36
дербес бір түрі
бос оператор (
;) болып табылады (ол синтаксис бойынша
оператор
керек болғанымен, ал мəн-мағынасы бойынша ол қажет етілмейтін
жағдайда қолданылады). Мысалдар:
i++; // инкремент операциясы орындалады
а *= b + с; // көбейту арқылы меншіктеу орындалады
fun(i, k); // функцияны шақыру орындалады
Тармақталу операторлары
If шартты операторы
If шартты операторы есептеу процесін екi бағытта тармақтау үшiн
қолданылады. Оператордың құрылымдық сызбасы 1.5-суретте көрсетiлген.
Оператордың жазылу форматы:
if ( өрнек ) 1-оператор; [else 2-оператор;]
Алдымен арифметикалық типте немесе нұсқауыш типте болатын өрнек
есептеледі. Егер ол нөлге тең болмаса (мəнi
true
болса),
бірінші оператор,
кері жағдайда – екiншi оператор орындалады. Осыдан кейiн шартты оператор-
дан кейін орналасқан келесi операторлар атқарылады.
Тармақтардың
else
түйінді сөзінен басталатын бөлігі болмауы да мүмкін.
Егер кез келген бір тармақта бірнеше
оператор орындалуы керек болса, олар-
ды блок ішіне енгізу қажет, əйтпесе компилятор
бұл тармақтың қай жерде
аяқталатынын біле алмайды. Блок ішінде кез келген операторлар орналасуы
мүмкін, мысалы, сипаттамалар немесе басқа шартты операторлар (бiрақ ол
тек сипаттамалардан ғана тұра алмайды). Блок
ішінде сипатталған айнымалы
блоктан тыс жұмыс істемейтінін ескеру қажет.
Мысалдар:
if (a<0) b = 1; // 1
if (ad || a==0)) b++; else {b *= a; a = 0;} // 2
if (a
else {if (b
Достарыңызбен бөлісу: