6
MBR-ге орнатсаңыз, Windows-тің MBR-н қалпына келтіруіңізге тура келеді.
Сондықтан LILO –ны өз бөліміндегі 1- ші секторға орнатқан жөн;
1.3.5 инсталляция біткен соң Linux-ты жүктеуші
дискета көмегімен
жүктеңіз. Егер сіз Lilo-ны Linux-тың бөліміне орнатсаңыз және MBR-ге
тиіспесеңіз, Linux-ты жүктейтін басқа мүмкіндігіңіз жоқ;
1.3.6 Linux-тың жүктеуші секторын файлға көшіріңіз. Ол Windows
NT/2000 жүктеушісі Linux-ты жіберуі үшін керек. Ол үшін таза дискетада
монтировка жасау керек.
1.3.7 Мысалы: [root]#mount-t vfat/dev/fdal/mnt/floppy жасап /mnt/floppy
каталогына көшу керек. [root]#cd/mnt/floppy келесі команданы орындау керек:
[root]#dd if=/dev/hda3 of=/mnt/floppy/bootsect.Inx bs=512 count=1
бұл команда дискінің жүктелу секторын былай жазуға мүмкіндік береді:
/dev/hda3-ті /mnt/floppy/bootsect.Inx файлына жазады.
Айта кететін бір жайт,
егер диск С:(/dev/hda1) Fat жүйесінде форматталса, онда бірден bootsect.Inx
файлын түпкі каталогта құруға болады. Егер бірінші бөлім NTFS жүйесінде
форматталған болса, онда дискетасыз жүктеу жүруі де, жүрмеуі де мүмкін.
1.3.8
Linux-та Windoows NT-ні жүктеу үшін мына команданы береміз:
[root]#shutdown-h now
Негізгі жүктелуші жазба өзгермегендіктен Windows NT жүктелуі керек.
Жүктелуден кейін /mot/floppy/bootsect.inx файлын С: түбір каталогының
бөліміне көшіру керек, нақтырақ айтсақ Windows NT жүктелетін түбір
каталогқа көшіру керек. Windows NT қалай орнатуыңызға байланысты ҒАТ16
немесе NTFS бөлімдері болуы мүмкін. Керек бөлімдерді білу үшін ntldr
немесе boot.ini файлдарын тексеру керек.
Бұл файлдар жасырын тұруы
мүмкін. Bootsect.inx файлына read-only атрибутын меншіктеуге болады.
1.3.9 NT жүктелгеннен кейін boot.ini файлын тауып келесі жолға
қосыңыз:
C:\bootsect.Inx=”Linux”
Компьютерді қайта жүктеп, Linux операциялық жүйесін таңдаймыз,
сонда Linux–ты жүктейтін Lilo жіберіледі. Енді Lilo-ны дискінің негізгі
жүктелу жолына орналастырған жағдайда қарастырамыз.
Бұл жағдайда
Windows NT жүктелу жазбасы өшіп қалады да, Windows NT-ні жүктеу мүмкін
болмайды.
1.3.10 Егер сіз Lilo-ны емес NT Loader жүктеушісін қолдансаңыз,
жоғарыдағы қадамдар былай болады:
- жүктеуші дискетасынан Windows NT-ні жүктеңіз. Жүктеуші мәзірінен
Recover командасын таңдап аласыз да, одан кейін Command mode режимін
таңдаймыз. Сұраныс бойынша жүйенің администраторы ретінде
тіркелесіз;
7
1.3.11 Дисктің негізгі жүктелу жазбасын қалпына келтіру керек. Бұл
үшін fdisk/mbr командасын таңдап аласыз. Арнайы fixboot және fixmbr
командалары бар. Көрсетілген нұсқау бойынша командаларды ретімен
орындаңыз. Осыдай кейін Windows NT қайта дұрыс жүктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: