22
күйеуге бағынумен және Аллаға шүкіршіліктің еріңе деген шүкіршілікпен
байланыстырылғандығын айтып кеткен.
Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы бірнеше сөзі – әйел психологиясы
мен жанұялық қарым-қатынастың терең қырларынан хабар беретін даналық пен білімнің көзі.
Сондай-ақ, бұл хадисте ерлерге ғибрат бар!
Егер сіздің өміріңіз «екінші жартыңыздың» БАРЛЫҚ қалауларын орындаудың таусылмайтын
талпыныстарына айналып бара жатса, мұның арты жақсылыққа апара қоймас: егер осыдан бір
жерде
шалыс басып, жарыңыздың ойынан шықпай қалсаңыз, оның: «Сен мен үшін ештеңе
істеп жатқан жоқсың», - дегенін естуге мәжбүр боласыз.
Біздің ұстазымыз мүфтиИбраһим Десаи, оның берекесі сарқылмасын, осы хадисті баяндай
отырып, тағы бір шектен шығушылыққа жол беруге болмайтындығын айтқан, яғни,
әйелді
ешқандай құқығы жоқ күң деп санамау керек. Шариғат әйел мен күңнің үкімдерін ажыратып
берген. Демек, олар бірдей емес. Сондықтан, отбасындағы жарасым екі шектің арасында
жатыр. Олар: жұбайының барлық наздарын орындап, қашан көрсең, әбігерде жүретін ер
мен
күң сияқты күн кешетін әйел. Жанұя дегеніміз – ерлі-зайыптылардың бір-біріне қызмет етуі
(хидмат).
Бірақ, Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдер хақында олай айтқан
(хадисті қараңыз) себебі – әйелдер көп жағдайда күйеулерінің солар үшін тырысып-
тырымысып жасап жатқан дүниелерін «өзі солай болуы керек» дегендей, қалыпты жағдай
сияқты
қабылдап, бағалай білмейді. Ал, шындығында, Шариғат бекіткен міндеттердің
шеңберінен шығатын қамтамасыз етудің барлық түрлері – еркектің әйеліне берген садақасы,
оған қоса, ердің сүйген жарымен өткізетін уақыты да – әйелге берілген садақа. Себебі, егер
біреудің бір әйелі бар болса, Шариғат бойынша, ол еркек онымен бір үйде
тұруға міндетті
емес.
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:
«Адамдарға рахметі жоқ
Достарыңызбен бөлісу: