19
Аллаға құлшылық жасаудан алаңдайды.
Ал, егер мешітте жалпыға бірдей дәріс өткізілсе, ерлер мен әйелдер араласпас үшін әйелдерге
бөлек орын бөлінуі тиіс.
Сонымен қатар, Ресейдің мешіттері өте аз, кейбір ірі қалаларында кеңінен тарап кеткен жайт
жөнінде бірер ауыз сөз айта кеткен жөн. Жұма күндері мешіттерге намазға келгендердің
барлығы сыймайды. Бірақ, есесіне, сол мешіттерден әйелдерге даңғарадай бір бөлме бөлінеді.
Ол не үшін бөлінеді? Не үшін әйелдер ол жаққа барады? Жұма
намазы мойнына парыз болып
жүктелген жүздеген адамдар солардың кесірінен намаздарын көшеде оқуға мәжбүр. Ал, күн
болса, әрдайым жарқырап тұрмайды. Жұма уағыздарының барлығын көптеген сайттарда
онлайн тыңдауға болады. Оның үстіне, кез келген бос жерге жайнамаздарын төсеп үлгеруге
асыққан еркектердің арасынан қысылып-қымтырылып өтіп,
жұма уағызына барудың қажеті
қанша?
Әйелдердің мешітке баруына келер болсақ, бұл мәселені бұдан алдын талдап кеттік.
Достарыңызбен бөлісу: