Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет11/465
Дата09.01.2023
өлшемі3,66 Mb.
#60709
түріПрограмма
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   465
Байланысты:
аибм сплюс

int
 (бүтін);
□ 
char 
(символдық);


16
□ 
wchar_t
(кеңейтілген символдық);
□ 
bool 
(логикалық);
□ 
fl oat 
(нақты);
□ 
double 
(екі еселенген дəлдіктегі нақты сандар).
Алғашқы төрт тип бүтін сандық (бүтін), соңғы екеуі жылжымалы нүктелі 
типтер (нақты) деп аталады. Компилятордың бүтін шамаларды өңдеу кезінде 
қалыптастыратын коды жылжымалы нүктелі шамаларға арналған кодтан 
өзгеше болып келеді. 
Стандартты типтердің компьютердегі ішкі бейнеленуі мен олардың 
мəндерінің диапазонын нақтылайтын төрт тип спецификаторы бар, олар:
□ 
short
 (қысқа);
□ 
long
 (ұзын);
□ 
signed
 (таңбалы);
□ 
unsigned
 (таңбасыз).
Бүтін тип (int)
Компьютер жадындағы 
int
типіндегі шамалардың алатын орны, яғни 
ұзындығы немесе өлшемі стандарт бойынша анықталмайды, ол компью-
тер мен компиляторға байланысты болып келеді. Осы типтегі шамалар 
үшін 16 разрядты процессорда 2 байт, ал 32 разрядты процессорда 4 байт 
бөлінеді. 
Тип атауының алдында тұратын 
short
спецификаторы компиляторға 
процессордың разрядтылығына қарамастан, санға 2 байт бөлу қажет екендігін 
білдіреді. Ал 
long
спецификаторы бүтін шамаға компьютер жадынан 4 байт 
орын берілетінін көрсетеді. Сонымен, 16 разрядты компьютерде 
int
жəне 
short int 
типтері бірдей, ал 32 разрядты компьютерде 
int 
жəне 
long int
типтері бірдей (яғни эквивалентті) болып саналады.
Бүтін типтегі шаманың компьютер жадындағы ішкі бейнесі – екілік кодпен 
берілген бүтін сан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   465




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет