Айтыстағы шешендіктің қызметі Серия «Филология». №4(64)/2011



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата24.12.2022
өлшемі0,53 Mb.
#59382
1   2   3   4
Байланысты:
Филология 2011-4-39-45 (1)

«Дитя, я пленился твоей красотой: 
Неволей иль волей, а будешь ты мой». 
«Родимый, лесной царь нас хочет догнать; 
Уж вот он: мне душно, мне тяжко дышать». 
Ездок оробелый не скачет, летит; 
Младенец тоскует, младенец кричит; 
Ездок погоняет, ездок доскакал... 
В руках его мертвый младенец лежал. 
 
М.Жұмабаев аудармасы бойынша: 
«Жараланды жүрегім, 
Ғашықпын, бала, көркіңе. 
Енді маған келерсің! 
Қоймаспын, сірə, еркіңе!» — 
 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


Бейсентай А.Б. 
42 
Вестник Карагандинского университета 
«Жан ата, орман патшасы 
Қуып бізге жетті ғой. 
Келіп қалды мінекей, 
Қысылдым, демім бітті ғой!» 
 
Жолаушы енді қысылып, 
Шаппайды, ұшып келеді. 
Қайғырады нəресте, 
Нəресте жылай береді. 
 
Құйындатып жолаушы, 
Үйіне ұшып келіпті. 
Бірақ оның қолында 
Нəресте жолда өліпті. 
 
Үзіндіден 
байқалып 
тұрғандай, 
М.Жұмабаев 
аудармасында 
шумақ 
құрылымы 
бөлшектенгенімен, көркемдік мазмұн, сюжеттік-композициялық тұрғыдан ешқандай өзгеріс жоқ. 
Диалогтар да, авторлық бейнелеулер де өз орындарын сақтаған, суреттеулер мен диалогтар орысша 
мəтіндегі мазмұндарынан ауытқымаған. 
Осы орайда айта кеткен жөн, Гетенің алғашқы балладаларында махаббат сарындары басымдық 
танытып жататын болса, веймар кезеңіндегі балладаларында ақын ақылмен ұғып болмайтын тылсым 
жайттерді бейнелеуге баса көңіл қояды, сол арқылы жаратылыс құпияларына ақындық қиялмен 
бойлауға ұмтылады, осындай көркемдік мақсатына сəйкес, кейіпкерлерін де табиғатпен біте 
қайнасқан жаратылыс иелері бейнесінде көрсетуге бейіл танытады. Гете шығармасындағы дəл осы 
сипаттар Мағжан аудармасында мейлінше дəл жеткізілген. Бұл жағдайдың өзі аударма барысында 
Мағжанның орысша мəтіндегі көркемдік қасиеттерге нұқсан келтіріп алмауды айрықша құнттағанын 
байқатады. Сонымен бірге неміс ақынының көркемдік-шығармашылық мақсатын М.Жұмабаевтың 
ақындық сұңғыла түйсікпен дəл танығанын айғақтайды. 
Гете поэзиясынан М.Жұмабаев аударма жасаған келесі шығарма «Айрылдым сенен, жан 
сəулем» деп аталады. Бұл тұстағы бір өкінішті жайт — М.Жұмабаевтың бұл өлеңге қай ақынның 
аудармасы арқылы келгенінің əзірше беймəлім болып отырғандығы. 
1985 жылы И.В.Гетенің таңдамалы шығармаларының 2 томдығын шығару барысында орыс 
əдебиетшілері «Орман патшасы» аудармаларының ішінен В.А.Жуковский нұсқасын алып, ал 
М.Жұмабаев аудармасында «Айрылдым сенен, жан сəулем» аталған өлеңнің О.Г.Чухонцев нұсқасын 
таңдауына қарағанда, осы аударманы түпнұсқаға жақын келеді деп есептеуге болатындай. 
Гете өлеңінің О.Г.Чухонцев аудармасындағы нұсқасы: 
Так ты ушла? Ни сном ни духом 
Я не виновен пред тобой. 
Еще ловлю привычным слухом 
Твои слова и голос твой. 
 
Как путник с беспокойством смутным 
Глядит в бездонный небосвод, 
Где жаворонок ранним утром 
Над ним — невидимый — поет; 
 
Как взгляд мой, полный нетерпенья, 
Следит — сквозь чащи — даль и высь, 
Так все стихотворенья 
«Вернись! — безумствуют. — Вернись!» 
 
Берілген мəтін мен Мағжан аудармасын өзара салыстырар болсақ, əр шумақтағы көркемдік 
мазмұн, яғни сезім құбылыстарының бейнелері, өте жақын келетінін көреміз. Мəселен, орысша 
мəтіндегі бірінші шумақта сүйгенінен айрылған жанның сағынышы өзін-өзі ақтау сезімімен («Я не 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


Мағжанның поэзиялық аудармалары 
Серия «Филология». № 4(64)/2011 
43 
виновен пред тобой») ұштаса бейнеленсе, Мағжан аудармасындағы сағыныш құлазу сезімімен 
(«Көруге енді жоқ үміт») астасып беріледі. 
Ал екінші, үшінші шумақтардағы лирикалық кейіпкердің ішкі көңіл-күйінің бейнесі екі 
аудармада да өте ұқсас көрініс тапқан. Тек соңғы тармақтардағы лирикалық кейіпкер əрекетінің 
бейнеленуінде айырмашылық бар. Орысша мəтінде лирикалық кейіпкер сүйгенінің қайта оралуын 
тілек етсе, Мағжан аудармасында сүйгенінен мүлде қол үзгенін айқын сезгендіктен, лирикалық 
кейіпкер ішкі қайғыға жол береді. Лирикалық кейіпкердің соңғы əрекеттерінің осы сипатта көрінуі 
екі аудармадағы көркемдік сюжеттің өрістеуіне лайықты шешім болып табылады. Өйткені орыс 
тіліндегі аудармада лирикалық кейіпкер өзін кінəлі сезінбегендіктен, іштей үміттене алатын болса, 
Мағжан аудармасында оның қандай да бір үмітке еруіне жол жоқ. Сондықтан қайғыға берілуі 
шындыққа сəйкес шешім. 
Байқалып тұрғандай, Гете өлеңінің Мағжан аудармасы орыс тіліндегі аударма мəтінінен 
алшақтамайды. Сезім күйлерінің алмасуын бейнелеуден тұратын сюжет те, өлеңнің ішкі ырғағы да 
сақталған. Тіпті жекелеген детальдардың өзі (жаворонок — торғай, даль и высь — тоғай, қыр т.б.) 
сəл-пəл өзгеріске ұшырағанымен, негізгі мазмұнынан қол үзіп кетпеген. Мағжан аудармасынан 
көрініс тауып отырған бұл сипаттар аударма барысында қазақ ақынының аударылып отырған мəтінге 
тəн көркемдік белгілерін барынша мұқият сақтауды мақсат еткенін аңғартады. Мəтін көркемдігін 
мейлінше дəл жеткізу қандай аудармашы үшін де аса жауапты сын болып табылатынын ескерсек, бұл 
тұрғыда М.Жұмабаевтың аудармашылық шеберлігін кім-кімге де үлгі етуге болары даусыз шындық. 
Жоғарыда сөз болған аудармалар Мағжанды аударма жасау барысында түпнұсқаға сəйкестікті 
айрықша құнттаған аудармашы ретінде танытса, оның аудармашылық тəжірибесінде қазақ ақынын 
экспериментшіл аудармашы ретінде бағалауға да мүмкіндік беретін қызықты туынды бар. Ол — 
«Біраз Фетше» деп аталатын өлең. Бұл туындының қызықты болатын себебі — өлеңнің əрі төл 
туынды, əрі аударма сияқты екіұдай əсер етуі. 
Өлеңді Мағжанның төл туындысы ретінде қабылдауға мүмкіндік беретін себеп — А.Фет пен 
М.Жұмабаев шығармаларының арасында сөздік-мəтіндік сəйкестік жоқ. Бұл тұрғыдан қарағанда, 
«Біраз Фетше» өлеңін М.Жұмабаевтың төл туындысы ретінде тануға болады. 
Ал «Біраз Фетше» өлеңінің аударма іспетті əсер ету себебі — өлеңде А.Феттің «Шепот, робкое 
дыханье» деп басталатын шығармасына тəн көркемдік сипаттар айқын аңғарылады. Айналадағы 
құбылыстарды образды қабылдау ерекшеліктері мен өмірлік шындықты көркем бейнеге айналдыру 
тəсілдері тұрғысынан болсын, яки оқырманға əлдебір тылсым да таза əлемнің суретін қызықтағандай 
əсер ететін эмоционалдық-экспрессивтік қуаты жағынан болсын, тіпті тілдік қолданыстағы əуезділік, 
суреттілік тұрғысынан болсын, аталған екі туындыдан ерекше үндестік, ұқсастық байқалады. Мағжан 
туындысына осы қырынан келсек, оны қазақ ақынының эксперименттік аудармасы ретінде бағалауға 
болады. 
Туындыны эксперименттік аударма ретінде бағалауға мүмкіндік беретін жағдайлардың тағы бірі 
— шығарманы ақынның өзі «Біраз Фетше» деп атауы. Бұл жайт туындының түп негізі А.Фет 
өлеңінде жатқанын анық көрсетеді. Осы орайда еске түсіре кетер болсақ, шығыс əдебиетіндегі 
сияқты, қазақ əдебиетінің тарихында да нəзирашылдық аударма дəстүрі болған. Бұл тұрғыдан келсек, 
«Біраз Фетше» өлеңін ұлттық əдебиетіміздегі назирашылдық дəстүрдің М.Жұмабаев 
шығармашылығы арқылы жаңа кезеңге сай жаңғыруының үлгісі ретінде қабылдаудың да орайы бар. 
Мағжан ақынның А.А.Фет поэзиясына қызығушылық таныту себептеріне байланысты кейбір 
ойларымызды алдыңғы тараушада баяндағандықтан, бұл тұста тек Фет өлеңіне қатысты кейбір 
жайттердің мəнін бағамдау үшін орыс əдебиетшісі Н.Н.Скатовтың: «Фет остался лириком, хотя и 
особого склада». В лирике Фета (во всяком случае, в значительной ее части) есть своеобразная 
первобытность, о которой хорошо сказал В.Боткин: «Такую наивную внимательность чувства и глаза 
найдешь разве только у первобытных поэтов. Он не задумывается над жизнью, а безотчетно радуется 
ей. Это какое-то простодушие чувства, какой-то первобытный праздничный взгляд на явления жизни, 
свойственный первоначальной эпохе человеческого сознания. Поэтому-то он так и дорог нам, как 
невозвратимая юность наша» [9], — деген пікірінде келтірілген ХІХ ғасырдағы орыс өнертанушысы, 
əдебиет сыншысы В.Боткиннің бағасын ескере отыруды жөн көрдік. 
Шындығында да, А.Фет өлеңі мен сол өлеңнен «ғашықтар сыбыры, түнгі жарық, гүл, бұлбұл, 
ессіз аймаласу, көз жасы, таңғы сəуле» сияқты бейнелерді ала отырып, қайта жырланған «Біраз 
Фетше» өлеңін өзара туыстырып тұрған қасиет — табиғат суреттері мен адам сезімдерінің мейлінше 
тұнық, мейлінше табиғи күйінде бейнеленуі. Сондай-ақ екі туындыны өзара жақындастырып тұрған 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


Бейсентай А.Б. 
44 
Вестник Карагандинского университета 
тағы бір қасиет — екі өлеңге де тəн болып келетін көріністер алмасуына негізделген динамикалы 
сюжет, табиғат пен айналадағы əрекет-құбылыстарды адамның сезім-əсерімен ұштастыра бейнелеуге 
негізделген көркемдік мазмұн, поэтикалық образдылықтың шынайылығы. 
Қай тұрғыдан келгенде де, ұлттық əдебиетімізде жаңашыл ізденістерімен бірегей із қалдырған 
М.Жұмабаевтың «Біраз Фетше» туындысы көркемдік-образдылық сипаттары жағынан қызықты 
құбылыс екендігі анық. 
М.Жұмабаевтың аудармашылық тəжірибесінде оның Гете, Гейне, Лермонтов шығармаларын 
аудару үлгісіне қарағанда, бөлектеу сипатымен көрінетін аудармасы — А.В.Кольцовтан аударылған 
«Шалдың үміті» өлеңі. 
А.В.Кольцовтың төрт шумақтан тұратын өлеңінде бейнеленген кейіпкердің арманы, аңсар 
сезімдері, кейіпкер қиялындағы сурет-көріністер, көңіл-күйіндегі өзгеріс-құбылулар Мағжанның үш 
шумақтан тұратын аудармасында толық берілген. Алайда Мағжан-аудармашы түпнұсқадағы тармақ, 
шумақ санын, буын, бунақтар өлшемін, соған сəйкес келетін өлең ырғағын сақтамаған. 
Үстірт қарағанда, бұл жағдай қазақ ақынының аударма барысында еркіндікке жол беруі сияқты 
əсер ететіні шындық. Десек те, Кольцов шығармасының жанрлық басты ерекшелігі əуенділік, 
əуезділік, əнге бейімділік болып табылатынын ескерсек, Мағжан-аудармашының бұл «еркінсуін» 
шығармашылық тапқырлық ретінде бағалаған орынды. Өйткені Кольцов өлеңі орыстың халықтық 
əуендеріне салып айтуға бейім болса, Мағжан аудармасындағы өлең мəтіні мазмұнына сəйкес келетін 
қазақтың халық əндерінің кез келген əуеніне үндесе кетеді. Демек, бұл тұста Мағжан-аудармашы 
түпнұсқаның сырт пішінін сақтаудан гөрі, өлеңнің көркемдік мазмұнын айқындай жеткізуге ықпалы 
тиетін музыкалық қасиетіне ден қоюды дұрыс санаған. 
Мағжан аудармасындағы осы ерекшеліктен туындайтын тағы бір қызықты құбылыс назар 
аудартады. Ол — Кольцов өлеңіндегі лирикалық кейіпкер — орыс қартының жаратылысына тəн 
орыстық мінез-қасиеттердің Мағжан аудармасында қазақыланып кетуі. Мағжан аудармасындағы шал 
— қазақша армандап, қазақша қиялдайтын, қазақша өкініп, қазақша тəубаға келетін шал. 
Салыстырып байқалық: 
А.В.Кольцов өлеңіндегі қарт арманының бейнесі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет