Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық


 Ғылыми-әдістемелік кеңес, оның мақсаты, міндеті, қызметі және



Pdf көрінісі
бет38/79
Дата24.12.2022
өлшемі1,45 Mb.
#59426
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   79
2. Ғылыми-әдістемелік кеңес, оның мақсаты, міндеті, қызметі және 
өкілеттілігі. Ғылыми-әдістемелік кеңес – педагогикалық әрекетке 
шығармашылық тұрғыдан келуге ықпал ететін мектепішілік басқарудың 
педагогикалық коллегиалдық органы. Мектептің әдістемелік кеңесінің 
жұмысы бір жылға жоспарланады. Аталған орган мектептің әдістемелік 
кеңесінің жұмысын жоспарлауға және бекітуге қатысады. Мұғалімдерді 
педагогикалық әдебиеттердегі жаңалықтар, озық педагогикалық тәжірибе 
туралы ақпаратпен қаруландыра отырып, әдістемелік бюллетеньдер 
шығарады.
Әдістемелік кеңес туралы ереже педагогикалық кеңестің шешімі мен 
мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі. Мектептің әдістемелік кеңесі 
шешетін міндеттер: - мектептің оқу-тәрбие процесі мен әдістемелік 
жұмысының жағдайын анықтау; - оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 
жаңа педагогикалық технологияларын жасау; - тұрақты және уақытша 
шығармашылық 
топтар 
мен 
басқа 
мұғалімдердің 
мұғалімдердің 
бірлестіктерінің жұмыстарын құру және ұйымдастыру. Жоғарыда аталған 
міндеттерге сәйкес мектептің әдістемелік кеңесінің жұмысының мазмұнын 
қарастырайық: - оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етудің мақсаты 
мен міндеттерін қалыптастыру; - педагогикалық кадрлардың біліктілігін 
арттырудың мазмұны, формалары мен әдістерін анықтау; - педагогикалық 
кадрлардың әдістемелік оқуларын жоспарлау, ұйымдастыру және реттеу, 
оның нәтижесін талдау мен бағалау; - оқу-тәрбие процесі мен әдістемелік 
оқуды әдістемелік қамтамасыз етумен байланысты педагогикалық 
мәселелерді шешу; - мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекеттері мен озық 
педагогикалық тәжірибелерін зерттеу, насихаттау, тарату бойынша шаралар 
жүйесін жасау.
Әдістемелік кеңестің функциялары: - түрлі мамандық мұғалімдерін 
біріктіретін әдістемелік кеңестер, кафедралар жұмысын үйлестіреді және 
бақылайды; - шешімі білім беру мекемелерінің оқушыларының тиімділігі мен 
нәтижелілігіне ықпал ететін өзекті мәселелерді талқылайды; - жеке 
педагогикалық 
ұжым, 
әдістемелік 
бірлестіктер, 
кафедралардың 
жұмыстарының нәтижелілігін зерттеуде әдістемелік бірлестік жетекшілеріне 
көмек көрсетеді; - мұғалімдердің кәсіби шеберліктері мен шығармашылық 
әлеуетін жетілдіруге ықпал ету.
Әдістемелік кеңестің мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда түрлі әдістер, 
формалар, тәсілдер қолданылады. Әдіс – бұл жол, шындыққа жақындау 
тәсілі. Оқыту мен тәрбиелеу әдістері білім беру мақсатына жету бойынша 
әрекеттің 
реттелген 
тәсілі 
болады. 
Форма 

мазмұнның 
ішкі 
ұйымдастырылуы, технологиялық процестің циклдарының конструкциясы. 
Әдістемелік кеңестерде қолданылатын негізгі әдістер: - сөздік әдістер (дәріс, 


77 
әңгіме, түсіндіру, әңгімелесу, пікірталас, кітаппен жұмыс); - көрнекілік 
әдістер (салынған көрнекілік, фото-, кино-, телематериалдарды көрсету, 
компьютерлік құралдар); - практикалық әдістер (мұғалімдердің әрекеттері, 
түрлі жағдаяттарды модельдеу, оқу-тәрбие процесінде мұғалімдердің 
практикалық әрекеттерін бақылау). Сонымен қатар, түсіндірмелі-
иллюстративті, репродуктивті және продуктивті, ізденістік, зерттеушілік 
және шығармашылық әдістер де қолданылады. Түрлі әдістер мен тәсілдер, 
формаларды қолданылуына байланысты өткізіліп жүрген әдістемелік 
кеңестерді үш топқа бөлуге болады: - дәстүрлі (өктемдік, догматикалық); - 
заманауи қарқындарылған (жетілдірілген, түрлендірілген); - дәстүрлі емес 
(балама).
Дәстүрлі әдістемелік кеңестер (баяндама жасау негізінде) сөздік 
әдістердің басым қолдануылуымен, мазмұнның дәстүрлі сипатымен, 
әкімшіліктің мұғалімдермен өктемдік стильде қарым-қатынас жасауымен 
ерекшеленеді. Дәстүрлі әдістемелік кеңестің заманауи қарқындандырылған 
формасы семинар-практикум болып табылады. Семинар мұғалімдердің 
біліктілігін артыру үшін қолданылады. Семинарда қарастырылатын 
мәселелер алдын-ала айтылады да мұғалімдер қосымша әдебиеттер бойынша 
дайындалады. Семинарға қатысушылардың барлығы да мәселелерді белсенді 
талқылаулары қажет. Әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда мұғалімдердің 
әрекеттерін қарқындататын формалар қолданылуы мүмкін. Ондай 
формаларға ашық сабақ немесе шара, сабақ пен шаралардың модельдерін 
көрсету, бейне материалдарды қолдану, білім беру процесінің нәтижелері 
мен балалар әрекетінің нәтижелерін мазмұндау. Соңғы уақытта кеңінен 
тараған дәстүрлі емес әдістемелік кеңестердің негізгі формалары ұжымдық 
шығармашылық іс формасындағы іскерлік ойын, «дөңгелек үстел», 
пікірталас, пікірсайыс, конференция, шығармашылық есеп, презентация, 
аукцион, фестиваль. ҰШІ (ұжымдық шығармашылық іс) формасындағы 
әдістемелік кеңес алға қойылған мақсатқа жету үшін барлық мұғалімдердің 
ынтымақтастық әрекеттері қажет. Ұжымдық шығармашылық іс теориялық 
және практикалық мәселелерді іздестіруге белсендіру және жаңаша сонылы 
шешу үшін қолданылады. Ұжымдық шығармашылық іс формасында 
жүргізілетін әдістемелік кеңестердің тиімді жақтары біршама. Атап айқанда: 
- бүкіл ұжымның бірігіп күш салуын талап ететін бірыңғай мақсаттарды 
саналы түсіну; еңбекті бөлісу (әрекет процесінде ұжым мүшелерінің 
арасында өзара тәуелділік қарым-қатынасы пайда болады; - өзара бақылауды 
жүзеге 
асыру; 
тақырыпқа 
қызығушылықтың 
алғышарты 
ретінде 
әріптестердің іскерлік қарым-қатынасы. Әдістемелік кеңес-презентация жаңа 
бағдарламалар, оқулықтар, оқу кабинеттері, әдістемелік әдебиеттерді ресми 
түрде таныстыру үшін қолданылады. Әдістемелік кеңес-сайыстың мақсаты – 
педагогикалық ұжымдағы шеберлік сайыстарының қорытындысын шығару. 
Әдістемелік кеңес-конференция - мектеп педагогтерінің белсенді 
қатысуымен белгілі бір тақырыпты талқылау. Нәтижесінде педагогикалық 
ұжымның мүшелері өзара шығармашылық тәжірибелік алмасады. 


78 
Әдістемелік кеңес-аукцион белгілі бір мәселені шешу үшін көптеген 
идеяларды (әдістемелерді, әдістемелік тәсілдерді) қарастырады. Мұғалімдер 
неғұрлым тиімді идеяларды «сатып алады». Әдістемелік кеңес-аукцион 
«жобаны 
қорғау» 
түрінде 
өткізу 
мұғалімдердің 
бастамаларын, 
шығармашылығын, қайталанбас тәжірибе (форма, тәсіл) көрсетуді, өздерінің 
оқыту бағдарламаларын қолдайды. Аукционды дұрыс ұйымдастыру 
маңызды. Әдістемелік кеңес-аукционға қатысушыларды мүмкіндігінше бір-
бірін көріп отыра алатындай орналастырған дұрыс. Қатысушыларды 
осылайша 
үшұрыштап 
отырғызу 
неғұрлым 
көп 
қатысушыларды 
орналастыруға және жетекшілердің орнының бөлек болуына (комиссия, әділ 
қазылар 
алқасы) 
ыңғайлы. 
Әдістемелік 
кеңес-фестиваль 
түрліше 
көркемделіп, рәсімделген оқытудың формасы, әдістері, тәсілдері, құралдарын 
көрсететін кең көлемді қоғамдық шара болып табылады. Әдістемелік кеңес-
іскерлік ойын – әрбір қатысушыға жеке рөл бөлініп оқытатын форма. 
Іскерлік ойын адамдардың өзара қарым-қатынастарының күрделі мәселелерін 
талдауға және шешуге үйретеді. Бұл мәселелерді талқылау кезінде 
қатысушылардың өзара қарым-қатынастары, дауыс ырғақтары, ым-
ишаралары, интонациялары маңызды. Іскерлік ойындардың бір формасы – 
«миға шабуыл». Әрбір мектеп өз мұғалімдерінің әлеуетіне байланысты 
әдістемелік кеңесті түрлендіріп өткізе алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет