26
Жарық микроскопия жəне оған негізделген басқа да зерттеудің
микроскопиялық əдісі үшін тек микроскоп арқылы зерттеу емес, жарық
сəулесін бағыттау да, сонымен қатар түсті жəне түссіз зерттелетін ны-
сан да қолданылады. Нысанның қасиеті өзгергендіктен, физикалық
қасиеті, яғни оның толқынның ұзындығы жəне
амплитудасымен
байланысқан түсі мен жарықтығы, фазасы, тегістігі жəне толқынның
таралу бағыты да өзгереді. Осы жарық қасиеттерін қолдануда
зерттеудің микроскопиялық əдістерінің əртүрлілігі пайда болады.
Жарық микроскопиясы үшін биологиялық нысанды,
негізінде, осы
жəне басқа қасиеттерін нысанның анықтау үшін бояйды. Сондықтан
ұлпа бекітілген болуы керек, себебі бояу тек қана өлі клеткалардың
құрылысын жақсы көрсетеді. Тірі клеткада бояу цитоплазмаға сіңіріліп,
вакуоль түрінде көрініп, оның құрылысын дұрыс көрсетпейді. Кейбір
кездерде жарық микроскопиясында
тірі биологиялық нысандар-
ды витальды микроскопия көмегімен зерттеуге болады. Бұл кезде
микроскопқа қоятын қара қараңғылық-конденсор қолданылады.
Тірі жəне боялмаған биологиялық нысандарды зерттеу үшін,
фазалы-контрасты микроскопияны қолданады. Бұл жарық сəуле
дифракциясының нысанның сəулеленуіне негізделген. Ол кезде
жарық сəулесінің ұзындығы мен фазасы өзгереді. Фазалы-контрасты
микроскоп арнайы объективі жартылай түссіз фазалы пластинка бо-
лып келеді. Бірақ бекітілген немесе
тірі микроскопиялық нысандар,
боялмаған микроорганизмдер жəне түссіз клеткалардан өткен жарық
сəулесінің амплитудасы мен түсін мүлдем өзгертпейді, тек фазаның
толқынын қозғалтады. Бірақ зерттелетін нысаннан өткен кезде жарық
сəулесі жартылай түссіз фазалық пластинкадан қайта шағылысады.
Нəтижесінде, нысаннан өткенде сəулелер арасында жəне жарық
сəулесінің фонында толқын ұзындығының əртүрлілігі байқалады.
Егер бұл ¼ толқын ұзындығын құраса, онда қара нысан ақ бетте жақсы
көрінеді немесе, керісінше, фазалық пластинканың негізіне байланыс-
ты көру тиімділігі пайда болады.
Фазалы-контрасты микроскопияның түрлері
амплитуда-контрас-
ты жəне
аноптральды микроскопия болып табылады.
Мұнда тек
жарықтығы мен жарық фонының түсін өзгертетін əдейі пластин-
калы нысан қолданылады. Нəтижесінде боялмаған тірі нысандар-
ды зерттеу мүмкіндіктері кеңейеді. Фазалы-контрасты микроскопия
микроорганизмдерді, қарапайымдыларды, өсімдік клеткаларын жəне
жануар клеткаларын зерттеуде, микробиологияда жəне паразитология-
да; ал гемотологияда жұлындағы жəне
қандағы дифференцирленген
27
клеткаларды санауда, сонымен қатар мəдени клеткалардың тканьдерін
зерттеуде кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: