Кенжебаева Сəуле Сағындыққызы биотехнологиядағЫ Қазіргі əдістер



Pdf көрінісі
бет69/78
Дата27.12.2022
өлшемі5,04 Mb.
#59924
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   78
Байланысты:
Kenzhebayeva (1) (1) (1)

4.13-сурет. Қажет генді радиактивті шолғы комегімен табу 
(У. Клаг, М. Каммингс, 2007)


175
4.14-сурет. Саузерн блотинг əдісі. ДНҚ-ның үлгілерін 
рестриктазалармен үзеді жəне алынған бөліктерді гель арқылы бөледі 
(У. Клаг, М. Каммингс, 2007)
Бұдан кейін жауапты кезең – ДНҚ-ны денатурациялау арқылы 
жалғыз тізбекті үзінділер алып, оларды нитроцеллюлозалы сүзгіге 
ауыстыру басталады. Ол үшін электрофорез аяқтала салысымен, 


176
агарозалық гельді тұздың қанықтырылған ерітіндісіне батырып, сүзгі 
қағаздың үстіне орналастырады. Гельді нитроцеллюлозамен жабады
ал олардың үстіне бірнеше құрғақ сүзгі қағаз салып престейді. Тұзды 
ерітінді құрғақ сүзгі қағазына сіңеді, ол үшін ерітінді гельден, одан 
соң нитроцеллюлозалы сүзгіден өтуі керек. Гельдегі ДНҚ үзінділері 
ерітіндімен бірге тасымалданады. Бірақ нитроцеллюлозалы сүзгіде 
тұтылып, бекиді. ДНҚ үзінділерінің нитроцеллюлозалы сүзгідегі 
орындары электрофорез пластинкасындағы орналасу тəртібіне дəлме-
дəл келеді. Сөйтіп, электрофорездегі рестриктер таңбасы нитроцел-
люллозалы сүзгіде алынды. Бұл əдісті Э.Саузерн ұсынды, сондықтан 
ол Саузерн блотинг (ағыл. тілінде tо blot – қағазға сорылу) деп ата-
лады. Саузерн əдісінің үлгісі 4.14-суретте бейнеленген. Саузерн 
бойынша блотинг əдісінің маңызы жалпы геномнан жеке гендерді 
бөлуде арта түседі. Бұл молекулалық деңгейдегі күрделі жұмыс үлкен 
мұқияттылықты керек етеді. Мысалы, сүтқоректілер клеткасының 
геномы 10
9
н.ж. құралған болса, онда ұзындығы тіпті 5000 н. ж. тең 
жалғыз ген геномның бар болғаны ядролық ДНҚ-ның 0,00005%-ін 
ғана құрайды. 
Əдісті РНҚ үшін де қолдануға болады. Мұнда гибридизация өткізу 
үшін бірқатар өзгерістер болады. Бұл əдіс Нозерн блотинг деп атала-
ды (Саузерн-«оңтүстік» деген мағынаны білдірсе, керісінше, «Нозерн-
«солтүстік» əдісі деген атау пайда болды). Қалған операциялар 
генотеканың скринингісіндей өтеді: нитроцеллюлозалы сүзгіде ДНҚ 
денатурацияланып, радиоактивті сүңгімен гибридизацияланады жəне 
қажет ген орналасқан ДНҚ үзінділері радиоауто-графияның көмегімен 
табылады (4.14-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет