ӘОЖ 811.512.122 ` 367.627
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж.
7
Г.П. Шаһарман –
филол.ғ.канд., доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың практикалық тілдер кафедрасы
САН ЕСІМДЕРДЕН ҚОСЫМШАЛАР АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН СӨЗДЕРДІҢ МАҒЫНАЛАРЫ
Түйіндеме: Бұл мақалада сан есімдерден қосымшалар арқылы жасалған сөздердің мағыналары
қарастырылған. Сан есім негізді туынды сөздер зат есім жасауға ұйытқы болатыны нақты мысалдар
арқылы дәлелденген. Көбінесе есептік сан есімдерден зат есім жасайтын: -лық, -лік, -дық, -тық, -тік, -
ған, -ген, -кіл, -күл, -пақ, -дай, -дей жұрнақ-тарының өнімділігі қарастырылады. Олардың бірқатары
әртүрлі мағынаға ие болатыны айқындалған. Туынды сөздердің сандық мағыналары мен олардың
басқа мағыналарына салыстырыла талдау жасалған. Көркем шығарма-лардан мысалдар келтіре
отырып, осы сөздердің қай салада қолданылатыны айтылған.
Тірек сөздер: Морфологиялық тәсіл, қосымша, сөзжасам, лексика, мағына, сан есім, сандық ұғым,
тоқсан, семантика.
Аннотация: В данной статье рассматриваются значения имен числительных образованных
суффиксальным способом.
Ключевые слова: В данной статье рассматриваются значения имен числительных, образованных
суффиксаль-ным способом. Конкретными примерами было доказано, что производные от имен
числительных слова, могут служить основой для образования имен существительных. Рассматривается
продуктивность суффиксов -лық, -лік, -дық, -тық, -тік, -ған, -ген, -кіл, -күл, -пақ, -дай, -дей, образующие в
основном имена существительные от количест-венных числительных. Определено, что часть из
данных суффиксов имеет различные значения. Был проведен сравнительный анализ количественному
значению и другим значениям производных слов. На основе примеров из художественных
произведений также было выявлено, в каких сферах употребляются данные слова.
Abstract: In this article values of the numerals formed in the suffixed way are considered. Specifice
examples have proved that the derivatives of the numeral words can serve as a basis for the formation of
nouns. Efficiency of the suffixes -лық, -лік, -дық, -тық, -тік, -ған, -ген, -кіл, -күл, -пақ, -дай, -дей, nouns
forming generally from cardinal numbers is considered. It is defined that the part from these suffies has
various values. The comparative analysis to quantitative value and other values of derivative words was
carried out. On the basis of examples from works of art also it was revealed, in what spheres these words are
used.
Keywords: Morphological way, affix, word formation, lexis, significance, numeral, numerical concept,
quarter, semantics.
Қазақ тіліндегі сөзжасам тәсілдерінің сараланған үш түрінің бірі – морфологиялық тәсіл.
Морфологиялық тәсілде туынды сөз түбір сөзбен сөзжасамдық жұрнақ арқылы
жасалынатыны ғылым-да белгілі. Басқаша айтқанда, морфологиялық тәсіл арқылы туынды
жасау үшін лексикалық мағынасы бар түбір сөз бен сөзжасамдық жұрнақтың болуы негізгі
шарт болып табылады.
Енді осы мәселені сан есімдерге қатысты алатын болсақ, дербес мәнді сан есімдерге
сөзжасамдық жұрнақ жалғанады. Мәселен, үшкіл, төртпақ, жетіген, жетілік... т.б. Бұдан
біз сан есімдер басқа сөз таптарын жасауға негіз болатынынакөз жеткіземіз. Ең бастысы, қай
сөз табына жатса да, сан есім негізін-де жасалған сөздердің мағынасында, сандық ұғымның
сақталатынын байқауға болады.
Сан есім негізді туынды зат есім жасауға, көбінесе, түбір сан есімдер ұйытқы болады. Ал
түбір сан есімдердің барлығы есептік сан есімдерге жатады. Реттік сан есімдердің ішінен
«бірінші» дейтін жалғыз-ақ сөз туынды сан есім ретінде зат есім жасауға негіз болады
(біріншілік). Сан есімдердің қалған жинақтық, топтық, болжалдық, бөлшектік түрлерінен зат
есім туындамайды.
Есептік сан есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтар: -лық, -лік, -дық, -тық, -тік, -ған, -ген, -
кіл, -күл, -пақ, -дай, -дей. Бұдан сан есімдерден басқа сөздерді жасайтын жұрнақтар өте аз
екені көрінеді. Сонымен бірге олардың көбі өнімсіз. Тек -дық/-дік, -лық/-лік, -тық/тік жұрнағы
ғана басқалармен салыстырғанда өнімдірек. Есте болатын жағдай бұл жұрнақтың қайсысы
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж.
8
болсын сөз таңдайды, кез келген сан есімнен олар туынды сөз жасай бермейді. Бұлардың
ішіндегі жиі қолданылатын -лық, - лік жұрнағы.
татулық, тұтастық
бірлік
сандар класының атауы, разряд
ең төменгі баға атауы
біріншілік
спорттық жарыс атауы
екілік
төменгі баға атауы
шам атауы
үштік
одақ
жүлделі үш орын
орташа баға атауы
төрттік
жақсы баға
бестік
өте жақсы баға атауы
алтылық
карта атауы
шам атауы
жетілік
карта атауы
сегіздік
карта атауы
карта атауы
тоғыздық
футбол қақпасының үстіңгі бұрышы
карта атауы
ондық
шам атауы
топ, әскери құрама атауы
сандар класының атауы
елулік
әскери құрама атауы (взвод)
әскери құрама атауы (рота)
жүздік
сандар класының атауы
мыңдық
сандар класының атауы
жетіген
музыкалық аспап
үшкіл
бөлінбейтін бөлшек, бүтіндік
төрткүл
екі үшкілден тұратын төртбұрыш
бескүл
жұлдыз пішіндер
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж.
9
төртпақ
адам пішіні, төрт бұрышты тұрпат
тең
бірдей
қатар
Енді осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық. Қазіргі қазақ тілінде бір деген түбір
сан есімнен өрбіген бірлік туынды зат есімі үш мағынада қолданылатындығын көріп
отырмыз. Олардың ішіндегі біріншісі жалпы халықтық қолданыста бар байырғы төл сөз,
тұтастық, бірауыздылық ұғымын білдіреді. Мысалы: Бірлік болмай, тірлік болмас (Мақал).
Бұндайда бірлік крек қой, шырағым (Ғ.Мұстафин). Міне, ағайын, ел бірлігінің тілегінен туған
менің талабым, тоқтау сөзім де осы (М.Әуезов).
Екінші мағынасы әрине татулық мағынасынан кейінірек, оқу-ағартуға байланысты
қалыптаса бастаға-ны байқалады. Бірлікматематикалық термин ретінде онға дейінгі жай
сандар класының атауын білдіреді (разряд). Мысалы: 1. Сонда, он жағында тұрған бірлік -
өзіне жалғас цифрдан он есе емес, тек қана екі есе көп болады деген сөз. 2. Шынында да
ойлаған санымызда ондық цифры «а», бірлік цифры «в» болсын делік (Я.И. Перельман).
Бірлік білімге қойылатын нашар баға, ең төменгі балл атауы мағынасында қолданылады.
Бес балдық жүйедегі бағалаудың басқа түрлеріне қарағанда, бұл бағаның бірлік аталуы өте
сирек кездеседі. Мысалы: 1. – Отыр! – деді мұғалім, көршімнің фамилиясының тұсына ұзын
бірлікті қойып жатып (Қ.Асанов). Бұл баға атауы, көбінесе, -лік жұрнағы жалғанбаған бір
күйінде айтылуы жиі кездеседі. Бір мен бірлік тіліміз-де қатар, бірін-бірі алмастырып
қолданылып жүр. Дегенмен, айырмашылық та жоқ емес. Егер бір – сан атауы, яғни цифрдың
атауы болса, осыған сәйкес бағалаудағы балдық көрсеткіш атауы да осылайаталады. Ал баға
атауы -лік жұрнағы арқылы заттанып, бірлік деп аталады. Өзге баға атауларына қатысты да
осыны айта аламыз (екілік, үштік, төрттік, бестік). Сонда 1- балдық көрсеткіш – бір де, 1 деген
баға атауы- бірлік болады.
Берілген мысалдардағы бірлік сөзінің үш түрлі мағынада қолданылуына сыртқы себептің
де, ішкі лингвистикалық себептің де әсері бары байқалады. Сыртқы себептердің әсерін,
мүддесі бір адамдардың татулығын, бірауыздылығын атау қажеттілігімен бірінші бірліктің
туғанын; бір санының ізімен онға дейінгі жай сандар тобын, разрядын атаудан екінші
бірліктің; білімнің сапасын бақалаудан туған үшінші бірліктен көреміз. Ал лингвистикалық
ішкі себепті бір деген негізгі морфемаға -лік жұрнағының жалға-нып, әртүрлі басқа
мағыналар беретін дербес лексикалық дериват ретінде қолданылуынан айқын аңғаруға
болады. Осы бір сан есімнің негізінде синтетикалық (морфологиялық) тәсіл арқылыжасалған
сөздер әр түрлі заттық мағынадағы атауларды білдірсе де, олардың әрқайсысының
мағынасы көмекші тартса да, сандық мағыналарының сақталғандығын байқау қиын емес.
Өйткені, бір сан есіміне қатысты атау үрдісі нәтижесінде алынатын аталымдарға оның
әуелдегі бірге қатысты сандық-мөлшерлікбелгілері негіз болған.
Қазіргі қазақ тілінде реттік сан есімге -лік жұрнағын қосу арқылы жасалған жалғыз зат есім
бар дедік. Ол – біріншілік туылымы. Бұл – орыс тіліндегі «первенство» сөзінің ықпалымен
туған спорт термині, үстіміздегі ғасырдың 50-60 жылдары қалыптасқан зат есім. Мысалы: 1.
Жарыс шарты бойынша Волгоградтағы әлем біріншілігінде 16 партия өткізілуі керек
(«Соц.Қаз».). 2. Ұлттық спорт сарайында студент боксшыларының халықаралық біріншілігі
өткізіліп жатыр (Б.Соқпақбаев). 3. Еліміздің Алматыда өткен біріншілігінде жерлестеріміздің
тамаша табысқа жеткенін волейбол жанашырлары жақсы біледі («Спорт»газ.).
Екілік те оқушылардың біліміне қойылатын төменгі баға. Екі атауымен жарыса қолданыла
береді. Мысалы: 1- Олай болса, тағы бір екілікті қоямыз енді, - деді оқытушы қаламын алып
(Ә.Әлімжанов). 2. Әкеп едім екілік, Мамам шықты жекіріп (М.Жаманбалинов). 3. Сабақ естен
шығып қап, Алды бүгін екілік (Ш.Смаханұлы). Екіліктің басқа мағынада қолданылуы бұдан
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж.
10
басқа қолданыстарда кездеспейді. Мұнда да екі балл дәрежесінің көрсеткіші ретінде,
заттанып баға атауы ретінде екілік қолданылады.
Үштік сөзі төрт түрі мағынада қолданылатыны көрсетілді.
Бұлардың ішіндегі шам атау, жүлделі үш орын орташа баға атауын білдіретін үш түрі
түсіндірме сөздікте көрсетілген. Үштік шам атауы тұрмыс қажеттілігіне орай жасалып, оның
аталуына шишасының аумағының үш сантиметрлік өлшемі негіз болған қолданыста үштік
сөзі үнемі шам сөзімен тіркесіп келеді. Ал үштік деп аталатын жүлделі үш орын мен орташа
баға атаулары шам атауына қарағанда кейінірек, спорт, білім беру салаларының дамуына
байланысты жасалған және оларға орыс тілінің де әсер етуі байқалды. Оған төмендегі
мысалдар дәлел бола алады. Мысалы: 1. Үштік шамның тышқан көзіндей жылтыраған
жарығын қомсынатын бұлар жоқ (Д.Әбілев). 2. Бірақ сығырайған үштік шамның сәулесі өз
төңірегінен өзге жерді күңгірт көрсетеді.(Ә.Сәрсенбаев). 3. Осы жолы алдыңғы үштікке ілінсе,
оның өзі армандаған биіктің жақындағаны дей бер (С.Балғабаев). 4. Жүлделі үштікке Алматы,
Қарағанды, Семей командалары ие болды (Қаз.мұғ). 5. Аршагүл баласының әдебиеттен
үштік баға алғанын, кейінгі кезде нашарлау оқығанын айтты (С.Бақбергенов).
Үштік сөзінің сирек болса да, тағы бір қосымша мағына беруін байқауға болады. Ол – орыс
тіліндегі тройка (одақ) мағынасында қолданылуы. Қазақ тіл білімінде бұл мәселені ғалымдар
сыртқы себеп негізін-де алынған деп түсіндіреді де, төмендегідей мысал келтіреді.
Мысалы: Оның армиясы өзінің алға басуында үлкен үштіктің келісімі бойынша
белгіленген шекара-дан еш жерді атап өтпеді.
Төрттік – білім беру саласындағы білім сапасына қойылатын жақсы деген баға. Мысалдар:
1. Ана тілінен ылғи бестік алып жүрген Әділ бір күні қазақ тілінен төрттік алып келді
(Х.Ерғалиев). 2. Тоқсан аяқталуғатақалғанда, Ержан математикадан төрттік баға алды
(«Қазақстан мұғалімі»).
Осы өлең жолына байланысты қолданылған төрттік пен одаққа қатысты үштік сөздеріне
окказионал-дық сипаттың басым екені байқалады. Біріншіден, бұл атаулар сирек
қолданылады. Екіншіден, төрт жол өлеңінің , қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде
көрсетілгендей, әдеби тіл нормасында төрттаған деген атауы бар. Ал жалпы түрік тілдерінде
рубаят деп аталатыны да белгілі. Қалай болғанда да, М.Әуезовтің қолданысындағы
төрттікке де өлеңнің төрт жолдан тұруы негіз болып тұр. Мысалдағы үштік сөзінде де
сандық мағына басым, ал оның окказионалдық сипаты одаққа мүше болуға шек
қойылмайтындығынан аңғаруға болады. Кейбір жағдайларда одақтың құрамы төртеу,
бесеуден де, не одан да көп саннан тұруы әбден мүмкін. Мысалы: Төрттік одан өз
мүмкіндіктерін іске асыруға тиіс (Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь, Ресей Федерациясы)
(«Сарыарқа самалы» газетінен). Үш және төрт сан есімдері өздерінің сан-дық
мағыналарымен қатар, бұл жерде – тік жұрнағының жалғануы арқылы біріккен, тұтастық
мағына үстелетінін көруге болады. Бұл – синтетикалық тәсілдің атқаратын қызмет ерекшелігі.
Бірлік, екілік, үштік, төрттік, бестік зат есімдері сөзжасамдық негізділігі жағынан бір
типке жатады. Өйткені, оларға -лік, -тік, жұрнақтары ортақ және жоғарыда жеке-жеке
тоқталған мағыналарының ішінде бесеуіне ортақ бір мағына бар. Ол – білімге
қойылатынбаға атаулары және бесеуі де қосымшасыз атауларымен (бір, екі, үш, төрт, бес)
қатар жұмсала береді.
Алтылық, жетілік, сегіздік тоғыздық, ондық жасалымдарының бәріне ортақ мағына –
карта атаулары екендігі. Ортақ жұрнақтарға байланысты бұлар да бір-ақ типке жатады және
зат есім болады.
Мысалдар: 1. Жоқ, қарағаным жоқ. Тек алтылықтың дүпілін ғана көрдім, - деп күледі
Ержан (Т.Аханов). 2. Ойында реті келмей, қолында сақталған жетілік көзір - қарғаның
жетілігімен түйенің королін соғып алды ақын (С.Бақбергенов). 3. – Қарғаның сегіздігі бар ма
қолыңда: (Ауызекі тіл). 4. Менің қолымда тоғыздық қана қалған (Ауызекі тіл).
5. Олардың қолындағысы қарғаның алтылылғы еді, үстіне ондық шықты (Т.Әлімқұлов).
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж.
11
Алтылық сөзінің қолданыста карта атауынане басқа мағынасы жоқ.
Ал жетілік сөзінің карта атауынан басқа сандық ұғымын сақтай отырып, сандық сипатты
басымдау көрсететін түсы да бар.
Ол – шишасының түбінің аумағы жеті сантиметрлік – шам. Ықшамдау заңдылығы
бойынша жетілік шам тіркесі қалпына келген. Жетілік деген карта атауы, көбінесе, заттанып
дербес қолданылса, шам атауы – жетілік басыңқы сыңарымен тіркесіп қолданылады.
Мысалы: 1. Жазира терезе алдындағы өлеусіреген жетілік шамға қарап, күлімдеп отыр
(М.Сүндетов). 2. Стол үстіндегі тағам да, жетілік шам да таң атқанша орнынан қозғалған жоқ
(С.Жүнісов).
Сегіздіктің карта атауына ғана қатысы бар. Тоғыздықтың екі мағынасы бар. Олар: карта
атауы және футбол қақпасының үстіңгі бүрышы.
Түсіндірме сөздікте футбол қақпасының үстіңгі оң не сол бұрышы тоғыздық делінген.
Мысалдар: 1. Тіпті тоғыздыққа тебілген қатты допты да қағып, қақпа сыртына жіберді
(«Спорт газеті»). 2. Шабуылшы 35 метрдей жерден қақпаның дәл тоғыздығына тигізді (Бұл да
сонда). Бұл мағына орыс тілінің әсерінен туған.
Ондық сөзінің бірінші мағынасы карта ойындағы ондыққа жоғарыда мысал келтіріліп
дәлелденді. Екінші мағынасы – шам атауы. Түсіндірме сөздікте білтесінің кендігі өзгелеріне
қарағанда, жалпақтау болатын шынылы май шам деп беріліап. Мысалдар келтірілген: 1. Сол
себептен қалай болар екен деп, онды шамға май құйып, шөлмегін сүртіп, білтесін жөндеп,
әзірлеп қойдым (С.Омаров). 2. Төр алдында дөңгелек стол жайылып оның үстіне маздата
жағылған ондық шам қойылыпты. Мұнда, әрине, шамның ондық аталуына негіз болып
отырған – білте мен шишаның он сантиметрлік кеңдігіне байланысты сәйкестік қатынастар.
Білте неғұрлым кеңірек, шишасы үлкендеу болса, шамның да соғұрлым жарық болатыны
белгілі. Оны, үштік жетілік шамдарымен салыстырып қарауға болады. Сондықтан бұл шам
атауларының сапалық белгілері ескеріле отырып аталым дәрежесіне жетуге олардың сандық
өлшемдері негіз болып және -лік жұрнағының жалғануынан жүзеге асып отыр.
Ондық сөзінің тағы бір мағынасы – математикалық термин ретінде, сандар класының
атауын білдіруі. Мысалы: Бірлік ондық, жүздік, мыңдық деп топ-топқа бөлініп айтылатын
сандарды үйрету оңай. («Қаз.мект»).
Келесі ондықсаны он кісіден тұратын топ атауы ретінде қолданылады. Бұл орыс тілінде
«десятка» сөзімен сәйкес келеді. Сонымен бірге, бұл ондық он сарбаздан құралған әскери
құрама атауын білдіретін әскери термин ретінде де қолданылады. Мысалы: 1. Байсын
колхозынан Рысдәулет бастаған жігіттер сол ондықтың санатына іліккен еді (О.Сәрсенбаев).
2. Құрбашы бірдеңе деп тіл қатып еді, олар аттарын тебініп қалып әлгі оңдықтарды жан-
жағынан «қоршап тұра қалысты». Орыс тіліндегі «десятник» сөзінің баламасы ретінде
жұмсалатын тұсы бар. Мысалы: - Сен ондық болуға жарайсың, сені өз жүздігіме аламын –
деп, иығынан қақты (Х.Есенжанов). Дегенмен, соңғы «десятник» - оңдықтың қазақ тілінде
онбасы деген атауы да бар.
Елулік – әскери құрама атауларының бірі. Елу-елуден бөлінген сарбаздар тобы, взвод (ТС.
3 том, 330-бет). Жүздік, елулік, топ тағайынлап, олардың басына батыл, өжет жігіттер беріп,
мергендер тобын бөлек іріктеп, ең тәуір дегенін өз қарамағына жинады (М.Жұмағұлов).
Би – болыстың ел ішіндегі өкілі, әкім, елбасы, кейде елулік деп аталады. (ТС 3-т. 330-бет).
Мысал: - Е, ол әлгі менің болысқа кандидат болып, сенің елулік болып... - деп, Жүсекең
көтеріле түсті (Б.Майлин). Бұл мысалдардағы «взвод» пен «әкім» мағыналарының елулік
атауымен берілуінің негізгі себебі – елу санына яғни, осы атауларға қатысты алдынған адам
санына байланысты болып тұр. Екеуіне де -лік қосымшасы жалғанып тұрғандықтан,
сөзжасамдық бір типке жатады. Соңғы елулікті (әкім) елубасының варианты десе де болады.
Қазіргі қазақ тіліндегі тоқсандық жоспар, тоқсандық есеп, тоқсандық баға, тоқсандық
үлгерім сияқты сөз тіркестерінде кездесетін тоқсандық сөзіне – дық қосымшасы жалғанып,
сын есім болып тұр. Мысалы: Бұл жасалымға негіз болған нәрсе – тоқсан сан есімінен
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж.
12
лексика-семантикалық тәсілмен пайда болған «квартал», «четверть» сөздерінің мағынасы
екендігі жоғарыда айтылған.
Жүздік сөзі екі мағынада қолданылады. Жүздік – сандар класының (разрядының) атауы.
Бұл лексема ретінде бірлік, ондық, мыңдық зат есімдерінің сәйкес мағыналарымен
сөзжасамдық бір типке жатады. Нәтижесінде жүздік цифры шығу керек (Я.И. Перельмен).
Бұл – математикалық термин. Жүздік сөзінің екінші мағынасы әскери термин ретінде, ондық,
елуліктер қатарында эскадрон, рота атуын білдіруі (атты жүздік – экскадрон, жаяу жүздік –
рота). Мысалы: Жүздіктен алтауын іріктеп қойдық. Әлі талай жүздік құруға болады. Жасаққа
жазылым деуші көп-ақ (Ғ.Сыланов). Жүздіктің кәсіби лексика ретінде қолданы-лып,
окказионалдық сипат беретінін де байқауға болады. Мысалы: Күркілдек пішеншілерді
жүздікке жалдайды екен. Жүздік дегеніміз жүз көпене шөп (С.Мұқанов). Соңғы мысалдағы
жүздік кәсіби лексика-ға жататын болғандықтан, оның таралу ауқымы да тар.
Жалпы аталған жүздік атауларының қайсысы болсын жүз санына қатысты жасалып, атау
мағынасын білдірмеген, оларда сандық ұғымның басым екендігін көреміз.
Мыңдық сөзінің бір ғана мағынасы бар. Ол – бірлік, ондық, жүздіктер сияқты сандар
класының атауы.
УДК 81'38; 801.6; 808
Гж.А. Кажигалиева – к.ф.н., ст. преподаватель КазГосЖенПУ
ОБ ЭМОЦИОНАЛЬНОЙ ПОЛИТОНАЛЬНОСТИ ОТРИЦАТЕЛЬНЫХ ПРЕДЛОЖЕНИЙ
В ХУДОЖЕСТВЕННЫХ ПРОИЗВЕДЕНИЯХ
Аннотация: В статье рассматривается реализация эмоционального потенциала отрицательных
предложений в художественных произведениях.
Предложения с отрицанием характеризуются большой психологической сложностью. Они
выражают различные эмоциональные оттенки: безысходность, грусть, тоска, отчаяние, гнев,
возмущение, разочарование. Отрицательные предложения могут представлять «фундамент»
эмоциональности произведения.
Синтаксическая эмоциональность, как правило, подкрепляется лексической. Наибольшим
эмоциональным потен-циалом обладают общеотрицательные предложения и предложения с двойным
отрицанием. Построение произведе-ния на широком использовании общеотрицательных предложений
позволяет ярко представить эмоциональный мир человека, охарактеризовать его состояние: отсутствие
в нем желаний и чувств.
Ключевые слова: Эмоциональность, отрицательные предложения, отрицательные эмоции и
чувства.
Тҥйіндеме: Мақалада кӛркем шығармалардағы қарсылықты мәндес сӛйлемдердің эмоционалдығы
қарастыры-лады.
Сӛйлемдер болымсызбен үлкен психологиялық күрделілікпен сипатталынады. Олар түрлі
эмоциялы түстерді: айласыздық, мұң, сағыныш, ашыну, ашу, ашу кернеу, түңілістерді білдіреді.
Болымсыз сӛйлемдер туындының сезім-паздығының "негізін" құрастырады.
Синтаксистік сезімпаздық лексикалық сезімпаздықпен нығайтыланады. Ең үлкен эмоциялы әлуетке
жалпы болымсыз сӛйлемдер және сӛйлемдер қос терістеумен ие болады. Туындының құрылысы
жалпы болымсыз сӛйлем-нің кең игерушілігінде негізделгені адамның эмоциялы әлемің, кӛңіл-күйің:
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж.
13
оның күй-сезімініңболмағандығың ашық кӛрсетуге мүмкіншілік тұғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |