Бас редактор с. Ж. Пірəлиев



Pdf көрінісі
бет4/16
Дата03.03.2017
өлшемі6,2 Mb.
#5927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Ақыл-ой тəрбиесі. 
Оқушылардың  таным-қабілеттілігін  арттырып,  жүйелі  біліммен  қаруландыру, 
шығармашылық  ойлауды  дамыту,  ғылыми  дүниетанымын  қалыптастыруға  бағыттау. 
Білімін өздігінен меңгеруге жұмылдыру. 

21 
 
Шешендік  өнер,  айтыс,жұмбақ,  мақал-мəтел,  жаңылтпаштар  арқылы  тапқырлыққа 
тəрбиелеу.  Ата-бабалардың  табиғатты  болжаудағы  тəсілдерінің  ерекшелігі.  Оқушының 
ақыл-ойын қалыптастырудағы телерадио хабарларының маңызы. 
 
 
БАҒДАРЛЫ МЕКТЕПТЕГІ ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ  
(34 САҒ., АПТАСЫНА 1 САҒ.) 
 
КІРІСПЕ САБАҚ 
«Ұлттық  тəрбие»  пəні  туралы  түсінік  беру.  Сынып  бойынша  пəнді  оқытудың  мақсат, 
міндеттерімен таныстыру. 
 
 
ТАНЫМ ТАҒЫЛЫМДАРЫ 
 
Таным жолдары. Адамның өзін-өзі дамытуы, жетілдіруі. 
Ой-өріс  кеңдігі.  Адамның  ақыл-ой  қызметі  негізінде  алға  қойған  мақсатына  жетудің 
оңтайлы жолдарын таба алуы. Ой-өріс кеңдігінің нəтижеге жетудегі мəні. 
Ниет  тазалығы – имандылық  мұраты.  Адамның  қоғамдағы,  күнделікті  өмірдегі  іс 
əрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиеті. Көңіл, ниет 
тазалығының қарым-қатынастағы мəні. 
Рухани 
байлық – игілік 
негізі. 
Адамның 
рухани, 
мəдени 
жəне 
материалдық/материалдық  емес  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға  сəйкес  келетін  іс-
əрекеттер (ырзық). 
 
АДАМГЕРШІЛІК ТƏРБИЕНІҢ МАЗМҰНЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 
 
Мораль – қоғамдық  сананың  түрі,  адамгершілік  тəрбиенің  күретамыры.  Мораль 
дегеніміз – адамдардың  бір-біріне  жəне  қоғамға  деген  міндеттері  мен  қарым-
қатынастарын  анықтайтын  қауымдық  өмір  сүру  ережелерінің,  адамдардың  мінез-
құлықтары нормаларының жиынтығы. 
Адамгершілік тəрбиенің күретамыры – мораль, этика, өнеге. 
Адамгершілік тəрбиедегі кейбір қарама-қайшылықтар. 
Адамгершілік тəрбиенің бағалану деңгейі. 
Адамгершіліктің  басты  белгісі – азаматтық.  Азаматтық  тəрбиенің  негізі – саяси-
идеялық тəрбие. 
Отансүйгіштік жəне ұлтжандылық тəрбие. 
 
ЖАРАСЫМДЫ ӨМІР САЛТАНАТЫ 
 
Жалынды  жастық  шақ.  Жастық  шақ - адам  өмірінің  бір  белесі.  Өмірден  өз  орнын 
табуға талпыныс, қызығушылық, құштарлық. 
Жарасымды  қарым-қатынас.  Адамдар  арасындағы  қарым-қатынастағы  кісілік  пен 
кішілік,  тіл  табыса  білу,  кешірім  мен  келісім.  Өз  ойы,  сөзі  мен  ісіне  жауапкершілікпен 
қарау. 
Іңкəр  көңіл,  нəзік  сезім.  Жастар  арасындағы  қарым-қатынас,  алғашқы  сезім,  бала 
махаббат. 
Қызмет  етем  халқыма...  Өз  ұлтын,  тілін,  ділін  құрметтеп,  өзгелерге  түсіністік, 
сыйластық жəне шыдамдылық таныта алу. 
Отбасы – өмір  өзегі  Отбасын  құрудың  басты  мүддесі,  шаңырақ  құрудың 
жауапкершілігі,  ата-ананың  ұрпақ  алдындағы,  ұрпақтың  ата  алдындағы  міндеттері  мен 
парыздары. 

22 
 
Ағайын – ер  тірегі.  Отбасы  əдебі,  отбасы  мүшелерінің  өз  орны,  көршімен,  ағайын-
тумамен,  құда-жекжатпен  қарым-қатынас  жасай  білу.  Сүйіспеншілiк,  түсіністік,  көмек  жəне 
т.б. 
Ата салты – ұрпаққа аманат. Отбасын қадірлей, құрметтей білу, əке-шеше, ата-əже, 
бауырларын сыйлау, өзара Отбасы дəстүрін қабылдап, құрметтей білу, қонақжайлылық, 
Дəстүр жалғастығы – ұлт болашағы. Ұлттық құндылықтарды дəріптеу, ұлттық салт-
дəстүрді жалғастыру жəне дамыту. 
Қазақ халқының ұлттық құндылықтары. Тіл - ұлттың ары. Мемлекеттік тілді білу – 
парызың. Қазақстандағы - ресми тіл. Халықаралық қатынастар тілі. Əлемдік тіл – əлемдік 
деңгейге шығар жол. Үш тұғырлы тіл –жаһанданудың кепілі. 
Діл. Қазақ халқының өзіне тəн - ұлттық ділінің ерекшеліктері: Мінез-құлқы, намысты 
қолдан  бермеушілігі,  рухты  биік  ұстауы,  батырлығы,  сабырлылығы,  ақкөңілділігі  мен 
аңғалдығы, бауырмалдылығы, көпшілдігі мен қонақжайлылығы т.б. 
Қазақ  халқының  ділі – оның  əдет-ғұрпында  (ойын-сауықтары,  ырымдары  мен 
тыйымдары,  түс  жоруы,  жыл  қайыруы  мен  мал  бағудан  туындаған  астрономиялық 
көзқарастары т.б.). Қазақ халқының тұрмыс өміріндегі қолөнері жəне оның тəрбиелік мəні 
(құрақ  құрау,  текемет,  киіз  басу,  сəнді  тоқыма  тоқу,  кесте  тігу,  ою,  өрнек  өнеріндегі 
бейнелері). 
Əдет-ғұрып,  салт-дəстүр. «Үйлену – оңай,  үй  болу – қиын»  мақалының  мəн-
мағынасы.  Отбасын  құруға  байланысты  əдет-ғұрып,  салт-дəстүрлер  (Құда  түсу,  қалың 
мал, құдағи таныс, қалыңдық ойнау, өлі-тірі беру, есік-төр көрсету, батаяқ байлау, ақтық, 
шаңыраққа мінгізу, ақ қастық, үкі тағу, отқа май тамызу, жол кеспеу, арқан керу, ақ алып 
шығу,  домалақ  қалыңмал,  есікті  қатты  жаппау,  неке  қияр  ғұрпы,  неке  шарты,  ат  тергеу, 
табақ тарту, жар-жар айту, беташар т.б.). 
Қазақ халқының қонақжайлылығы. Қонақ күту. Қонаққа табақ тарта білу. Қонақ кəде. 
Дін. Ежелгі қазақ даласындағы халықтардың ұстанған діни наным-сенімдері (Көкбөріге 
табыну,  ата-баба  əруағына,  отқа,  суға,  жерге  т.б.).  Əлемдік  негізгі  діндер:  (Ислам  діні, 
Христиан діні, Будда діні) Діннің адам психологиясына əсері (пайда, зияны). 
Қазіргі кездегі түрлі діни ағымдар жəне жастар. 
 
КЕҢ ДҮНИЕ КЕЛБЕТІ 
 
Қоғам,  əлеумет. Өзара түсіністік, төзімділік, сыйластық, бір-біріне шыдамдылық таныту, 
адамдарды  өз  қалпында  түсініп,  қабылдай  білу.  Достық,  бірлік,  татулық,  адамдардың  ұлтын, 
дінін, ділін, нəсілін сыйлай, құрметтей білу, тату-тəтті өмір сүру. 
Отан – бақыт  ордасы.  Адамның  азаматтық  айқындамасы,  өз  туған  жері,  Отанын  сүйе 
білуі, мемлекеттік мəселелерге белсене араласуы, қоғам алдындағы жауапкершілігi, қызметі. 
Табиғат – тылсым  дүние.  Табиғатпен  үйлесімділік,  табиғатты  аялау  туралы  түсінік. 
Табиғат тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігі, табиғат заңдылықтарын 
сақтау туралы түсінік. 
Өркениет – ел  мұраты.  Əлем  халықтарының  татулығы,  бірлігі,  халықтар  достығы, 
ынтымақ, келісім жəне т.б. 
 
САЛАУАТТЫЛЫҚ - ӨМІР НЕГІЗІ 
 
Денсаулық – өмір өзегі. Денсаулық. Ұзақ өмір. Мəнді, мазмұнды өмір. Денсаулықты 
нығайту. Денсаулыққа зиянды, пайдалы əрекеттер.  
Салауатты өмір салтын құру жəне оған тəрбиелеу.  
Салауатты  өмір  салтының  рухани-имандылық,  əлеуметтік-экономикалық  жəне 
қоғамдық-саяси негіздері. 
Қазіргі  қоғамдағы  қауіпті  дерт  жəне  оларды  болдырмау  жолдары.  Адам  өміріне 
зиянды əрекеттерден аулақ болу: нашақорлық, ішімдік ішу, шылым шегу, СПИД жəне т.б. 

23 
 
Тастанды  балалар,  Ата-анасын  қарттар  үйіне  өткізу  проблемалары,  оны  болдырмаудағы 
қазақ халқының дəстүрлі əрекеттері. Қарияға деген құрмет. 
Сұлулық  əлемі  жəне  сұлулық  құпиясы.  Əсемдік.  Сымбаттылық.  Сүйкімділік.  Дене 
күтімі.  Бет  күтімі.  Киіне  білу.  Ас  ішу.  Гигиена  т.б.  Қазақ  халқының  əдет-ғұрпындағы 
əсемдік пен сұлулық сырларының көрінісі.  
Еңбек  етсең – емерсің.  Еңбек  тəрбиесінің  маңызы,  оның  спортпен  бірлігі  (қазақ 
халқының ұл баласының ертеден ат жалында ойнауы, ұлттық ойындарға мəн беруі т.б.), 
Кəсіпкер əдебі. Кəсіпкердің ұлтжандылық, қайырымдылық қасиеттерінің маңызы. 
Қазақ халқының отбасылық тəрбиесі. Қазақта отбасылық тəрбие бір-бірімен тығыз 
байланыста алты кезеңде жүргізілген. 
Құрсақ тəрбиесі. Аяғы ауыр болысымен əйелге ерекше қамқорлық жасау, оның сүйген 
жерік  асының  мəні, «Құрсақ  тойын»  жасау,  пəле-жаладан,  тіл-көзден  сақтау  шаралары, 
аяғы ауыр əйелге ауыр жұмыс жасатпау, оның көңіл-күйін əрдайым жоғары, жақсы ұстау.  
Бесік  тəрбиесі.  «Бесік  салар»  ырымы,  бесікке  салу, «Бесік  тойын»  жасау,  бесік 
жабдықтары,  олардың  мəні,  бесікке  салушыларға  сый-құрмет  жасау,  бесіктің  тазалығы, 
бесікке  бөлеу  əдістері,  бесіктің  құрылысы,  оның  жасалуы,  бесікті  қарау  əдеті,  бесікке 
бөленген  бала  шошымау  үшін  жасалатын  ырымдар,  бесіктегі  баланы  тамақтандыру, 
ойнату. 
Қыз  бала  тəрбиесі.  «Қыз»  деген  сөздің  мəні.  «Қызға  қырық  үйден  тыю»  мақалының 
мағынасы.  Қыз  баланың  отбасындағы  орны.  Қыз  қылығымен  тартымды.  Бойжеткен 
қыздың  гигиенасы.  Қыз  абыройы.  Қыз  бала – болашақ  ана.  Қыз  балаға  ерте  жастан 
жыныстық тəрбие беру. Қазақ халқының ертеден қыз баланы – қонақ деп құрметтеуі. Қыз 
бала – болашақ келін. 
Келін тəрбиесі. Келін - отбасының ұйытқысы, ақ босағаның аруы, үлкен шаңырақтың 
береке-құты. «Келін» деген сөздің мəні, келін түсіру, келінді жаңа отбасында тəрбиелеу. 
Ұл  бала  тəрбиесі.  «Ұл»  деген  сөздің  мəні,  ұл  балаға  еңбек,  дене,  кəсіби,  ақыл-ой, 
эстетикалық,  экологиялық,  ұлтжандылық  тəрбиелер  беру.  Ұл  бала – отбасы  тірегі. 
Қазақтың ұл баланы аса қастерлеу себебі. Жеті ата. Шежірені білу. Ұлдың отбасындағы 
орны. Ұл қандай болуы керек? Оған келешекте жүктелетін міндеттер. 
Ер  жігіт  тəрбиесі.  «Жігіт»  деген  сөздің  мəні,  жігіттің  кескін-келбеті,  қабілет-икемі, 
қадір-қасиеті,  асыл-мінезі,  ажырамас  серігі.Төрт  құбыласы  тең  ер  жігіт.  Отбасын  құру. 
Жар  таңдау.  Айттыру.  Отбасын  жоспарлау.  Отбасының  адам  өміріндегі  маңызы.  Күйеу 
бала əдебі. 
 
БАҚЫТ ДЕГЕН НЕ? 
 
Бақыттың мəні. Шынайы бақыт деген не? Адамға бақытты болу үшін не керек?. Бақыт 
пен  байлық  бір-бірімен  байланысты  ма?  Ел  бақыты.  Ер  бақыты.  Ана  бақыты.  Бала 
бақыты.  Баянды  бақыт.  Жолдастық.  Жолдасты  таңдау.  Жолдастықтың  адам  өміріндегі 
маңызы. Сүйіспеншілік. Сүйіспеншіліктің адам өміріндегі маңызы. 
Сұлу,  сұлу  емес – сүйген  сұлу.  Ұнату.  Жақсы  көру.  Махаббат.  Сүю.  Қимастық 
сезімдері т.б.  
 
ЗАҢ ЖƏНЕ ƏДЕП 
 
Заң  туралы  түсінік.  Қазақ  халқының  заң  жобасы. «Қасымханның  қасқа  жолы», 
«Есімханның  ескі  жолы»  заңдарының  шығу  тарихы.  Жесір  дауын  шешу,  ердің  құнын 
кесудегі  билік  айту  дəстүрлері.  Билерге  қойылатын  талаптар  (шешендік,  тапқырлық, 
əділдік). Əз Тəуке ханның «Жеті жарғы» заңының шығу тарихы мен мазмұны. Билердің 
шешендік,  тапқырлық  əділ  билігіне  халықтың  ден  қоюы,  сөзге  қонақ  беру,  жеңілісті 
мойындау  əдеп  заңының  салты  екендігі. «əділ  билікке  арсыз  дау  айтады»  деген  сөздің 
əдептілікпен  байланысының  тууы.  Егеменді  Қазақстанның  Конституциясы,  азаматтық 

24 
 
құқық  заң  тармақтары.  Заң  орындар  мен  ел  билеу  жүйесіндегі  демократиялық 
принциптер. 
 
ЭТНОСАРАЛЫҚ ƏЛЕУМЕТТЕНУДІҢ ЖАҒДАЙЫ ЖƏНЕ ҰЛТАРАЛЫҚ 
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МƏДЕНИЕТІН ТƏРБИЕЛЕУ 
 
Жеке адамның тəрбиесі жəне əлеуметтенуі. Қоғамдық қатынастар жүйесінде адамның 
жеке  адам  ретінде  қалыптасуы.  Ұлттық  қатынастар  əр    түрлі  ұлттардың  адамдарының 
қатынасын қалыптастыратын объективті шындық жағдайы ретінде. Қоғамдық қатынастар 
жəне  қарым-қатынас.  Ұлттық  қатынастар  жəне  ұлтаралық  қарым-қатынас.  Халық,  ұят, 
ұлыс. Этикалық үрдістер. Əлеуметтену адамның жеке адам ретінде құрылуының процесі, 
индивидтің  əлеуметтік  ортаға  кіруі,  оның  əлеуметтік  байланыстардың,  мəдени 
құндылықтардың жүйесін қайта өндіруі, этносаралық əлеуметтену индивидтің аймақтық, 
республикалық,  елдің,  дүниежүзі  халықтарының  қатынас  жүйесіне  ену  процесі  ретінде. 
Этностық əлеуметтену этнос ділінің адамға əсері, оны халқының тарихына, мəдениетіне, 
ана тіліне, дəстүрлеріне баулу процесі ретінде. 
 
ДҮНИЕЖҮЗІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАТЫНАСЫ ЖƏНЕ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-
ҚАТЫНАС МƏДЕНИЕТІН ТƏРБИЕЛЕУ 
 
Əр  түрлі  деңгейдегі  ұлттық  қатынастардың  дамуы.  Мемлекеттерде,  мемлекетаралық 
жəне халықаралық бірлестіктерде жалпыадамзаттық пен ұлттықтың бірлігінің көрінісі. 
Бірлескен  адамзат  шындық  құбылыс  ретінде.  Дүниежүзінде  болып  жатқан  əлеуметтік 
өзгерістер.  Дүниежүзінің  аймақтарында  халықтардың  интеграциялық  үрдістері. 
Дүниежүзі халықтарының нарықтық қатынасқа тартылуы. 
БҰҰ халықтар мен елдердің қатынасын реттеудегі орны мен ролі. Халықтардың өзара 
жақындасуға жəне өзіндік əлеуметтік мəдени сəйкестігін сақтауға ұмтылысы. 
 
ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МƏДЕНИЕТІН ТƏРБИЕЛЕУДІҢ 
ФОРМАЛАРЫ МЕН ƏДІСТЕРІ 
 
Ұлтаралық  қарым-қатыс  мəдениетін  тəрбиелеудің  жекелік,  топтық  жəне  бұқаралық 
формалары, оларды таңдап алудың əдістемесі. Ұжымдық еңбек істер, меймандар, кештер, 
ертеңгіліктер,  фестивальдар,  жорықтар  т.б.  тəрбие  формаларының  жұмыстарын  даярлап 
өткізудің əдістемесі. 
Ұлтаралық 
қарым-қатынас 
мəдениетін 
тəрбиелеудегі 
міндеттерді 
атқаруда 
қолданылатын  əдістердің  мазмұны  (кіріспе  əңгіме,  нұсқау,  ықылас  тудыру  т.б.). 
Ұлтаралық қарым-қатынас мəдениетін тəрбиелеуде оқушылардың санасына, мінез-құлық 
пен  іс-əректеіне  əсер  етудің  əдістері.  Оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сəйкес 
белсендету  əдістері:  оқыту-тəрбиелеу  диалогы,  іскерлікке  үйрететін  ойындар, 
дидактикалық конкурстар, сұрақ-жауап ойыны, компьютерлерді пайдалану т.б. 
 
БІЛІМ МАЗМҰНЫ ЖƏНЕ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МƏДЕНИЕТІН 
ТƏРБИЕЛЕУ 
 
Білім  мазмұнында  ұлттық,  жалпы  қазақстандық  жəне  жалпы  адамзаттық 
құндылықтардың  көрінісін  табуы.  Білім  мазмұнының  ұлттық,  қазақстандық  жəне 
жалпыадамзаттық сананы қалыптастырудың мүмкіншіліктері. 
«Ұлттық  мектеп»  ұғымы  мазмұнына  түсініктеме. «Ұлттық  мектеп»  ұғымының  білім 
берудегі  жəне  ұлтаралық  қарым-қатынас  мəдениетін  тəрбиелеудегі  негізгі  ұғымдардың 
бірі ретінде. 
 

25 
 
МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ  
 
Оқушылар  бойына  белсенді  азаматтық  қасиеттерді,  отансүйгіштік,  ұлтжандылық 
сезімдерді  қалыптастыру.  Қазақстан  Республикасындағы  қазіргі  жастар  қозғалысы  мен 
қоғамдық ұйымдарындағы ұлттық тəрбиенің басым бағыттары. 
 
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Ұжымдық  дəстүрлер.  Ұжымдық  іс-əрекет  арқылы  ұлттық  тəрбие  беру.  Ұжымды 
қалыптастыру деңгейлері. Ұлттық тəрбие беру негізінде интеллектуалды тұлға тəрбиелеу. 
 
 
1.ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕНІҢ ҚҰРАЛЫ - ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ 
 
Əдібай Табылдиев –  
педагогика ғылымдарының докторы, 
ұстаз-ғалым, ақын, жазушы, 
əл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің профессоры 
 
Қазақ халық педагогикасының ғылыми теориясы
 
Қазақ халық педагогикасы (қазақ этнопедагогикасы) - нысанды ақиқат заңдылықтарын 
бейнелейтін,  дəлелді  теориялық  жүйеде  түзілген  ілімдердің  философиялық  қисынды 
қүрылымын көрсететін, яғни халық педагогикасы мен ұлттық педагогикалық өнегелерді 
зерлеп, дəлелдеп баяндайтын ғылым.
 
Біз  ғасырлар  бойы  халық  қалыптастырған  осы  қазақ  этнопедагогикасын  жоғары  оқу 
орындарында оқытудың теориялық негіздерін  саралау  үшін,  ең  əуелі  оның  ғылыми-
теориялық алғышарттарын жүйелеп, көрсете білуіміз қажет болды.
 
Қазақ  этнопедагогикасының  ғылыми  негіздері  қазақ  халқының  этникалық  болмысының 
тарихи  қалыптасуына,  халық  педагогикасының  ұлттық  ерекшеліктеріне  байланысты 
жүйеленіп тұжырымдалды.
 
"Этнос" (ру, тайпа, ұлт) жəне "педагогика" (оқыту, тəрбиелеу, дамыту туралы ғылым) 
сияқты  екі  сөзден  құралып, «этнопедагогика»  деп  аталатын  бұл  ғылым - белгілі  бір 
ұлттың (нақтылай алсақ, қазақ ұлтының) ғасырлар бойы өмір тəжірибелері арқылы жасаған 
тəрбиелік, дүниетанымдық тарихи құндылығы болып табылады.
 
Қазақ халық педагогикасының ғылыми алғышарттары:  
1.  Қазақ  халық  педагогикасы  (қазақ  этнопедагогикасы) - қазақ  халқының  ұлттық 
ерекшеліктерін 
айқындап, 
оның 
өмір 
тəжірибесі 
арқылы 
тəлім-тəрбиелік, 
дүниетанымдық құралы ретінде қалыптасқан ғылым. Яғни əрбір халықтың немесе ұлттың 
өз  ерекшеліктеріне  сəйкес  тəлім-тəрбие  жүйесі  қалыптасқан.  Ол  "қалыпты"  ешбір 
"ғаламдастыру" бұза алмайды.
 
2. Этнопедагогика жалпы ұқсастығымен дүние жүзіндегі барлық халықтар мен ұлттарға 
тəн  ғылымның  атауы  болғанмен,  ол  жеке  бір  халықтың,  не  ұлттың,  өзіне  тəн  тəлім-
тəрбиелік  (педагогикалық)  ерекшеліктерді  айқындап  көрсетеді.  Ол  ерекшеліктер  əрбір 
халықтың  ауыз  əдебиетінен,  салт-дəстүрінен,  тұрмыс-тіршілігінен  айқын  көрінеді. 
Сондықтан  этнопедагогика  туралы  "жалпылық"  түсініктер  мен 
тұжырымдар  бұл 
ғылымның этникалық мəні туралы жалпылау ұғымды білдіреді.
 
3.
 
Жеке  халықтың  немесе  ұлттың  (этностың)  этнопедагогикасын  (яғни  ұлттық 
педагогикасын)  ғылым  ретінде  дəлелдеу  үшін,  біз  ең  əуелі  сол  халықтың,  не  ұлттың 
этностық  болмысын,  тілін,  тəлім-тəрбиелік  құралдарын  жан-жақты  зерттеп,  жүйесін 
айқындап,  бұл  этнопедагогика  сол  ұлттың  өзіне  тəн  ғылым  екендігін  дəлелдеп,  өз 
атымен атаймыз. (Мысалы, "Қазақ этнопедагогикасы"). 
4.
 
Ғаламдағы  алты  мыңнан  аса  ұлыстар  мен  ұлттардың  əрбірінің  өзінің  ұлттық 

26 
 
(этностық)  ерекшеліктері  бар.  Олар  ғылыми  жағынан  зерттеліп,  айқындалмаған, 
сондықтан олардың бəріне ғылыми жеке-жеке анықтама беру мүмкін емес. Жиырмасыншы 
ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  зерттеліп,  ғылыми  жағынан  дəлелденген  қазақ 
этнопедагогикасы  ғылым  ретінде  қалыптасты  да,  пəн  ретінде  оқу-тəрбиеісінде 
қолданылмалы құндылыққа айналды. 
5.
 
Қазақ  этопедагогикасы - ғаламдағы  барлық  өркениетті  елдердің  этнопедагогикалық 
құндылықтарын  бойына  сіңіріп,  этникалық  ерекшеліктерімен  айқындалып,  дами  беретін 
ұлттық тəлім-тəрбие туралы ғылым. 
Осындай  ғылыми-теориялық  алғы  шарттары  толымды  айқындалған  этнопедагогика  ғана 
сол  ұлттың  (этностың)  халықтық  педагогикасы  (этнопедагогикасы)  мəнінде  ғылымдық 
атауға  ие  бола  алады.  Қазақ  этнопедагогикасы  (қазақ  халқының  ұлттық  педагогикасы) - 
ғылыми ұлттық мəні дəлелденген. педагогикалық мазмұны айқындалған ғылым.
 
Қазақ халық педагогикасының əдіснамалық негіздері
 
Əдіснама (методология) - ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүйесі логикалық (қисындық) 
құрылымы, əдіс-тəсілдері, зерттеу негіздері жөніндегі ілім.
 
Қазақ этнопедагогикасының (қазақ халық педагогикасының) əдіснамалық негіздері 
ұлттық  тəжірибелерді  зерттеуден  туындайды. "Баланы  тəрбиелеуде  біз  халық 
тəжірибесіне  сүйенеміз"  дейді  ертедегі  грек  философы  Аристотель.  Ал  халықтың 
тəжірибелері оның арғы тегіне, халық болып қалыптасуына, тұрмыс-тіршілігінен бастау 
алады.  Профессор  С.Қалиев  қазақтардың  шығу  тегіне  байланысты  тарихшы  ғалым 
Л.Гумилевтің: "Қазақтар 

түрік,  монғол,  үнді-иран  тектес,  Қазақстан  территориясында 
тіршілік  еткен  Еуразия  далаларының  көшпелі  үштігінен  тараған  сақ,  ғұн,  үйсін 
тайпаларының 
қосындысынан  құралған  ежелгі  халық"  деген  тұжырымын  мысалға 
келтіріп, "Қазақ  халқы  негізінен,  республиканың  қазіргі  жерін  мекендеген 
автохтонды  (байырғы)  тайпалардан  қалыптасты  жəне  олардың  этногенетикалық 
құбылыстарының  түп  тамырлары  сонау  қола  дəуірінде,  андронов  мəдениеті  деп  аталатын 
көне  кезеңге  (б.з.б. XVIII-VIII  ғ.ғ.)  саяды", - дейді. (Қалиев  С.  Қазақ 
этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. – Алматы, 1998 ж. 16-бет.).
 
Міне,  осындай  тарихи  түп  негіздері  анықталған  қазақ  халқының  этнопедагогикалық 
негізі - ұлттық тəжірибелер екендігін немен дəлелдеуге болады? Білге хан мен Күлтегінге 
арналған  ескерткіштен  (тас  жазуынан)  басталатын  қазақтың  тарихи  тегін  зерттеу 
ғылыми  тұжырымдары  түрік  тектес  қазақ  халқының  тарихи,  этнографиялық,  этностық, 
тұрмыс-салттық белгілерін айқындап берді.
 
Қазақ халқының тарихи болмысы мал өсірумен, егіншілікпен, қолөнерімен, аң аулаумен, 
ел  қорғаумен  байланысты.  Өмірдегі  осы  болмыстарына  сəйкес  халық  тəлім-тəрбиелік 
тəжірибе  жинады,  ұлттық  болмысы  мен  дəстүрін,  салт-санасын  қалыптастырды.  Халық 
ұрпағын өз тəжірибелеріне  сəйкес мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын, қолөнерін, 
аң аулауды, ел қорғау үшін ерлік жасауға тəрбиеледі.
 
Қазақ  халқы  төрт  түлік  малды  "киесі"  бар, "иесі  бар"  қасиетті  жануарлар  деп, 
"ойсыл қара" тұқымы-түйені, "Қамбар ата" тұқымы-жылқыны, "Зеңгібаба" тұқымы-сиырды, 
"Қошқар  ата"  тұқымы-қойды, "Шекшек  ата"  тұқымы-ешкіні  бағып-қағуда,  олардың 
өнімдерін  пайдалануда  есепсіз  тəжірибелер  жинап,  ол  тəжірибелерді  ұрпақ  тəрбиесіне 
жан-жақты пайдаланған, пайдаланып келеді.
 
Қазақ  халқы  мал  төлдету,  мал  бағу,  мал  семірту,  мал  суару,  мал  сою  (соғым),  қой 
қырқым,  жылқы  күзеу,  т.б.  жəне мал  өнімдерін ет  сүрлеу,  қазы  қайыру,  айран,  қымыз, 
шұбат  ашыту,  құрт  жасау,  май  айыру,  сыбаға  сақтау  т.б.  іс-əрекеттер  мен  рəміздерді 
ұрпаққа  үйретіп,  тəрбие  ісіне  пайдаланып  келеді.  Халық  мал  өсіруде  ұлттық 
тəжірибелерін  түйіндеп, "Мал  өсірсең,  қой  өсір,  өнімі  оның  көл  көсір", "Сойсаң  саны - 
қалақтай, саусаң, сүті - бұлақтай, ешкі деген жануар", "сиырдың сүті - тілінде", "жақсы ат 
- қанатың", "нар жолында жүк қалмас" деп ұрпағын малды сүйе білуге тəрбиеледі.
 
Қазақ  халқының  өмірлік,  тұрмыстық  тəжірибелері  егін  шаруашылығымен  де 
байланысты.  Соңғы  заманда  егін  шаруашылығының  құт  мекені  болып,  тың 

27 
 
игерушілердің  іс-тəжірибелерімен  "миллиард  пұт"  астық  жинаған  шаруалардың 
мақтанышы  болған  қазақ  жерінде  егіншілік  пен  бақша  өсіру  ертеден  бастау  алады.  Егін 
егу, егінді баптау, егін жинау, тұқымды асылдандыру 
ісінде өз тəжірибелерін жинақтаған 
халық шаруашылықтану іс тəжірибелерін ұрпақ тəрбиесіне жан-жақты пайдаланып, "еккен 
адам бидайды, елге ырыс сыйлайды", "өсіре білсең күрішті елің болар ырысты", "арпа-
бидай  ас  екен,  алтын-күміс  тас  екен", "ексең  егін,  нан  жейсің  тегін", "нан  болмай,  əн 
болмайды", "жері  байдың - елі  бай"  деген  сияқты  мақал-мəтелдер  арқылы  ұрпағын 
еңбекке  тəрбиеледі. "Қараңдаршы бидайды, қауызына симайды: диқан оны өсірген, дəн 
қалдырмай жинайды", деген сияқты жыр айтып, "Тербеледі тың дала" сияқты əн шығарып, 
жас ұрпақтың жер анаға деген сүйіспеншілігін арттырды. 
Қазақ  халқының  ұлттық  тəрбиесінде  қолөнері  ерекше  орын  алады.  Профессор  С.Қалиев: 
"Есік  қаласынан  табылған  "хайуанаттық  нақышта"  шекілген  алтын  əшекейлері  бар 
жауынгердің  киімі  ежелгі  сақ  шеберлерінің ғаламат өнерін көз алдымызға əкеледі. Тап 
осындай  ою-өрнек  белгілері  қазақтардың  қазіргі  қол  өнерінде  де  кеңінен 
қолданылады"  деп,  қазақ  халқының  қол  өнерінің  тарихи  болмысын  айқындап  баяндайды 
(б.с.17-бет). 
Қазақ халқының қол өнері: зергерлік өнер, кілем тоқу, киіз басу, алаша  тоқу,  түс  киіз 
басу,  текемет  басу,  сырмақ  жасау,  қару-жарақ  жасау,  қыш  құю  өнері  бəрі  де  ертеден 
бастау  алған  ұлттық  кəсіп  болып  табылады.  Əсіресе,  зергерлік  өнер-өнеркəсіптік  мəні 
бар, əулеттік кəсіптік арқауы бар өнер. Бұл отырықшылықпен де байланысты. Қазақ жерінде 
ондаған,  шығыстық  сəнмен  салынған  қалалар  болған.  Тараз  қаласының 2000 жылдығын, 
Түркістан қаласының 1500 жылдығын атап өту кезінде бұл шындыққа халықтың көзі жетті. 
Қол өнері мен сəулет өнері арқылы халық ұлттық тəжірибелерін ұрпақ тəрбиесіне жан-
жақты  қолданып, "Шебердің  қолы  ортақ,  шешеннің  тілі  ортақ", "Шебер  ісін  сүйеді, 
тастан  түйін  түйеді", "Зергердің  қолы - алтын  қол"  деп  түйіндейді.  Əлемшарға  белгілі 
қазақ ою-өрнектері, "Бекет ата", "Айша бибі", "Қарахан", "Ахмет Яссауи" сияқты атақты 
ғимараттардан көрінген сəулет өнері - қазақ халқының сəулет өнері де ұлттық тəрбиеге 
(этнопедагогикаға) əсері зор құбылыстар екенін көрсетеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет