ббк76. 0 Қ 54 Редакционная коллегия



Pdf көрінісі
бет31/57
Дата03.03.2017
өлшемі14,62 Mb.
#5946
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   57

«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ»  V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ 

 

 



214 

 

 



Рисунок 1 – Вкладка Classes предметной области «Информатика» 

 

После  этого  мы  можем  создать  базу  знаний,  определив  отдельные  экземпляры  этих 



классов,  введя  в  определенный  слот  значение  и  дополнительные  ограничения  для  слота 

(рисунок 2). 

 

Рисунок 2 – Класс Информатика, экземпляры и отношения между ними 



 

Конечным результатом разработки онтологии является онтограф, который  визуально 

отображает объекты предметной области и связи между ними (рисунок 3). 


«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ»  V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ 

 

 



215 

 

 



Рисунок 3 – Онтограф предметной области «Информатика» 

 

Разработанная  база  знаний  предназначена  для  использования  при  создании 



интеллектуальных обучаюших систем по предмету «Информатика». 

 

Список использованных источников: 

 

1. 


http://cyberleninka.ru/article/n/baza-znaniy-intellektualnoy-obuchayuschey-sistemy-

tehnicheskoy-distsipliny 

2.  Ю.Ф.  Симионов.  Информационные  технологии  в  cсовременном  мире.  Серия  «Высшее 

образование»., 2003 – 352 с. 

3.  Муромцев  Д.И.  Онтологический  инжиниринг  знаний  в  системе  Protégé:  Методическое 

пособие. — СПб: СПбГУ ИТМО, 2007. — 62 с. 

 

 

ӘОЖ 373.5.02.016:004(574)   



 

БИДАЙБЕКОВ Е.Ы., БОСТАНОВ Б.Ғ., СӘЛҒОЖА И.Т. 

 

ИНФОРМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ОНЛАЙН 

ҰЙЫМДАСТЫРУ  

 

(Алматы қаласы, Абай атындағы ҚазҰПУ) 

 

Оқыту  - білім берудің негізгі жолы болып табылады. Оқыту оқытушы мен оқушының 

біріккен  іс-әрекеттері,  сондықтан  да  ол  екі  жақты  бір  текті  үдеріс.  Оқытушы  оқушыларға 

білім  беріп  іскерлікке,  дағдыға  үйретеді,  ал  оқушы  таным  міндеттерін  түсініп,  дағдыны 

игереді.  


«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ»  V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ 

 

 



216 

 

Оқыту  жұмысын  тек  сабақ  арқылы  ұйымдастыру  мүмкін  емес.  Сыныптық-сабақ 



жүйесінің  негізгі  кемшілігі  -  оқушылардың  дара  ерекшеліктерін  дамытуға  жеткілікті 

мүмкіндіктердің  болмауы  -    оқытуды  ұйымдастырудың  басқа  жолдарын  іздестіруге  себеп 

болды.  Сондықтан  оқушылардың  сыныптық  сабақтағы  танымдық  әрекетін  дамыту, 

толықтыру  және  оқушылардың  өзіндік  шығармашылық  белсенділіктерін,  қабілеттерін 

арттыру  мақсатында  оқыту  жұмысын  ұйымдастырудың  қосымша  түрлері  қолданылады. 

Олардың  қатарына  семинар,  экскурсия,  факультативтік,  қосымша,  конференция,  сабақтары, 

өндірістік оқу, үйдегі оқу жұмысы, тәжірибелік-зертханалық және пәндік үйірме жұмыстары, 

олимпиада, өзіндік жұмыс түрлерін жатқызуға болады [1]. 

Оқыту  барысында  оқушыларға  теориялық  білім  мен  тәрбие  беру  бір-бірімен 

ұштастырыла  жүргізіледі.  Тәрбие  негізін  қалайтын,  оқушылардың  білімін  кеңейтіп,  өз 

қабілетін  танып  білуге  үлес  қосатын  оқытудың  түрі  –  сыныптан  тыс оқыту,  яғни  сынаптан 

тыс жұмыстар ұйымдастыру.  

Сыныптан  тыс  жұмыстар  дегеніміз  –  оқушылардың  сабақтан  тыс,  бос  уақытын 

ұйымдастыратын мектептегі оқу тәрбие үрдісінің  құрамдас бөлігі.  

Сыныптан  тыс  жұмыс  -    бұл  педагогтардың  мектеп  оқушыларымен  сабақтан  тыс 

уақыттағы  әртүрлі  «іс-әрекетері  мен  іс-шараларын  ұйымдастыруы.  Сыныптан  тыс  жұмыс  – 

сабақтан  тыс  уақыттағы  мектепте  өткізілетін  және  оқу  жоспарына  кіретін  әртүрлі  оқу-

тәрбиелік іс-шаралар [2]. 

Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұнының жан-жақтылығы мен әртүрлілігі оны өткізу 

формаларының көптүрлілігінен шығады. Сыныптан тыс жұмыстар формасы дегеніміз – бұл 

оның  мазмұнын  жүзеге  асырудағы  шарттар.    Сыныптан  тыс  жұмыстардың  формалары  өте 

көп.  Бұл  көптүрлілік  оларды  жіктеуде  қиындықтар  туғызады,  сондықтан  бірыңғай  тұрақты 

классификациясы  жоқ.  Информатикадан  сыныптан  тыс  жұмысты  бірнеше  топқа  бөлуге 

болады:  оқу  материалын  меңгеруде  басқалардан  қалып,  үлгермей  қалушы  оқушылармен 

(қосымша сабақтар) жұмыс және информатиканы оқуда басқалармен салыстырғанда жоғары 

қызығушылық пен қабілеті бар оқушылармен жұмыс жүргізу (факультативтік сабақтар) және 

әртүрлі  сыныптан  тыс  іс-шаралар  (үйірме,  көрме,  конференциялар:  телеконференция, 

видеоконференция,  дәстүрлі  конференция;  пікірталас:  диспут,  дебат;  информатикалық 

кештер;  мектептегі  баспа;  жарыстар:  КТК,  олимпиада,  ғылыми  жоба;  танымжорықтар 

(саяхаттар,  экскурсия):  интернетте,  кәсіпорындарға;  кездесулер;  ойындар:  танымдық 

ойындар, викториналар, іскерлік ойындар; пәндік шаралар: апталықтар, декадалар, айлықтар 

т.б.).  


Оқыту  барысында  оқушылардың  сыныпта  алған  білімін  дамытып,  оны  ары  қарай 

жетілдіруде  сыныптан  тыс  жұмыстардың  маңызы  зор.  Сыныптан  тыс  оқыту  мұғалімнің 

ұйымдастыру  шеберлігімен  іске  асады.  Сонымен  қатар  сыныптан  тыс  оқыту  әртүлі 

жұмыстар  арқылы  жүзеге  асады.  Сол  жұмыстар  арқылы  оқушылардың  бос  уақыттарын 

тиімді  пайдалануға,  өз  қабілетін  танып  білуге,  қосымша  жұмыс  жасауға  үйретіп, 

дүниетанымын  кеңейтеді.  Сол  себепті  оқушылардың  сабақта  алған  білімдерін  кеңейтіп, 

тереңірек  дамыту  үшін  пән  мұғалімдері  сыныптан  тыс  жұмыстарға  өте  көп  көңіл  бөлуі 

қажет.  


Жалпы  бүгінгі  уақыт    талабына  сәйкес  білім  беруді  одан  әрі  жетілдіру  оқу-тәрбие 

үдерісінде  озық  тәжірибені,  ғылыми  жетістіктерді  талап  етеді.  Белгілі  педагог 

Ш.Амонашвили  айтқандай:  «Оқушылардың  білімін  арттыру,  пәнге  қызықтыру  үшін 

оқытуда,  жалпы  алғанда  ең  бірінші  оқушылардың  неге  қызығатынын  анықтап  алып,  содан 

бастау  қажет».  Ал,  компьютерлер,  планшеттер,  смартфондар  және  басқа  да  мобильдік 

құрылғылар  –  қазіргі  заман  оқушылары,  студенттері  және  оқытушыларының  өмірлік 

элементтеріне  айналды  [2].  Бұл  сыныптан  тыс  жұмыстарды  мобильді  құрылғылардың 

негізінде оны онлайн режимде ұйымдастыруға болады деген сөз. 

Халықаралық  ЮНЕСКО  ұйымының  насихаттауы  бойынша,  қазіргі  кездегі  ақпарат 

алмасудың баршаға қолжетімді технологияларының бірі – мобильді технологиялар балалар, 



«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ»  V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ 

 

 



217 

 

жастар  мен  үлкендердің  дамуы  мақсатында  сапалы  білім  берудің  жаңа  мүмкіндігі  болып 



табылады.  Оқушылардың  мобильді  құрылғыларды  күнделікті  қолдануы  дүниежүзінде 

мобильді  оқыту  технологиясының  кең  тарауына  себеп  болды.  Мобильді  құралдар  арқылы 

оқытудың негізгі мақсаты - оқыту үдерісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен 

қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту болып табылады. 

Бүгінде  онлайн  оқыту  өзекті  мәселелердің  бірі  болып  табылады,  ол  өзіне  адамды 

біріншіден  -  мүмкіндіктерінің  әр  кез  жаңарып  отыратын  жаңашылдығымен  тартса,  екінші 

жағынан – тәжірибе жүзінде іске асырудағы қолайлылығымен және ыңғайлылығымен көңіл 

аудартады. Онлайн оқыту терминінің ағылшын әдебиеттерінде осыдан он жылдан аса уақыт 

бұрын пайда болғанына қарамастан, Қазақстан Республикасы білім беру саласына оқытудың 

жаңадан  еніп  жатқан  технологияларының  бірі  болып  табылады.    Ендеше,  олардың 

мүмкіндіктерін  сыныптан  тыс  жұмыстарда  пайдалану   онлайн  оқыту  технологиясын

 

теориялық  негіздеуді  және  жекелеген  пәндерден  ұйымдастырылатын  сыныптан  тыс 



жұмыстарды онлайн ұйымдамстырудың әдістемесін жасауды талап етері хақ.      

Ал  сыныптан  тыс  жұмыстарды  онлайн  ұйымдастырудан  мектеп  информатика  пәні 

тысқары  қала  алмайтындығы  сөзсіз.  Себебі  білім  беруді,  қоғамды  ақпараттандыру  осы 

мектеп информатика пәні бойынша білім беруден басталады.  Дегенмен мектеп информатика 

курсынан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесін бір ғана зерттеу жұмысы 

арқылы  іске  асыру  мүмкін  емес,  бірақ  жекелеген  түрлерін  ұйымдастырудың  әдістемесін 

жасап  ұсынуға  мүмкіндік  бар.   Сондықтан  да  сыныптан  тыс  жұмыстардың  дәстүрлі  және 

дәстүрлі емес формаларын қалыптастырып, олардың мүмкіндіктерін одан әрі дамыту керек. 

Сыныптан  тыс  жұмыстарды  дәстүрлі  ұйымдастыру  дегеніміз  -  ол  оқушылар  мен 

мұғалімнің шынайы уақыттағы тікелей кездесе отырып, ұйымдастырылатын жұмыстар. Бұл 

қалыптасқан жағдай.  

Дәстүрлі  емес  сыныптан  тыс  жұмыстар  деп  -  оқушы  мен  мұғалімнің  өзара  тікелей 

араласуы  ақпараттық  телекоммуникациялық  технологиялар  мүмкіндіктерінің  негізінде 

қашықтықтан  ұйымдастырылатын  түрлерін  айтуға  болады.  Мысалы:  онлайн-конференция, 

онлайн-олимпиада, онлайн-курстар, онлайн-сайыстар және т.б.  

Онлайн  сөзінің  мағынасы  шынайы  уақыт  режимінде    компьютердің  интернетке 

жалғанған жағдайы. Компьютердің интернетке қосылып тұрған кезіндегі орындалып жатқан 

барлық әрекеттер мен үдерістерді білдіреді [3]. Онлайн-оқыту – шынайы  уақытта Интернет 

көмегімен  жаңа  білімдер  алу  әдісі.  Үдеріске  қатысушылар  арасындағы  қатынас  компьютер 

арқылы 


орындалады [4]. 

Ал,  онлайн-конференция  дегеніміз  не?  Онлайн-конференция  –  бұл  нақты  бір  жеке 

тақырыпқа  арналған,  шынайы  уақытта  Интернетте  спикерлердің  бірнеше  уақыт  бойы 

қатысушыларға жазбаша жауап беруі арқылы өткізілетін шара.  

Онлайн-курс – бұл нақты бір жеке тақырыпқа арналған, шынайы уақытта Интернетте 

белгілі  уақыт аралығында, белгілі уақытта қатысушыларға өткізілетін онлайн-оқыту.  

Онлайн  сыныптан  тыс  жұмыстың  нақты  пәндік  білімнің  оқушы  санасында 

қалыптастырудан бөлек тәрбиелік мәні де өте зор. Себебі, қазіргі заманауи оқушы сабақтан 

тыс  бос  уақыттарының  басым  көпшілігін  әлеуметтік  желілерге,  интернетке,  желі  арқылы 

ойындар ойнауға жұмсайды. Яғни, уақыттары зая кетіп жатыр десек те  болады. Сондықтан 

да сыныптан тыс жұмыстарды онлайн ұйымдастыру оқушылардың едәуір уақытын пайдалы 

іске жұмсайтындығының кепілі бола алады. 

Оқушылардың  бос  уақыттарын  пайдалы,  тиімді  өткізуде,  инабаттылық,  имандылық, 

адамгершілік  сияқты  биік  қасиеттерге  баулуда,  ұлттық  өнерді,  халық  өнерін  қастерлеу, 

қорғауда да сыныптан тыс оқытудың  жас ұрпаққа берері көп. 

Сонымен онлайн сыныптан тыс жұмыстар деп - шынайы уақытта нақты сыныптан тыс 

жұмыстың  мақсатына  сай  және  оның  талаптары  мен  принциптерін  сақтай  отырып, 


«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ»  V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ 

 

 



218 

 

ақпараттық  телекоммуникациялық  технологиялар  негізінде  ұйымдастырылатын  шараларды 



айтуға болады. 

Онлайн  сыныптан  тыс  жұмыс  мектептегі  оқу-тәрбие  ісін  жүзеге  асыруда  зор 

мүмкіндіктер  береді  және  оқушылардың  бойында  еріктілік,  батылдық,  инициативасын 

тәрбиелейді, ақпараттық құзырлылығын да қалыптастырады.  

«Ақпараттық  құзырлылық»  түсінігін  көптеген  авторлар  жеке  тұлғаның  ақпартты  өз 

бетімен  іздей,    таңдай,  талдай,  ұйымдастыра,  ұсына  білу,  тасымалдай  алу  қабілеті  ретінде 

қарастырады.  Мысалы,  О.  Г.  Смолянинова  ақпараттық  құзырлылықты  «ақпартты  іздеудің, 

өңдеудің,  ұсыну  мен  тасымалдаудың,  жалпылаудың,  жүйелеу  мен  ақпартты  білімге 

түрлендірудің,  әмбебап  тәсілдері»  деген.  Л.  Г.  Осипова  ақпараттық  құзырлылық  -

«практикалық  және  ғылыми-зерттеу  мәселелерін  шешу  үшін  қарқынды  дамып  келе  жатқан 

және әркез жаңарып отыратын ақпарат саласынан қолдануға қажетті ақпаратты жылдам табу 

және  оларды  өз  әрекеттерінің  жүйесінде  пайдалану»  деп  түсінеді.  В.  И.  Назаров  пен  Л.  В. 

Куклина:  «ақпараттық  құзырлылық  –  үлкен  көлемдегі  ақпаратты  қазіргі  мультимедиалық 

құралдар көмегімен қабылдай және өңдей алу қабілеті» деген [5]. 

Ақпараттық  құзырлыққа  қалай  анықтама  берілмесін,  жалпы  қалыптасатын  білім, 

білік,  дағды  ақпараттық-коммуникциялық  технологиялар  негізінде  болатындығы  хақ. 

Ендеше  онлайн  сыныптан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыру  мұғалімнің  оқушыларда 

ақпараттық  құзырлықты  қалыптастырудағы  ең  басты  құралының  бірі  болмақ.  Бұл  онлайн 

сыныптан тыс жұмыстың ең басты еркшелігі болып табылады.   

Жалпы  жағдайда  сыныптан  тыс  жұмыстарды  онлайн  қазіргі  әлеуметтік  желілердің 

мүмкіндіктерін  пайдаланып  та  іске  асыруға  да  болады,  дегенмен  оның  өз  кемшіліктері  де 

бар. Мәселен, оқушының олардағы орын алып жатқан түрлі нәрселерге алаңдап өз әрекеттік 

ортасынан  (тобынан)  басқа  нәрселерге  ауысып  кетуі  және  т.б.  Сондықтан  да  жоғарыдағы 

аталған  ерекшеліктерді  ескеретін,  қойылатын  талаптарға  жауап  бере  алатын  сыныптан  тыс 

жұмыстарды онлайн  ұйымдастыру  үшін  арнайы  ақпараттық  орта  қажет  екендігі  сөзсіз.  Бұл 

өзіндік зерттеуді қажет етеді.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

 

1. Сәлғожа И.Т. Информатика курсында ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстар //«Ұлт 



тағылымы» Ғылыми-педагогикалық басылым. Б.181-185. N4(1), 2007. 

2.  Бостанов  Б.Ғ.,  Садақбаева  Э.Т.  Объектілі  –  бағытталған  программалау  тілдерін  үйретуді 

мобильді  оқыту  арқылы  арттыру  мүмкіндіктері  //  Хабаршы.Вестник.Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық 

педагогикалық университеті. Физика.математика.информатика сериясы. №2(45) 2015. Б. 42-44. 

3. http://teenslang.su/id/12534 

4. http://www.webils.ru/online/what 

5.  Смолянинова  О.Г.  Развитие  методической  системы  формирования  информационной  и 

коммуникативной  компетентности  будущего  учителя  на  основе  мультимедиа-технологий:  Дис.  …д-

ра пед. наук. – СПб., 2002. 504с. 

 

 



 

 


«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ»  V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ 

 

 



219 

 

ӘОЖ 681 



БОРАМБАЕВА А.К., МОЛДАМУРАТ Х. 

 

АВТОМАТТЫ БАҒДАРЛАМАЛАУҒА ОБЪЕКТІЛІ-БАҒЫТТАЛҒАН ТӘСІЛДІ 

ҚОЛДАНУ 

 

(Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ) 

 

Автоматты  бағдарламалауға  объектілі-бағытталған  ретке  келтіру  —  бұл,  қателерді 



оқшаулау  және  жою.  Ретке  келтіру  сәтті  сынақтаманың  нәтижесі  болып  табылады.  Яғни, 

егер сынақтама нұсқасы қатені анықтаса, ретке келтіру процессі оны жояды. Сонымен, ретке 

келтіру  процессінің  алдында  сынақтама  нұсқасы  орындалған.  Оның  нәтижесі  бағаланады, 

болжамды  және  нақты  нәтижелердің  сәкессіздіктері  тіркеледі.  Сәйкессіздік  жасырын 

себептің  белгісі  болып  табылады.  Ретке  келтіру  процессі  белгіні  себеппен  салыстырады, 

нәтижесінде қатенің түзетілуі жүргізіледі. Ретке келтіру процессінің екі нәтижесі бар: 

1) себеп табылады, түзетіледі, жойылады; 

2) себеп табылмады. 

Екінші  жағдайда,  ретке  келтіруші  себепті  болжамдауы  мүмкін.  Бұл  себепті  тексеру 

үшін, ол  болжамды тексеруге көмектесетін қосымша сынақтама нұсқа құрастыруды сұрайды 

[1].  

Интеграция  сынақтамасы  тұтас  бағдарлама  жүйесін  құрастыруды  қолдайды. 



Интеграцияны құрастыру және сынақтау мақсаты: бағдарлама модульдерін алып, элементтер 

ретінде сынақтама жүргізу және жобамен талап етілетін бағдарлама структурасын құрастыру 

болып табылады. 

Бағдарламалаудың объектілік және автоматтық парадигмаларын қолдану тәсілдерінің 

бірі  «SWITCH-технология»  жұмыстарында  көрсетілген.  Бағдарламаларды  осы  сыныбын 

жобалау  егжей-тегжейлі  зерттеулер  осы  мәселелер  болғанымен,  олардың  автоматта  іске 

асыру әдістерінің келесі кемшіліктері бар: 

-жүйенің тұтастай алғандағы жағдайы белгісіз; 

-іске асырылған автоматтарды қайта қолдану  механизмі жоқ; 

-бағдарлама функциясының мәтінінде протоколдау бағдарламашы қолымен енгізіледі,  

протоколдың жасалуы «автоматты» деуге болмайды; 

-жүйенің жұмыс барысында туындайтын қателерді өңдеу механизмі ұсынылмайды; 

Бұл жұмыста қарастырылып отырған класстардың кемшіліктерін жою үшін арналған 

бағдарламалық  жүйелерді  іске  асыру  тәсілдері  ұсынылады.  Бағдарламаның  автономды 

бөлігін  (автоматтар,  кіріс  жіне  шығыс  әрекеттер,  инфраструктура)  жобалауға  негіз  ретінде  

STOOL  (SWITCH-Technology  Object  Oriented  Library)  библиотекасы  ұсынылады.  Бұл 

библиотека  C++    тілінде  жүзеге  асырылған  және  http://is.ifmo.ru  («Проекты»  бөлімі) 

сайтынан жүктеп алу мүмкіндігі бар. Бағдарламаның қалған бөлігі (контекст) дәстүрлі түрде 

жобаланады [2]. 

Автоматтар  классы  және  автоматтар  классының  үлгісі  түсінігін  енгізу  оларды 

қайталап қолдануға қажет. Мысалы, жүйеде шығыс және кіріс әрекеттері басқаша екі бірдей 

автомат  болсын.  Олардың  әрбірін  жекелей  жобаламау  қажеттілігі  жоқ.  Бар  болғаны жүйеге 

бір  классқа  кіретін  автоматтың  екі  үлгісін  жасап,  жүйеге  қосу  керек.  Бұл  объектілі-

бағытталған  бағдарламалау  парадигмасына  сәйкес  келеді.  Жобаланған  автоматтар  классы 

басқа жүйелерде қайталанып қолданыла алады [3]. 

Автоматтардың  өзара  қызметіне  шектеулер  енгізу  олардың  модульдық  қасиетін 

арттырады, осылайша қайталанып қолдану мүмкіндігін арттырады.  Егер де, өзге автоматқа 

жағдай  нөмеріне  байланысты  ауысу  керек  болса,  онда  true  шамасын  қоятын  кіріс  әрекет 

енгізіледі.  Егер де, басқа автоматты іске қосу керек болса, онда осы автоматты іске қосатын 

шығыс әрекет енгізіледі.  Input – кіріс әрекеттерін іске асыру үшін арналған базалық класс;  



«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ»  V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ 

 

 



220 

 

Ұсынылып  отырған  тәсіл  STOOL  библиотекасына  негізделген.    Бұл  библиотекада 



автоматтарды  іске  қосу  үшін  арналған  абстрактылық  базалық  класстары  бар,  кіріс  және 

шығыс әрекеттер, сонымен қатар, жүйенің инфраструктурасын ұйымдастыруға арналған [4].   

Нақты  автоматтар  классын  жасау  үшін  базалық  абстрактілі  Auto  классына  кіретін 

туындысы  жасалынады.  Библиотеканың  барлық  класстары  stool  есімді  кеңістік  ішінде 

анықталған.  Auto  –  автоматтар  классын  жасауға  арналған  базалық  класс.  Автоматтар 

классын  анықтау  үшін  бағдарламалаушы,  автомат  ауысу  графын  жүзеге  асыратын  void 

execution( State& state ) әдісін қайта анықтау қажет [4].  

Қорыта  келгенде    жұмыста  қарастырылып  отырған  класстардың  кемшіліктерін  жою 

үшін  арналған  бағдарламалық  жүйелерді  іске  асыру  тәсілдері  ұсынылды.  Айтылып  кеткен 

класс 


түрлері 

SWITCH-технологияның 

кемшіліктерін 

жоюда 


қолданылады. 

Осы 


класстардың  енгізілуі,  жобалану  тәсілдері  бағдарламашы  көмегімен  жүзеге  асырылады. 

Оларды ретке келтіру, интеграциялық сынақтамалары туралы айтылады [5].   

Объектілі 

бағытталған 

жүйелерді 

реализациялаудың 

әдістері 

ұсынылады. 

Бағдарламалық  құрамалардың  қайталанып  қолданылуы  қарастырылады,  параллельді 

есептеулер  және  автоматты  протокалдау.  Бағдарламаның  автоматты  бөлімінің  жүзеге 

асырылуына арналған жобаланған библиотекалардың класстарына шолу жасалынған. 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 



 

1.  Шалыто  А.А.,  Туккель  Н.И.  Танки  и  автоматы.  //BYTE/Россия.  2003.  №2.  http://is.ifmo.ru 

(раздел «Статьи»). 

2. Буч Г., Рамбо Д., Джекобсон А. Язык UML. Руководство пользователя. М.: ДМК, 2000. 

3. Любченко В.С. Microsoft Visual C++ 5.0 Бильярд туралы //Мир ПК. 1998. № 1. 

4. 


Молдамурат 

Х., 


Микроконтоллерді 

бағдарламалауын 

автоматтандыру 

және 


верификациялау [Текст] : [автореф. дис. ... канд. техн. наук : 05.13.15] - Алматы, 2010. - 20 с. 

5. Туккель Н.И., Шалыто А.А. Система управления танком для игры Robocode. 

Объектно-ориентированное 

программирование 

с 

явным 


выделением 

состояний. 

http://is.ifmo.ru (раздел «Проекты»). 

6.  Соммервил  И.  Инженерия  программного  обеспечения  6-ое  издание  –  «Вильямс»  Москва, 

2002г. 

 

 



ӘОЖ  378 

БОСТАНОВ Б.Ғ., ҚАРҒАБАЕВА Н.А.

 

 

ОҚУ КОНТЕНТТЕРІН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДА 



ПАЙДАЛАНУ  

 

(Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы) 

 

Қашықтан оқыту  (ҚО)    ХХ-шы  жүз  жылдықтың  аяғында  бастау  алып,  ХІ  ғасырдағы 



мамандарды  дайындаудағы  тиімді  және  дамудағы  оқыту  жүйесі  болып  табылып  отыр. 

«Қашықтан  оқыту  (distance  education)»    термині  орыс  тіліндегі  әдебиеттердегі  секілді 

ағылшын  тіліндегі  әдебиеттерде  әр  түрлі  нұсқада,  яғни  орыс  тілінде  -  «дистанционное 

обучение»,  ағылшын  тілінде  -  «distance  education»),  қазақ  тіліне  аударғанда  -  «қашықтан 

оқыту»  және  «дистантное  образование»,  «distant  learning»,  «қашықтан  білім  беру»  болып 

кездесіп  отырады,  дегенмен  де  «қашықтан  оқыту»  термині  түрінде  жиі  қолданылады. 

Қашықтан  оқытудың  астарында  оқушы  мен  оқытушының  арасында  белсенді  ақпарат 

алмасуды қамтамасыз ететін сырттай білім беру түсінігі жатыр.   

Елімізде  және  басқа  да  көптеген  шетелдерде  қашықтықтан оқыту  формалары  жақын 

арадағы  уақытқа дейін объективті  себептерге  байланысты кең масштабта қолданылған жоқ, 



«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ»  V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ 

 

 



221 

 

себебі  2  үлкен  дамудың  жаңа  ақпараттық  құралдар  техникасы  мен  телекоммуникациялық 



технологиялар кең көлемде таралмады. Қазіргі уақытта білім беруде қашықтықтан оқытудың 

кеңінен  қолданылуына  арналған  техникалық  алғышарттары  құрылған.  Сонымен  қатар, 

техникалық  құралдармен  ұсынылған  мүмкіндікке  байланысты  қашықтан  оқыту  идеяларын 

нақтыландыру артта қалып койғандығы белгілі болды [1]. 

Веб-ресурстарды  автоматтандыру  құралдарындағы  тұтынушылар  сұранысы  үнемі 

өсіп  келеді.  Веб-ресурстардың  автоматтандырылуын  жасау  Content  Management  System 

(CMS)  -  деп  аталатын  контенттерді  басқару  жүйелерін  қолданылу    есебінен  анықтауға 

болады, бұл жүйелер -  жалпы ақпараттардың құрылуын, басқарылуын, орналасуын, енгізілуі 

және дамуын жүзеге асырады. Олар сайттың контентін құрудың қарапайым құралынан және 

орналасуынан  архивке  кеткенге  дейінгі  бүкіл  өмірін  қамтиды.  Сондай-ақ,  сайт  құрылымын 

басқару, веб-беттерін әрлеу және навигация мүмкіндіктерін ұсынады [2]. 

Заманауи  контентті  басқару  жүйелері  үнемі  программалауды  қажет  етпейді.  Алдын 

ала құрылып қойған және тестілеуден өткен мыңдаған модульдер арасынан дайын қажеттісін 

таңдап  алу  жеткілікті.  Жүйеге  үйлестіру  бірегей  стандартқа  сай  жасалынғандықтан  көп 

уақыт  алмайды.  Бүгінгі  таңда  контентті  басқару  жүйелерінің  (CMS)    көптеген  түрлері  бар, 

олар аз уақыт ішінде қуатты және заманауи білім беру ресурстарын құруға мүмкіндік береді. 

Көбіне,  (CMS)    бұл  –  веб-ресурстарды  басқару  мен  олардың  контентіне  қызмет  ететін  веб-

қосымшалар болып табылады. Контентті басқару электронды оқыту материалдарының түрлі 

форматта  орналасуына  және  оларға  басқа  да  айла-шарғы  жасау  мүмкіндіктерін  ұсынады. 

Жалпы  мұндай  жүйе  оқу  контентін  шоғырландырушы,  кілттік  сөздер  бойынша  іздеу 

мүмкіншілігі  бар  мәліметтер  қорының  интерфейсінен  тұрады.  Контентті  басқару  жүйелері 

(CMS)  негізінен  курстар  құрумен  көптеген  мұғалімдер  жұмыс  жасау  барысында,  әр  түрлі 

курстардағы  оқу  материалдарының  бірдей  фрагменттерімен  пайдалану  қажеттігінде  өте 

тиімді  [3]. 

Осы  уақытқа  дейін  контентті  басқару  жүйелеріне  жеткілікті  нақты  классификация 

жасалынбаған.  Себебі  CMS  қоғамда  әлі  жас  және  мұндай  программалық  өнімді  жасайтын 

құраушылар  белгілі  бір  деңгейде  ғана    біріккен.  Оларды  бір-бірінен  топқа  бөліп  ажырату 

қиын,  өйткені  олардың  бір-бірінен  жеткілікті  деңгейде  ғана  айырмашылықтары  бар. 

Сондықтан кез келген классификацияны шартты деп атауға болады. CMS классификациясын 

зерттеу барысында 4 критерий анықталды: қолданылу аймағына қарай; таралу тәсіліне қарай; 

күрделілік  деңгейіне  қарай;  жұмыс  тәсіліне  қарай.  CMS  сайт  басқару  жүйесінің  дамуына 

орай  мамандандырылған  жүйелер  пайда  бола  бастады,  жекелей  алғанда  оқу  контентін 

басқаруға арналған - LCMS (Learning Content Management Systems). LCMS-нің негізгі бағыты 

–  бұл  оқыту  контенті.  Ол  авторларға,   

дизайнерлер  мен  сарапшыларға  оқу  материалдарын 

құрудағы  тиімді  құрал  ретінде  ұсынылады. 

LCMS  негізгі  мақсаты  –  белгілі  бір  уақыт 

аралығында  жеке  оқушымен  немесе  топпен  оқытуды  қанағаттандыратын  қажетті  талап 

етілген контент құру. Үлкен аудиторияға арналған тікелей курс жасаудан және бейімдеуден 

бұрын дизайнерлер бірнеше рет қолданылатын объектілерді жасап, сайт құрастырушыларға 

ұсынады.  Бұл  сайт  құрастырушыларға  түсетін  күшті  азайтады  және  контентті  жылдам 

қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  LCMS  программалаудың  мамандандырылған  дағдыға 

мұқтаждығын  шектейді,  өйткені  авторларға  мазмұнды  алдын  ала  программаланған  арнайы 

дайын  шаблондарға  қоя  салуға  мүмкіндігі  бар.  Контент  кішкене  объект  түрінде  құрылатын 

болғандықтан,  басқа  автор  жасаған  контентті  құрастырушылар  қайта  қолдана  отырып 

қонтент  құруға  кететін  уақытты  үнемдейді,  сонымен  қатар,  оқушыларға  жүйелі  ақпаратты 

қамтамасыз  етеді.  LCMS-тің  келесідей  мүмкіндіктерін  атап  өтуге  болады:  электронды  оқу 

материалдарының  түрлі  форматтағы  орналасуы  мен  айла-шарғы  жасауы;  Online-қатынас 

және білімді тексеру; қолданушылардың оқытуды қадағалауы және олардың мінездемелерін 

сақтау;  қолданушылардың  сайттың  белгілі  бір  бөліміне  кіруін  есептеу;  оқушының  курстың 

белгілі бір бөліміне жұмсалынған уақытты анықтауы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет