30
9 Зертханалық жұмыс
№ 9. Процестерді басқаруға арналған
командалар
Жұмыстың мақсаты: процестерді басқару.
Жұмыс тапсырмалары
1) Процестің идентификаторын анықтау.
2) Процестің орындалуын тоқтату.
3) Графикалық бағдарламаның орындалуын тоқтату.
4) Компьютерде орындалып жатқан процестер
туралы ақпараттарды
экранға шығару.
9.2 Теориялық мәліметтер
Linux операциялық жүйесінде кез-келген процестің жекеленген номері
болады. Оны процестің идентификаторы (PID) деп атайды. Процестің
идентификаторы білу процесті аяқтау үшін қажет.
Процестің идентификаторын (PID) анықтау үшін
процестің ps
идентификаторын анықтау командасын қолданады. Егер барлық процестердің
тізімін жіберу керек болса, онда –e параметрі қолданылады:
ps –e.
Аталған ps –e командасы PID-процесті, терминал аты,
команданың
орындалуына кеткен уақытты шығарады.
Процестің орындалуын аяқтау үшін kill командасын қолданады: kill
. Процесс басқа да процестерді жүктей алады. Процесс пен оның
барлық ішкі процесстерінің орындалуын аяқтау үшін kill командасының -9
параметрі қолданылады:
kill -9
kill командасынан басқа killall командасы бар,
оның ерекшелегі
процестің орындалуын номері бойынша емес, аты бойынша тоқтатады.
Графикалық бағдарламалардың орындалуын тоқтату үшін xkill
командасын қолдану керек. Оны жүктеу үшін Alt+F2 қолданылады, ашылған
сұқбат терезеде xkill командасын енгізіп, Enter пернесін басамыз.
Компьютерде орындалып жатқан процестер туралы ақпараттарды
экранға шығару үшін top командасы қолданылады. Ол экранға мынадай
мәліметтерді шығарады:
жүйенің жұмыс жасау уақыты – time;
тіркелген пайдаланушылар саны – users;
жүйені жалпы жүктеу - load average;
31
тапсырмалар туралы ақпараттар: барлығы – total, орындалып жатқан
процестер саны – running, күту режимі –
sleeping, барлығы – тоқтатылған
режим – stopped, зомби-процестердің саны - zombie;
жедел жады (Mem) туралы ақпарат: барлығы – total, пайдаланылғаны
– used, бос жады көлемі – free;
бөліктерді пайдаланғаны туралы ақпарат – Swap;
процестер (Pid) туралы ақпарат: пайдаланушы аты – user, приоритет-
ni, пайлдаланылған жады көлемі - % mem.
Достарыңызбен бөлісу: