Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



Pdf көрінісі
бет14/19
Дата03.03.2017
өлшемі4,27 Mb.
#5945
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Мысал. Зертханалық жұмыс 
Тапсырма:  Функцияның  есептелген  мәндерін  кесте  түрінде 
шығару  қажет.  Есептің  қойылуы:  y  =  k*(x
2
  –  1)/(x
2
  +  1) 
функциясының  мәнін  [-2;  2]  аралығында  0,2  қадаммен  k  =  10  мәні 
үшін есептеңіз.  
Мұнда,  негізгі  кестенің  тақырыбында  Y1  және  Y2  аралық 
шамалар  белгіленген,  ал  көмекші  кестедегі    X0  –  х-ң  бастапқы  мәні, 
2  
Ай  
Есептегіш  1 квт/сағ. шығыны  Төлем  ақы 
(тнг.)  
3  
Желтоқсан  400  
 
 
4  
Қаңтар  
320  
=В4-ВЗ  
С4*8.00  
5  
Ақпан  
250 
=В5-В4  
С5*8.00  
6  
Наурыз  
450 
=В6-В5  
С6*8.00  

 
141 
STEP  –  өзгерту
 
қадамы,  K  –  мәні  өзгеретін  коэффициент  (тұрақты). 
Тапсырманы келтірілген үлгі бойынша орындаңыз
1.
 
Автоматты  толтыру  әдісімен  А2  ұяшығынан  бастап    А22 
ұяшығынана дейін 1-ден 21-ге дейінгі сандармен толтырыңыз. 
2.
 
В  бағанасында  х  –тің  мәндерін  [-2;  2]  аралығынан  0,2 
қадаммен  енгізіңіз.  Ол  үшін:  1)  В2  ұяшығына  =$H$2  формуласын 
енгізіңіз.  Неге  H2  ұяшығы  және  неге  абсолюттік  адрес  қолданылды 
соны талдаңыз! 2) B3 ұяшығына  =B2+$I$2 формуласын енгізіңіз. B3 
ұяшығындағы  формуланы  B4:B22  ұяшықтарына  көшіріңіз.  Бұл 
формула нені есептейді, бағана қандай мәндермен толтырылды?  
3.
 
бағанасын коэффициентінің мәндерімен толтырыңыз. Ол 
үшін: 1) C2  ұяшығына =$J$2  формуласын енгізіңіз;  2) C3  ұяшығына 
=C2  формуласын  енгізіңіз.  Енгізілген  формулаларды  қараңыз. 
Неліктен  олай  жазылған?  C3  ұяшығындағы  формуланы  C4:C22 
ұяшықтарына көшіріңіз. Бүкіл бағана 10 мәнімен толтырылды. 
4.
 

бағанасын 
y1=x^2-1 
функциясының 
мәндерімен 
толтырыңыз.  Ол  үшін: D2 ұяшығына =B2^2-1  формуласын енгізіңіз. 
Формуланы 
D3:D22 
ұяшықтарына 
көшіріңіз. 
Бағана 
y1 
функциясының  оң  және  теріс  мәндерімен  толтырылды.  Бастапқы 
және соңғы мәні 3-ке тең. 

 
142 
5.
 
Сол  сияқты  E  бағанасын  y2=x^2+1  функциясының 
мәндерімен  толтырыңыз.  Тексеріңіз!  Барлық  мәндері  оң,  бастапқы 
және соңғы мәні 5-ке тең. 
6.
 

бағанасын 
y=k*y1/y2 
функциясының 
мәндерімен 
толтырыңыз.  F2  ұяшығына  =C2*(D2/E2)  формуласын  енгізіңіз. 
Формуланы  F2:F22  ұяшықтарына  көшіріңіз.  Тексеріңіз!  Функция 
мәндері оң және теріс болады, бастапқы және соңғы мәндері 6-ға тең. 
Көмекші кестедегі деректерді ауыстырғанда негізгі кестенің 
өзгерістерін бақылаңыз: 
7.
 
Көмекші  кестедегі  Х-тің  бастапқы  мәнін  өзгертіңіз:  H2 
ұяшығына 

5  енгізіңіз.  Қадам  мәнін  өзгертіңіз:  I2  ұяшығына  2  енгізіңіз
Коэффициенттің мәнін өзгертіңіз: J2 ұяшығына енгізіңіз.  
Көмекші кесте деректеріне өзгерістер енгізгенде негізгі кестеде 
есептеу қандай түрде жүргізіледі? Көмекші кестеде бұрынғы бастапқы 
мәндерді қайтарыңыз.  
8.
 
Көмекші  және  негізгі  кестелерді  безендіріңіз:  Курсорды  1-
нөмірлі  жолға  койыңыз.  Вставка 

  Строки  бұйрығын  орындап  екі 
бос жол қосыңыз. 
9.
 
А1  ұяшығына  «Таблицы»,  А2  ұяшығына  «Основная»,  H2 
ұяшығына «Вспомогательная» деген атаулар енгізіңіз.  
10.
 
A1:J1 ұяшықтарын біріктіріңіз және «Таблицы» тақырыбын 
ортаға қойыңыз.   
11.
 
Құрылған  файлды  «Функция»  атаумен  өз  бумаңызға  
сақтаңыз.  
6.4. Деректер қоры және ақпараттық жүйелер  
Қарастырылатын сұрақтар: 

 
ақпараттық  жүйелердің  және  деректер  қорының  (ДҚ) 
қызметі; 

 
ДҚ жіктеу; 

 
Реляциялық деректер қорының құрылымы; 

 
ДҚ элементтері: басты кілт, өрістің аты, мәні және типі; 

 
деректер  қорын  басқару  жүйесінің  (ДҚБЖ)  қызметі;  ДҚБЖ 
жұмыс режімі;  

 
деректерді іздеуге сұраныс; 

 
деректерді жоюға сұраныс; 

 
деректерді іріктеуге сұраныс. 
Теориялық  материалды  баяндау  бойынша  әдістемелік 
ұсыныстар 

 
143 
Тақырыпты  қарастыруды  компьютерлік  ақпараттық  жүйелерін 
қолдану  аймағын  сипаттаудан  және  берілген  компьютерлік 
техниканың  қосымшасын  қолдану  өзектілігін  және  қызметін 
негіздеуден  бастаған  жөн.  Мәселені  былай  қоюға  болады:  қандай  да 
бір  нақты  объектілер  немесе  оқиғалар  туралы  көлемі  мол  деректер 
болсын. 
Мысалы, 
кітапханадағы 
кітаптар, 
кәсіпорынның 
жұмыскерлері,  қоймадағы  тауарлар  және  т.с.с.  Мүндай  ақпаратты 
сақтауды:  оны  қарауға,  толтыруға,  өзгертуге,  керек  мәліметті 
іздеуге,  кез  келген  іріктеулерді  жасауға,  кез  келген  ретпен 
сұрыптауға ыңғайлы түрде ұйымдастыру қажет. Мұндай жұмыспен 
адамдар комьютерлер пайда болудан көп бұрын айналысқан болатын.  
Деректерді сақтаудың негізгі құралы қағаз болды.  
Қазіргі  кезде  бұл  проблемаларды  шешуге  компьютерлер 
көмектеседі.  Компьютерлік  ақпараттық  жүйелер  көлемі  үлкен 
деректерді  сақтауға,  оның  ішінен  жылдам  іздеуге,  өзгертулерді 
енгізуге, деректермен әртүрлі іс-әрекеттерді (топтауға, сұрыптауға 
және  т.б.)  мүмкіндік  береді.  Осындай  ақпараттық  жүйелердің 
мысалдарын  келтіру  қажет.  Мысалы,  теміржол  немесе  авиация 
билетін    сату  жүйесі.  Оқушыларға  таныс  басқа  мысал:  халықаралық 
қөлемді  жарыстардан,  олимпиадалық  ойындардан  телерепортаждар 
кезінде  комментатор  атаса  болды,  экранға  кез  келген  спортсменнің 
құжаттамасы  шығып  отырады,  бұл  -  компьютерлік  ақпараттық 
жүйенің жұмысы.   
Қолдану  аймағы  бойынша  ақпараттық  жүйелерді  негізгі  екі 
топқа  бөлуге  болады:  ақпараттық-іздеу  жүйелері  және  деректерді 
өңдеу  жүйелері.  Кез  келген  ақпараттық  жүйе  негізгі  үш  қызмет 
атқаруға  тиіс:  деректерді  енгізу,  деректер  бойынша  сұраныс  жасау
есеп беруді құрастыру.  
Ақпараттық жүйелердің өте маңызды құрама бөлігі  – деректер 
қоры.  ДҚБЖ  арқылы  шығарылатын  есептерді  жобалау  ақпараттық 
жүйелерді жасауға әкеледі.  
Деректер 
қоры 
— 
пайдаланушылардың 
ақпараттық 
қажеттіліктілігін  қанағаттандыру  үшін  қолданылатын,  қандай  да 
пәндік  аймақтың  өзекті  жағдайын  сипаттайтын,  анықталған 
ережелерге  сәйкес  ұйымдастырылған  және  компьютер  жадында 
қолдау тапқан деректер жиынтығы [19].  
Атап айтқанда, деректер қоры – магниттік дискілерге жазылған 
деректердің  ұйымдастырылған  жиыны.  Сондықтан  үлкен  деректер 
қорына  қатысты  жасалатын  бірінші  қорытынды  –  олар  үшін  көлемді 
дискілік жадының қажеттілігі.  

 
144 
Деректер қорының жіктелуі. Деректер қоры әртүрлі  белгілері 
бойынша жіктеледі.  
Сақталған  ақпараттың  сипаты  бойынша  деректер  қоры 
фактографиялық және құжаттық деп бөлінеді. Фактографиялық ДҚ 
қатал  анықталған  пішімде  қысқа  ақпараттар  сақталады.  Мысалы, 
мәліметтер тіркелген карточкалар жинағы. Ал, деректілік сипатты ДҚ 
– тұрлі құжаттар және онда мәтіндік құжаттардан басқа, графикалық, 
бейнелік  дыбыстық  (мультимедиа)  сақталады,  мысалы  –  мұрағат 
қоры. 
Деректердің  сақталуы  бойынша  –  ДҚ  орталықтандырылған 
және  бөлісілген  болады.  Орталықтандырылған  ДҚ  барлық  ақпарат 
бір  компьютерде  сақталады.  Ол  дербес  автономиялы  ДК  немесе 
пайдаланушы-клиенттің  қатынасуға  рұқсаты  бар,  желілік  сервері 
болуы мүмкін. Бөлісілген ДҚ жергілікті және ғаламдық компьютерлік 
желілерде қолданылады. Бұл жағдайда  қордың әртүрлі бөлігі әртүрлі 
компьютерлерде сақталып тұрады. 
Деректерді  ұйымдастыру  құрылымы  бойынша  –  ДҚ  кестелік 
(реляциялық), желілік және иерархиялық деп бөлінеді.  
Базалық курста тек фактографиялық реляциялық деректер қоры 
қарастырылады.  Бұл  реляциялық  типті  деректер  қорының  ең  жиі 
қолданылуына және оның әмбебаптылығына байланысты. Теориялық 
жағынан кез келген деректер жүйесін кестелер көмегімен бейнелеуге 
болатындығы  дәлелденген.  Қарапайым  реляциялық  ДҚ  бір  кестеден, 
күрделісі көптеген өзара байланысқан кестелерден тұрады. 
Бір  кестелік  реляциялық  ДҚ  құрылымы.
 
Реляциялық 
деректер  қорының  терминологиясында  кестенің  жолдары  –  жазба
бағаналары  –  өріс  деп  аталады.  «Реляциялық  ДҚ»  атауының  өзі 
ағылшын  тілінің  –  relation  сөзінен  шыққан,  аудармасы  –  «қатынас». 
Мұнда  «қатынас»  термині  кестенің  өрістерінің  арасындағы  өзара 
байланысы деп түсініледі. 
Реляциялық деректер қоры – қисынды байланысқан, кестелерде 
тұрған  деректер  жиыны  (қор).  Анықтамаларға  ұқсаған,  әр  кестедегі 
ақпарат,  тек  қана  бір  объект  туралы  ғана  болады.  Ал  кестелер 
арасында  байланыстарды  құру,  кез  келген  кестелерден  кез  келген 
деректерді жеңіл шығару және қатынасу мүмкіндігін береді. 
Оқушыларға  материалды  нақты  мысалдар  негізінде  түсіндіру 
қажет. Мысал ретінде мұғалім әртүрлі кестелерді: «Ауа райы», «Сабақ 
үлгерімі»,  «Факультативтер»,  «Үй  кітапханасы»  т.с.с.  көрнекілеп 
дайындауына  болады.  Деректер  қорында  әр  кестенің  өз  атауы 
болатынын ескерту қажет. 
1-мысал: 
«Кинотеатрдың  апта  репертуары»  атты  ДҚ 

 
145 
құрылымын  сипаттау  керек.  Құрылымды  сипаттау  деген  –  кестенің 
барлық өрістерін атау және әрбір өрісті  сипаттау болады: 
өрістің 
атауы 
типі 
ені 
ондық 
бөлшектегі  
бөлшек бөлігінің саны 
кинотеатр 
символдық 
15 
 
фильм 
символдық 
25 
 
уақыт 
сандық 


бағасы 
сандық 


Осы 
тақырып 
бойынша, 
оқушылардың 
біліктілігін 
қалыптастыруға қажет негізгі түсініктер

 
кез келген кестеде қандайда бір нақты объект (үрдіс) туралы 
ақпарат болады, сондықтан ол ақпараттық модель болып табылады; 

 
кестедегі  кез  келген  жазба  –  берілген  жүйенің  нақты 
объектісі (құбылысы) туралы ақпарат; 

 
әр  жазбадағы  өрістің  мәні  –  объектінің  айқындалған 
сипаттамасы (қасиеті, атрибуты). 
Осы  ұғымдарды  бекіту  үшін  оқушыларға  қойылатын 
сұрақтардың түрі мынадай болуы керек:  
Сұрақ: «Сабақ үлгерімі» кестесінде қандай жүйе туралы ақпарат 
бар? 
Жауап: Мектептің анықталған сыныбы туралы. 
Сұрақ:  Бұл  кестенің  әр  жазбасында  қандай  объект  туралы 
ақпарат бар? 
Жауап: Нақты оқушы туралы ақпарат бар . 
Сұрақ: Жазбадағы өрістердің мәндері нені белгілейді? 
Жауап:  Осы  оқушының  мектеп  пәндері  бойынша  алған 
бағаларын белгілейді . 
ДҚ  элементтері.  Жазбаларға,  өрістерге  байланысты  негізгі 
ұғымдар: 

 
жазбаның басты кілті; 

 
өрістің аты; 

 
өрістің мәні; 

 
өрістің типі. 
Басты  кілт  –  кестедегі  жазбаны  бір  мәнді  анықтайтын,  өріс 
немесе  өрістер  жиыны.  Басқаша  айтқанда,  басты  кілтті  жазбаның 
идентификаторы  деуге  болады.  Деректер  қорында  «кілт»  сөзінің 
бірнеше қолданысы бар: іздеу кілті – оның мәні бойынша ДҚ жазбаны 
іздейтін  өріс;  іріктеу  кілті  –  оның  мәні  бойынша  жазбаларды 

 
146 
реттейтін  өріс.  Жазбалардың  идентификаторын  басты  кілт  деп 
атайтыны сондықтан.  
2-мысал:  ДҚ  үзіндісі  берілген:  Басты  кілтті  нұсқап,  өрістерді 
сипаттау қажет. 
Рейс 
нөмірі 
Ұшу 
күні 
Ұшақтың 
типі 
Билеттің 
бағасы 
Билеттің 
болуы 
2156 
28.10.13 
ТУ-154 
16950 
иә 
Басты кілт: рейс нөмірі + ұшу күні. Өрістердің сипаттамасы: 
өрістің атауы 
типі 
ені 
ондық бөлшекте бөл-
шек бөлігінің саны 
рейс нөмірі 
сандық 


ұшу күні 
күн (дата) 
 
 
ұшақтың типі 
символдық 
10 
 
билеттің бағасы  сандық 


билеттің болуы 
логикалық 
 
 
«Деректер  қоры»  тақырыбы  жалпы    информатика  курсы  үшін 
іргелі  мәні  бар,  бірқатар  түйінді  мәселелерді  қарастыратынын 
мұғалімнің  түсінгені  маңызды.  Мұнда  оқушылар  тағы  да 
(электрондық  кестеде  айнымалы  ұғымымен  танысқан)  шама 
ұғымымен  кезігеді.  Бұл  ұғым  келешекте  алгоритмдерде  және 
бағдарламаларда кеңінен қолданылатын болады.  
Шама  –  басыбайлы  атауы  бар  және  компьютердің  жадында 
орын алатын жеке ақпараттық объект. Осы жағынан қарағанда өріс 
–  шамалар  болып  табылады.  Кестеде  әр  өрістің  атуы  бар,  әр 
қайсысының  типі  анықталған.  Шаманың  типі  ұғымы  оның  үш 
қасиетімен байланысты:   

 
шама көптеген мәндерді қабылдай алады; 

 
шамамен көптеген амалдарды орындауға болады; 

 
ЭЕМ жадында ішкі ұсыну пішінімен. 
Көптеген жағдайда деректер қорында өрістердің (шамалардың) 
төрт негізгі типі қолданылады: 

 
символдық  –  ондай  өрісте  символдардың  кез  келген  тізбегі 
сақтауға болады;  

 
сандық – бүтін немесе ондық бөлшек сандардан тұрады; 

 
дата  – күн/айы және/жылы; 

 
логикалық  –  логикалық  шамалардың  мәндері  (иә  –  жоқ, 
ақиқат – жалған, (true - false) 
Оқушылардың  назарын  мына  жағдайға  аудару  қажет: 
символдық  өрісте  цифрлар  тұруы  мүмкін.  Осы  себепті  кейде 
символдық және сандық типтер арасында жаңылыстық болады.  

 
147 
Ондай  жағдай  болмау  үшін  мына  ережені  ұстану  керек:  егер 
өрісте  рет  нөмірі  немесе  цифрлық  код  белгіленсе,  онда  оған 
символдық  типті  тағайындау  керек.  Ал,  егер  өрісте  әлдененің  саны 
немесе қандай да бір  көлемдік шама белгіленсе, онда ол өріс  сандық 
типті болуға тиіс. Мысалы: кітапханадағы кітаптардың түгендеме 
нөмірі,  үй  нөмірі,  телефон  нөмірі  символдық  типті  өрістер  болуға 
тиіс.  Ал,  мынадай  өрістер:  адамның  жасы,  объектінің  салмағы, 
қашықтық, сыныптағы оқушылар саны сандық типті болады.  
Бұл  бөлімде,  информатика  курсында  алғашқы  рет,  оқушылар 
деректердің  логикалық  типімен,  логикалық  шамалармен  кезігеді. 
Логикалық  шама  туралы  ұғымды  баламалы  (альтернативтік)  сұраққа 
жауап  беру  ретінде  беруге  болады.  Мысалы,  «Кітапханада  аталған 
кітап бар ма?» немесе «Абитуриент университетке түсті ме?», немесе 
«Далада жауын жауып тұр ма?». 
«Басты  кілт»,  «өріс  аты»,  «өрістің  типі»  ұғымдарын  есептер 
топтамасын орындау арқылы бекіту қажет. Мысалы: 
1-тапсырма.  Деректер  қорының  «Автомобилші»  атты  кестесі 
берілген.  Кестедегі  барлық  өрістерді  сипаттап,  басты  кілтті  анықтау 
керек.     
Иесі 
Моделі 
Нөмірі 
Тіркеу мезгілі 
Халықов Ж.Қ. 
Тойота 
B 051NXM 
15.08.2006 
Данияров О.П. 
Мицубиси 
S 112ABM 
14.02.1997 
Ахметов Е.Р. 
Жигули 
F 510FAM 
27.10.2001 
Федоров К.Р. 
Волга 
A 090TAM 
20.05.2003 
2-тапсырма.  Деректер  қорының  «Пациент»  атты  кестесі  мына 
өрістерден тұрады: фамилиясы, аты, әкесінің аты, туған күні, учаске 
нөмірі,  мекенжайы,  созылмалы  аурудың  болуы,  дерігерге  соңғы  келу 
датасы. Әр өрістің типін және енін анықтау қажет. 
Бағдарламалық  қамсыздандыру.  Деректер  қорымен  жұмыс 
жасауға  бағытталған  бағдарламалық  жасақтаманы  деректер  қорын 
басқару  жүйесі  (ДҚБЖ)  деп  атайды.  Дербес  компьютерлер  үшін 
реляциялық  типті  бір  қатар  ДҚБЖ  бар.  Оларға  FoxPro,  Paradox,  т.б. 
жатады.  Мектепте  көбінесе  Microsoft  Office  пакетіне  кіретін, 
реляциялық деректер қорын басқару жүйесі MS Access оқытылады.  
Access  –  ағылшын  тілінен  аударғанда  «кіруге  болады», 
«рұқсат», «кедергісіз кіру» (орысш. – доступ) дегенді білдіреді.  
Нақты  ДҚБЖ  оқытуды,  әдеттегідей  стандартты  методикалық 
схема:  «орта  —  жұмыс  режімі—  бұйрықтар  жүйесі  —  деректер» 
бойынша өткізуге бағыттаған жөн.  

 
148 
Мысалы,  MS  Access  үшін  мына  негізгі  жұмыс  режімдері 
өзгешеленеді: 

 
«Таблица» – кестемен жұмыс жасау режімі; 

 
«Запрос» – сұраныстармен жұмыс жасау режімі; 

 
«Отчет» – есептемелермен жұмыс жасау режімі; 

 
«Форма» – формалармен жұмыс жасау режімі. 
Өз  кезегінде  аталған  режімдердің  әрқайсысында  ішкі: 
«Просмотр»,  «Конструктор»  және  «Создать»  режімдері  бар. 
Мысалы,  «Таблица»  режімінде  отырып  пайдаланушы  кестенің 
мазмұнын  көре  алады  және  оның  кейбір  өрістерін  өзгертуге  болады. 
«Таблица  –  Создать»  создать  режімінде  жаңа  кестенің  құрылымы 
жасалады. 
Оқушылардың  ең  бірінші  игеретін  ұғымы:  ДҚ  файлда 
сақталады;  онымен  жұмыс  жасау  үшін  сол  файлды  ашу  керек.  Одан 
соң  кестенің  жазбаларын  экранда  қалай  қарауға  болатынын  мұғалім 
көрсетуі  керек.  Ол  үшін  мұғалім  алдын  ала  демонстрациялық 
деректер қорын дайындап алуы қажет.  
Оқушыларға 
демонстрациялық 
ДҚ 
көрсету 
кезінде, 
оқушылардың  назарын  аударатын  нәрсе:  компьютердің  жадында 
кестенің  өзімен  қатар  оның  құрылымының  сипаттамасы  сақталып 
тұрады,  одан  пайдаланушы  өрістің  параметрлерін:  атын,  типін, 
пішімін  және  басқаны  біле  алады.  Access  ДҚБЖ-де  бұл  «Таблица  –
Конструктор» режімінде жасалады. 
Деректерді  іздеуге  сұраныс.  Кез  келген  ақпараттық  жүйенің 
негізгі  міндеті  –  деректер  қорында  ақпаратты  іздеу.  Іздеу 
пайдаланушының  сұранысы  бойынша  жасалады.  ДҚБЖ  тілінде, 
сұраныс бұйрығының құрылымы мынадай болады 
.анықтама  <шығарылатын  өрістердің  тізімі>  үшін  <іздеу 
шарты>  
Сұраныстардың  орындалу  нәтижесінде  бұйрықта  нұсқалған 
өрістерден  тұратын  кесте  пайда  болады.  Бұл  кестеге  іздеу  шартын 
қанағаттандырған,  жазбалардан  алынған  ақпарат  кіреді.  Іздеу  шарты 
логикалық өрнек болып табылады.  
Мұнда біз курстың осы тақырыбының тағы бір іргелі құрамасы – 
математикалық  логика  негізімен  кезігеміз.  Бұл  тақырыптың, 
информатикада  қолданбалы  пайдалануынан  басқа,  оқушылар  үшін 
жалпыбілімдік ұлкен мәні бар. 
Деректер қорына ыңғайластырып, логикалық өрнектің мынадай 
анықтамасын айтуға болады: 
Логикалық  өрнек  –  деректер  қоры  өрістерінің  мәндері 
жайында кейбір пікір; ол пікір әртірлі жазбаларға қатысты, ақиқат 

 
149 
немесе жалған болуы мүмкін. 
Негізгі проблема – оқушыларды іздеу шартын, логикалық өрнек 
түрінде  формалды  ұсынуға  үйрету.  Мысалы,  «бесінші  сөреден 
жоғары  тұрған  барлық  кітаптарды  табу»  фразасынан  логикалық  – 
ПОЛКА  >  5  өрнегіне  келтіру;  немесе  «физикадан  барлық 
үлгермеушілерді  таңдау»  –  ФИЗИКА  <  3;  немесе  «жауын  жауған 
барлық күндерді таңдау»  –  ОСАДКИ = дождь түрінде ұсыну. 
Күрделі  логикалық  өрнектерде  логикалық  амалдар  болады. 
Математикалық  логиканың  үш  негізгі  амалдары:  конъюнкция  ЖӘНЕ 
(И),  дизъюнкция  НЕМЕСЕ  (ИЛИ),  терістеу  ЕМЕС  (НЕ) 
қарастырылады
1

Оқушылармен  күрделі  іздеу  шартын  өңдейтін,  бірнеше 
формалды  тапсырмаларды  орындаған  пайдалы.  Мысалы,  тақтада 
мына кестені сызыңыз: 
Жазбалар 
Өрістер 



R1 



R2 



R3 



R4 



R5 



Мына  тапсырмалар  сериясын  ұсыныңыз:  іздеу  шарты 
логикалық 
өрнек 
түрінде 
берілген; 
оны 
қандай 
жазба 
қанағаттандырады. 
Шарт: 
Жауабы: 
1) А=1 және В = 2 
R1 
2) А= 1 немесе А = 3 
R1, R2, R4, R5 
3) А = 1 немесе В = 2 
R1, R2, R3, R5 
4) А = 1 немесе В = 2 немесе С = 3 
R1, R2, R3, R4, R5 
5) А= 1 және В = 2 және С = 3 
R1 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет