28
1.7б а-сурет. Тікелей иммунофлюоресценция. Тікелей əдісі қызықтыратын
антигенке (Аг-ке) таңбаланған флуоресценцияланатын бояуымен
қолданылады. Антигенінің (Аг) оқшау бөлiгi орындарындағы антиденемен
(Ат) əрекеттеседi, сондықтан таңбаны көруге мүмкiндiк бередi
Поляризациялық микроскопия микробиологиялық
диагностика
нəтижесіндегі гистологиялық зерттеу əдістерінің бірі болып табыла-
ды, сонымен қатар цитологиялық жəне т.б. зерттеулерде қолданылады.
Осы поляризациялық жарық нəтижесінде ұлпа кескіндерінің боялған
жəне боялмаған, бекітілмеген препараттарын зерттеуге болады.
Микроскопияның кең таралған түрі –
люминесценттік микрос-
копия. Ол УК – сəулелерде немесе спектрдің көк-күлгін бөлігінде
люминесцентті жарықтану беретін кейбір заттардың қасиеттеріне
негізделген. Қарапайым белоктар,
коферменттер, кейбір витамин-
дер жəне дəрілік заттар сияқты көптеген биологиялық заттардың
жеке өзіндік (бірінші реттік) люминесценттілігі болады. Негізгі
люминесценттік микроскоптың жобасы 1.7-cуретте көрсетiлген.
Кейбір заттарға арнайы бояғыштарды –
флюорохромдарды (екінші
реттік люминесценция) қосқан кезде ғана жарықтануды бастайды.
Флюорохромдар клеткада диффузды түрде немесе жеке клеткалық
29
құрылымдарды жəне биологиялық нысанның белгілі химиялық
қосылыстарын таңдамалы түрде бояуы мүмкін.
Мұның негізінде
цитологиялық
жəне
гистохимиялық
зерттеулерде,
негізінде,
люминесценттік микроскопияны қолдану орын алады. Люминесценттік
микроскопта иммунофлюоресценция көмегімен вирустық антигендерді
жəне олардың клеткада концентрациясын көрсетеді жəне вирустар-
ды сəйкестендіреді. Сонымен қатар антигендер мен антиденелерді,
гормондарды, əртүрлі метаболизм өнімдерін жəне тағы басқаларды
анықтайды. Осыған байланысты люминесценттік микроскопияны
герпес, эпидемиялық паротит, вирустық гепатит, грипп жəне тағы сол
сияқты инфекциялар үшін зертханалық диагностикада қолданады.
Сондай-ақ аурудың мұрын сілекейлі зертханалық диагностикасында
қолданылады. Сонымен қатар аурудың мұрын сілекейлі қабықшасының
көрінісін
зерттей отырып, респираторлық вирустық инфекцияларды
жедел диагностикалау үшін жəне əртүрлі инфекцияларды дифферен-
циалды диагностикалау кезінде пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: