«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ» V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
237
Сол уақытта Джон Хопкинс Университетінің қолданбалы физика Зертханасында
(APL, John Hopkins University, Baltimore, Maryland) серіктің ол шығаратын сигнал сипаттары
бойынша жер бетіндегі пунктке қатысты қозғалу параметрлері мен нақты орналасуын
анықтау мүмкіндігі зерттеліп жатқан.
Осы зерттеулер негізінде 1964 жылы АҚШ-та бірінші буындағы доплерлік серіктік
радионавигациялық жүйе Transit құрылады. Ол ең алдымен Polaris баллистикалық
ракеталарының суасты қайықтарынан іске қосуды навигациялық түрде қамтамасыз етуге
тағайындалған. Жүйенің «атасы» болып сол кездегі бастық APL Ричард Кершнер (Richard
Kershner) саналады. Ол 1967 жылы коммерциялық қолданысқа түсті [8].
ХХ ғасырдың 70-ші жылдар ортасында алдыңғы қатарлы технологиялар негізінде
жаңа буынның жүйелерін құру басталды.
Әлемге әйгілі Global Positioning System (GPS) жүйесі NAVSTAR (NAVigation Satellites
providing Time And Range — уақыт пен қашықтықты анықтаудың навигациялық жүйесі)
жинағының бір бөлігі болып табылады. Бұл жинақты әзірлеуді АҚШ Қорғаныс министрлігі
1973 жылдан-ақ бастаған, 1978 жылдың 22 ақпанында алғашқы сынақтық ұшыру қолға
алынды, ал 1978 жылдың наурызында оны пайдалана бастады. Бірінші серік орбитаға 1974
жылдың 14 шілдесінде шығарылды, жер бетін толық қамтуға қажетті 24 серіктің соңғысы
1993 жылы жұмыс істей бастады. Әскери серіктік желінің азаматтық сегментін GPS
қысқартуымен белгілеу қабылданған. Жүйенің қазіргі
в
күйде коммерциялық қолданысқа
түсуі 1995 жылы басталды. Қазіргі уақытта орбитада 32 серік – 24 негізгі және 8 қосымша
(ақау жағдайында) орналасқан [1].
КСРО-да жоғары орбиталық серіктік навигациялық жүйе ЖаһНСЖ (Жаһандық
навигациялық серіктік жүйе) бойынша техникалық ұсыныстар 1976 жылы Краснояр
қаласының қолданбалы механика ҒӨБ-нде әзірленген және сол жылдың тамызында
мекемеаралық комиссиямен қаралған болатын. Жүйенің ұшу сынақтары 1982 жылы
«Ғарыш-1413» cерігін іске қосумен басталды. Жүйе ресми түрде қолданысқа 1993 жылы
қыркүйекте орбиталық топтардың жартылай құрамдауы бола тұра қабылданды. Барлық
ғарыштық құрылымды күшейтуді 1995жылы аяқтауды жоспарлаған. Бірақ экономикалық
қиындықтар салдарынан жұмыс тоқтатылған болатын. Қазіргі кезде орбитада 20 серік бар,
олардың екеуі техникалық қызмет көрсетуде. Осы жылдың соңына дейін тағы 6 cерік іске
қосылу керек.
Әуелден-ақ Global Positioning System атауы жайғастырудың кез-келген серіктік
жүйелеріне қатысты болады деп болжау айтылған. Америкалық қызметті ресми түрде
NAVSTAR деп атады. Бірақ ол жалғыз толықтай дамыған жаһандық навигациялық жүйе
болғандықтан, оны GPS NAVSTAR деп атай бастады, ал жиірек – жай ғана GPS.
Америкалық навигациялық жүйені бүкіл әлем пайдаланғанымен, оның басты құралы –
қаруды жоғары дәлдікпен көздеу – Пентагон қолында қала береді. Сонымен қатар, АҚШ
Қорғаныс министрліктері бүкіл әлемдегі (жолаушылары бар ұшақтар мен кемелерді қоса
алғанда) азаматтық тұтынушылар не қандай да бір географиялық аймақ үшін серіктен
сигналды өшіре алады. Әрине бұл жағдай ғарышқа шыға алатын басқа елдерді (Ресей,
Еуроодақ, Үндістан, Қытай, Жапония) серіктік жайғастырудың өзіндік жүйелерін қолға алу
мен жетілдіруге мәжбүрлейді.
Халықаралық құжаттарда бұл барлық жинақтар (GPS-ті қоса) GNSS (Global Navigation
Satellites System) – жаһандық навигациялық серіктік жүйелер – деп белгіленеді.
GNSS мекенді ғана емес, сондай-ақ объекттің қозғалу жылдамдығын және теңіз, әуе,
құрлық пен басқа тұтынушылар үшін дәлме-дәл уақытты анықтауға арналған. NAVSTAR
мен ЖаһНСЖ – әскерилердің бақылауы мен тапсырысы бойынша әзірленген қос
тағайындаулы жүйе болуы, олардыңбірінші кезектегі және басты міндетін анықтап
көрсетеді. Барлық әрекет етуші серіктер екі түрлі сигнал жеткізеді: азаматтық тұтынушылар
үшін стандартты дәлдік және әскерилер үшін жоғары дәлдік (бұл сигнал кодталған, оны тек
Қорғаныс министрліктері рұқсатымен ғана қолдануға болады). Навигациялық жүйелер
«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ» V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
238
тәуелсіз (толықтай автономды) және сұраусыз болып табылады (тұтынушы аппатура серікке
сұрау салмай, тек сигналды ғана қабылдайды).
NAVSTAR мен ЖаһНСЖ жүйелері үш негізгі құрамдаттан тұрады: ғарыштық
аппараттардың қосалқы жұйесі, бақылау мен басқарудың қосалқы жүйесі, сондай-ақ
тұтынушылардың навигациялық аппаратурасы. Топтарға бөлінген серіктер өздерінің
орбиталық жазықтықтарында Жер бетінен шамамен 20 мың км тұрақты ара қашықтығында
айналады. Кез-келген уақытта, жер шарының кез-келген нүктесінде және оның бетінен
жүздеген километр қашықтықта сигнал алу үшін 24 серік қажет. Олардың орбиталары
көкжиек үстінде кем дегенде төрт серік кепілді түрде орналасатындай таралған, ал барлық
«шоқжұлдыз» бір уақытта олардың кем дегенде алтауы қол жетерліктей құрылған [2].
Толықтай дамыған серік жүйесінің қосымша құрылғылары бар – әр жазықтыққа
бірден (GPS-те ондай жазықтықтар алтау, ал ЖаһНСЖ-та – үшеу). Негізгі серіктердің біреуі
істен шыққан кезде оларды жылдам іске қосады. Сонымен қатар, штаттық тәртіпте олар
босқа жатпайды және жайғастырудың дәлдігін жақсарта отырып жүйенің жұмысына
қатысады, сондай-ақ қандай да бір жеке аймақтың қамтылуын жақсарту үшін пайдаланыла
алады. Серіктер шектелген аймақтарда Жерден берілетін бұйрық бойынша қайта топталуы
мүмкін, бірақ борттағы жағармайдың аз болуына байланысты, бұл тек ерекше жағдайларда
ғана орындалады. Әдетте қызмет мерзімінің ішінде қозғалыстың тек кішігірім түзетуін
жүргізеді. Серік бортында уақыт пен жиіліктің («атомдық сағаттар») бірнеше (үш-төрт)
эталондары орналастырылған, бірақ үнемі тек бір эталон ғана жұмыс істейді.
Бақылау мен басқару қосалқы жүйесі орталық пен қосымша бекеттердің (олардың ара
қашықтығының алшақ болуы жақсырақ) желісінен тұрады. Оның міндетіне серіктердің
дұрыс
қызмет
етуін
бақылауы,
орбита
параметрлерін
нақтылау
мен
уақытша
программаларды, басқару бұйрықтарын және навигациялық ақпаратты серіктерге шығару
кіреді [9].
Орбиталық топ NAVSTAR – ВВС АҚШ Шривер авиабазасында орналасқан (штат
Колорадо) басты бақылау станциясынан және он бақылау станциялары көмегімен
басқарылады. ЖаһНСЖ–тың (Ресейдің ғарыштық жасағы) басты бақылау станциясы
Краснознаменск қаласында орналасқан, ал жеті бақылау станциялары Санкт-Петербургтен
Камчаткаға дейін шашырай орналасқан.
БЕЙДОУ. Қазіргі кезде дамуын Қытай қолға алып жатқан және тек сол елде қолдануға
арналған GNSS қосалқы жүйесі. Ерекшелігі – геостационарлық орбитада орналасқан
серіктер санының аз болуы.
IRNSS. Үндістандық даму үстіндегі навигациялық серіктік жүйесі.
Серіктік
навигация
жүйелерінің
жұмыс
істеу
қағидалары.
Навигациялық
сигналдардың қабылдағышы көрінетін серіктердің әрқайсысынан қабылдағышқа дейін
сигналдың таралу кідірісін өлшейді. Жарық жылдамдығына көбейтілген сигналдың кідірісі –
сәулелену сәтіндегі серіктің қабылдау сәтіндегі қабылдағышқа дейінгі ара қашықтығы.
Қабылданған сигналдан қабылдағыш серіктің күйі туралы ақпарат алады[3].
Серіктік навигациялық жүйенің жұмысын геометриялық түрде келесідей көрсетуге
болады: қолданушы орталықтары көрінетін серіктер болып табылатын бірнеше сфералардың
қиылысу нүктесінде орналасады. Сфералардың радиусы серіктердің әрқайсысына дейінгі
қашықтыққа тең. Ендік пен ұзықтықты анықтау үшін қабылдағышқа кем дегенде үш серіктен
сигнал қабылдау қажет; төртінші серіктен қабылданатын сигнал объекттің биіктігін
анықтауға мүмкіндік береді. Бұл мәліметтер кейбір теңеулер жүйесін шеше отырып,
қолданушының координаттарын табуға мүмкіндік береді. Объекттің координаттарын
анықтау кезінде ионосфераның, ауа температурасының, атмосфералық қысым мен
ылғылдылықтың ықпалымен байланысты жаңылыстар туындайды. (әр фактор 30 м дейін
дәлсіздік енгізеді). Эфемеридті дәлсіздік (серіктің есептік және шынайы күйінің арасындағы
айырма) 1-ден 5 метрге дейін құрайды; интерференция да өз үлесін қосады. Жиынтық
қателіктер 100 метрге дейін жету мүмкін (сурет 6).
«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ» V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
239
Сурет 1. Серіктің навигациялық жүйесінің жұмысы.
Қателіктерді азайту үшін GPS-тің дифференциалды аталатын режимі (Differential
GPS) қолданылады. бұл режимде қолданушының қабылдағышы өзінің координаттарына
негізгі станциядан түзетулер алады. Әдетте түзетулер радиоканал бойынша нақты уақытта
жіберіледі. Нәтижесінде координаттарды анықтау дәлдігі 15 м жетеді. Қатыстық навигация
жүйелерінің жаңа классы болып мекенді анықтаудың дәлдігін 1 см-ге дейін қамтамасыз
ететін (нақты уақытта) жүйелер саналады. Технологияның мәні келесідей: тірек станциясы
және қолданушы қабылдағышы серіктерден сигнал алады. Содан тірек станциясы барлық
көрінетін серіктердің фазалары мен псевдоқашықтығын өлшеу нәтижелерін жібереді.
Қабылдағышта өңдеу нәтижесінде қатыстық координаттар 1 cм дәлдікпен нақты уақытта
0,999 дәйектілікпен анықталады.
ЖаһНСЖ орбиталық тобы 24 серіктен тұрады, олар әрқайсысында 8 серіктен және әр
жазықтық бір қосымша серіктен және орбита параметрінен (Н = 19400 км, i = 64,8, е = 0)
тұратын үш жазықтықта орналасады. ЖаһНСЖ жүйесі топта 18 серік болған жағдайда 0,95
және 24 cерік болған жағдайда 0,997 ықтималдығы бар стандартты және жоғары дәлдіктегі
сигналдарды қолдану көмегімен жүзеге асатын навигациялық қамтамасыз ету сапасына әр
түрлі деңгейдегі талаптармен барлық типтегі тұтынушылардың үзіліссіз жаһандық
навигациясын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. ЖаһНСЖ жүйесі қос тағайындамасы бар
ғарыштық техникаға жатады.
GPS
жүйесі
–
қос
қолданыстағы жаһандық навигациялық серіктік жүйе. Жүйенің орбиталық тобы құрамына 24
навигациялық серік кіреді, олар әрбіреуінде төрт серіктен келетін алты орбиталық
жазықтықта орналасады, орбита биіктігі 20180 км, иілуі 550. Әр жазықтықта серіктер
санының 6-ға дейін ұлғаюы ықтимал. Қазіргі кезде GPS орбиталық тобының құрамында
штаттық қолданыстағы 30 навигациялық серік бар[4].
Galileo жүйесі – азаматтық басқарудағы еуропалық жаһандық навигациялық серіктік
жүйе. Galileo жүйесінің орбиталық тобы 27 навигациялық серіктен тұратын болады, олар
шамамен 24 мың км биіктікте, орбиталарының иілуі 550 болып табылатын үш жазытықта
орналасады. Galileo жүйесі GPS және ЖаһНСЖ жүйелерімен сәйкестікте бола алады.
Қолданылған әдибиеттер тізімі:
1 Ибраева А.К., Атанов С.К. Система пространственной навигации телекоммуникационных
наноспутников. – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ “Хабаршы” ғылыми журналы, 2012, арнайы
шығарылым. – 226-228 б.
2 Карпенко С.О., Овчинников М.Ю. Лабораторный стенд для полунатурной отработки систем
ориентации микро- и наноспутников. –Келдыш атындағы қолданбалы математика институтының
баспа алды мақаласы, 2008. №38 – 268-275 б.
«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ» V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
240
3 Ибраева А.К. Разработка приборов ориентации наноспутника ЕNU-KZ. – III Республикалық
студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана, 2012. – 252-254
б.
4 Андреев О.Н., Липатов А.Н., Ляш А.Н., Макаров В.С., Хлюстова Л.И., Антоненко С.А.,
Захаркин Г.В. Солнечный датчик для наноспутников. – М.: Ресей ғылым академиясының ғарыштық
зерттеулер орталығы, 2008. – 115-150 б.
ӘОЖ 681.324
МОЛДАМУРАТ А.
ЗАМАНАУИ ТЕЛЕКЕШЕНДЕРДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
("Қазмедиа орталығы"-ның жүйелік администратор, Астана қаласы)
Телекешендердегі жұмыстарды атқаруда көптеген заманауи бағдарламаларды қажет
етеміз. Еліміздегі телеарналардың байланыс сапасын артыру үшін жане сапалы ақпараттарға
қол жеткізу үшін телеарналарда төмендегідей бағдарламалармен қызмет атқарылады.
Harmonic MediaGrid – бұл SAN өндірімділік деңгейі мен NAS қарапайымдылығын
үйлестіретін,
видеодеректерді
өңдеумен
байланысты
жұмыс
процестеріне
оңтайландырылған, ортақ қолжетімділікті сақтаудың көлемді жүйесі. MediaGrid ең қажетті
орталарда өзінің тиімділігін дәлелдеді. Ол нақты бір уақытта жұмыс істейтін және бірлескен
монтаж, қайта кодтау, сұрау бойынша видео жіберу және Еліміздегі ЖТТ технологиясымен
бейімді трансляцияға арналған қосымшаларға қызмет көрсететін, көпшілікке қолжетімді
деректерді сақтау жүйесі қажет етілетін өндірістік орталарға өте қолайлы.
Қосымша көлемді қолдайтын MediaGrid деректерді сақтау жүйесі деректерді беру
жылдамдығын секундына ондаған гигабайтқа жеткізе отырып, оны бірнеше петабайтқа
біртіндеп кеңейтуге мүмкіндік береді. MediaGrid өзінің барлық сақтау тораптары мен
желілік қосылымдарға параллельді қолжетімділікті ұсынатын файлдық жүйелерге арналған
бірегей Harmonic бағдарламалық жасақтамасының есебінен баламалы жүйелермен
салыстырғанда сол бағалық диапазонда жоғары өндірімділік деңгейі мен күнсайынғы
операцияның үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Сурет -1. MediaGrid деректерді сақтау жүйесі мен деректерді беру жылдамдығын секундына ондаған
гигабайтқа жеткізу кезендері
Негізгі артықшылықтары: файлдық жүйенің бірегей технологиясы. Ол барлық
нүктелерде өткізу қабілетінің жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді, Ethernet базасындағы
«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ» V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
241
бюджеттік ДСЖ; артық шығынсыз нығайту, басқару және масштабтау, MediaGrid үздік әрі
тексерілген ондаған медиақосымшалармен жұмыс істеу үшін оңтайландырылған.
Spectrum құралы медиасервер, каналдарды қосу модулі, қойма функцияларын
біріктірген. Spectrum үнемді шешімі файлдық жүйені және видео мен аудионы қосу және
импорттау функцияларына арналған қосылымдарды басқаруға мүмкіндік береді. Сервер
қатты дискті (HDD) немесе қатты жинақтаушысы бар (SSD) конфигурацияларда қолжетімді.
Spectrum каналдарды қосу модулі бір сенімді медиаплатформа шеңберінде
видеофрагменттерді қосу функциясы бар негізгі және бренд каналдардың бақылайтын
ауыстырып-қосқышының интеграциялануы есебінен жоғары мүмкіндігі бар (HD) және
стандартты (SD) жаңа телевизиялық каналдарды күшейтуді жылдамдатады. Ол қолда бар
инфрақұрылымды жеңілдетіп, жаңа қызметтерді іске қосу уақытын қысқартуға мүмкіндік
береді. Бұл модуль қосылатын ағынға немесе видеоға нақты уақыт режимінде көпқабатты
графикалық көрнекіліктер мен динамикалық мәтін элементтерін қосуға мүмкіндік береді, ал
үздік автоматтандыру жүйелерін қолдау жүйесі тұтынушыларға өз жұмыс процесі үшін үздік
шешімді таңдау мүмкіндігін ұсынады.
Құру. Басқару. Жеткізу. Mediator Evertz бұл контентті басқару және "ақылды"
медианы жариялауға арналған жұмыс процесінің шешімі. Mediator үнемі өзгеретін бизнеске
және желілік және желілік емес контенті жеткізу және бөлудің шұғыл қажеттіліктеріне
бағытталған.
Теледидарға
қойылатын
талаптардың
(үйде,
Ғаламторда
және
телефон/планшетке) өсуіне орай медиа-ұйымдарға контентті тұтынушыларға тиімді әрі
экономикалық жағынан да тиімді жеткізетін икемді әрі бейімделетін бағдарламалық
қосымша қажет болып отыр. Mediator медиаұйымдарға көп каналды, мультиплатформалы
және көп тілді контентті кез-келген уақытта кез-келген жерде жеткізуге арналған ресурстар
мен операцияларды басқару есебінен медиа-активтерді ақшаға айналдыруға көмектеседі.
Dalet Plus News және Production жүйесі – бұл сандық жүйені, жаңалық кешенін,
монтажды, материалдың эфирге берілуін және метадеректерді басқаруды қамтитын
телевизиялық жаңалықтарды басқаруға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен.
Жаңалық кешені журналистерге нақты уақыт режимінде көптеген видео-аудио
дереккөздерін, ақпарат агенттіктерінен келген хабарларды, субтитрларды, жаңалық
сюжеттері мен қосылымдар тізімін қарауға мүмкіндік береді және видео-, аудиоматериалды
монтаждау құралын ұсынады. Сюжетпен жұмыс істейтін кіріктірілген функция материалды
эфирге дайындау уақытын едәуір қысқартады, технологиялық процестерді оңтайландырады
және жаңалық тарататын бағдарламалар комментаторларына сценарийлерді жоспарлау
кезеңінен бастап эфирге шыққанға дейінгі өту жолын бақылауға мүмкіндік береді. Әртүрлі
форматтар мен шешімдерді іске қосуымен қатар, жаңалық кешені белгі генерациясы,
телесуфлер, видеосерверлер мен басқа телевизиялық қондырғының жан-жақты бақылануын
қамтамасыз етеді. Ол модульдер түрінде құрылған және кез-келген ортаға орнатылады.
Сурет -2. 24 kz телеарнасының студиясы
«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ» V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
242
Кешен құрамына кіретін, эфирді басқаруға арналған қосымшалар хабар тарату
процесін толықтай бақылауға мүмкіндік береді. Видео материалды, мәтін мен
графиканы қолмен де, автоматты режимде де таратуға болады.
Dalet компаниясы ұсынатын жаңалық кешені – бұл жаңалықтардың үлкен көлемін
жылдам мұрағаттау және материалды мұрағаттан қолма-қол іздеу үшін арнайы құрылған
шешім.
Күйге келтірілетін метадеректер жолақтары арнайы жаңалық контентін жылдам
каталогтауға мүмкіндік береді. Метадеректер жазба көзін таңдаудан бастап, сюжетті және
эфир кестесін жасағанға дейінгі барлық өндірістік процесс барысында толтырылады. Олар
материалдың қайда (орталық серверде немесе сыртқы тасымалдағыштарда) сақталғанына
қарамастан үнемі қолжетімді болады.
Құралдардың (серверлер, бағыттаушылар, CISCO, HP ProCurve және жұмыс
станцияларының
коммутаторлары)
жаңа
бірліктерін
жұмысқа
қосу.
Open VPN серверін
LDAP
авторизациясымен
Linux және Windows ОЖ баптау және қосу.
Аппараттық және бағдарламалық желіаралық экрандарды, коммутациялық құралдарды және
т.б. қосу, баптау, басқару. Серверлерді (домен, файлдық, пошталық және т.б.
бақылаушылар) орнату, баптау және басқару. Желілік және жергілікті бағдарламалық
кешендерді, қосымшаларды басқару. Желінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін
жергілікті және желілік статистиканың бағдарламалық құралдарының (ZABBIX, CACTI)
көмегімен талдау жүргізу.
Қорыта келгенде жоғарыда көрсетілген з
аманауи телекешендерде қолданылатын
бағдарламалардың пайдалануы өте онай ары интелектуалды басқарылуы мүмкіндіктері өте
кең. Телекешендерде қолданылған бұл бағдарламалар жүйелі түрде каналдарды сапалы
ақпараттармен қамтамасыз етеды және ақпараттарды өңдеу процесстері кең көлемде жүзеге
асырылады. Телекешендердегі жұмыс станцияларының коммутаторлары мен желі
байланыстарын сапалы түрде үздіксіз қамтамасыз етып отырады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1 http://www.evertz.com/solutions/mediator
2 http://www.harmonicinc.com/product
3 http://www.cisco.com/c/ru_kz/index.html
4 http://www.delet.com/business-solutions/news-production-and-distribution
«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ» V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
243
УДК 378.147
МУБАРАКОВ А.М., КАИРГЕЛЬДИН С.Б.
МОБИЛЬНОЕ ПРИЛОЖЕНИЕ «INSCHOOL» КАК ИНСТРУМЕНТ
ИНФОРМАТИЗАЦИИ ОБРАЗОВАНИЯ
(Евразийский национальный университет им Л.Н. Гумилева, г. Астана, Казахстан)
В настоящее время нашу жизнь трудно представить без Интернета, без
информации. Практически каждый человек теперь имеет возможность выхода в ресурсы
глобальной сети. Сильное развитие веб-технологий и их влияние на современное общество
привело к изменению традиционных сфер коммуникаций, изменению способов и форм
коммуникации в Интернете.
Социальные сети на сегодняшний день являются одними из самых посещаемых
ресурсов в Интернете. По данным исследовательской компании comScore, их используют
около 85% от всех Интернет - пользователей мира.
При
использовании
глобальной
интернет
сети
происходит
формирование
информационно-образовательной среды, которая позволяет в полной мере реализовать
современные технологии обучения. В этих условиях тема использования социальных сетей
как педагогического инструмента становится крайне актуальной.
По мнению ряда ученых, образовательная парадигма XXI века включает себя триаду
крупнейших фундаментальных проблем – непрерывность, массовость и качество[1].
Сегодня
эффективное применение интерактивных информационно-
коммуникационных технологий играет большую роль в организации образовательного
процесса. Хочется отметить важность непрерывного контакта педагогов и учащихся
посредством гаджетов и социальных сервисов. Именно поэтому использование социальных
сетей и мобильных приложений становится действительно важным инструментом
конвергенции образования.
Актуальность заключается в создании мобильного приложения как надежного
средства коммуникации между учащимися и преподавателями с целью повышения
эффективности учебно-воспитательного процесса [2].
Цели внедрения: развитие коммуникационной среды участников учебного процесса
посредством использования мобильного приложения как внутренней социальной
сети.
В социальных сетях организовываются образовательные подгруппы, при этом
каждая подгруппа имеет свое структурированное наполнение: участники, фото-, видео- и
аудиоматериалы, документы (учебные пособия, презентации), Интернет-ссылки и т.д. Как
правило, создатель группы (преподаватель или тьютор), используя специальную опцию,
может отслеживать активность учащихся группы – какие разделы пользуются наибольшей
популярностью, какие материалы скачиваются, какой информацией участники делятся друг с
другом путем копирования её на свою персональную страницу [3].
Среди преимуществ использования социальных сетей в образовании
мы выделяем следующие:
привычность интерфейса и самой коммуникативной среды для обучающихся
позволяет сэкономить время на адаптацию учащихся к новому образовательному
пространству;
функционал социальных сервисов позволяет не только хранить, но и создавать,
а также делиться цифровым контентом; в конечном счете обучающиеся участвуют в
процессе создания и обмена знаниями;
мультимедийные возможности видео-, аудио-, интерактивных социальных
|