126ЖМ Назарқұл Еркебұлан
Жұмыс атқарудағы бұлшықеттің жиырылуына қажетті энергия көзідері болып: АҮФ,
креатинфосфат концентрациясы, ет жасушасында жинақталған гликогеннің ыдырауы
(гликолиз)
және
ет
жасушасындағы
тотықтырушы
метаболизм
табылады
Жұмыс істегенде көтеретін ауырлықтың мөлшері орташа болса, жұмыс нәтижелі
және ұзақ атқарылады. Бұл жұмыстың орташа ауырлық заңы. Жұмыс нәтижесі және
тиімділігі оның ырғағына (ритміне) да байланысты. Орташа ырғақты жұмыс істегенде
адамның жұмыскерлігі ұзаққа созылып, жұмыс көп істеледі. Мұны жұмыстың орташа
ырғақ
заңы
деп
айтады
Бұлшықет ұзақ және қүшті жұмыс атқару барысында жиырылу күші мен қатаюы
ақырындап төмендейдіде қажу жағдайына түседі. Алайда қажу уақытша ғана құбылыс
болып табылады, біршама үзіліс жасап бұлшықетті тынықтырса, ол тағыда жиырылуын
жалғастырады, яғни дем алып, тыныққан соң бұлшықеттің жұмыскерлігі, жұмысқа
қабілеттілігі баяғы қалпына түседі. Қажудың туу ұзақтығы жұмыс ырғағы мен жүк
ауырлығына тікелей байланысты болады. Ауыр жүк немесе жиі ырғақты жұмыс
бұлшықетті тез қажуға келтіреді. Сондықтан жүктің ауырлығы мен жұмыстың ырғағы
орташа дәрежеде болса, бұлшықеттің қызметі де нәтижелі болады. Бұлшықеттің қажу
сызығын – эргограмманы алғашқы рет И.М.Сеченов жазып алған. Ғалымның айтуынша, бір
қолдың еттері қажу процесіне түскенде, келесі қолмен жұмыс істесе, еттердің қажудан соң
баяғы қалпына оралуы жылдам болады. Сөйтіп, И.М. Сеченов толық организмнің
жұмыскерлік қабілетін сақтау үшін алғашқы рет «белсенді демалыс» ұғымын енгізді.
Қажудың пайда болу себептері мен салдарын түсіндіретін қағидалар жетерлік,
олардың ішінде: «әлсіреу» теориясы бойынша – энергия қоры әсіресе гликоген мөлшерінің
төмендеуі, «улану» теориясы – сүт, фосфор қышқылдарының және басқа да ыдырау
өнімдерінің жинақталуы, «тұншығу» теориясы – оттегінің жетіспеуі және т.б. Бұл
қағидалар бұлшықеттің қажу сырын толықтай анықтамасада, оның жеке себептерін
көрсетеді. Ал тұтас организмде бұлшықеттердің бәрі жүйке талшықтарымен қамтамасыз
етілген және арасында мионевралды түйіспе орналасады. Міне осы соңғы айтылған
түйіспеде қажу тез дамиды. Бұл түйіспелер орталық жүйке жүйесінде де өте көп мөлшерде
болады. Яғни қажу құбылысы тұтас организмде орталық жүйке жүйесінде байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: