pos1 позициясынан бастап кірістіреді. Шақырушы
тіркесті алмас-тыратын жаңа тіркес шақырушы тіркестің алғашқы
pos1 сим-
волдарынан, олардың соңынан жазылатын
str тіркесінің
pos2 позициясы-
нан басталатын
n элементінен жəне олардан кейін орналасатын шақырушы
тіркестің қалған символдарынан тұрады. Егер
n саны
str тіркесінің
ұзындығынан артық болса, онда
str тіркесі соңына дейін көшіріледі. Егер
pos1 немесе
pos2 мəндері сəйкес тіркесің ұзындығынан артық болса, онда
out_of_range аластамасы, ал нəтиженің ұзындығы тіркестің мүмкін бо-
латын максималды ұзындығынан артық болған жағдайда,
length_error аластамасы туындайды.
Функцияның үшінші формасы шақырушы тіркеске ескі типтегі
s тіркесінің
pos позициясынан басталатын
n символын кірістіреді.
Тіркестің бір бөлігін өшіру үшін
erase функциясы қолданылады:
erase(size_type pos = 0, size_type n = npos); Ол шақырушы тіркестің
pos позициясынан басталатын
n элементті
өшіреді. Егер
pos мəні көрсетілмесе, элементтер тіркестің басынан бастап
өшіріледі. Егер
n шамасының мəні көрсетілмеген болса, тіркес соңына дейін
(тіркестің қалған бөлігі түгелдей) өшіріледі.
ЕСКЕРТУ npos шамасы
string класының статикалық мүшесі болып жəне
size_type типінің ең үлкен оң саны (барлығы бірліктер биттік бейнелеуде) болып табылады.
312 Тіркесті толығымен тазартуды
сlear функциясының көмегімен жүзеге
асыруға болады: