Профориентационная работа в школе



Дата12.04.2023
өлшемі0,97 Mb.
#81928
Байланысты:
айналадағы

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

  • Тақырыбы: Айналадағы әлем пәннің басқа пәндермен байланысын
  • Топ СП-21-114-10
  • Дайындаған: Бейлхан Ж
  • Тексерген: Алипбаева Гульжан Агыбаевна

Жоспар: 1.Кіріспе 2. Оқытудың әдістемелік ерекшелігі 3. Айналадағы әлем басқа пәндермен байланысы

Кіріспе

  • «Қоршаған әлем» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен (оқу құралы және мұғалімге арналған әдістемелік құрал) Үлгілік оқу жоспары мен Үлгілік оқу бағдарламасының негізінде әзірленді және зерде даму бұзылыстары бар оқушылар үшін жаңартылған білім беру мазмұнын іске асырудың тұжырымдамалық тәсілдерін көрсетеді. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін жаңарту оның сапасын арттыруға, қазіргі заманғы қоғамның талаптарына барабар жаңа білім беру нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған. Ұлттық арнайы білім беру жүйесін жетілдіру жағдайында оқытудың басты мақсаты – айналадағы адамдармен өзара әрекеттесуге және әртүрлі өмірлік жағдайларда өнімді іс-қимыл жасауға қабілетті әлеуметтік бейімделген тұлғаны қалыптастыру.

Айналадағы әлем пәнінің оқытудың ерекшелігі

  • Айналадағы әлем» – ерекше пән. Оны зерттеу сабақтарды ұйымдастырудың дәстүрлі емес формаларын қолдануды, сыныптан тыс өткізілетін сабақтардың рөлін күшейтуді қажет етеді (мектеп алаңында, экологиялық жолда, табиғат бұрышында, саябақта, мұражайда, жас натуралистер станциясында және т.б.). Пәнді оқытудың формалары мен әдістері әртүрлі. Қоршаған әлемді зерттеу ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың жеке тұлғаның әртүрлі аспектілерінің дамуына, ең алдымен, оның ақыл-ой және тілдік дамуына пайдалы әсер етеді. Табиғатты, әлеуметтік әлемді тану үдерісінде сенсорлық үдерістер, ойлау, сөйлеу жетілдіріледі, танымдық белсенділік дамиды.Зерде даму бұзылыстары бар балалардағы қоршаған шындық туралы ақпарат көлемі шектеулі болғандықтан, олардың сөздігі де әлдеқайда жұтаң. Осыған байланысты сабақтарда ауызша сөйлеуді дамыту бойынша жұмыс маңызды орын алады..

Қоршаған айналаны оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері:

  • оқушыларға дүние туралы (көркем, аңыздық, т.б. түсініктер мен байытылған дүниенің ғылыми бейнесі); оқушылардың қалыптастыруы тиіс әрекет түрлері (оқу, еңбек, ойын, қарым-қатынас т.б.); дүниені танып білудің әдіс-тәсілдері (логикалық, ғылыми) туралы білім, білік-дағдыларды меңгертумен бірге оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту болып табылады.

Айналадағы әлем басқа пәндермен байланысы

  • Қоршаған айналаны оқыту әдістемесі пәні жоғары сыныптарда өтілетін физика, химия, биология, география, астрономия сияқты пәндердің алғы шарттары. Бастауыш сыныпта алынған осы ғылымдар төңірегінде алған білімдері жоғары сыныптарда дамытылады.
  • «Дүниетану», «Қоршаған айнала» пәндері «Адам», «Қоғам», «Табиғат» деп аталатын үш ірі бөліктен (блок) құралады. Бұл айналадағы дүние туралы балада біртұтас көзқарас қалыптастыру және онда адамның орны мен ролін түсінуге көмектеседі
  • Әр блокта мазмұны күрделеніп отырады. Қоршаған айнала пәні арқылы оқушы алғашқы тірі және өлі табиғат, табиғаттағы құбылыстарды, дене мен заттар, олардың әрқайсысына тән қасиеттерін, олардың адамдарға қажеттілігі туралы біледі.

Оқытылу кезеңдері

  • 1 - сынып Қатты, сұйық, газды заттармен танысу; Қыздыру барысында дене көлемінің ұлғаюы; термометрмен танысу. Су. Суды сүзу, мұзға айналуы, булануы, тұманның және шықтың пайда болуы
  • Тұздың еруі мен кристалдануы; ауа құрамындағы су. Ауа, ауаның серпімділігі, қысымы, қозғалысы; Ауа құрамы және тыныс алу және жану кезіндегі ауаның өзгеруі. Топырақ, топырақтың құрамы; тау жыныстары (қарапайым физикалық қасиеттері)
  • 2 - сынып Тұқым, тұқымның құрылысы, құрамы және өнуі. Сабақ, сабақ түрлері және атқаратын қызметі. Бүршік. Тамыр, түрлері және қызметтері; тамырдың түрөзгерісі.
  • Жапырақ, құрылысы мен түрлері. Гүл,түрлері, құрылысы мен бөліктерініңатқаратын қызметтері. Жемістер, түрлері мен таралуы.

3- сыныпта

  • Адам қаңқасы және оның құрамы. Сүтқоректілер, құстар мен балықтардан айырмашылығы. Ас қорыту мүшелері; Қан айналу мүшелері; тыныс алу мүшелері; Сезім мүшелері. Тері жабыны. Осы бағдарлама «табиғаттану» курсы атауымен мектеп бағдарламасына мықтап енді, онда білім «табиғаттың үш патшалығы» бойынша жүргізілді. Қоршаған айналаныдың бастауыш мектепке арналған барлық оқулықтары осы нұсқа бойынша құрастырыла бастады. 1902 жылдың күзінен бастап бағдарлама барлық мектептерге толық енгізілді. Курс бастауыш мектепте «Табиғаттану» деп атала бастады. Оқу материалы төмендегідей жүйеленді:
  • Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет