Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



Pdf көрінісі
бет15/19
Дата03.03.2017
өлшемі4,27 Mb.
#5945
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

емес А= 1 
R3, R4, R5 
Осы  формалды  кестенің  негізінде  амалдардың  үстемділігі  және 
оларды орындау реті қарастырылады.  
Оқушыларға,  логикалық  амалдардың  үлкендігі  кему  бойынша
ЕМЕС,  ЖӘНЕ,  НЕМЕСЕ  орналасатынын  хабарлаған  соң,  әртүрлі 
амалдардан тұратын логикалық өрнектердің мысалдарын келтіріңіз. 
 
                                                 
1
 2.4-бөлімін қараңыз. 
Шарт: 
Жауабы: 

 
150 
Осындай  формалды  есептерді  шығарған  соң,  мазмұнды 
есептерді  шешуге  көшуге  болады.  Мысалы,  2-сөреден  5-сөреге  дейін 
орналасқан  Құнанбаев  Абайдың  және  Мұхтар  Әуезовтың  кітаптарын 
таңдау керек. Логикалық өрнек (орысша
1
) былай жазылады: 
(АВТОР  =  «Қунанбаев  А.»  или  АВТОР  =  «Ауезов  М.О.»)  и 
ПОЛКА >= 2 и ПОЛКА <= 5 
Access  ДҚБЖ-де  сұраныстарды  жасау  үшін  «Конструктор  за-
просов» қолданылады. Конструктормен жұмыс жасау жаттығулармен 
қалыптасқан  белгілі  бір  дағдыны  қажет  етеді.  Мұнда  іздеу  шартын 
ұсынудың өзіндік ерекше кестелік әдісі қолданылады. 
Конструктордың  ұяшықтарында,  өрістердің  мәндеріне  сәйкес, 
сұраныс  шарттары  жазылады.  Бір  жолда  тұрған  шарт,  қатар 
орындалуға тиіс, яғни өзара ЖӘНЕ (И) амалымен қосылуы керек; ал 
әртүрлі  жолда  тұрған  шарт,  НЕМЕСЕ  (ИЛИ)  амалымен    қосылуы 
керек.  
ДҚ-нан  жазбалар  іріктелгенде  кесте  сүзгіш  (фильр)  рөлін 
атқарады:  алдымен  бірінші  жолдың  шартын  қанағаттандыратын 
жазбалар 
іріктеледі, 
одан 
соң 
екіші 
жолдың 
шартын 
қанағаттандыратын жазбалар қосылады және т.с.с. 
Деректерді жоюға сұраныс. Іріктеу шарты логикалық пікірлер 
түрінде  кестеден  жазбаларды  жою  бұйрықтарында    қолданылады. 
Бұйрықтың құрылымы жалпы түрде келесідей болады: 
.жою үшін  <логикалық өрнек
Access-те 
конструктордың 
көмегімен 
кестелік 
түрде,  
жойылатын  жазбаларды  таңдау  шарттары  және  оны  жоюға  сұраныс 
қалыптастырылады.
 
Деректерді  іріктеуге  сұраныс.  Деректер  қорында  ақпаратпен 
жасалатын  тағы  бір  маңызды  айланың  бірі  –  жазбаларды  іріктеу. 
Мұнда,  оқушылардың  игеретін  ұғымдары  –  «іріктеу  кілті»  және 
«іріктеу реті» болып табылады. 
Іріктеу  кілті  –  өріс,  соның  мәні  бойынша  кестедегі  жазбалар 
реттеледі. Іріктеу реттінің екі нұсқасы бар: кілт мәндерінің өсуі және 
мәндерінің кемуі бойынша. 
Егер  бірнеше  кілт  болса,  онда  олардың  арасында  иерархия 
қойылады: бастапқы кілт, екінші кілт және с.с. Жазбалар бірінші ретте 
                                                 
1
 ДҚБЖ қазақ шрифттерін қолдамайды 
7) А = 1 және В = 2 немесе С = 3 
R1, R4, R5
 
8) А = 1 немесе В = 2 және С = 3 
R1, R2,  R5
 
9) емес А = 1 немесе В = 2 және С = 3 
R1, R3,  R4, R5
 
10) (А = 1 немесе В = 2) және С = 3 
R1, R5
 

 
151 
басты  кілттің  мәні  бойынша  іріктеледі,  басты  кілттің  мәндері  бірдей 
топтың ішінде, екінші кілт бойынша іріктелу жүзеге асады және т.с.с. 
Access  ДҚБЖ  бүкіл  кестенің  жазбаларын  іріктеумен  қатар 
сұраныстың  нәтижесінде  шыққан  кестенің  жазбаларында  іріктеуге 
мүмкіндік береді. 
Деректер қорын құру – үш кезеңнен тұрады: 
1)  ДҚ  жобалау.  Бұл  жұмыстың  теориялық  (компьютерсіз) 
кезеңі. Бұл кезеңде мыналар анықталады: 
-
 
ДҚ құрамына қандай кестелердің кіретіні; 
-
 
кестелердің  құрылымы  (әр  кестеде  қандай  өрістер,  қандай 
типті және өлшемі болатыны); 
-
 
әр  кестенің  басты  кілті  ретінде,  қандай  өрістер  таңдалады 
және т.с.с. 
2)  Құрылымды  жасау.  Бұл  кезеңде  нақты  ДҚБЖ-ң  көмегімен 
ДҚ кіретін кестелердің құрылымы сипатталады.  
3)  Жазбаларды  енгізу.  Бұл  кезеңде  деректер  қорының  кестелері 
нақты ақпаратпен толтырылады.   
Практикалық жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар 
Практикалық тапсырмаларды үш типке бөлуге болады: 
1)
 
есептер:  негізгі  ұғымдарды  бекітуге  арналған  теориялық 
тапсырмалар; 
2)
 
жаттығулар:,  ДҚБЖ  ортасында  жұмыс  жасау  үшін,  жеке 
дағдыларды қалыптастыруға арналған практикалық тапсырмалар;  
3)
 
дербес 
жұмыстар, 
сынақ 
тапсырмалары
бұл 
тапсырмаларды  орындауға  қойылатын  талап:  оқушылар  теориялық 
материалды игеріп және практикалық дағдылары қалыптасуы қажет.  
Жаттығулар компьютерде  орындалады.  Мұғалім қарастырылып 
жатқан  ДҚБЖ  құралдарымен,  ДҚ  жұмыс  тәсілдерін  көрсету  үшін  
түсіндіру  барысында  жаттығу  материалдарын  қолдануына  болады. 
Осындай  түсіндіруден  кейін  сондай  типті  басқа  жаттығуларды 
оқушыларға  топпен  орындауға  ұсынылады.  Жаттығулар  үшін  жұмыс 
материалдарын  (кестелер  сақталған  файлдарды)  мұғалім  алдын  ала 
дайындап алуы керек. 
Мұғалімнің  міндеті  –  қойылған  оқыту  мақсатына  сәйкес 
практикалық  жұмыстарды  ұйымдастыру  үшін  тапсырмалар  жүйесін 
жасап алуы керек. 
6.5. Желілілік ақпараттық технологиялар  
Компьютерлік 
телекоммуникациялар 
– 
ақпараттық 
технологиялардың  ерекше  серпінді  дамушы  аймағының  бірі. 
Ақпараттық  технологиялардың  басқа  бөлімдерімен  салыстырғанда, 

 
152 
оның технологиялық құрамы, теориялық құрамнан анағұрлым басым 
түседі.  Сондықтан  бұл  тақырыпты  оқыту  тиімділігі,  компьютерлік 
желілермен  оқушылардың  практикалық  жұмысын  ұйымдастыру 
мұмкіндігіне қатты байланысты.  
Базалық  курстың  осы  бөлімі  аясында  педагогикалық 
мақсаттардың мына тізімі жүзеге асырылады: 
1)
 
жергілікті  және  ғаламдық  желілердің  қызметі  және 
құрылымы жөнінде түсінік беру; 
2)
 
желілердің  негізгі  ақпараттық  қызметтері  мен  Интернеттің 
мүмкіндіктерін оқушыларды таныстыру; 
3)
 
компьютерлік  сыныптың  жергілікті  желісінде  файлдармен 
алмасу әдістерін оқыту; 
4)
 
Интернетте 
ақпаратты 
іздеу 
әдістерімен 
таныстыру 
(техникалық мүмкіндік болған жағдайда). 
Бұл  бөлімінің  мазмұны,  компьютерлік  желілердің  бөліну 
принципі бойынша, екі бөлікке бөлінеді: 

 
жергілікті желілер; 

 
ғаламдық желілер. 
Компьютерлік  желілер  тақырыбында  ұғымдардың  саны  өте 
ауқымды  болғандықтан,  жан-жақтылы  баяндалу  дәрежесі  де  әртүрлі 
болуы мүмкін.  
Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар 
Қарастырылатын сұрақтар: 

 
Жергілікті желі (ЖЖ), құрылымы және қызметі. 

 
Ғаламдық желілердің (ҒЖ) құрылымы және қызметі. 

 
Internet деген не. 

 
Деректерді маршруттау және тасу. 

 
Электрондық пошта; «клиент/сервер технологиясы; 

 
ҒЖ желілердің аппараттық құралдары; 

 
Internet және World Wide Web ақпараттық қызметтері. 
Жергілікті  желі  (ЖЖ),  құрылымы  және  қызметі.  Егер 
мектептің  информатика  кабинетінде  компьютерлер  жергілікті  желіге 
біріктірілген  болса,  онда  тақырыпты  оқыту  қиындық  туғызбайды. 
Компьютерлік  желілерде  ақпаратты  жіберу  туралы  әңгіме  дәл  осы 
мектептің компьютерлік сыныбының жабдығы негізінде қозғалады.  
Компьютерлік  желіні  –  ақпаратты  жіберу  арналармен 
байланысқан, компьютерлер жүйесі – деп анықтап алған соң, мұғалім 
компьютерлік  сыныптың  жабдығын  көрсетеді.  Осындай  желіні 
жергілікті деп аталатынын хабарлайды.  
Жергілкті  компьютерлік  желілер  –  масштабы  бойынша 
шағын,  бір  бөлме,  ғимарат  немесе  мекеме  аймағында  жұмыс 

 
153 
жасайды.  Мектепте  әр  бөлмеде,  оқу  кабинеттерінде,  директордың 
кабинетінде,  бұгалтерияда  және  т.б.  қойылған  компьютерлерді 
біріктіретін,  жергілікті  желі  жұмыс  жасап  тұруы  мүмкін.  Дәл  осы 
сияқты,  әдетте,  кәсіпорынның  әртүрлі  бөлімдері,  фирмалар, 
мекемелер жергілікті желіге жиі біріктіріледі
Жергілікті  желілерде,  техникалық  шешіміне  және  қызметіне 
байланысты,  компьютерлерді  біріктіру  құрылымы  әртүрлі  болады. 
Оларды  желінің  архитектурасы,  конфигурациясы,  топологиясы  деп 
атайды.  6.3-суретте  ЖЖ  топологиясының  төрт  типі:  сақиналық, 
радиалды (жұлдыз), шиналық және ағаш топологиясы бейнеленген. 
6.3-сурет 
Жергілікті желіні қолдану негізгі екі мақсатқа жауап береді: 
1)
 
 желіні 
пайдаланушыларының 
арасында 
файлдармен 
алмасуға; 
2)
 
 жалпыға  рұқсат  етілген  ресурстарды:  дискілік  жадының  
үлкен  көлемін,  принтерлерді,  ортақтандырылған  ДҚ,  бағдарламалық 
жасақтаманы  қолдануға.  
Жалпы  жергілікті  желінің  пайдаланушыларын  –  жұмыс  тобы 
деп,  ал  олардың  жұмыс  жасап  отырған  компьютерлерін  –  жұмыс 
станциясы  деп  атайды.  Егер  желіде  бүкіл  компьютерлер  тең 
құқұқты, яғни тек қана пайдаланушылардың жұмыс станцияларынан 
тұратытын болса, онда оны  бір рангалық желі деп атайды.  
Бір  рангалық  желі,  аталған  мақсаттардың  тек  біріншісін: 
файлдармен  алмасуды  жүзеге  асыру  үшін  қолданылады.  Мұндай 
желіде  әр  компьютердің  өз  аты  болады.  Осы  атаулар  бойынша 
жұмыс  тобының  мүшелері  өздерінің  әріптестерінің  ДК  дискілік 
Радиалды топология (жұлдыз)
 
Сақиналық топология 
Шиналық топология
 
Ағаш топологиясы
 

 
154 
жадысымен хабарласуына, өз компьютерлеріне немесе өзінің файлын 
басқа компьютерлерге көшіруіне болады. 
Осындай  алмасу  мүмкіндігін  арнаулы  желілік  операциялық 
жүйе қамтамасыз етеді. Желілік ОЖ құралдарымен ақпаратты сыртқы 
бейтаныс қатынастан қорғауға болады. 
Жергілікті желіні ұйымдастырудың басқа түрі – бөлінген басты 
компьютері  бар  желі.  Оны  файл-сервер  деп  те  атайды.  Әдетте, 
мектептің  компьютерлік  сыныптарында  дәл  осындай  ұйымдастыру 
қолданылады.  
Файл-серверге мұғалімнің ғана кіруге мүмкіндігі бар, сондықтан 
оны  –  мұғалімнің  жұмыс  орыны  (МЖО),  ал  оқушылар  жұмыс 
станцияларда жұмыс жасайтын болғандықтан – оқушылардың жұмыс 
орыны (ОЖО) деген атаулар қалыптасқан. 
Барлық  жұмыс  станциялары  басты  компьютермен  «жұлдыз» 
схемасы бойынша жалғасады. Сондықтан ақпаратпен тікелей алмасу, 
сервермен  және  әр  жұмыс  станциясының  арасында  жүреді.  Әрине, 
мұндай  жүйеде  де  оқушылар  файлдарымен  алмасуына  болады,  әйтсе 
де ол әрекет сервер арқылы жүзеге асады.  
Әдетте,  сервер  –  жұмыс  станцияларына  қарағанда,  аппараттық 
жағынан  қуаттырақ  болады.  Ол  үлкен  көлемді  қатты  дискімен, 
қосымша  сыртқы  құрылғыларымен  (мысалы,  CD–RW,  DVD  – 
дискжетегімен, принтермен, модеммен) жабдықталады.  
Жергілікті  желі  осылай  ұйымдастырылғанда  жоғарыда  аталған 
мақсаттардың  екіншісі  –  сервердің  жалпы  аппараттық  және 
ақпараттық  ресурстарына  пайдаланушының  кедергісіз  қатынасуы 
жүзеге  асады.  Атап  айтқанда,  сервердің  дискісінде  сақталған 
бағдарламаларды  жұмыс  станцияларының  жедел  жадына  жүктеуге 
және  орындауға  болады.  Пайдаланушы  өзінің  жұмыс  орнынан 
сервердің қатты дискісінде файлды жазып, сонда сақтай алады. 
Желінің  жұмысын  желілік  операциялық  жүйе  басқарады. 
Операциялық  жүйе  –  желідегі  ақпарат  алмасу  стандарттарын 
(протоколдарды)  қолдайды,  әртүрлі  пайдаланушылар  бір  ресурсқа 
қатынасқанда,  оларды  кезекке  қояды  және  т.б.  басқару 
жұмыстарын жасайды.  
Желілік  операциялық  жүйенің  негізгі  қызметі  –  жергілікті 
желіде  пайдаланыушылардың  біріне  бірі  кедергі  келтірмей,  жұмыс 
жасауларына  мүмкіндік  беру.  Бір  рангалық  желілердің  жұмысын 
Windows  XP,  Windows  7  т.б.  осы  тектес  операциялық  жүйелер 
қолдайды.  Сервері  бөлектелген  желілер  үшін    кең  тараған 
операциялық жүйелер – Novell NetWare, Windows NT. 

 
155 
Оқу  жоспары  жергілікті  желі  тақырыбына  ұзақ  тоқтауға 
мүмкіндік  бермейді.  Мұғалім,  ең  алдымен,  компьютерлік  сыныптағы 
жергілікті  желі  туралы  түсінік  беруге  тиіс.  Практикалық  жұмыс 
ретінде  бір  оқушының  жұмыс  орнынан  басқаға  желі  арқылы 
оқушылар  арасында  мәтіндік  файл  түрінде  хабарламалар  жіберуді 
ұйымдастыруға болады. 
Ғаламдық  желілердің  (ҒЖ)  құрылымы  және  қызметі. 
Ғаламдық  компьютерлік  желілер  алыста  үлкен  қашықтықта  (аймақ, 
ел,  дүниежүзі  масшабында)  орналасқан  ЭЕМ  өзара  біріктіреді.  Егер 
жергілікті  желіні  оқушылар  өз  көздерімен  көре  алатын  болса,  ал 
ғаламдық  желілермен  таныстыру  көбінесе  сипаттамалық  түрде 
жүретін болады. 
Мұнда  тағы  да  көмекке  ұқсастық  әдісі  келеді.  Ғаламдық 
желінің құрылу жүйесін телефондық байланыс жүйесі – телефондық 
желімен 
салыстыруға 
болады. 
Абоненттердің 
телефондары 
коммутаторлар  түйіндері  арқылы  байланысады.  Өз  кезегінде  барлық 
қалалық коммутаторлар өзара байланысқан, сондықтан кез келген екі 
абонент  арасында  байланыс  орнатылады.  Барлық  жүйе  қаланың 
телефондық  желісін  құрайды.  Қалалық  (аймақтық)  желілер  өзара 
қалааралық  тораптар  бойынша  байланысады.  Басқа  елдердің 
телефондық  желілеріне  шығу  халықаралық  байланыс  торабы 
бойынша  жүзеге  асады.  Сөйтіп,  барлық  дүниежүзі  телефондық 
желілермен «шырмалған». Осы желіге қосылған екі абонент, дүниенің 
кез келген бөлігінен бірімен-бірі байланыса алады. 
Осы  туралы  баяндаған  соң  оқушыларға  абоненттерде 
телефонның  орнында дербес компьютерлер  орнатылғанын  елестетуді 
ұсыныңыз.  Коммутаторлардың  орнында  –  қуатты  компьютерлік 
тораптар және осындай желіде әртүрлі  ақпарат – мәтіндіктен бастап 
бейне және дыбысқа дейін айналып жүреді. Міне, қазіргі дүниежүзілік 
ғаламдық компьютерлік жүйе осы болады. 
ARPANET  деп  аталған  алғашқы  ғаламдық  компьютерлік  желі 
АҚШ-та  1969  жылы  жұмыс  жасай  бастады,  ол  алыстатылған  тек  
4 компьютерді ғана біріктірді. 1981 жылы Нью-Йорк университетімен 
Йель  университін    біріктірген  BITNET  желісінің  негізі  жасалды. 
BITNET  –  аралық  жинақтаушы  электрондық  коммуникациялар 
желісі  болып  табылады.  BITNET  АҚШ–та  560  астам  мекеменің 
(зерттеу  орталықтарын,  университеттерді,  колледждерді,  мектептерді 
қосқанда) компьютерлерін байланыстырды.  
Қазіргі  таңда  BITNET  желісі  Европа,  Азия  және  Америка 
құрылықтарының  52  елінінің  1500  астам  мекемесін  біріктіреді. 
BITNET  ғылыми  зерттеулерді  және  білім  алуды  қолдау  үшін 

 
156 
электрондық  ақпарат  алмасуды  қамтамасыз  етеді.  Сонымен  қатар, 
көптеген  шлюздар  BITNET-пен  Интернет  арасында  электрондық 
поштаны жіберіге мүмкіндік береді. 
1990  жылы  жасалған  Ресейдің  орасан  зор  желісі  RELCOM 
болып табылды. RELCOM европалық желі EUNET-тің құрамына енді, 
өз  кезегінде  EUNET  –  әлемдік  алып  бірлестігі  INTERNET-ң 
қатысушысы  болып  табылады.  Мұндай  иерархиялық  құрылымдау 
ғаламдық желілерді ұйымдастыру үшін тән нәрсе.  
6.4-суретте 
ғаламдық  желінің  өзіне  тән  архитектурасы 
ұсынылған. Желі – торапты хост-компьютерлерден 
 
(У1, У2,...), желі 
абоненттерінің ДК-нен (A11, ,A12, ...) байланыс жолдарынан тұрады. 
Әдетте, желінің торабында бір емес, көптеген компьютерлер болады. 
Әр  алуан  желілік  қызмет  көрсетуде  серверлік  қызметті  әртүрлі 
компьютерлер атқаруы мүмкін. 
6.4-сурет. Ғаламдық желіге тән архитектура 
Хост-компьютерлер  –  үнемі  ақпаратты  қабылдауға/жіберуге 
дайын,  әрқашанда  қосылып  тұрады.  Ондай  жағдайды,  олар  –  on-line 
режімінде  жұмыс  жасап  тұр  дейді.  Абоненттердің  компьютерлері 
желімен  байланысқа  тек  белгіленген  уақытта  –  байланыс  сеансында 
шығады.  Қажет  ақпаратты  қабылдап  жіберген  соң,  абонент  желіден 
ажыратылып,  одан  әрі  алынған  ақпаратпен  дербес  (автономиялы)  – 
off-line режімінде жұмыс жасайды.  
Ақпаратты  жіберу  маршруты,  әдетте,  пайдаланушыға  белгісіз. 
Ол  тек  ақпараттың  қосылу  торабынан  өтіп,  қажетті  пунктіне 
жеткеніне 
сенімді 
болуы 
керек. 
Жіберілетін 
деректерді 
маршруттаумен  желінің  жүйелік  құралдары  айналысады.  Бір 
корреспондентпен,  байланыстың  әр  сеансында,  ақпарат  әртүрлі 
маршрутпен жүруі мүмкін. 
Шлюз – берілген желіні басқа ғаламдық желілермен байланысты 
үйымдастыратын компьютер
У3
 
У1 
У5
 
У4
 
У2 
А12 
А41 
А42 
А21 
А22 
А31 
А11 
Шлюз 

 
157 
Internet  деген  не?  Әдебиетте  бұл  сұраққа  жауаптың  әртүрлі 
нұсқаларын кезіктіруге болады. Бәрінен жиі алынатын жауап ол:  
Internet  –  бүкіл  дүниежүзін  қамтыған,  көп  желілердің 
жиынтығынан  тұратын  бірыңғай  ТСР/1Р  (Transmission  Control 
Protocol/Internet Protocol) протоколын қолдайтын алып желі.   
Тағы  бір  анықтамасы  мынадай:  Интернет  –  жергілікті, 
аймақтық  және  корпоративтік  желілер  өзара,  өткізу  мүмкіндігі 
жоғары, есепсіз ақпаратты жіберу арналарымен қосылған ғаламдық 
компьютерлік желі. Сондықтан Интернетті желілердің желісі дейді
Көптеген  ақпаратты  қорғауға  мүдделі  ұжымдар  (мысалы, 
әскери,  банктер  және  т.б.),  рұқсатсыз  кіруден  қорғау  үшін,  өздерінің 
жеке  корпоративтік  желілерін  жасайды.  Корпоративтік  желілер,  әр 
елдерде  және  қалаларда  орналасқан,  мыңдаған  және  он  мыңдаған 
компьютерді біріктіруі мүмкін.  
Біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыру  қажеттілігі 
–  жергілікті,  аймақтық  және  корпоративтік  желілерді  ғаламдық 
компьютерлік Интернет желісіне бірігуіне келтірді.  
Ғаламдық  желінің  жұмыс  жасау  сенімділігі,  жергілікті, 
аймақтық  және  корпоративтік  желілер  арасындағы  өткізу  мүмкіндігі 
жоғары, есепсіз ақпаратты жіберу арналары қамтамасыз етеді. 
6.5-сурет.  Интернеттің  ғаламдық  желісіне  біріктірілген 
аймақтық компьютерлік желілер. 
Мысалы,  ресейлік  аймақтық  компьютерлік  желі  Рунет  (RU) 
көптеген ақпаратты жіберу арналары арқылы солтүстік американдық 
(US),  еуропалық  (EU),  жапондық  (JP)  аймақтық  желілерімен 
қосылады (6.5-сурет).  

 
158 
Интернетте  адрес  беру.  Ақпаратпен  алмасу  үрдісінде, 
Интернетте  компьютерлер  бірін-бірі  табу  үшін  Интернет-адресті 
қолдануға негізделген адрестеудің бірыңғай жүйесі қалыптасқан.  
IP-адрестер  деп  аталатын  ол  жүйе  Интернеттің  негізі  болып 
табылады. Интернетке қосылған әрбір компьютер өзінің бірегей екілік 
32-биттік Интернет-адресін алады.  
IP-адрес  –  нүктемен  бөлінген,  төрт  бүтін  ондық  сандардың 
тізбегі.  Мысалы:  213.171.37.202.
 
Интернет  желілердің  желісі 
болғандықтан,  бірінші  сан  құрамында  компьютер  кірген  желіні 
анықтайды,  мына  сандар  осы  желідегі  сол  компьютердің 
координаталарын дәлдейді. 
Хартли формуласы
1
 бойынша, 32-биттік Интернет-адрестердің 
жалпы N – санын есептеуге болады.  
Шешімі: Интернет-адрестегі ақпараттың саны I = 32 бит, сонда 
N  әртүрлі Интернет-адрестердің жалпы саны:  
N = 2
I
 = 2
32
 = 4 294 967 296 болады.  
Қорытынды:  Ұзындығы  32  биттік  Интернет-адрес,  Интернетке 
4 миллиардтан астам компьютерлерді қосуға мүмкіндік береді екен.  
Домендік  атау  жүйесі.  Адамға  сандық  адресті  ойда  сақтау 
оңай емес, сондықтан Интернеттің пайдаланушыларына ыңғайлы болу 
үшін  домендік  атау  жүйесі  енгізілді.  Бұл  жүйеде  компьютердің 
сандық  Интернет-адресіне  сәйкес  бірегей  домендік  атау  қойылады. 
Арнайы  серверлік  бағдарламаның  көмегімен  сандық  және  домендік 
адрестер арасында  байланыс орнатылады. 
Домен  –  нүктемен  бөлінген  символдық  аттар.  Домендік  атау 
жүйесі  иерархиялық  құрылымды  болады:  жоғарғы  деңгейдегі 
домендер – екінші деңгейдегі домендер – үшінші деңгейдегі домендер.  
Жоғарғы  деңгейдегі  домендер  екі  типті  болады:  географиялық 
және  әкімшілік.  Дүниежүзінің  әр  еліне  екі  әріпті  кодпен  белгіленген  
өзінің  географиялық  домені  бөлінеді.  Мысалы:  ru  —  Ресей,  uk  — 
Ұлыбритания,  fr  —  Франция,  kz  –  Қазақстан.  Әдетте,  ол  сол 
компьютер тұрған елді анықтайды (сөйтіп, компьютер ұлттық желінің 
элементі болып табылады). Мысалы, 
www.psu.ru

Әкімшілік  домендер  –  үш  немесе  одан  артық  әріптермен 
белгіленеді.  Әр  типті  ұжымдар,  оны  өздерінің  екінші  деңгейдегі 
домендерін тіркеу үшін қолданады (6.3-кесте).  
 
6.3-кесте. Жоғарғы деңгейдегі домендердің кейбір атаулары 
Әкімшілік 
Ұжымның типі  
Географиялық 
Ел 
                                                 
1
 1.3-бөлімін  қараңыз. 

 
159 
com, biz 
Коммерциялық 
са 
Канада 
edu 
Білімдік 
de 
Германия 
net 
Коммуникациалық 
jp 
Япония 
org, pro 
Коммерциялық емес 
ru 
Ресей 
name 
Дербес 
it 
Италия 
museum 
Мұражай 
uk 
Ұлыбритания 
gov 
Үкіметтік 
kz 
Қазақстан 
Мысалы,  Microsoft  компаниясы  жоғарғы  деңгейдегі  әкімшілік 
com  доменінде  –  екінші  деңгейлі  Microsoft  доменін,  ал  Мәскеулік 
ашық  білім  беру  институты  –  екінші  деңгейлі  metodist  доменін 
жоғарғы деңгейлі географиялық ru доменінде тіркеген (6.6-сурет). 
Интернеттегі  сервердің  домендік  аты  (оңнан  солға  қарай)  –
жоғарғы  деңгейдегі  доменнің  атынан,  екінші  деңгейдегі  доменнің 
атынан және компьютердің өз атынан тұрады.  
Мысалы,  Microsoft  компаниясының  негізгі  серверінің  аты  – 
www.microsoft.com
, ал институт  серверінің  аты –  iit.metodist.ru.  
6.6-сурет. Домендік атау жүйесі 
Интернетке қосылған әр компьютердің Интернет-адресі болады, 
әйтсе де оның домендік аты болмауы да мүмкін. Әдетте, Интернетке 
телефон желісімен қосылған компьютерлерде болмайды.  
Материалды  бекіту  үшін  оқушыларға  жауабы  қысқа  мынадай 
тапсырмалар беруге болады: 
1-тапсырма.Компьютердің  екілік  32-биттік  Интернет-адресін: 
00001111 00000111 00000011 00000001 ондық пішінде ұсыну қажет. 
2-тапсырма.  Компьютердің  домендік  атын  жазу  керек.  Ол 
жоғарғы  деңгейдегі  ru  доменінде,  екінші  деңгейлі  schools  доменінде 
тіркелген, өзінің аты – www

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет