34
шығыс нүктесінің
болуында, сондықтан конструкциялар бір-бірімен кез кел-
ген тəртіпте байланысуы мүмкін, мысалы цикл ішінде екі тармақталудан
құралатын сызықтық құрылым болып, ал тармақталудың əрқайсысы басқа бір
циклдерден тұратын болуы мүмкін (1.4-сурет).
1.3-сурет.
Құрылымдық программалаудың
базалық конструкциялары
Базалық конструкцияларды қолданудың мақсаты – қарапайым
құрылымдағы программа алу. Мұндай программаны оқу (программаларды
жазуға қарағанда жиірек оқуға тура келеді), түзету жəне қажет болғанда, оған
өзгерістер енгізу жеңіл орындалады. Құрылымдық программалауды көбінесе
«goto бұйрығынсыз программалау» деп атайды, бұл шындыққа жанасады:
программаның кез келген бір нүктелерінде – басқаруды
басқа жаққа беру опе-
раторын жиі қолдану – оның жұмыс істеу логикасын бақылауды қиындатады.
Басқа жағынан алғанда, ешбір қағиданы абсолютті түрде нəтижелі деп санауға
болмайды,
goto
операторын қолдану тиімді болып, программа құрылымын
қарапайым ететін жағдайлар да туындап жатады. Олар туралы «goto операто-
ры» бөлімінде айтылады (46 б.).
Жоғарғы деңгейдегі тілдердің көпшілігінде
базалық конструкциялардың
бірнеше нұсқалары қолданылады; C++ тілінде циклдің үш түрі, тармақталудың
екі түрі (екі тармаққа жəне одан артық тармақтарға) бар. Олар программа-
лау ыңғайлы болуы үшін енгізілген жəне əртүрлі жағдайларда олардың
керектісін таңдай білу керек. Қарапайым программалардың
өзін жазу кезінде
де ең негізгі есте сақтау құралы – кез келген программа алдын ала анықталған
құрылымдағы блоктардың бір-бірімен байланыстырылған айқын тізбегінен
тұруы тиіс. «Айқын ойлайтын адам ойын да анық жеткізеді» деген ұғым
арқылы құрылған «саналық түйсік» стилінде жазылған программалардың
практикада онша өміршең бола алмайтыны жəне
көркемдік жағынан да
ұтылатыны дəлелденген.
35
1.4-сурет.
Базалық конструкциялардың қабаттаса орналасуы
Енді құрылымдық программалаудың базалық конструкцияларын жүзеге
асыратын тіл операторларын қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: