32
Өрнектер
Жоғарыда айтылып кеткендей,
өрнектер операндтардан, операция
таңбалары мен жақшалардан тұрады да, белгілі бір типтегі кез келген мəнді
есептеу үшін қолданылады. Өз кезегінде, əрбір
операнд өрнек немесе оның
дербес түрлерінің бірі – тұрақты немесе айнымалы болып табылады.
Өрнектер мысалдары:
(а + 0.12)/6
х && у || !z
(t * sin(x)-1.05e4)/((2 * k + 2) * (2 * k + 3))
Операциялар өз
приоритеттеріне сəйкес орындалады. Операциялардың
орындалу ретін өзгерту үшін жай жақшалар қолданылады.
Егер бір өрнекте
басымдықтары бірдей бірнеше операция қатар жазылған болса,
онда унарлы
операциялар, шартты операция жəне меншіктеу операциялары
оңнан солға
қарай,
ал қалғандары солдан оңға қарай орындалады. Мысалы,
а = b = с
өрнегі
a = (b = c)
екенін білдіреді, ал
a + b + c
өрнегі
(а + b) + с
бо-
латынын көрсетеді. Өрнектер құрамындағы ішкі өрнектерді
есептеу реттілігі
анықталмаған: мысалы,
(sin(x + 2) + cos(y + 1))
өрнегінде синус
косинустан
ерте есептеледі деп, ал
х + 2
өрнегі
у + 1
өрнегіне қарағанда
ерте есептеледі деп айтуға болмайды.
Өрнекті есептеу нəтижесі өз мəні жəне типімен сипатталады. Мысалы,
егер
Достарыңызбен бөлісу: