126ЖМ Назарқұл Еркебұлан
мінездің мақсаттқа бағытталуы. Жағдайлық эмоциялық күйзеліс мінездің кейбір кезеңдерін
бағалайды.
Эмоцияның байланыстырушы әрекеті ымдау, қолсермеу,дене қимылы,кейпі, дауыс
ырғағын өзгерту арқылы айналасына сезімін білдіреді. Мұнда эмоциялық күйлердің
арасындағы қарама-қарсылық байқалады.
Мысалыға, қуаныш пен қайғы, ашу мен үреу,
ынта мен жиіркену,
ұят пен жек көру, сүйсіну мен күйіну сезімдері белгілі сипаттармен
көрініс табады.
Эмоцияның пайда болуына байланысты эмоцияның бірнеше теориялары бар.
Эмоцияның алғашқы теориясы Ч.Дарвин ұсынған
биологиялық қағида. Ол
жануарлардың эмоциялық көрнекті қимылдарын салыстырып,
белгілі бір тіршілік
сигналдық мәні барлығын анықтады. Мұндай көрнекі қимылдар және ымдау әрекеттері
эмоцияның туа біткен көріністеріне жатады.
Анохиннің түсінігіне сәйкес, эмоцияның қалыптасу барысында сыртқы жағдайлардағы
мұқтаждық пен қанағаттандыру сезімі туындайды. Себебі,
әрбір мұқтаждық жағымсыз
күйзеліспен қатар жүреді. Сондықтан ол адам мен жануарларды белсенді іс-әрекетке демеп
отырады. Ал әрбір мұқтаждық орындалған жағдайда,ішкі жан дүниеде қанағаттылық сезімі
туындайды. Сондықтан іс әрекетпен жасалған жағымды эмоция зердеде сақталып, әр
уақытта мақсатты мінезді ұйымдастырады.
Екінші теория Симонов ұсынған ақпараттық қағида. Симонов эмоцияны адам мен
жануарлар миының пайда болған мұқтаждығының
сапасын және мөлшерін, оны
қанағаттандыру ықтималдығын бейнелеу қасиеті деп санайды. Физиологиялық тұрғыдан
алғанда, эмоция мидың арнайы құрылымдарының белсенді күйі, ол осы жағдайды өсіруге
немесе азайтуға бағыттап, мінезді өзгертуге мәжбүр етеді.
Эмоционалды жағдайды қалыптастыруға мидың әртүрлі құрылымдары қатысады. Осыған
байланысты бірнеше психоорганикалық теориялар қалыптасты. Солардың бірі
Кеннон
Достарыңызбен бөлісу: