! = теңсіздік
<< шығару
< кіші
>> енгізу
<= кіші немесе тең
+= қосу
Бұл операциялардың синтаксисі мен əрекеттері бұрын қарастырылғандар-
дай сияқты айқын болып келеді. Тіркестердің өлшемдері автоматты түрде
объект өзіне меншіктелген мəнді қабылдай алатындай болып орнатылады.
Ескере кететін жай:
string типті тіркестер үшін ескі стильдегі тіркестер
жағдайында орындалғандай, тіркестің алғашқы элементі мен атауы арасындағы
сəйкестік сақталмайды, яғни
&s[0] жəне
s бірдей емес.
Индекстеу операциясынан басқа, тіркес элементіне қол жеткізу үшін
at функциясы анықталған:
string s("Bacя"); cout << s.at(1); // а символы шығарылады Егер индекс тіркестің ұзындығынан артық болса,
out_of_range аласта-
масы туындайды.
Тіркестермен толықтай жұмыс істеу үшін осы операциялар жеткілікті,
ал тіркес бөліктерін өңдеу (мысалы, ішкі тіркесті іздеу, тіркеске кірістіру,
символдарды өшіру) үшін
string класында көптеген əдістер (функциялар)
анықталған, олардың ішіндегі көбінесе кең қолданылатындары келесі бөлімде
қарастырылады.
Функциялар string класының функцияларын қарастыру ыңғайлы болуы үшін олар-
ды келесідей санаттарға (категорияларға) бөлуге болады: тіркес бөліктерін
меншіктеу жəне қосу, тіркестерді түрлендірулер, ішкі тіркестерді іздеу, салыс-
тыру жəне тіркестердің сипаттамаларын алу.
310 Меншіктеу жəне тіркес бөліктерін қосу Бір тіркестің ішкі бөлігін екінші бір тіркеске меншіктеу үшін
assign функциясы қолданылады:
assign(const string& str); assign(const string& str, size_type pos, size_type n);