ӘОЖ 821. 512. 122. 0
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж.
104
К.Әбдіқалық – ҚазмемқызПУ-дің доценті, ф.ғ.к.
Ғ.Тӛлегенова – ҚазмемқызПУ-дің 2-курс магистранты
ҒҦМАР ҚАРАШ ЖӘНЕ «АҒА ТҦЛПАР»
Аннотация: В данной статье объектом исследования является сборник Гумара Караша «Аға
тұлпар», который появился в 1914 году в Оренбурге. Все двенадцать толгау написаны в виде
наставления, поучения, назидания, пожелания. Гумара Караша всегда волновала проблема героя
времени. В таких произведениях, как «Замананың адамы», «Замана жайынан», состоящих из пяти и
шести частей соответственно, автор изображает героя эпохи. Критикуя поведения правителей, Гумар
Караш в своих творениях поднимает вопрос необходимости просвещения. В данной статье сборник
«Аға тұлпар» рассматривается как творческое наследие просветительского характера.
Ключевые слова: Алаш, век, религия, поэт, размышление, богатство, философская лирика,
искусство, образование.
Тҥйіндеме: Бұл мақалада Ғұмар Қараштың 1914 жылы Орынбор қаласында жарық кӛрген«Аға
тұлпар»жинағы басты нысанаға алынады. Жинақтағы уағыз, ӛсиет, насихат, тілек түрінде келетін он
екі ұзақ толғауының қай-қайсысындада замана, замана адамы жайында толғанғандығы жан-жақты
ашып кӛрсетіледі. Ақынды ойландырған негізгі мәселезаман жайы, адам туралы екенін оның «Замана
жайынан» деген бес бӛліктен тұратын және «Замана-ның адамы» деген ұзақ алты бӛліктен тұратын
ӛлеңдерін талдау арқылы түсіндіріледі. Сондай-ақ ел билеушілердің келеңсіз қылықтарын сынап,
халқына білім-ғылым үйренудің қажеттілігін насихаттаған ӛлеңдері де қарастырылады. Мақалада «Аға
тұлпар» жинағының ағартушылық бағытта да ӛзінің рӛлін атқарғанасыл мұра екендігі арнайы сӛз
етіледі.
Кілт сӛздер: Алаш, орыс отаршылдығы, заман, дін, ақын, ой-толғам, дәулет, философиялық
лирика, ӛнер, білім.
Аbstrakt: The main object of this article is the collection of "Agatulpar" by Gumar Karash, which
appeared in Orenburg, 1914. All his twelve tolgauswas written as instruction, teaching, edification and wishes.
Gumar Karash always worried about the problem of the hero of time. He showed the hero era in his works
suchas "Zamananyn Adamy", "Zaman zhayynan" which consists of five or six parts. Criticizing the behavior
ofrulersGumarCarash in his works touches upon the problem of educating. In this articlethe collection of "Aga
tulpar" is considered as a creative heritage of educational character.
Keywords: Alash, century, religion, poet, thinking, richness, lyrical philosophy, art, education.
Орыс отаршылдығының қанауы күшейген тұсында ӛмір сүрген Алаш қайраткерлерінің
бірі, ойшыл ақын Ғұмар Қараштың (1875-1921) бізге мәлім «Қарлығаш» (Қазан, 1911), «Бала
тұлпар» (Уфа, 1911), «Тумыш» (Уфа, 1911), «Аға тұлпар» (Орынбор, 1914), «Тұрымтай»
(Уфа, 1918) деп аталатын бес ӛлең кітабының соңғы екеуінде ғана («Аға тұлпар»,
«Тұрымтай») аты-жӛні толық жазылған. Соған қарағанда әбден ақындық кемеліне келгенге
дейін ӛз атын ашық жазуды лайық кӛрмеген сияқты. Ақынның 1914 жылы Орынбор
қаласында жарық кӛрген «Аға тұлпар» деп аталатын ӛлеңдер жинағы алдыңғы жинақтарға
қарағанда ілгерілеу басым. Ӛз сӛзімен айтқанда «Замана жайын кӛзге алар» шын азамат-ақын
ретінде танылады. Ғұмар шығармаларының ішіндегі кӛлемдісіде Орынборда жер ауып жүріп
Ахмет Байтұрсынов бастырған осы «Аға тұлпар» еді. Азаматтық, елжандылықсезімге қоса
ағартушылықты таңдаған ақындардың ертеден-ақ бір-бірімен жақын, мүдделес екені «Бала
Тұлпар» (1911) жинағындағы Ғұмардың:
Қара қазақ баласы,
Қысымға талай кӛніп тұр.
«Білмейді надан халық» деп,
Жаралы жерден болып тұр.
Қойшылар құрып кӛк жалдан,
Ахмед айтқан келіп тұр [1,33 б.],–
деп келетін ӛлең жолдарынан аңғарылып жатады.
«Аға тұлпар» жинағында «Замана жайынан», «Замананың адамы», «Жаңа шыққан
жастарға», «Бұ заман», «Шығарып салмасы», «Ретті сӛзді кӛп айттым», «Әлай ма, Алаш»,
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж.
105
«Жиһангер ханның немересі сұлтан Шаһингерей Сейдгерей ұғлына», «Сӛйле, тілім,
жалықпа», «Асыл ер», «Қашан қадірі білінер», «Хиял, хақиқат» деп аталатын он екі ұзақ
толғаулары берілген. Мұнда уағыз, ӛсиет, насихат, тілек, түрінде келетін толғауларының қай-
қайсысындада замана, замана адамы жайында бағзыжыраулар үлгісі-мен ӛзінше толғанады.
Ақын ӛлеңдеріндегі ең басты қайғысы патша отаршыларының қазақты бағзы қонысынан
айыруы, ел ағасының атақ, дәреже үшін арын сатуы, екіжүзділік, паңдық, арызқойлық,
мансапқорлық, жікшілдік, надандық, парақорлық жайылып, елдің азуы еді. Сондай-ақ Ғұмар
ӛлеңдерінде халықты ӛнер, білім жолына бастауды жастарға ғана аманат етіп, келешектен
үміт күтеді.
Ақынның елінің болашағын ойлап күйзелгені туралы кеңес дәуіріндегі зерттеушілер
тарапынан әрқилы пікірлер айтылды. Мәселен, Е.Ысмайылов «Ол кейде ескішілік
сарынғаберіліп, ӛткен ескі ӛмірді аңсайды... Кейде бұқаршылдық бағытқа жақындап, ескі
феодалдық дүниенің кертартпашылдық жолына батыл қарсы шығады... Кейде ишан,
молдаларды батыл сынап әшкерлесе, сонымен бірге ӛзі тағдыр алдына бас иіп тәңірге
жалынғандай жырлар жазды» [2, 259-260 бб.] деген пікір білдірген еді.
Ғұмар Қараштың алғашқы жинақтарынан келе жатқан негізгі тақырыбы – заман жайы.
Ақын ӛмір сүрген уақытта «заман» тақырыбын сӛз етпеу мүмкін емес-ті. Ол заманмен қоса
адам тақырыбын да нысанға алады. Тіпті, адам боп туып, ӛмір сүру, ӛмір, заман туралы
философиялық ой-толғамдар түйіндейді. Адамның сана-сезімі, мінез-құлқы да айтылады.
«Замана жайынан» деген бес бӛліктен тұратын ӛлеңінің үшінші, тӛртінші бӛлімінде ақын:
Атаңа сенің қазақ-ай
Бар еді-ау болған күндерің,–
дей келе,
...Хан бар еді сол күнде,
Ақсұңқарға ұсаған;
Билер жүйрік бар еді,
Қас тұлпарға ұсаған;
Әділ қазы бар еді,
Алмасқа қылыш ұсаған.
Батырлар, ерлер бар елі,
Аш маралға ұсаған,
Байлар момын бар елі,
Аузынан уызы тӛгілген... [1,76 б.],–
деп қазақтың ӛткен дәуіріне тоқталғанда «Айырылып тегіс қолдағы Бақ, дәулеттен
ілінген» дегенді айтқысы келді. Сондай-ақ ақын мұның себебін де түсіндіріп, бұл сауалды
жауапсыз қалдырмайды:
Жұрдай болу мәнісі:
Бұл халықтың бұ күнде,
Алтынды тақты ханы жоқ,
Хансыз елдің сәні жоқ,
Қасысы жоқ, биі жоқ,
Бисіз елдің күйі жоқ,
Батыры жоқ, байы жоқ,
Дәулетсіз жұрттың жайы жоқ.
Күні қараң малсыздың,
Жұлдызы жоқ, айы жоқ.
Жігер, қайрат тағы жоқ,
Жігерсіздің бағы жоқ... [1,76 б.]
Ақын заман, адам туралы ойларын «Замананың адамы» деген ұзақ алты бӛліктен тұратын
ӛлеңімен толықтыра түседі.
Мынау қазақ деген жұрт,
Кең далаға жайылып,
Аңғырт ӛскен ел едік,
Кезінде елмен тең едік.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж.
106
Күні бүгін болғанда
Ол қоныстан айырылып
Қанатымыз қайырылып
Қажып тұрған ел едік... [1,79 б.].
Расында да қазақ қабырғалы ел атанып, отырықшы халықтардың түсіне де кірмеген
ұланғайыр ӛңірді жайлады, бұл тараптан оларға үлгі-ӛнеге болды. Отырықшы елдер тәрізді
аң-құсқа, табиғатқа тәуелді болмай, кӛшпенділердің салтымен бейқам ӛскені де рас. Алайда
Ғұмар Қараш бұл бейғамдықтың енді жарамайтынын ескертеді. «Ұйқы қанды тұрарлық» дей
отырып, ел-жұртын білім-ғылым үйренудің қажеттілігін насихатайды.
«Ретті сӛзді кӛп айттым» деген ӛлеңінде ақын:
Асыл ердің белгісі –
Қадірін біліп ерлердің
Сыртынан даттап сатпайды,
Сырын шашпай сақтайды,–
деп адамның жақсы қасиеттерін де бағалап, жақсы мен жаманның парқын таразылай келе
жастардың тек жақсылықтан үлгі алуын қалайды. Сондай-ақ «Жиһангер ханның немересі
сұлтан Шаһингерей Сейдгерей ұғлына» деген ұзақ арнауында да «Сұлтандардың ішінде
Алғыр қыран сұңқарым» деп бастап, барлық қасиетін теріп мақтағанда, сондай-ақ қазақтың
ірі тұлғаларын мадақтап ауызға алғанда кейінгі жастарға осылардың ісін үлгі етпек еді.
Ақынның «Асыл ер» ӛлеңінде «халықтың күні қараған жамандарды» жеке-жеке
кейіптейді. Портреттік, психологиялық суреттеулер молынан ұшырасады.
Ел ішіде осы күн,
Адамнан басқа аңы жоқ,
Жұрт жайында қамы жоқ,
Сыңартық бұқа пішінді,
Әкімге қалған күн құрсын [1,110 б.].
Бұл – портреттік кейіптеу. Әсіресе, ақынның әкімдерді сыңартық бұқаға теңеп, олардың
теріс мінезін нақты жеткізеді. Мұнымен қоса психологиялықсуреттеу жасалады.
Сол заманда пайда болған артық салықтарды, яғни,
Қала берсе бұлардан,
Ғаріптерді олжалап,
Ӛсіп алып мал жиған,
Осы күнгі қалтылдақ,
Байларға қалған күн құрсын,–
деп сынға ала отырып, малдан зекет, астықтан ғұшыр, адамнан пітір сияқты алымдарды
жалмаған ауыл молдасын да құр қалдырмайды:
Білімі жоқ, кӛңілі зор,
Дін мен күнге бірлей сор,
Молдаға қалған күн құрсын [1,110 б.].
Сӛйтіп, ақын сопыны да сын сырығынан құтқармайды. Ғұмар суреттеуінде сопы моллаға
қарағанда қанағатшыл болғанмен, надандығы жағынан онымен бірдей, тіпті, сопының
тақуалығы орасан болып кӛрінеді:
Ежік-әбжіт қалдырмай,
Оқытады балаға,
Ақы-мақысұрамас.
Қанағат етіп тұрады,
Зекетке берген танаға...
Таспа қара, таңқы мұрт,
Надан сопы бұл құрсын [10,110 б.].
Философиялық лирика жанрында жазылған«Хиял, хақиқат» атты ӛлеңіне тоқталсақ,
мұнда лирикалық кейіпкер бір күні сахара тӛсінде шалқадан жатып, кӛк шатырына кӛз тігіп
ойланады. Аспан әлемінде жердің ӛзі тозғандай, жер бетінде қыбырлап жүрген «адам да
солай бір тозаң» болып кӛрінеді. Бұл ӛлеңінен ақынның ғылымы мен білімі, діни сауаты да
аңғарылады.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж.
107
Біз адамзат жынысы
Дүниеге келіппіз...
Келуіміз не үшін?
Кетуіміз не үшін?
Мұнда не сыр, не мақсұт?...
Кім құрады жиханды,
Кім жіберді адамға,
Терең сырлы бұ жанды [10,118 б.],–
деп философиялық толғаныспен осы ӛлеңін аяқтайды. «Хиял, хақиқат» Ғұмар Қараш
дүние-танымының мәйегі іспеттес.
Түйіп айтқанда, ақын заман, ӛмір құбылыстарын, жақсылық пен жамандық, әдептілік, ел
билеуші-лердің келеңсіз қылықтарын сӛз еткенде соңғы түйінін ағартушылық бағытқа
бұрып, «Бәрін айтта бірін айт, Ӛнер менен білім жоқ, Білімсіз, қазақ, күнің жоқ» дегенге
саяды. Ғұмар Қараштың «Аға тұлпар» жинағы қазіргі «Ояну дәуірі» деп аталып жүрген
кезеңде қазақ халқына дұрыс жол сілтеп, ағартушылық бағытта ӛзінің рӛлін атқарғанасыл
мұралар болып табылады.
1
Қараш Ғ. Замана. – Алматы: Ғылым, 1994. – 240 б.
2
Ысмайылов Е. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті/ Канд. дисс. Қолжазба. – Алматы, 1943. –
ҚРОМА, 1286-қор, 1-іс.
ӘОЖ 82:7
Н.Р. Ескендиров – Phd докторант
ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АҢЫЗДАРДАҒЫ ДАЛА АРТИСТЕРІНІҢ
КОМЕДИЯ ЖАНРЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Тҥйіндеме: Мақалада драматургияның басты жанрларының бірі болып саналатын комедия. Адам
ӛмірінің тұрмыс салтының, әдет-ғұрпының бір бӛлігі ретінде қарастырылған. «Тазша бала», «Қырық
ӛтірік» ертегісінде басты кейіпкердің кӛркемдік образы ашылады. Дала артистерінің драмалық
шығармашылығындағы – қызу суырып-салмалық, сӛз саптау, бейнеге ену, дыбысты дәл шығару
немесе дыбысқа еліктеу, бет-ажардың сан-алуан мимикалық құбылуы, әртүрлі ишаралар, пластикалық
қимыл-қозғалыс, саз аспабында ойнау, бишілік және әншілік, магиялық сиқырлар кӛрсете білуі сияқты
ӛнердің синкерттік, яғни біте қайнаса кӛрінуінен байқалады. Ондағы комедиялық ситуациялар кӛрініс
табады. Комедиялық шығармалардың бүгінгі заманның ӛзекті мәселерін қозғаудағы маңызы
қарастырылған.
Кілт сӛздер: Мәдениет, фольклор, ұлттық салт-дәстүрлер, бақсы, театр, сал-сері, комедия.
Аннотация: В статье рассматривается один из главнх жанров драматургии
–
комедия. Она
считается отраже-нием жизни человека, его обычий, традиций, быта. В художественнх образах
главных героев из сказок «Тазша бала», «Қырық ӛтірік» отражаются легенды казахского народа.
Творчество актеров комедийного жанра заключается в бурной импровизации, красноречивости,
подражанию звукам птиц и животных, природы. Мимика актеров передающая разнообразные образы,
игра на музыкальных инструментах, танец, песня, магические фокусы – все это дает нам понимание
комедийнной ситуации. Поэтому мы рассматриваем комедийный жанр сегодняшней эпохи как
отражение народных легенд.
Ключевые слова: Культура, легенда, национальные традиции, шаман, этнокультура, театр,
комедия, роль.
Abstract:The article deals with one of glavnh Genres drama - comedy. It is a reflection of a person's life,
his custom, traditions, way of life. In fairy tales,"Tazsha ball
", "
Қyryқӛtіrіk" openartistic images ofthe main
characters. Creativityactorsfolklegendsis
-
violent improvisation, eloquence, imitatethe soundsof birdsand
animals, nature, and a variety offacial expressions ofthe actorsare changingimages, play instruments, dance,
and song, magic tricksout thereand see thespectacleof actorscomedic situations. Therefore, today's era comedy
performance reflects the life, customs and traditions of the people.
Keywords: Culture, folklore and national traditions, the shaman, ethnic culture, theater, comedy role.
Қазақ әдебиетінің тарихына барсақ, баяғы аты шулы әпенді Қожанасырдан күні кешегі
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж.
108
ӛзіміздің Мырқымбайға дейінгі әзілкеш бейнелердің талай тамаша түрлерін тауып, тануға
болады. Солардың қайсысын алмаңыз, адамбойындағыкемшіліктер үнемі әзіл-әжуамен
сыналып отырған. Қулардың ауыл-ел арасындағы келеңсіздіктерді, адамдар мінезіндегі
сыртқы ортаға жат қылықтарды әшкерелеу функциясы жалпы халықтың ой-пікірімен
астасып жатады. Себебі, дүмше молдалардың тек ӛлімді тілеген қарау-лығы, билер мен
болыстардың қолындағы билікті пайдаланып, әлсізді моральдық-психологиялық тығырыққа
тіреп қоюы – бұлардың барлығы кезінде қазақ жерінде кӛрініс тапқан және қазіргі сана-сезімі
жан-жақты дамыған қоғамда да ӛзекті.
Қазақ фольклорында айтыскер ақындар ролінің ӛте маңызды болғандығы белгілі. Олар да
түрлі әрекет-жесттерімен, мимикалық құбылуларымен күлкі тудырып, қарсыласы жӛніндегі
пікірін қызықты қимыл-қозғалыстарымен (кӛбінде мұқату үшін) білдіріп отырған. «Ақын бір
орында отырмайды, тӛрден есікке, есіктен тӛрге дейін ырғалып, тербеліп отырады. Сол
тербелуімен жолбарыс тонды жорытушы батырдың да, бұрала басқан қыз бен келіншектің
де, сылқым бозбаланың да, қысқасы, әрбір адамның кейпін айнытпастан суреттеп, тыңдаушы
кӛптің кӛз алдына белгілі бір сурет керуенін елестетеді. Кейде жүйрік аттың, қыран құстың
бейнелерін қимыл-қозғалысымен тура келтірсе, енді бірде аузынан қандай сӛз шықса, соның
тӛлеуін бейнелеп жеткізуге тырысып отырады» [1, 93 б.], – деп жазылған жоғарыдағы
ғылыми еңбекте. Бұдан ӛзара айтысқа түскен ақындардың сӛздерін жеткізу барысындағы
қимыл-қозғалы-сында күлкілі нақыштардың барын аңғару қиын емес. Түрлі дауыс-
дыбыстарда толғап, қарсыласы мен тыңдаушысын қызықтырып, еліту үшін және әжуа-
мысқыл аралас сӛздерін сол сарынмен астастыру мақсатында мимикаға да мән беруінен оны
ел арасынан шыққан комик деп атауға негіз бар. Ӛмірбаяндық кітаптар мен мұрағаттарда
шығармашылығы толығымен күлкіге негізделген ақындардың ӛмірі, тыныс-тіршілігі туралы
қызықты әңгіме-баяндар мол сақталыпты. Соның бірі – Қостанай уезіне қарасты Қара-ғайлы
деген елді-мекенде Құрманбай деген ақын-әншінің болғандығы туралы мәліметке назар
аударып кӛрейік. Онда: «Құрманбай Тоғжан, Жұматай сияқты соқыр әншілердің күйіне
салып, кӛзін алақтатқанда балалардың зәресі ұшқаны былай тұрсын, үлкендер де сескенеді.
Ол «Тарғыл бұқа» деген әнді ғажап, шебер орындайды... Міне, кӛзін аудартып бұқа келе
жатыр. Жер тарпып ӛкірген хайуанның бейнесі әуелі алыстан кӛрініп, одан бірте-бірте
жақындай бастайды. Оның топырақ сүзіп келе жатқандағы тұлғасы Құрманбайдың даусынан
тыңдаушының кӛз алдына келеді. Бір кезде бұқаның гүрілдегені, ыңылдап пысылдағаны,
аңырып, қарап тұрғаны елестейді. Әрине, бұқаның ӛзіндей келтіру қиын, дегенмен де
Құрманбайдың даусынан «бӛ... бӛ... бӛ... бӛ... бӛ...» деп гүрілдегендерін түгел ұғынуға
болады» [1, 90 б.], – деп жазылған. Сол уақыттағы қазақ жерінде театр ӛнері дами
қоймағанмен бұлардың жалпы туа біткен осындай даралықтары әншілік, ақындық талантына
қоса актерлік қабілетінің жоғарылығын байқатады. Сонымен бірге бір бойында ӛнердің
әртүрлі саласы: ақындық, әншілік, балуандық, суырып салмалық, т.б. тоғысқан мұндай
жандар үлкен той-жиындардың сәніне айналып отырған.
Қазақ кәсіби актерлік ӛнерінің даму бағыттарын тереңнен зерттеген Меруерт
Жақсылықова сахналық қимыл-қозғалыстардың, драмалық элементтердің халықтың ӛз
бойынан тарағандығы жӛнінде: «Қазақ фольклорындағы (халық шығармашылығындағы)
орындаушылық ӛнердің элементтері бақсылық ойынында, ақындар ӛнерінде және басым
жағдайда айтыста, шешендік ӛнерде, билердің билік айту кездерінде, жыраулық ӛнер мен
жыршылық орындауда, сал-серілер, қулар мен шаншарлар ӛнерінде бой кӛрсетті. Дала
артистерінің драмалық шығармашылығы – қызу суырыпсалмалық, сӛз саптау, бейнеге ену,
дыбысты дәл шығару немесе дыбысқа еліктеу, бет-ажардың сан-алуан мимикалық құбылуы,
әртүрлі ишаралар, пластикалық қимыл-қозғалыс, саз аспабында ойнау, бишілік және әншілік,
магиялық сиқырлар кӛрсете білуі сияқты ӛнердің синкерттік, яғни біте қайнаса кӛрінуінен
байқалады. Осындай орындау-шылық шеберлік қайнар кӛздері – ұлттық актерлік ӛнері мен
театрының алғышарттарына айналып, құнарлы топырақ болды» [2, 8 б.], – деп атап
кӛрсеткен. Сан түрлі ӛнердің синтезін театртанушы сарала-ған осы ақындардың бойынан да
байқау қиын емес. Арқалы ақынның бейнеге ену үрдісінде кӛрінетін актерлік шеберлігі
кӛркемтуындыны мәнерлі жеткізуге кепіл болып отырады. Роль орындаушыға керекті үн,
дыбыс, дикция, мимика, кӛз жанарындағы жалын ұшқыны, ым-ишарат, т.б. ақындар үшін де
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж.
109
ӛте қажетті әрі маңызды болып табылады. Мұндай сахналық әдіс-тәсілдердің әсіресе
комедияға тән екендігі белгілі. Демек, ақындар шығармашылығының бір бағытын күлкіге,
яғни комедияға жатқызуға толық негіз бар.
Қазақ жеріндегі бір кездері аты мәшһүр елге белгілі базарлардың, яғни Атбасар, Ақмола,
Кӛкшетау, Жетісу жәрмеңкелерінің болғаны белгілі. Сонда ӛнерге құштар халық кӛп
жиналып, сауда-саттық жасаумен бірге ақындар айтысы, балуандар күресі тәрізді түрлі
сайыстарды қызықтайтын болған. Атақты Балуан Шолақтың, белгілі ақындар Кемпірбай,
Шашубай, т.б. ақындықпен бірге жонглерлік ӛнері үнемі елді қызықтырып, күлкіге кӛміп,
кӛпшіліктің назарын ӛздеріне аударып отырған. Француз балуаны Каронды жеңген Балуан
Шолақ темірлерді майыстыру мен кір тасын кӛтеруде алдына жан салмаса, аттың үстінде
тұрып ән шырқайтын Шашубай аттың оң жағына, одан сол жағына аударылып мінеді, одан
кейін басын тӛмен қарай тік қойып, шаншылып тік тұрады екен. Бұлар цирк ӛнерінің қазақ
топырағында дамымаған, жабайы кезінің ӛзінде мұндай еуропалық ӛнердің барын танып-
білген таланттардың басы болды. Және бойындағы ерекше дарынымен кӛпшіліктің кӛңілін
кӛтеруді кӛздеген олардың қуақылығы, сайқымазақтыққа жақын ӛнерінің сарыны театр
ӛнеріне етене жақын болды деп айта аламыз. Осы аталған ұлттық ойынның бірі саналатын
күрес және ақындық, шешендік суырып салмалық, тапқырлық тәрізді бір адамның бойынан
табылатын ӛнер түрлерін саралағанда оның ең алдымен комедияға негізделгендігін
байқаймыз. Себебі, халық мүддесін кӛздейтін әрбір тұлға әзілді, сатира мен юморды
әшкерелейтін қару ретінде қолданады. Осы үлгінің нышаны мол кездесетін ақындар
шығармашылығында да әзіл-оспақтың ӛзіндік орны зор екендігіне осындай дәйектер кепіл
бола алады.
Сол сияқты қазақ ауыз әдебиетіндегі халықтық сатираның ӛкілдері – Қожанасыр, Алдар
кӛсе, Жирен-ше болып табылады. Бұлардың әлеуметтік бейнесіне үлкен мән берген Мұхтар
Әуезов болды. Демек, оны Алдар кӛсе, Жиренше, Қожанасыр бейнелерінен мысқылды,
күлдіре отырып жылатуды (немесе ойлан-туды), әлеуметтік әділдікті тап басып таныған
бірегей тұлға дейміз. Жалпы қазақ сатирасы мен юморы-ның, әжуа-әзілінің осы образдардан
бастау алатындығы бұл – шындық. Халық арасында аты аңызға айналған, сӛздері күнделікті
тұрмыста мысал немесе теңеу ретінде қолданысқа ие бұлардың есімдері ғасырдан ғасырға
жетіп, сӛздері мен әрекеттері ӛзінің ӛзектілігін, рухани-моральдық маңыздылығын қай
уақытта да жойған емес. Олар – ӛмірде болған, сӛздері де, іс-әрекеттері де шын мәнінде
орындалған, алайда кейінгі ғасырларға, яғни бүгінге аңыз (болған мен болмағанның
арасында) түрінде жеткен кейіпкерлер. Қожанасыр мен Алдар кӛсе сӛздерінің немесе іс-
қимылдарының ӛтімді әрі ӛзекті болған-дығы сондай қазіргі уақытта қоғамдағы кейбір
кемшін тұстар, адам мінезіндегі қайшылықтар солардың әрекеттерімен, істеген істерімен
сыналып отырады.
Қазақ фольклорында әзіл мен қалжыңның орын алған үлкен бір саласы – ертегілер.
Бұлардың мағынасы, құрылымы жағынан аңызға қарағанда жеңілдеу болуы мүмкін. Себебі,
бұл – адамның жүйрік қиялынан туындаған кӛркем дүние. Ендеше «Қырық ӛтірік», «Тазша
бала», т.б. ертегілеріндегі қиял мен рухани мазмұнға бай сюжеттер, адам мүмкіншілігінен
тыс әрекеттер, олардағы шетсіз-шексіз, қызықты сарындар күлкі тудырумен қатар оқырман
(әсіресе балалардың) қиялын дамытуымен, биікке кӛтеруімен, олардың ӛмірге деген
кӛзқарасын қалыптастыруға ықпал етуімен құнды. Және бұлардың түп астарында
адамзаттың асқақ армандары жатыр. «Бұл әңгімелердің ӛзгешелігі, бағасы неменеде?
Ӛзгешелігі халық-тың тапқырлық, жүйріктік сияқты ӛнерді сүйгендігін білдіреді. Қиыннан
қиыстырғыш ӛткірқиялды бағалағандығын кӛрсетеді. Халық фантазиясының тереңдік,
жүйріктігіне айғақ болады. Ол фантазия ӛмірде барды ғана сӛз қылмайды. Ӛмірде болса екен
дегенді де сӛз қылады. Кейде тіпті ӛмірде болуына мүмкін емес нәрсені де қиялмен
қиыстырып шын етіп кӛрсетеді» [3, 99-100 б.б.], – деп жазады М.Әуезов. Демек, ертегі
ӛмірдегі келеңсіздіктерді тістеп, жақсы мен жаманды таразылап, сараңдық пен зұлымдықты
шытырман оқиғалар желісінде бірде сығымдап, енді бірде ширатып отырады. Әрине бұл
басты кейіпкер-дің ержүректілігімен, тапқырлығымен жүзеге аспақ.
Халық қиялы «Тазша бала», «Қырық ӛтірік» ертегісінде басты кейіпкер ретінде кедей,
жарлы баланы алған. Себебі, барлықта ӛмір сүрген бай баласының таршылық пен
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж.
110
жоқшылықты кӛріп-білмегендіктен ештеңенің қадір-қасиетін сезінбеуі мүмкін және бұл
солай да. Ал, керісінше жоқшылықтың адамға үйретері ӛте кӛп екендігін танытатын
Тазшаның қиялға бай болуы заңды құбылыс дейміз. Осы ертегі туралы: «Қырық ӛтірік» – тек
ӛтірік әңгіме ғана емес, ӛтірікті айту арқылы, ӛтірікті айтқан болып, шын ӛмірдің кемшілігін
әшкерелеу, әжуалау. Біз неге сондай болмаймыз, біз неге сараңбыз, біз неге наданбыз деген
астарлы ой әр-әр жерінен жылт-жылт етіп шаң береді. Ал, оны айтушы – қарапайым ғана
бала, жетім бала. Әйткенмен, ол халықтың ұлы, елдің баласы. Сосын да сӛзінің астары ел
мүддесіне ұштасады, ел ойындағы ащы мысқылды тілге тірек қылады» [4], – деп жазады
әдебиетші-ғалым Жолтай Жұмат. Расында, жан дүниесімен халыққа жақын тұратын Тазша
бейнесінің оқырмандар ой-санасында, ел-жұрттың әлеуметтік тұрмысында алар орны
ерекше. Қоғамдағы, адам ӛміріндегі күрмеуі қиынға соққан, шешуі қиын мәселелерді немесе
байлық пен жоқшылықтың ара салмағын ажырата білуді Тазша бейнесі арқылы кӛрсетудің
маңыздылығы жоғары. Ӛйткені оның қызықты ситуацияларды бастан кешуі, тығырықтан
шығар жолды оңай тауып отыруы немесе шексіз қиялымен келеңсіздіктердің оң шешілуі
халық арманының жарқын кӛрінісі болып табылады.
Арман-қиялдан туындаған осындай ертегілерде халықтық әжуа-юморға, қалжыңға
бағытталған кӛріністердің кӛптеп кездесетіні ақиқат. Бұл дегеніміз – адамның асқақ арманын
ойнақы түрде немесе гиперболалық-гротескілік тәсілмен жеткізу. Демек, ауыз әдебиетінің
рухани тағлымы мол, қиялға бай, маңызды-мазмұнды бірегей саласы саналатын ертегіде
кейіпкерлермен бірге олардың әрекеттері де, қимылдары да, әлеуметтік орындары да,
психологиялық толғаныстары да қанық бояуда ӛріледі.
Қазақтың «Күн астындағы Күнекей қыз», «Қаңбақ шал», «Айлакер шал», «Жерден
шыққан Желім батыр», т.б. ертегілердегі әжуа мен мысқыл хандар мен байларға, зорлықшыл
тапқа қарсылықта байқалып, сатиралық сарындар сын ретінде қолданылған. Себебі, әзіл-
қалжың «ӛтімді, кӛпшілік кӛңіліне қонымды» (М.Әуезов) болып келеді. Алайда жеңіл жанр
дегенмен мұның ӛткірлігі, ащы шындықты ашып айтатын ұтқырлығы әрқашан басым
тұрады. Негізінен ертегінің адам санасының ӛсуіне, тарихи-әлеуметтік шындықтың бүкпесіз
ашылуына ықпалы зор. Қай ертегілік шығармада болмасын осы мәселе анық байқалып
отырады және олардың астарында халықтық күлкі мен әзілдің сарыны айқын кӛрініп тұрады.
Ертегі – бір қарағанда жеңіл кӛрінгенімен рухани-эстетикалық, әлеуметтік-психологиялық
тұрғыдан кӛтерер салмағы үлкен, қай кезде де құндылығын жоймайтын кӛркем шығарма.
Онда орын алған шытырман оқиғалар желісін, басты кейіпкерлердің батырлығы мен
тапқырлығын, оның ӛз кезегінде барлық қиындықты жеңіп, түбінде ӛз арманына жетуін
қызықты, күлкілі әрекеттерсіз елестету мүмкін емес. Ендеше ауыз әдебиетінің ертегі жанры
бар мен жоқты саралауымен, зұлымдық пен мейірімділіктің ара салмағын ажыратып
беруімен құнды.
Қорыта айтқанда, қазақ халқының мәдениеті мен тарихының сарқылмас қайнар кӛзі мен
рухани асыл мұрасының бастау бұлағы ұлттық фольклорда жатқандығын сараланған бұл
ғылыми еңбекте комедия жанрын тудырушы негізгібағыттарға назар аударылды. Салт-
дәстүрлер мен ұлттық ойындар, сол сияқты сал-серілер мен ақын-жыраулар, бақсылар мен
қулар шығармашылығы табиғаты жеңіл болғанымен аса күрделі мәселелерді езу тартқыза
отырып шешетін ӛзгеше жанрдың басты шығу кӛзіне айналды.
Ұлттық ойындарда байқалатын күлкілі кӛріністер: ат үстіндегі жігіттің қызды қууы
(немесе қыздың жігітті қууы), қыз ұзату тойында орындалатын кәделі ойындардағы жеңгенің
күйеу жігіттің қалтасын қарау, екі жақтың әрқайсысының қызды немесе жігітті дәріптеп
мадақтаудағы айтыс-тартысы, ақындар мен шешендер ӛнеріндегі мимикалық құбылулар мен
айтыскерлердің шығармашылығындағы ойнақы әуендер мен мінездер, т.с.с. қызыққа толы
ойын үлгілері бірте-бірте дамып, ұлттық драматургия мен театрдың негізін қалады. Бұларды
әсіресе, қазақ комедия жанрын қалыптастыру, дамыту функциясын жоғары деңгейде
атқарған дәстүрлік кӛріністер деп айта аламыз. Бұған қоса бақсы мінезіндегі, оның атқаратын
қызметіндегі тылсым күштің қуаты күлкі тудырады. Науқасты емдеу барысында ол бастан
кешетін хал, яғни жын шақыруы (немесе оны қууы), оған қоса киіміне, бас киіміне және
асатаяғына ілінген сылдырмақтарының шулы даусы, отты немесе ауру адамды айнала
аласұрып билеуі барлығы қосылып, бір актердің комедиялық роліне сұранып тұрған
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж.
111
әрекеттер болып табылады. Қулардың да тапқыр сӛздерінде, адам бойындағы жағымсыз
қылықтарды әжуалап, әшкерелеуінде комизм элементтері мол кездеседі. Олар жүрген
жерлерінде үлкен құрметке ие болып отырады. Ӛйткені байлар мен болыстар аты шулы
қулардың қуақы тіліне, әжуа-оспағына ілінуден сақтанатын болған. Ӛткір тілді, жолында
кездескен келеңсіздікті дер кезінде күлкіге айналдырғыш қулардың қоғамдағы әлеуметтік
орны сонысы-мен ерекше.
Сӛздері де, киім үлгілері де, шығармашылығы да тек күлкіге бағытталған фольклорлық
кейіпкерлердің бірі – сал-серілер. Бұларды қазақ дәстүріндегі мәрттіктің, жомарттықтың
және шешендік, суырып салмалық ӛнердің бірегей ӛкілдері ретінде танимыз. Зерттеу
нысанасына алынған олардың халықтың рухани ӛміріне, ұлт мәдениетіне қосқан үлесі
салмақты. Әсіресе, театр ӛнері, оның ішінде комедия жанры дамуының бір бӛлігін осы сал-
серілер ӛнері құрайды. Халық еркесі саналатын бұл кейіпкерлердің барлық болмысы,
табиғаты тек күлкімен байланысты. Олардың аттан әдейі құлап, қыздарға наздануы, қажет
болса астындағы атын құрбан етуге дайын қылықтары, ән айту кезінде түрлі мимикалық
құбылуларды бастан кешуі, т.с.с. қызықты әрекеттер сал-серілер ӛмірінің, ӛнерінің толық
мағынасын ашып береді.
Сонымен, қазақтың салты мен дәстүрі, кӛшпенді елдің рухани-мәдени қайнар кӛзі болып
қалыптасқан тұрмыс-тіршілігіне тән ғұрыптары тұтасымен кешеден бүгінге жетіп, ұлттық
мәдениет пен халықтық мұралардың мол тізбегін құрап отыр. Осыны таразылай келе, біз
бүгін қазақ тұрмысында комедияның әлеуметтік функциясының зор екендігіне кӛз жеткіздік.
Бұл жаратылысынан, табиғатынан сӛзге, сол сӛздің астарына үлкен мән беретін қазақ
халқының тіршілігімен, тұрмысымен біте қайнасқан және тікелей байланысты жанр болып
табылады. Сонымен қатар мұны ақындық, шешендік, суырып салма тәрізді сан алуан ӛнер
табиғатының бояуын қанықтырып кӛрсететін, рухани-моральдық сипатқа ие маңызды әрі
мазмұнды жанр деп айта аламыз. Қазіргі уақытта қазақтың бай фольклоры бізге осыны
дәлелдеп беріп отыр.
1
Хұсайынов Ш. Ӛнер ӛрімдері.// Мақалалар, әңгімелер, пьесалар, киноповестер, сценарийлер,
аударма. – Алматы: Ӛнер, 1991. – 496 б.
2
Жақсылықова М.Б. «Қазақ кәсіби актерлік ӛнерінің даму ерекшеліктері» атты ӛнертану
ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертацияның авторефераты. –
Алматы: Тарих тағылымы, 2010. – 28 б.
3
Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы.// Мақалалар, зерттеулер. – Алматы:
Жазушы, 1985. – т. 17. – 352 б.
4
Жұмат Ж. Ауыз әдебиетіндегі әжуа және Әуезов // Алматы ақшамы. – 1998, тамыз – 26.
5 Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары: біртұтастығы және ерекшелігі.// – Алматы:
Арыс, 2005. – т. 1. – 328 б.
Достарыңызбен бөлісу: |