Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


signed спецификаторын қолданғанда санның алғашқы биті  оның таңбасын көрсетеді (0 – оң сан, 1 – теріс сан).  unsigned



Pdf көрінісі
бет12/465
Дата09.01.2023
өлшемі3,66 Mb.
#60709
түріПрограмма
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   465
Байланысты:
аибм сплюс

signed
спецификаторын қолданғанда санның алғашқы биті 
оның таңбасын көрсетеді (0 – оң сан, 1 – теріс сан). 
unsigned
спецификаторы 
тек оң сандарды көрсетуге мүмкіндік береді, өйткені мұнда алғашқы разряд 
сан кодының бөлігі ретінде қарастырылады. Осылайша, 
int
типінің мəндер 
диапазоны спецификаторларға тəуелді болып келеді. IBM PC-мен үйлесімді 
компьютерлер үшін спецификаторлары əртүрлі бүтін типті шамалардың 
мəндер диапазоны 1.4-кестеде көрсетілген.
Алдын ала келісім бойынша барлық бүтін типтер таңбалы сандарды 
бейнелейді, яғни
 signed 
спецификаторын жазбауға болады.
Программада кездесетін тұрақтылар сыртқы түріне қарай кез келген бір 
типке жатқызылады. Егер программалаушыға бұл типтен басқаша тип қажет 
болып жатса, онда ол 
L, l (long) 
жəне 
U, u (unsigned)
жалғауларының 
(суффикстерінің) көмегімен керекті типті көрсете алады. Мысалы, 
32L 


17
тұрақтысына 
long
типі беріледі жəне ол компьютер жадынан 4 байт орын 
алады. 
L
жəне 

жалғауларын қатар қолдануға да болады, мысалы, 
0x22UL
немесе 
05Lu.
ЕСКЕРТУ
Программаларда 
short int, long int, signed int 
жəне 
unsigned int 
типтерін сəйкесінше 
short, long, signed 
жəне
 unsigned 
түрінде қысқартып 
жазуға болады.
Символдық тип (char) 
Символдық типтегі шамаға компьютердегі символдар жиынының ішінен 
кез келген таңбаны орналастыруға жеткілікті орын бөлінеді, типтің атауы 
осыған байланысты түрде берілген. Əдетте, бұл 1 байтқа сəйкес келеді. Басқа 
да бүтін типтер сияқты, 
char
типі де таңбалы немесе таңбасыз болуы мүмкін. 
Таңбасы бар шамаларда -128 бен +127 аралығындағы мəндерді сақтауға бо-
лады. Ал, 
unsigned
спецификаторын қолданғанда, мəндердің өзгеруі 0 
мен 255 сандары аралығында болады. Бұл 256-символдық ASCII кодтары 
құрамының кез келген символын сақтауға жеткілікті. 
char
типіндегі шамалар 
осы көрсетілген диапазоннан шықпайтын басқа бүтін сандарды сақтау үшін 
де қолданыла береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   465




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет