Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет29/465
Дата09.01.2023
өлшемі3,66 Mb.
#60709
түріПрограмма
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   465
Байланысты:
аибм сплюс

а
жəне 
b
– бүтін типті айнымалылар болып, олар төмендегідей түрде 
сипатталса:
int a = 2, b = 5;
онда 
а + b
 өрнегінің мəні 7 жəне типі 
int
болады, ал 
а = b
өрнегі 
а
айнымалысына орналастырылған шамаға тең (мұнда 5) мəнді жəне осы 
айнымалның типіне сəйкес келетін типті қабылдайды. Осылайша, С++ 
тілінде 
а = b = с
түріндегі өрнекте алдымен 
b = с
өрнегі есептеледі, со-
дан кейін оның мəні 
а
айнымалысына меншіктелетін оң жақта орналасқан 
операнд болып саналады.
Өрнек құрамында əртүрлі типтегі операндтар болуы мүмкін. Егер 
операндтардың типтері бірдей болса, онда операция нəтижесі де сол типте 
болады. Егер операндтардың типтері əртүрлі болса, онда есептеу алдында 
белгілі бір ережелер бойынша типтерді түрлендіру атқарылады, яғни ша-
малар дəлдігін қамтамасыз ету үшін ендері қысқа типтегі мəндер ендері 
ұзынырақ типтерге түрлендіріледі. 
Түрлендірулер екі түрде орындалады:
□ шамалардың ішкі бейнесін өзгерту (дəлдікті жоғалту арқылы немесе 
дəлдікті жоғалтпайтын);
□ шамалардың тек ішкі бейнесінің интерпретациялануын өзгерту.


33
Бірінші түрге, мысалы, бүтін санды нақты санға (дəлдікті жоғалтпайтын) 
жəне керісінше (мүмкін, дəлдікті жоғалта отырып) түрлендіру, ал екінші түрге 
– таңбалы бүтін санды таңбасыз бүтін санға түрлендіру жатады. 
Егер 
int
типі 
char, signed char,
 
unsigned
 
char,
 
short
 
int
жəне 
unsigned
 
short
 
int
типіндегі барлық мəндерді бейнелей алатындай бол-
са, онда шамалар бүтін типке, ал кері жағдайда олар 
unsigned int
типіне 
түрлендіріледі. 
Осыдан кейін операндтар солардың ішіндегі ең ені ұзын типке 
түрлендіріледі де, ол нəтиже типі ретінде қолданылады. Түрлендіру ережелері 
3-қосымшада келтірілген.
Программалаушы типтердің түрлендірілуін өзі анықтай алатын айқын 
түрде де бере алады (бұл туралы «Типтерді түрлендіру» бөлімінде, 249 б. 
айтылады).
Сонымен, біз программалау тілін құрастыратын конструкциялардың 
ең төменгі деңгейін егжей-тегжейлі түрде ұзақ қарастырып шықтық, 
енді олардан маңыздырақ құрылымдарды – алдымен жеке операторлар-
ды, сонан соң программаларды құруды бастау керек. Тіпті ең қарапайым 
программаның өзі де белгілі бір ережелерге сəйкес құрылуы тиіс, сон-
да ғана ол сенімді, нəтижелі əрі көрікті болады. Осы ережелерді келесі 
бөлімде қарастырамыз.
Қарапайым программаларды құру практикумның [11] 13-бетіндегі бірінші 
семинарда толығырақ қарастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   465




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет