88.Эмоциялар, олардың биологиялық рөлі. Жіктелуі. Эмоциялар теориялары. Уник- 72 Эмоция адам мен жануарлардың психикасының ерекше көріністерінің бірі болып
табылады. Эмоция адамдардағы әртүрлі көңіл-күйлерді сипаттап, суреттейді. Эмоция
мінезді бағыттап оны жүзеге асыру әрекеттерін жасайтын құбылыс. Ол сыртқы әсерлердің
салдарынан, ретсіз ұйымдастырылмаған түрде пайда болады.
Эмоцияның қалыптасуына
мидың бағанасы мен қыртысының арасында орналасқан лимбиялық жүйе қатысады.
Эмоция кезінде адамның есте сақтау қабілеті қоршаған орта әсерлерінен жоғарылайды.
Адамның жабырқауы, күлуі, мұнаюы, осының барлығы эмоциялар болып табылады. Әр
адам өз эмоциясының жасырын ұстай алмайды. Кей жағдайда ғана эмоциямыз кідеріп
қалады. Кейде адамдар өз эмоциясын ұстап қала алмай, ашуға тез беріліп кетеді. Ондай
жағдайларда адам ләж болса, эмоциясын іште ұстап отыруы керек. Сонымен
қорытындылай келе, адамдардың белгілі бір тұрақты эмоциясы жоқ, яғни сыртқы ортадағы
жағдайларға байланысты адамдардың эмоциясы өзгеріп отырады.
Эмоциялар белгілі бір
тақырыпқа бағытталған адамның қажеттіліктерін сипаттайды. Эволюция процесінде
эмоционалды сезімдер мен күйлер биологиялық тұрғыдан өмірлік процестерді оңтайлы
шекараларда сақтау құралы ретінде құрылады. Эмоциялар-ағзаның функционалды
жағдайын және адам қызметін реттеудің негізгі механизмдерінің бірі.
Эмоцияның бізге белгілі бірнеше түрлері белгілі. Олар: Биологиялық эмоция бұл әртүрлі түршілік мұқтаждықтарын қанағаттандыру немесе өтей
алмау әрекеттерімен байланысты болады. Мәселен, ашығу, шөлдеу.
Жоғары эмоция-бұл әртүрлі әлеуметтік әрекеттерден туындайтын эмоция.
Жағымсыз эмоция-қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандырмаған жағдайда
жағымсыз, ұнамсыз іс әрекет. Яғни, біреуге қатты ашулану, оған дөрекі жауап беру сияқты.
Жағымды эмоция-қажеттілікті қанағаттандырған жағдайда болатын жағымды іс әрекет.
Мысалыға, күлу, жымию, шаттану.
Жеке адамның кейбір себептерімен, эмоциялық көңіл күйдің тежелуі байқалады. Оны
кідірген эмоция деп атаймыз. Яғни, адамдар өз эмоциясын сыртқы ортаға көрсете
алмайды. Сондықтан олардың эмоциясы кеш байқалады.
Организмнің өзін және қоршаған әлемді бейнелейтін өзіндік сезімін эмоциялық күйзеліс деп атаймыз. Кейде адамдар қоршаған орта жағдайларына байланысты эмоционалды
күйзеліске ұшырайды. Яғни, адам іштен тынып, әлсіз, ештеңеге зауқы жоқ болады.
Организмнің дене сезу және ағза жүйелерінде байқалатын өзгерістерді эмоциялық көрініс деп атайды. Эмоциялық күйзелістің тіршіліктегі негізгі мәні адам мен жануарларға өзінің
ішкі жағдайын және туындаған қажеттілікті тез бағалауға, оны толығымен
қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Осылайша, организмдегі бейнелеу, іздеу, күшейту,
реттеу, байланыстыру әрекеттері орындалады.