69
Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің сол тұста-ақ әлемге белгілі
болғанын растайды.
4.Түркістан аты шығыс жазбаларында VІІІ-ІХ ғасырларда атала бастаған.
Араб зерттеушісі Ибн Хордадбек Түркістанды «Түркілер елі»
деп жазса,
географ әл-Якуба бір еңбегіне: «Түркістан» деп ат қойған. Ал ХІ ғасырда өмір
сүрген Махмұд Қашқари «Диуани лұғат ат-түрік» кітабында Түркістан қаласы
мен оның аймағынан көп мысалдар келтіріпті. Сондай-ақ,
ХІV-ХV
ғасырлардағы жазба деректерде Сырдария өзенінің орта ағысында орналасқан:
Сауран, Отырар, Сығанақ, Қарнақ, тағы басқа қалаларды «Түркістан қалалары»
деп атаған. Шамамен осы мерзімде бұл өлке Түркістан аймағы деп атала
бастайды.
Кезінде ел аралаған, жиһанкез, тарихшы Фазаллах ибн Рузбехан:
«Түркістан Сейхун (Сырдария өзені, Т.Д) өзенінің бойына орналасқан 30
қамалдан тұрады», – депті. Сонымен қатар ХV-ХVІ ғасырлардағы қазақ
хандығы тұсында Түркістан қаласының маңызы зор болған.
5.ХVІ-ХVІІ ғасырларда-ақ Яссы қаласының атауы қолданылудан қалып,
Түркістан қаласы атала бастаған. Кезінде Түркістан қаласы – қазақ хандығының
астанасы, қазақ халқының бас қаласы болды. Түркістан атауының бүкіл түркі
жұртына мәшһүр болуы – сопылық ілімнің ірі өкілі Қожа Ахмет Ясауи ілімінің
етек жаюымен және Ақсақ Темірдің жарлығымен салынған бүгінде күллі түркі
жұртына әйгілі Қожа Ахмет кесенесімен байланысты.
Қожа Ахмет Ясауи
кесенесі туралы ғалымдар, зерттеушілер ХVІІ-ХVІІІ
ғасырдан бері жазып
келеді. Осы бір ғажайып ескерткіш-кешен жайлы қанатты сөздер де кең
тараған. «Мәдинада – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет» деп, Түркістанды
ерекше қала санайтындар да аз емес. Мұның өзі түркі
ғана емес, шығыс
халықтары арасында да Түркістанның қадірі мен қасиетін айғақтаса керек.
Достарыңызбен бөлісу: