А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова


 Мәтін мазмұнына лайықты тақырып



Pdf көрінісі
бет48/65
Дата29.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#60158
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   65
Байланысты:
китап Алимхан. Оқу сауаттылығы

1. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып 
A) Сірне әзірлеу
 
B) Жеңсік ас 
C) Жас төлдің дәмі 
D) Сірненің пайдасы 
E) Төл еті 
2. Сірне жасауда қосылатын дәмдеуіш 
A) Аскөк 
B) Қырыққабат 
C) Жуа 
D) Сиыр сүті 
E) Сары май 
 
Мәтін №2 
Киіз үй ең алдымен көші-қонға қолайлы етіп жасалынған. Жығып-жисаң 
жалғыз – ақтүйенің жүгі. Түйеге жүйе-жүйесімен ыңғайланған жүк орны-
орнына қойыла салады. Бірақ ауыстырып алсаң пәлеге қаласың. Тіршілігінің 
бәрін жаугершіліктің кесірінен тездікке, дәлдікке, қолайлылыққа бейімдеген 
халық аяқ астынан жау келе қалса, алқам-салқам жатқан етегін тез жиып, қас 
қаққанша бел асып кететін. Әлгінде ғана көрген ауылыңның жер ошақтарында 
түтіні бұрқырап жұрты ғана жатады. Киіз үйді жығу, арту мұндайда өте 
оңай.Қауіп-қатерден іштей сақтанып жүретін қазақ әр керегенің, теңнің қай 
түйеге артылатынын алдын ала есептеп қойған. 
Киіз үйді тігу өте оңай. Екі-үш әйел шай қайнатымда керегесін керіп, 
уығын шаншып, шаңырағын көтеріп, түндігі мен үздігін, туырлығын жауып 
дайындай салады. Бұл дүниеде бұдан тез дайындалатын баспана жоқ. Әдеттегі 
киіз үйлерді қарапайым адамдар пайдаланғанда төріне жүк жияды. Оң жақта үй 
иесінің, солжақта келіннің төсегі болады. Төрге көбінесе от киіз төселеді. Оң 
жақтағы ыдыс-аяқ шимен қоршалады. Босағадағы кереге басына қайыс, айыл-
тұрман ілінеді. Мұны келген балаларға тамақ пысқанша уқалатып алу үшін 
оңай жерге әдейі қояды. Отбасындағы киіз үйдің астында ій жағылған тері 


74 
жатады. Бос отырғысы келмеген бәйбіше, не басқа біреу бос уақытында уқалай 
отыруы керек. Киіз үйді ыстап қалмау үшін түндіктің жел жағын ауыстырып 
отыру қажет. Бұл үшін бір сырық дайын тұрады. 
3. Қазақ халқының сақтығы туралы айтылған сөйлем 
A) Жүктің қай түйеге артылатынын алдын ала есептеп отырған. 
B) Киіз үйде оң жақта үй иесінің, сол жаққа келіннің төсеген салған. 
C) Төрге от киіз төсеп тастаған, ыдысты шимен қоршаған. 
D) Жер ошақтарды түтінін бұрқыратпай, өшіріп кеткен. 
E) Киіз үйді жығу мен артуға ерекше мән берген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет