168
Əкелікті анықтау. ПТР көмегімен амплифицирленген ДНҚ
фрагменттерінің электрофорез нəтижелері: (1) Əкесі. (2) Бала. (3)
Шешесі. Бала ата-анасының екеуінің де генетикалық қолтаңбаларының
кей ерекшеліктерін тұқымқуалаушылықпен алып, нəтижесінде жаңа,
бірегей қолтаңба пайда болды. Дегенмен «генетикалық қолтаңба»
арқылы бірегей (бір жұмыртқалы егіздердің жағдайын алып
тастағанда), туысқандық байланысты осындай бірнеше таңба жасап,
анықтауға болады. Дəл осы əдісті сəл ағзалар арасында эволюциялық
туыстықты анықтауда қолдануға болады.
Медициналық диагностика. ПТР тұқымқуалаушы жəне вирусты
ауруларды диагностикалауды жеңілдетуге жəне тездетуге (жылдам-
датуға) мүмкіндік береді. Тиісті праймерлерді қолдана отырып, қажет
генді ПТР көмегімен көбейтеді, содан соң мутацияны анықтауға
секвенирлейді. Вирусты инфекцияны ауру белгілері пайда болғанға
дейін, бір ай немесе апта бұрын, жұқтырғаннан кейін дереу анықтауға
болады.
Персонализирленген (дербес) медицина. Көптеген дəрілер науқас-
тарға əсер ете бермейді, тек оның 30-70%-ы ғана əсер береді. Деген-
мен көптеген дəрілер кей науқастарға токсинді немесе аллергиялық
əсер береді. Мұның себебі – дəрінің метаболизміндегі жəне оның
өндірісіндегі, қабылдаудағы алуантүрлілік.
Бұл ерекшеліктер генетикалық деңгейде анықталады. Мысалы, ірі
науқастарда циторхром (бөгде туысты заттардың метаболизміне жауап
беретін бауыр ақуызы) белсендірек болуы мүмкін, ал басқа біреуінде
сəл ғана көрінуі мүмкін. Науқас қандай цитрохромның алуантүрлілігін
иеленетіндігін анықтау үшін, дəріні қабылдар алдында ПТР-талдау
жүргізу ұсынылған. Мұндай талдауды алдын ала генотипирлеу
(ағылш. тілінде
prospecfi ve genotyping) деп атайды.
ДНҚ-ның көптеген гибридизациялық талдау əдістерінің ішінде
ПТР (ПЦР) биотехнологияда кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: