1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы. Уник 100%



Pdf көрінісі
бет3/91
Дата06.01.2023
өлшемі0,93 Mb.
#60493
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
Байланысты:
физиология сессия Nazarkul E.S. 2021surak

И.М.Сеченов – алғаш рет қандағы еріген газдарға талдау жасады, орталық жүйке 
жүйесіндегі қозудың жинақтау мен тежелу құбылыстарын ашты. Сонымен қатар еңбек 
физиологиясының негізін қалаушы болып табылады. Алғаш рет психикалық іс әрекеттердің 
физиологиялық заңдылықтарын ашқан болатын. Осы еңбектерінің арқасында оны 
физиология тарихында «Орыс физиологиясының атасы» деген атаққа ие болған. 
И.П.Павлов – қанайналымының реттелу тетіктерін зерттеп,жүрек қызметін реттейтін үш 
түрлі жүйке талшықтарының болатынын анықтады. Сондай-ақ асқорыту физиологиясын 
зерттеді. Осы ас қорыту саласындағы жасаған еңбектері үшін оған 1904 жылы дүниежүзілік 
Нобель сыйлығы берілді. И.П.Павловтың тағы да маңызды еңбектерінің бірі – шартты және 
шартсыз рефлекстер әдісін енгізуі. Олар организмнің мінез әрекеті негізін қалаушы 
психикалық әсерленістерді тексеруге мүмкіндік береді. 1935 жылы И.П.Павловқа 
«Дүниежүзілік физиологтардың атасы» атағы берілді.
П.К.Анохин – И.П.Павловтың шәкірті болғандықтан, оның ілімін жалғастырып, ми 
қызметі жөніндегі зерттеулерді жалғастырды. Шартты рефлекстің жаңа әдістері арқылы 
оның қалыптасу тетігінен және ішкі тежелуден қателіктер тапты. Сондай-ақ ол әрекеттік 
жүйе теориясының негізін қалады және оның жас кезеңдерінде іріктеліп, қажетті кезде 
қалыптасуы жөнінде системогенез ілімінің негізін қалады. 
А.П.Полосухин – отандық физиологияның негізін салушы.Себебі, ол бастаған отандық 
физиологтар вегетативті жүйелерді, қанайналымын,тынысалу және қан жүйесі салаларында 
зерттеулер жүргізіп, үлкен жетістіктерге жетті. Сондай-ақ ол шәкірттерімен бірге силикоз 
ауруының дерттену себептері мен клиникасына зерттеу жүргізді.
 Н.У.Базанова – тұңғыш қазақ әйелдерінің арасынан шыққан ғалым-физиолог, биология 
ғылымының докторы, профессор, Қазақстан ҒА акедемигі. Оның зерттеу бағыты көбінесе 
ауылшаруашылық және жануарлар физиологиясына арналды. Н.У.Базанованың 
жетекшілігімен жас төлдердің ас қорыту жүйесін,зат және энергия алмасу үрдістеріне 
арналған зерттеулер жасалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет