Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық


Сурет 1 – Басқарудың негізгі категорияларының өзара



Pdf көрінісі
бет13/79
Дата24.12.2022
өлшемі1,45 Mb.
#59426
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   79
Сурет 1 – Басқарудың негізгі категорияларының өзара
байланысы 
Сонымен басқаруды шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген 
мақсатқа сай басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған 
шынайы ақпарат негiзiнде талдау жасап, нәтижесiнiң қорытындысын шығару 
әрекетi деп түсiндiруге болады.
Биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер басқару объектісі бола 
алады. Мемлекет, облыс немесе аудан масштабында қызмет атқаратын білім 
беру жүйесі әлеуметтік жүйенің түрлерінің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін басқару субъектісі 
ретінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі, обылыс пен 
қаладағы білім басқармасы, сонымен бірге аудандық білім бөлімі қатысады, 
мұнда «білім берудегі менеджмент» ұғымының қолданылуы заңды, ол білім 
берудің барлық деңгейлеріндегі (мектепке дейінгі, мектеп, орта білім, жоғары 
білім) менеджментті түсінуді және жете ұғынуды көрсетеді.
Осы жағдайда білім беру жүйесін басқару субъектісі Қазақстан 
Республикасы білім және ғылым Министрлігі, облыстағы білім беруді 
басқару департаменті, аудандық немесе қалалық білім бөлімі. 
Мектепті басқару мәселесіне арналған зерттеулерде (Э.Г.Костяшкин, 
Ю.А.Конаржевский, В.П.Стрезикозин, П.В.Худоминский, Т.И.Шамова, 
Н.Д.Хмель, Н.Н.Тригубова және т.б.) мектепті басқарудың мәні ашып 
көрсетіледі.
Басқару еңбегіне ғылыми ұйымдастыру жүйесін енгізу бойынша 
жұмыстар іске асырылуда (И.П.Раченко, Ж.Б.Умирбекова, Г.А.Уманов, 
Г.Т.Хайруллин және т.б.), ғылыми практикаға енгізу (Ю.К.Бабанский, 
А.А.Бейсенбаева, 
Л.И.Гусев, 
В.И.Журавлев, 
В.И.Загвязинский, 
Б.А.Койшибаев, 
В.В.Краевский, 
Г.Л.Лукпанов, 
М.Н.Скаткин, 
Мәдениет, білім, саясат, дін 
Басқару объектісі 
Тура 
байланыс 
Кері 
байланыс 


29 
Я.С.Турбовский және т,б,); біліктілікті көтеруді ұйымдастырушы бойынша
(Я.С.Бенцион, Г.И.Горская, Л.С.Коробкова, Ш.Т.Таубаева, В.П.Топоровский 
және т.б.); Қазақстанда педагогикалық кадрлар біліктілігін көтеру жүйесін 
дамыту тарихы бойынша (Б.А.Альмухамбетов және т.б.); мектептің дамуын 
басқарудың инновациялық аспектісі М.М.Поташкина, В.С.Лазарева, 
Л.И.Моисеева, И.И.Цыркуна, Н.Р.Юсуфбековой және т.б. еңбектерінде 
қарастырылады.
Жалпы білім беретін мектеп динамикалық әлеуметтік жүйе ретінде 
мектепішілік басқару объектісі болып табылады.
В.А.Сластениннің пікірінше мектепті басқаруда жалпы білім беретін 
мектептің жүйе асты ретінде қатысатын, жеке компоненттерін немесе 
бөлімдерін бөліп көрсету қажет. Тұтас педагогикалық үрдіс, сынып-сабақ 
жүйесі, мектептің тәрбие жұмысының жүйесі, оқушыларға эстетикалық 
тәрбие беру жүйесі, кәсіптік бағдар беру жүйесі осындай жүйе асты болып 
табылады. Жеке жағдайда жеке оқушыларды жүйе асты басқару мектепішілік 
басқарудың мәні мен мазмұнын құрады.
Менеджмент қажеттілігі бизнестің барлық түрлерімен қатар, адам 
қызметінің кез келген түрін де қамтиды. Ұйым ерекшеліктеріне байланысты 
ықпал жасау объектілері сан алуан түрлі болғанымен, барлық менеджерлер 
бірдей ресурстармен әрекет етеді. Мұндай ресурстарға кадрлар, қаржы, 
шикізат ресурстарын және еңбек құралдарын жатқызуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет