169
пы жолы бактерия клеткасын кальций тұздарымен (СаСl) өңдегенде,
олардың мембраналарының ДНҚ-ны өткізе алатындығына негізделеді.
Экзогенді (бөтен) ДНҚ-ның клеткаға ену тиімділігі төмен. Алдын ала
СаСl-мен өңделген клеткаға, мысалы, 1 мкг
рВR322 плазмидасын қоса
алғанда, онда əрбір 10
4
-10
5
плазмиданың біреуі ғана клетканың ішіне
енеді, яғни бактериялардың азғантай бөлігі трансформациялана ала-
ды. Оларды басқалардан бөлу бактерия клондарын алу үдерісінде іске
асады.
Əдетте, өзгертпеген ДНҚ молекуласын (метилаза ферментімен
метилденбеген) бактерия клеткасының
рестрикциялық ферменттері
ыдыратып жіберетіні белгісіз. Ал клеткаға рекомбинантты ДНҚ
молекуласының көп мөлшерін енгізсе, онда оның рестриктазалары
оларды ыдыратып үлгере алмайды. Бактериялық рестриктазалар кесіп
үлгермеген рДНҚ-ның біраз бөлігі рестриктаза танитын орындарда
метилденіп, өзгертiліп кетеді.
Генетикалық инженерия тəжірибелерінде рестрикциялық фермент-
тері жоқ бактериялық клеткаларды жиі қолданады.
Мұндай рестрик-
цияланбайтын клеткаларда, əдетте, өзгертетін ферменттер де болмайды.
Ген клонын көбейту жəне скрининг. Белгілі концентрация-
лы бактериялық суспензияны қатты ет-пептондық қоректік ортаға,
мысалы, қосымша қоректік заттар бар агарға егеді, сонда Петри
табақшасының 1 см
2
бетіне 5-10 бактерия келуі керек. Агардың
үстіне түскен бактериялық
клеткалар бөліне бастайды, соңында
олардың əрқайсысының көптеген ұрпақтары сыртқы пішіні бойынша
саңырауқұлақтың қалпақшасына ұқсас кішігірім шоғырлар түзейді.
Əр шоғырда бастапқы бір бактериялық клеткадан түзілген жəне одан
ешқандай айнымайтын көптеген клеткалар бар, оны
клон деп атайды.
Бастапқы суспензияның əрбір клеткасы да өз клонын түзеді (позитивтік
колония).
Генді бактерияға енгізу жəне соңғыны қоректік ортада өсіру
жоғарыдағыдай плазмидалық векторды қолданғанда өтеді. Фаг ДНҚ-
сы енбеген
клеткалар агарда көбейіп, көмескі тегіс «газон» түзеді.
Ал фаг ДНҚ-сы бар бактериялар түскен орындарда мөлдір дөңгелек
ойыстар түзіледі, оларды
жағымсыз шоғыр деп атайды. Жағымсыз
шоғырдың түзілуі клеткада фаг рДНҚ-ның репликациялануына жəне
жаңа жетілген фагтардың пайда болуына байланысты. Бұдан кейін
фагтар басқа клеткаларға еніп, оларды ыдыратады, нəтижесінде əрбір
ойыс бір ғана ДНҚ-сы клеткаға енген рДНҚ-ның көшірмесі бар фаг
ұрпақтарынан тұрады.
170
М13 фагы клетканы лизиске əкелмегендіктен,
жағымсыз шоғыр
түзбейді. Бірақ олар көбейген орындарда бактериялық клетканың
бөлінуі бəсеңдейді, сондықтан жалпы көмескі газонда мөлдірлеу ой-
ыстар пайда болады. Соңғы газонда қажет рДНҚ молекулалары енген
бактериофагтардың көбеюі орын алады.
Қазіргі кезде ген инженериясында ген клонын көбейтудің екі əдісі:
геномның жеке фрагментін (кДНҚ-ның қажет генін иРНҚ молекуласы-
нан
кері транскриптаза ферменті көмегімен алу) жəне барлық геном
клонын көбейту кең қолданылуда.
Комплементарлы ДНҚ (кДНҚ) клонын көбейту əдісін организмнің
белгілі бір клеткаларында қажет белок
синтезделетінін білгенде
ғана алуға болады. Оның үстіне, белоктың синтезделуі анағұрлым
көп мөлшерде өтуі керек, тек сонда ғана клеткада қажетті белоктың
иРНҚ көшірмелері көп болады жəне осыған сəйкес көптеген жағымсыз
шоғырларда іздеп отырған геннің көшірмелері бар деп есептеледі.
Бірқатар жағдайларда белок синтезделетін клеткаларды табу
мүмкін
болмайды, ал кейде қажет белоктың синтезделуі мардымсыз
өтеді. Осыларға байланысты геномның қажет фрагментін (генін) син-
тездеу іске аспайды, өйткені матрицалық иРНҚ-ны клеткадан бөлу
өте қиын болады. Мұндай жағдайда ген клонын көбейтудің екінші
Достарыңызбен бөлісу: