүрлер 
Еңбек жəне дене тəрбиесінің мақсаты мен міндеттері. Ұлттық еңбек түрлері. Еңбектің 
жас  ерекшеліктеіне  қарай  күрделенуі.  Оның  адам  өміріндегі  орны.  Шығармашылық 
еңбекті дамыту. Халық педагогикасындағы дене тəрбиесі. Ұлттық ойындардың тəрбиелік 
мəні. 
 
АДАМИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ҮЙРЕНЕЙІК 
 
Адами қасиеттер тəрбиедегі жолдас-жораның ролі 
Бақыт деген не? Адам бақыты туралы қазақ ойшылдарының пікірлері. Махаббат. Ана 
махаббаты, бала махаббаты. Жолдастық. Жолдастың өмірдегі орны. Сүйіспеншілік сезімі, 
оның  өмірдегі  орны.  Дос  құпиясын  сақтай  білу.  Жолдасты  қалай  таңдау  керек?  Достық, 
жолдастық қарым-қатынас белгілері. 
Жақсы, жаман жолдас туралы халықтық ұғымдар. Жаман жолдасын жауға қалдырады. 
Жолдасты таңдай білудің мəні, оның етер ықпалы мен əсері. 
 
РУХАНИ СҰЛУЛЫЛЫҚ 
 

18 
 
Жан  жəне  тəн  сұлулығы.  Жас  ұрпақты  əдемілік  əлемінің  сұлулығын  көзбен  көре, 
жанмен түсіне білуге, сұлулық сырын тілмен жеткізе, көңілге тоқи білуге, зерделі болуға 
үйрету.  Жан  мен  тəн  сұлулығы.  Адамның  ішкі  дүниесі  мен  сыртқы  дүниесінің 
үйлесімділігі. Рухани жəне мүсін сұлулығы.Мінез-құлық, жүріс-тұрыс, адамдармен өзара 
қарым-қатынас əдептері. Үйге оң аяқпен кіру, сəлем беру, босағаны кермеу, есікті қатты 
жаппау, дауыс көтермеу, өтірік айтпау, ұрлық жасамау, үлкеннің алдын кеспеу, үлкеннің 
сөзін бөлмеу, ата-ананы сыйлау, қазаны құрметтеу, т.б. 
Атадан  балаға  жалғасып  келе  жатқан  серілік  мінез,  сезімталдық,  талғампаздық 
қабілеттердің қалыптасуы. Жалқаулық, салақтық жаман əдеп екеніне түсінік беру. «Сегіз 
қырлы, бір сырлы» азамат тəрбиелеуде халықтық тəрбиенің ықпалы. Қыз Жібек, Құртқа, 
Баян,  Сара,  Тоғжан  сияқты  арулардың  бойындағы  ерекше  қасиеттерді  саралап  көрсету, 
оны отбасылық тəрбиеде жастардың бойына қалыптасатына көздерін жеткізу. 
Махаббат –өмір өзегі. Махаббат, сүйіспеншілік өмір сүрудің негізі. Ата-анаға, Отанға, 
туған жерге сүйіспеншілік. 
Қызға нəзіктік, ұлға батылдықҚыз балаға тəн қасиеттер, ер балаға тəн қасиеттер, ұл 
бала мен қыз баланың арасындағы өзара сыйластық. 
 
 
ОТБАСЫ - КІШІ МЕМЛЕКЕТ 
 
Отбасы тəрбиесі. Отбасындағы жандардың бір-біріне деген тəлімгерлік ықпалы, «Ата 
көрген  оқ  жанар,  ана  көрген  тон  пішер»  деген  мақалдың  мəні.  Ана-отбасының  құт, 
берекесі. Əке – отбасының қамқоршысы. Əке, ана борышы. 
Отбасы үлкендердің үлгі-өнегесі. «Ағаға қарап, іні өсер», «аға жаға, іні пана», «Ағасы 
бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» мақалдардың мəні. 
Ата,  əже,  əке,  шеше,  аға,  іні,  əпке,  қарындас  жəне  т.б.  өзара  сыйластығы,  татулығы 
жəне атаананы құрметтеу, үйде, өз айналасындағылармен сыйластықты қарымқатынас. 
Үлкенді құрметтеу, сыйлау, кішіні аялау- ежелгі ел дəстүрі. «Отан отбасынан басталады» 
деген  мақалдардың  мəні,  отбасындағы  тұрмыстық  мəдениеттің  қалыптасуы,  отбасы 
бюджетін  дұрыс  пайдаланудың  мəні.  Отбасы  мүшелерінің  жарасымды  сыйласуы  мен 
қарым-қатынасы. Отбасындағы жезденің, апаның, жеңгенің ролі. Жеңгелердің қайындары 
мен қайын сіңлілеріне қамқорлығы, ақыл-кеңес беруі. 
Отбасы жəне үнемшілдік талаптар  
Отбасы  мүшелерінің  бір-біріне  деген  қарым-қатынасы,  эмоциялық  сезімдер,  олардың 
өзара  бірлігі.  Бала  бойындағы  қасиет  отбасында  қалыптасатындығы,  отбасындағы 
ұқыптылық, үнемшілдік, қасиеттердің бала тəрбиесіне ықпалы. 
Елімізде  болып  жатқан  экономикалық  өзгерістерге  бейімделе  отырып,  нарықтық 
талаптарды меңгеруге, бизнестік қарым-қатынасқа үйрету. 
 
ДҮНИЕНІҢ ДІҢГЕГІ -ДІН 
 
Дін  жəне  əдеп.  Діннің  шығу  тарихы.  Діннің  əлеуметтік,  танымдық  жəне 
психологиялық негіздері. Көп құдайға сенушіліктің пайда болуы. Бір құдайға сенушілік. 
Діннің  түрлері:  индиуизм,  синтоизм,  иудаизм,  буддизм,  христиан  діні.  Православиенің 
тарауы, катоик діні протестантизмнің шығуы, ислам діні. 
Дін мен моральдың ара-қатынасы, дін иелерінің адамзаттық құндылықтарды «Құдай 
заңы», «Құдай  жолы»  деп  жариялауы,  шын  мəнінде  үлкеннің  кішіге  деген  қамқорлығы, 
кішінің  үлкенді  сыйлауы  т.б.  нормалар  адамзат  қоғамымен  бірге  жасасып  келе  жатқан 
қарапайым адамгершілік заңдары екендігі. 
Дінмен ғылымның арақатынасы. Дін жəне өнер. Дін жəне мораль деген тақырыптар 
арқылы  оқушылардың  дін  жөніндегі  көзқарастарын,  түсінігін  ғылыми  негізде 
қалыптастыру. 

19 
 
Имандылық, адамгершілік тəрбиесіндегі халықтық үлгі өнерлер. 
Халқымыздың  салт-дəстүр,  əдет-ғұрып  заңдарын  терең  меңгере  отырып, 
инабаттылыққа,  кішіпейілділікке,  ізеттілікке  тəрбиелеу.  Баланы  адамгершілікке  жəне 
имандылыққа тəрбиелеуде Құран кітабының маңызы. Құран хадистерінің тəрбиелік мəні. 
«Құран  Кəрім», «Ғылымхал», «Мұхамед  Пайғамбар  хадистері»  діни  кітаптарды  өмір 
тəжірбиесінде 
пайдалану. 
Шығыс 
ғұламаларының 
Ы.Алтынсарин, 
Абайдың, 
Ш.Құдайбердіұлының  діни-сенімдер  туралы  көзқарастары,  ой-пікірлері.  Адамгершілік 
қасиетті қалыптастыруда сөз өнерінің тəрбиелік мəні. 
 
МƏДЕНИЕТТІ ТҰЛҒА ЖƏНЕ ƏДЕП  
 
Адамзаттың  рухани  тағылымы.  Халық  даналығы,  салт-дəстүрлер  туралы  алған 
білімдері  негізінде  ата-баба  дəстүрінің,  көсем  сөздер  мен  шешендiк  сөздердің  рухани 
тағылым, адамгершілік құндылық, даналық ретіндегі мəні мен мағынасы. 
Ізгілік  ұғымы  туралы  түсінікті  кеңейту.  Ізгі  істерге  жетелейтін  адамгершілік 
қасиеттерді дамытуға ықпал ету. 
Адами қарым-қатынас жасау ізгіліктері. 
Сəлемдесу,  жылы  жүзбен  қарсы  алу,  жымиып  сөйлеу,  сабырлылық  таныту,  əдеп 
сақтау,  үлкеннің  сөзін  бөлмеу,  дабырлап,  даурығып  сөйлемеу  жəне  т.б.  Отбасындағы 
қарым-қатынас, iскерлік қарым-қатынас, жолдастық қарым-қатынас жасау əдептері жəне 
т.б. 
Тəлімдік  қасиеттер:  имандылық,  кісілік,  қарапайымдылық,  əдептілік,  инабаттылық, 
кішіпейілділік,  шыншылдық-адалдық,  еңбекқорлық,  білімқұмарлық,  жері  мен  елін 
сүю,ұлтжандылық, бірлік жəне т.б. 
Мəдениетті тұлғаның бейнесін анықтау. Мəдениетті адам – ұлттық сана-сезімі оянған 
(ана-тілін,  төл  мəденеитін,  тарихын,  ата-дəстүрін  игерген)  рухани  биік,  имандылық, 
табиғилық, еңбекқорлық жəне т.б. ізгі қасиеттер тəн адам. 
Тəлімдік  өлшемдер:  кішіпейіл,  бауырмал  мінез  жəне  қыңыр  мінез,  қарапайым  жəне 
менмен, өзімшіл мінез жəне т.б. 
Турашылдық  жəне  оның  сипаты.  Халқымыздың  турашылдықты  дəріптеп,  жастардың 
бойына сіңіріп келгені туралы мəліметтер.  
Мейірімділік  жəне  оның  сипаты.  Еңбекке,  адамзатқа,  қоғамға,  жан-жануарларға, 
табиғатқа мейірімділікке үйрету дəстүрін үлгі келтіру. 
Міндет, оның мазмұны мен сипаты. Міндет- адамның қоғам алдында, халқы алдында, 
ата-анасы  алдында  атқаратын  ісі.  Міндетті  адал  орындау.  Міндетті  орындау  мəдениетті 
адамның ар-ожданы. 
Абырой  жəне  оның  сипаты.  Адамның  абыройын  қастерлеу.  Атақ-даңқ  жəне  еңбек. 
Халық абыройы, оны қастерлеудегі ата-бабамыздың игі дəстүрлері.  
Бақыт. Бақыт жайындағы ұлы адамдардың ұлағатты сөздері. Халқымыз бақытты өмірді 
ертеден армандап, ауыз əдебиетінде дəріптеуі.Мысалдар. 
 
 
ТƏЛІМДІК ҚАҒИДАЛАР 
 
Негізгі  тəлімгерлік  қағидалар:  ізгілікті  ынтымақтастық,  еңбекқорлық,  ұлтжандылық 
жəне т.б. 
Негізгі  моральдық  қағидалардың  тəрбиелік  мəні.  Ізгіліктік,  оның  сипаты.  Үлкенді 
сыйлау,  кішіге  ілтипат  көрсету,  қоғамға  адал  ниетпен  еңбек  ету,  табиғат  пен  жан-
жануарларды аялау, ізгіліктің басты көрсеткіштері екенін түсіндіру. Ата-бабаларымыздың 
ізгілікті азамат тəрбиелеудегі дəстүрі. Ер бала мен қыз бала тəрбиесі. Қазақ халқының қыз 
бала тəрбиелеудегі ерекшелігі. 
Ынтымақтастыққа  тəрбиелеу  жайындағы  ата-бабамыздың  өсиеті,  дəстүрі.  Ынтымақ, 

20 
 
береке-бірлікке  байланысты  халықтық  жыр-аңыздан  мысал  келтіру  (Əнет  баба,  Төле, 
Қазбек, Əйтеке билердің, Базар, Бұқар жыраулардың, Сырымның,Абыздың аталы сөздері 
т.б.). Бүгінгі күнгі ынтымақ, бірлік. 
Еңбекқорлық.  Халқымыздың  еңбекті  қастерлеп,  жас  ұрпақты  еңбекке  баулып  келгені 
жайында  дəстүрлер  (мал  шаруашылығы,  қолөнер,  зергерлік  өнер,  т.б.)  Қазіргі  халыққа 
керек еңбек түрлері. 
Нарықтық  экономика  жайында,  бизнес,  бəсекелестік,  іскерлік,  коммерция,  брокерлік 
қызмет, менеджер т.б. туралы түсінік. 
Ізгілікті демократиялық қоғам, өркениетті мемлекет ұғымдарына түсінік. 
Ұлтжандылық жəне интернационалдық сезім. Ұлттық сезім, өз ұлтын сүю, қастерлеу. 
Ұлтжандылық  жəне  ұлтшылдық  олардың  айырмашылығы.басқа  ұлттардың  ұлттық  ізгі 
тəлімдерін бағалау, құрметтеу. 
 
 
ӨНЕР - ТƏРБИЕНІҢ БАСТАУЫ  
 
Тəрбиедегі өнердің ролі 
Өнер  мен  əдептің  сұлулыққа,  сыпайылыққа,  əсемдікке  негізделуі.  Өнер  адамдарының 
сал-серілердің «сегіз қырлы, бір сырлы» болып келуі. 
Көркемөнер  туралы  түсінік.  Көркемөнердің  түрлері:  қол  өнері,  музыка,  би  өнері; 
бейнелеу-мүсіндеу  өнері;  сəулет  өнері.  Олардың  бір-бірімен  байланысы.  Зергерлік 
бұйымдардың сəндік жəне сыйлық қасиеті. Асыл тастармен əшекейленген сырға, білезік, 
жүзік, алқа, т.б. заттардың арудың көркі болуы. 
Музыка  жəне  би  өнерінің  адам  сезімін  жетілдіріп  тəрбиелеудегі  ролі.  Адам  өмірінің 
музыкамен  байланыстылығы.  Шілдехана,  келін  түсіру,  қыз  ұзату  сияқты  ойын-сауықтар 
мен  өлікті жөнелту  сияқты  салт-дəстүрлердің  өлең-жырсыз  өтпеуі. Халықтық  əндер  мен 
күйлердің ерекшелігі. 
Қазақтың қол өнері 
Қазақтың  қолөнер  туындыларының  түрлері.  Қазақтың  сəндік-қолданбалы  өнері,  оның 
даму  ерекшелігі,  бүгінгі  заманға  сəйкес  икемделуі  мен  оның  қазіргі  қолданылуы  жəне 
жастардың  киім  кию  біліктілігін  қалыптастырудығы  ролі.  Зергерлік  бұйымдар,  ондағы 
ою-өрнектердің мəні мен мағынасы, тəрбиелік ролі. Тоқыма бұйымдар, оларды дайындау, 
өңдеу,  пайдалану.  Кесте  тігу,  киіз  басу  өнері,  оның  жасөспірімдерді  əсемдікке, 
ұқыптылыққа,  еңбексүйгіштікке,  төзімділікке    баулудағы  ролі.  Қазақтың  ұлттық  өю-
өрнектерін  пайдаланып  киім  тігу,  оның  жас  ұрпақтың  сəн  өнерін  қалыптастырудағы 
мүмкіндіктері. 
Атакəсіп – дəстүрлі  өнер.  Ертеден  келе  жатқан  дəстүрлі  өнердің  бір  түрі – атакəсіп 
туралы түсінік. Ұрпақтар сабақтастығы. 
 
ХАЛЫҚ ТƏРБИЕСІ – ДАНАЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ 
 
Халықтық тəрбиенің түрлері 
Атадан  балаға  жалғасып  келе  жатқан  халықтық  тəлім-тəрбиенің  жас  ұрпақты 
тəрбиелеудегі  маңызы.  Ұлттық  салт-дəстүр,  əдет-ғұрыптардың  тəрбиедегі  алатын  орны. 
Халықтық  тəрбиенің  түрлері  еңбек,  дене,  ақыл-ой  адамгершілік,  əсемдік  (эстетикалық), 
экономикалық,  экологиялық  болып  бөлінуі.  Олардың  ауыз  əдебиеті  үлгілерінен  (мақал-
мəтел,  өлең-жыр,  жұмбақ,  ертегі,  аңыз-əңгімелерден)  өзекті  орын  алуы,  тəрбиенің  бұл 
түрлерінің отбасылық тəрбиеде кешенді түрде жүргізілуі. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет