Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық


Мектеп құжаттары және олардың мектепті басқарудағы рөлі



Pdf көрінісі
бет34/79
Дата24.12.2022
өлшемі1,45 Mb.
#59426
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   79
3. Мектеп құжаттары және олардың мектепті басқарудағы рөлі. 
Мектепте жоспардан басқа құжаттар да жүргізіледі, оларды үш топқа бөлуге 
болады: оқу-педагогикалық құжаттар, мектепішілік ақпараттар және қаржы-
шаруашылық құжаттар.
Оқу-педагогикалық құжаттарға жатады: 
- журналдар: сынып журналы, факультативтік сабақтар журналы, ұзақ 
күн топтары журналы, өткізілмеген және өткізілген сабақтар журналы;
- кітаптар: оқушылардың алфавитті жазылу кітабы; берілетін 
бланктерді тіркеу кітабы (орта білім туралы аттестаттар үшін жеке, негізгі 
басқышты аятағаны туралы куәліктер үшін жеке), «Алтын белгі»-ні тіркеу 
кітабы, мақтау грамоталары мен мақтау қағаздарын тіркеу кітабы, мектептің 
педагогикалық қызметкерлерінің жеке құрамын тіркеу кітабы, кіріс және 
шығыс қатынас қағаздарын тіркеу кітабы және адамдардың ескерту және 
ұсыныстар кітабы;
- оқушылардың жеке іс-қағазы;
- оқушыларға белгілі бір мандықты меңгеруі туралы куәліктер беру
ведомосі (бастауыш кәсіптік білім беруді оқыту ұйымдастырылған 
мектептерде);
- жоғары тұрған органдардан келген бұйрықтар, жарлықтар мен бақа да 
бақаратын-ақпараттық құжаттар;
- мектептің аттестация бойынша материалдары, мектептің білім беру 
іс-әрекетіне лицензия;
- мектепті тексеру нәтижелері туралы актілер, анықтамалар көшірмесі, 
мектептің статистикалық есептерінің көшірмесі;
- білім беруді және басқа да ұйымдарды басқарудың жоғары тұрған 
органдарымен хат алысу.
Мектепішілік ақпарат ауызша және жазбаша болса да маңызды орын 
алады. Бұл ақпарат уақыт аралығы бойынша оперативті (күнделікті, апталық, 
ай сайынғы), тоқсандық және жылдық болып ажыратылады.
1) Күнделікті оперативті ақпарат пән мұғалімдерімен, сынып 
жетекшілерімен, оқушылар және олардың ата-аналарымен әңгімелесу, 
бақылау, сонымен бірге сынып журналын және мектепішілік басқа да 


70 
құжаттардың түрлерін зерттеу нәтижесінде қалыптасады. Ол оқушылардың 
оқу үлгерімі мен сабаққа қатысуы, олардың пәндері, мектептің санитарлық 
жағдайы, оқу бөлмелері, оқу шеберханалары және т.б. туралы мәліметтерден 
тұрады. Күнделікті ақпарат басқару шешімдерін оперативті қабылдауға 
пайдаланылады.
2) Апталық оперативті ақпарат директордың оқу-тәрбие жұмыстары 
жөніндегі орынбасарымен дайындалады. Ол апта бойы мұғалімдерден, 
сынып жетеекшілерінен және т.б., оперативті жиналыстардағы пікір алмасу 
нәтижесінен түскен мәліметтерді ескереді. Апталық ақпарат ерекше 
бақылауда болған, жеке оқушылар мен жеке сынып оқушыларының оқу 
үлгерімі мен сабаққа қатысуы, сонымен бірге сыныптан және мектептен тыс 
шаралар, сынып журналын, оқушылар дәстері мен күнделіктерінің жүргізілу 
жағдайы бойынша туралы мәліметтерден тұрады.
3) Ай сайынғы оперативті ақпарат апталық ақпараттарды 
қорытындылалап, оларды толықтырады. Ол оқу бағдарламасының 
орындалуы, пән мүғалімдері жұмысының сапасы, жеке сыныптар бойынша 
оқу үлгерімі, сабаққа қатысуы, пәндері, арнайы тексеру және бақылау 
жұмыстары, оқушылардың қоғамдық ұйымдары туралы мәліметтерден 
тұрады.
4) Тоқсандық ақпаратты сынып және оқу пәндері бойынша оқу 
үлгерімі жөнінде мұғалімдер мен сынып жетекшілері жазбаша дайындайды.
Оны жұмыстағы айқындалған кемшіліктерді жою жолдарын анықтау
мақсатында мектеп дирекциясы талдайды, педагогикалық және әдістемелік 
кеңесте (пән бірлестіктері) талқыланады.
5) Жылдық ақпарат тоқсандық ақпараттар мәліметтері, бітіруші және 
көшу емтихандарының нәтижесі негізінде қалыптасады, оқушылардың 
тәрбиелілік және білімділік деңгейінде динамиканы айқындауға мүмкіндік 
береді. Осы ақпараттар жалпы мектептің жылдық жұмыс жоспарының 
аналитикалық бөлігін құрастыруға пайдаланылады.
Сонымен бірге қаржы-шаруашылық құжаттары жүргізіледі, ол өзіне 
енгізеді: мектептің техникалық паспорты, мұғалімдердің тарификациялық 
тізімі, негізгі құралдардың инвентарлы тізімі, қойма материалдарын тіркеу 
кітабы, аса құнды емес және тез тозатын заттар қозғалысын оперативті 
тексеру ведомосі, мектептің кітапхана қорының инвентарлы кітабы, 
материалдық құндылықтарды жаңарту актілері.
Мектеп құжаттарын дәл ұйымдастыру және дұрыс жүргізу тиімді 
мектепішілік басқарудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.
Көрсетілген құжаттар өз уақытында және оны жүргізу бойынша әрекет ететін 
нұсқауға сәйкес толтырылуы тиіс. Сонда ғана мектеп ұжымы іс-әрекеті 
бағыттары бойынша нақты ақпараттарды еш кедергісіз алуға болады, ол іс 
жағдайын обьективті бағалауға және дәлелденген басқару шешімдерін 
қабылдауға қажетті қолайлы мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет