3
Біздің дініміз әйелді ерекше бағалап, оның мұсылман қоғамындағы рөлін жоғары қояды. Сол
себепті, әйелдерге қатысты қандай да бір шариғаттық шешімдер еркектерге арналған
шариғаттық үкімдерден
өзгеше болса, мұны дініміздің жаулары секілді әйелдерді кемсіту,
төмендету деп қабылдаудың қажеті жоқ. Әйел адам мұны өзіне деген Алланың ерекше
қамқорлығы және қорғанышы деп білгені жөн. Алла Тағала Өзінің әмірлері мен тыйымдары
арқылы біздің әрқайсымызға
қоғамда алатын орнымызды, атқаратын әлеуметтік рөлімізді
көрсетеді. Біз сол рөлде ғана шынайы бақытқа қол жеткізе аламыз.
Ғұламалардың кейбір түсіндірмелерімен бірге келтірілген мырзамыз Мұхаммедтің (оған
Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы сөздері оқырмандарға пайда әкелер деген үмітіміз зор.
Тауфиқ тек Алладан ғана.
Бірінші хадис
Әйелдің үйінде отырғаны абзалырақ
ﻢﻠﺳو ﻪﻴﻠﻋ ﻪﻟا ﻠﺻ ‐ ﻪﻟا لﻮﺳر لﺎﻗ :لﺎﻗ ‐ ﻪﻨﻋ ﻟﺎﻌﺗ ﻪﻟا ﺿر ‐ ﺮﻤﻋ ﻦﺑا ﻦﻋ
ﻦﻬﻟ ﺮﻴﺧ ﻦﻬﺗﻮﻴﺑو ،ﺪﺟﺎﺴﻤﻟا ﻢﺋﺎﺴﻧ اﻮﻌﻨﻤﺗ ﻻ « ﺔﻤﻳﺰﺧ ﻦﺑاو دواد ﻮﺑأ ﻪﺟﺮﺧأ « :‐
Ибн Омардан (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі
болсын) былай дегені риуаят етілген:
«Әйелдеріңді мешітке барудан қайтармаңдар,
бірақ, олар үшін үйлері жақсырақ» (Әбу Дәуд пен Ибн Хузейма).
Бұл – әйел адамның мұсылман қоғамындағы орнын реттеп отыратын және Алла Тағаланың
оған берген жұбайлық және аналық рөліне қатысты өте маңызды хадистердің бірі.
Дініміздің даналығы Алланың әйелдерге жақсы жар және жақсы ана болуды әмір еткенінде
ғана емес, сонымен қатар, Жаратқан Иеміз бізге осыған
қатысты бірсыпыра шариғаттық
үкімдерді берді. Сол үкімдерді орындау арқылы әйел Алланың разылығына жетіп,
жақындарының махаббатына ие бола алады.
Мұның негізі - әйел адамның үйінде отыруы керектігінде және оның үйінде болуы – Алланың
разылығына бастайтын жол. Мешітке парыз етілген жұма намазына немесе абзал болған
жамағат намазына бара жатқан ер адам Раббысының
Рақымына ұмтылғаны секілді, Алланың
әміріне бағынамын деген ниетпен әрдайым үйінде отыратын әйел де, ерлермен
салыстырғанда,бәлендей күш жұмсамай-ақ өзінің Раббысына жақындай түседі.
Бірақ,
сонымен бірге, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) негізін айқын
көрсетіп, ерлердің өз жұбайларына мешітке баруға тыйым салмаулары керектігін айтқан.
Алайда, біз Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл сөздерін қандай да бір
бөлімге қатысты хадистердің бәрінен хабардар күйде шариғаттық үкімдерді шығарған және
өздерінің
білімдеріне сәйкес, белгілі бір шарттар қойған фақиһтердің сөздерімен саралап
түсінуіміз керек.
Біз, иншАлла, әйел адамға қай кезде мешітке баруға болатынын ханафи және шәфиғи
мәзһабтарына сәйкес егжей-тегжейлі баяндап береміз.