75
бісмілләсін айтып, бір ұяны ортасынан екіге бөліп, оны екі бүйрекке таңып
қояды. Сыртынан жылы орап қою керек. Құрқылтай ұясы бүлінбейді,
сасымайды. Сондықтан бүйрек суықтағанда оны қайтадан қолдана беруге
болады.
Құрқылтайдың ұясымен емделу үшін емші іздеп әуре болудың қажеті
жоқ. Оны қалаған адам өзі-ақ жасай алады. Емдік қасиеті бар шөптерден
іріктеп, әрі сілекейімен өріле тоқылған ұя жібек сияқты болады. Оның біреуін
бірнеше емге пайдалана аласыз. Цистит кезінде немесе бала шыжың болса,
ересектерде де зәрдің шықпауы немесе жиі мазалауында, қуыққа тас байланса,
қуық қабынса ұядан азырақ бөліп алып, түтіп, шұқырлау темір ыдысқа саласыз
да, оған азырақ қана адыраспан қосасыз. Оны адыраспанды түтеткендей түтету
керек. Қыз-келіншектер ұзын етек көйлек, ал ер адамдар белінен төмен
жамылғы орап алып, сол түтін басылғанша үстінде отырады. Оған ары кеткенде
10-15 минут қана уақыт кетеді. Сосын жылы киініп алу шарт. Екі-үш рет жасаса
жеткілікті. Өз басым зәр шықпай қиналған жас балалардың бірінші ем кезінде-
ақ емделгенін талай көргенмін.
Достарыңызбен бөлісу: