71
кезінде сарбаздар үзеңгі бауды бірнеше қабаттайтын болған. Ал үзеңгі – атқа
мінуге, сол сияқты ердің үстінде екі аяқты тіреп, нық отыруға, тебінуге
мүмкіндік беретін құрал.
3.Пыстан – көпшіктің, ат көрпенің үстінен баса тартылатын төсайылмен
бірге жүретін, ер жабдықтарының арасындағы ең көрнекті көз тартатын түрі.
Ат көрпені алды-артынан басып тұратын жіңішке бау тағылады. Бауды «пыстан
бау», «көпшік бастырма», «бастырма», «көрпе бастырма» деп әр түрлі айтады.
4 Жүген – желкелік, милық, кеңсірік, қасқалық, сағалдырық, сулық,
ауыздық және тізгін-шылбырдан тұратын, аттың басына кигізілетін, міндеті –
атты иесі ырқына бағындыруға көмектесетін әбзел. Жүгеннің түрі көп. Атап
айтқанда: күміс (күмістелген) жүген, өрім жүген, шашақты жүген, қасқа жүген,
үкілі жүген, түймелі жүген т.б. Жүген басына ауырлық келтіретіндей болмауы
керек. Сондай-ақ, ертеде бәйбішелер мінетін жуас жылқыларға жібек жүген
қолданатын болған.
5. Құйысқан – аттың үстіндегі ертоқымы қия жерде мойнына қарай
сырғып кетпес үшін, аттың түп құйрығынан өткізіп, ердің артқы
қанжығалығына бекітетін қайыстан жасалатын құрал. Құйысқанның екі
жақтауы және жаңбырлық-салпыншақ атты жылқының сауырын жапқан
үзбелері болады.
6. Өмілдірік – жұмсақ қайыстан сәндеп жасалатын, ер артқа қарай сырғып
кетпеу үшін, аттың омырауын орай тағылған құрал. Өмілдірік төсбау және
айылбас салпыншақтардан тұрады. Төсбаудың міндеті – омыраудағы өмілдірік
аттың бауыздауына қарай сырғып кетпеу үшін, бір ұшы төс айылға байланып
тұрады.
7. Айыл – аттың үстіндегі ер-тұрманды нық ұстап тұратын, жалпақтығы
екі елі қайыс құрал. Айыл ердің қамшылар жағына бекітіліп, аттың бауырынан
өткізіліп, жырымға қосылады. Айылдың міндетіне қарай төс айыл және шап
айыл деп бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: