№6 Практикалық сабақ тақырыбы: Бастауыш сынып мұғалімнің кәсіби қызметін ұйымдастыруда әдістемелік жұмысты дамыту жолдары Мұғалімнің басты рөлі – тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-жақты зерттелетін, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру. Осыған орай, нәтижеге бағытталған жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне ауысу білім беруді басқару жүйесіндегілерден мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда жаңаша көзқарасты, ал мұғалімдерден негізгі кәсіби құзырлылықтарын дамытуды талап етеді.
Бастауыш мектепте оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, оның жеке тұлғалық еркіндігін дамыту концепциясы баланы тұлға ретінде қалыптастырудың ең тиімді механизмі ретінде сипатталады. Ал жеке тұлғаның еркіндігі оқу әрекеті жағдайында субьектілер қарым- қатынасын жүзеге асыру арқылы орындалады.
Білім берудің негізі өзінің және қоғамның мүддесінде өзін- өзі белсендіруге дайын өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру болса,педагогикалық құзіреттілікті дамыту, үнемі іздену – мұғалімнің басты міндеті болып табылады.
Мұғалімнің барлық ақпаратты жағдайлардан хабардар болуы, азаматтылығы мен елжандылығы.Ең бастысы, өзінің Отаны- Қазақстанның патриоты болу, азаматтық белсенділігін көрсету.
Еліміздің болашағы қазіргі білім беру жүйесіне, оның негізгі сатысы орта мектептердегі оқу – тәрбие ісінің нәтижесіне келіп тіреледі. Кез келген сабақты шығармашылық -әдістемелік амал- тәсілдермен түрлендіріп өткізу үшін әрбір мұғалім теориялық және әдістемелік шеберлігін пайдаланады.
Сондықтан да, мектепте мұғалімдердің шеберлігін арттырып, шыңдай түсу үшін әуелі әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруға баса көңіл аударылады.
Мектебімізде мұғалімнің әдістемелік шеберлігін арттыруға ерекше ықпал жасап, көмек көрсетіп отыратын негізгі орталық - әдістемелік кабинет жұмыс істейді. Кабинеттің жабдықталуы заман талабына сай «Әдістемелік көмек», «Озат тәжірибе – ортақ іс», «Сынып жетекшілерге көмек», «Жаңа технология - сабақта» т.с.с бөлімдерге бөлінеді.
Жас ұрпаққа егеменді еліміздің тұтқасы болатын жан – жақты дамыған азамат етіп тәрбиелеу жаңа ғасырдағы мұғалімдер алдындағы міндет.
Мектеп жұмыстарының ішінде ең басты мәселелердің бірі – педагогикалық ұжымға ғылыми тұрғыдан сауатты басшылық жасау. Мектеп жұмысын меңгеріп, зор жауапкершілікпен жүзеге асыратын тұлға директор және оның орынбасарлары. Ұстаз тұлғасына қойылатын талаптар әрқашанда жоғары болатыны белгілі. Үздіксіз біліктілікті көтеру - әр педагог үшін бүгінгі таңның басты міндеті, талабы. Білімді жетілдірумен әркім өз еркімен шұғылдануы тиіс, себебі бар білім дамымалы жағдайда тез ескіреді, яғни білімді жаңартып отыру өте қажет. Бастауыш сынып мұғалімдеріне білімдерін жетілдіріп отыру, үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби деңгейін ұдайы көтеріп отыру, олардың теориялық білім мен әдістемелік білігін үздіксіз жетілдіру, оқытудың озық әдіс – тәсілдерімен қарулана отырып, шығармашылық жұмыстарына жол көрсету, яғни мұғалім мамандығын жетілдіру нәтижеге бағытталған әдістемелік жұмыстың негізгі міндеті болып табылады. Мұғалімнің кәсіптік деңгейін көтеру мектептің әдістемелік жұмысының негізгі саласы болып саналады.
Бәсекеге қабілетті экономикасы қоғамдық жаңаруға негізделген жан- жақты білім беру жүйесі керек десек, оның алғашқы ізденістері, іргетасы мектептен басталады. Қазіргі уақытта қоғам мұғалімдерден жан- жақтылық, іс- әрекетіндегі жүйелілікті талап етіп отыр. Мұғалімдердің осы талаптар тұрғысынан табылуы кәсіби даярлығын, шеберлігін шыңдайтын әдістемелік кеңес жұмысына байланысты.
Бастауыш сыныптың әдістемелік бірлестігінде «Оқытудың жаңа педагогикалық – инновациялық технологияны қолданып, мұғалімнің кәсіби құзіретін жетілдіре отырып, жан – жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру» тақырыбында жұмыс жасаймыз.
Ұстаздардың кәсіптік шеберлігін арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргізе отырып, оқушыларға терең де тиянақты білім беру. Оқу үрдісіндегі жаңа технологияларды зерттеу, қолдану, шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздар еңбегін тарату, жас мамандарға көмек көрсету.
Ұйымдастырылған құрылым мұғалімдердің білімін, кәсіптік деңгейін, шеберлігін жетілдіру жолдарын жүзеге асырады. Әдістемелік кеңес жанынан оқу- тәрбие жүйесінде мұғалімдердің шығармашылық ізденістері мен зерттеу жұмыстарына жағдайлар жасау, шығармашылығы шыңдалған мұғалімдерден «»Ізденіс орталығы құрылды.
Білім жүйесін дамытуға байланысты мұғалім еңбегін зерттеп, саралап, шеберліктерін шыңдау мақсатымен түрлі семинарлар, шығармашылық есептер мен пән олимпиадалары, апталық, ашық сабақтар, пікір алмасулар өткізіп тұру .
Мектепте педагогикалық шеберлікітерін аттыру мақсатында ұйымдастырылған жұмыстардың нәтижесінде мұғалімдер төмендегідей көрсеткіштерге қол жеткізеді:
әдіс-тәсілдерді іздейді, теория жүзінде оқиды, танысады, салыстырады.
үйрене, таныстыра жүріп өзі біртіндеп меңгереді, үйретеді.