126ЖМ Назарқұл Еркебұлан
Кейбір бұлшықеттер,атап айтқанда:
жұрек еті, бірыңғай салалы ішек, лимфа тамыры
қабырғаларындағы еттер автоматиялық қасиетке ие. Ал, қаңқа еті орталық жүйке жүйесінің
әсерінсіз жиырылмайды. Жүрек еті мен бірыңғай салалы етті, адам өз еркімен жиырып жаза
алмайды, ол вегетативті жүйке дүйесімен реттеледі.
Атрофия-белгілі бір себептермен бұлшықеттің ұзақ уақыт бойы қозғалыссыз болғандықтан,
ет
тылшығы құрылымы өгеріп, семіп қалуы.
Гипертрофия- бұлшықетті шынықтырып, көп қозғалысса келтіргеннен, ет
талшықтары
үлкейіп, бұлшықет көлемі ұлғаюы.
Бұлшықеттің қозғалтқыш бірлігі мионевралдық түйіспе болып табылады. Ол бір
эфференттік жүйке тармақталып көптеген ет талшықтарының түйісуінен құралады. Ет
талшықтарының қозғалтқыш бірлігіндегі жалпы саны 3-6 дан 2000 ға дейін жетеді. Атап
айтқанда: саусақ бүгетін бұлшықетте 10-25, дене, қол етінде 500, балтыр етінде 2000.
Жылықандыларда баяу және тез жиырылатын моторлық бірлік болады,
ақ еттер тез
жиырылатын, қызыл еттерде баяу жиырылатын.
Бұлшықеттің жиырылу түрлері:
Ауксотониялық жиырылу- бұлшықет жиырылуы кезінде ет қысқарып, тонусы күшеюі.
Изотониялық жиырылу- жиырылу кезінде ет қысқарып, тонусы өзгермейді.
Изометриялық жиырылу- жиырылу
кезінде ет қысқармастан, қатаюы, яғни тонусының
жоғарылауы.
Жеке жиырылу-жалғыз тітіркендіргіш әсер еткендегі, бір реттік жиырылып жазылу.
Организмде жүрек етінен басқа еттер жеке жиырылмайды.
Сіресіп жиырылу- тітіркендіргіштер жиі жиі әсер етіп, көптеген жиырылу бірігіп, ет
біраз
уақыт сіресіп қалуы, тетанус.
Достарыңызбен бөлісу: